ҚАЗАҚТАРДЫҢ ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСТАРЫН БОЛЖАУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ҰСТАНЫМДАР
Қазақтардың барша тіршілік болмысы табиғатпен тамырлас. Жыл маусымдарымен санаса отырып, бойлық бойынша тербеліп көшіп қонуға бейімделген көшпелі қазақтың материалдық өндіріс жүйесі шаруашылықтың біртұтас құрылымын қалыптастырып, мұның өзі бір-бірімен өзара біте қайнасқан әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени жүйені қалыптастырған. Мұндай жүйе барша өмір салты, әлеуметтік тарихтың қарқынын, материалдық және рухани мәдениеттің қасиетін, салт-дәстүрін, талғам-танымын реттеп өміршең етіп отырады. Бұл тарихи дамудың кепілі болып келген.
Ұлттық өнегемізбен өзіндік дүниетанымымызды қалпына келтіріп, қазақ деген халықты асқақ түсінігін ары қарай жалғастырып,әр затқа, құбылысқа байланысты ұғымымызды келер ұрпаққа сіңірту жауапты мәселелердің біріне айналып отыр.
Қазақтар табиғат құбылыстарына, қоршаған ортаға қарсыласы ретінде қарамаған. Неғұрлым табиғат сырын терең тануға, табиғатпен бірге өмір сүруге бейімделген. Олар табиғатты бағындыру арқылы емес табиғатпен тіл табысу арқылы бақытты өмір сүруге болатынын таным-тәжірибе деңгейінде ғана біліп қоймай, мұның өзін өздерінің моральдық-эстетикалық қалыптарына айналдырған. Ғасырлар бойы қоршаған орта мен табиғат құбылыстарының қасиет-болмысын қалт жібермей бақылау арқылы қазақтар өздерінің білік-тәжірибесін шыңдап отырған.
Қазақтардың дәстүрлі шаруашылығымен мәдениетінде кеңістік пен уақыт санаттары ерекше орын алады. Олардың дүниетанымында бұл шамалар өмір сүрудің негізгі кепілі деп қарастырылады. Көшпелі қазақтар жыл мезгілдерін қатаң айырып, өз шаруашылық әрекетін соған байланысты бағыттаған.
Қазақтардың табиғат құбылыстары жөніндегі ақпараттылығы ол өмір тәжірибесі. Олар ай мен маусымдарға, жұлдыздарға ат қоя білген, осының негізінде өзіндік ұлттық күнтізбесін жасаған. Табиғат құбылыстарымен заңдылықтарын терең зерттеген қазақтардың халықтық экологиялық қағидалары қалыптасқан.
Осындай тәжірибе біліктері нәтижесінде ауа райын болжаудың қазақи дәстүрлі болжамдары туындады. Олар өздерін қоршаған табиғатқа байланысты. Алдымен табиғаттағы өзгерістерге аспан шырақтары мен жұлдыздарға қатысты болса, қалғаны жануарлар мінез-құлықтары және өсімдік әрекетіне байланысты жіктеледі. Осылардың негізінде әртүрлі ауа райы құбылыстарын белгілейтін амалдар қалыптасты.
Көкейкестілігі: Қоршаған табиғат ортасын бақылап, зерттеп қалыптастырған қазақтардың түсініктерімен білік тәжірибелері ұмытылуда, сондықтан оларды жаңғырту өзекті мәселе болып келеді.
Шешу жолдары: Бұл жұмыстың зерттеу объектілері қазақтардың дәстүрлі шаруашылығына керекті түсініктер мен табиғатқұбылыстары болып саналады. Жұмыс барысында нақты шамалар, маусым аттары мен ұлттық күнтізбесі, халықтық қағидалар, дәстүрлі болжамдарды жинақтау.
Жалпы, жұмыс барысында Павлодар облысының Ақтоғай ауданының Өтес ауылының тұрғыны Найманбаев Жапбек ақсақалмен кездесуде болдым. Жапбек ақсақал атамыз 1924 жылы дүниеге келген. Кезінде басқарушы болғанмен 1942 жылдан бастап, ауа райын болжай бастаған .
Жапбек ақсақал аптадағы жеті күнді өзінше болжайды:
Дүйсенбі- ауыр күн, алысқа барма.
Сейсенбі- сәбәбшүлкін күн, сақ бол.
Сәрсенбі- сәтті күн, шаруаңды бітір.
Бейсенбі- берекелі күн, алыс- берісіңді есепте.
Жұма- жақсылық күні, мейірімді бол.
Сенбі- кіші базар күні, бар да бағыңды ұсын.
Жексенбі- алдыңғы аптаға есеп беруге дайын бол.
Мұсылман дінді қазақтар Айды киелі деп табынатын дәстүр болған. Ай арқылы қазақ жұрты ауа райын алдын – ала болжап білген. Ай шалқайып туса, онда сол айда күн жайсыз, суық болады, ал Ай еңкіш, еңкейіп туса, онда сол айда күн жылы, жайлы болады дейді. Айдың үш жаңасында ай толығырақ, өңі ақ, екі ұшы доғалдау, тік көтерілсе, сол айда жауын – шашын, жел борасын аз болады деп есептейді. Егер Айдың екі ұшы сүйір, өңі ашық, шалқақ туса, онда сол ай жауын – шашынды, желді, борасынды болады. Ай туғанда, бұрынғысынан үлкендей көрінсе, сәулесі қызғылт болса, жауын жауатының белгісі. Толған ай ашық туса, күн жылы, жақсы болады. Ай қызыл түспен қорланып, әлгі шеңбер кеңейіп барып жоғалса, келесі күн ашық болады. Егер Ай бұлыңғыр болса – жаңбырға қарсы, ал ашық түсті Ай ауа райының ашық болатындығын білдіреді. Жұлдыз шақшиып тұрса, күн аязды болады.Күзде Шолпан таңертең көрінсе, қыс жұмсақ болады. Егер Шолпан күзде кешке таман көрінсе, қыс қатты болады [5].
Тоғыс есебі.
Қазақ есепшілері бағзы заманда аспан әлеміндегі және жер бетіндегі сан қилы табиғат құбылыстарын ұзақ жылдар жіті бақылап, зерттеп, Күн, Ай, жұлдыз секіді аспан шырақтарының бір – бірімен тығыз байланыстылығын, олардың көк жүзіндегі қозғалыстары арқылы жыл маусымдрын, ай, тәулік сияқты уақыт өлшемдерін анықтаған. Осы қағида негізінде нысанаға Ай мен белгілі бір жұлдыздың «кездесуі» алынып, халықтың күн қайыру жүйесі жасалған.
1– күн: «тоғам» | 2 – күн: «ауыл үй қонды» | 3– күн: «өріп шықты» |
1- сурет Ай мен Үркердің тоғысуы
«Тоғыс» деп есепшілер түнгі аспанда Үркер шоқжұлдызы мен Ай табағының қатар көрінуінен немесе бір жанасындағы Айдың Үркерді басып өтуін айтқан. Есепшілер Ай мен Үркердің тоғысуын үш күнге бөледі (1-сурет):
1) Ай мен Үркердің бір – біріне жақын келген 1 – ші күнін «тоғам» деп атаған. Кей жағдайларда тоғам кезеңі де айдың басы болып есептелген.
2) Бір жаңасындағы Ай табағының дәл алдына келіп, Үркер тоқтаған 2 – ші күнін «ауыл – үй қонды» деп атаған. Көбіне осы кезең тоғыс айы басталғаның білдіретін құбылыс ретінде қолданылған.
3) Ай табағы Үркерді басып өткен 3 – ші күнді «еріп шықты» деп атаған.
Бұл күні Үркер Ай табағының сыртқы жағында жарқырап тұрады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты алдыңғы екі тоғысты көре алмаған есепші осы құбылысты көріп, тоғыс айы басталғанын біліп отырған [10].
Есепшілер мен қарапайым жай халық тоғысу кезінде Аймен Үркердің орналасуына қарай түрлі болжамдар жасаған.
1) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркердің бір – біріне жақын орналасқанын көрсе «мына екеуі әмпәй – жәмпәй бола қалыпты, мал мен жанның жағдайы жаман бола қоймас» деп қуанысыпты.
2) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркер бір – бірінен алыс болса, «бұл екеуі бір –біріне қырбай болған екен, қырсығы мал мен жанға тимесе болар еді» деп қауіптеніпті. Әсіресе, «жұт» болатын жылдардың алдында осындай құбылыстар бірнеше рет қайталанып отырған екен.
3) Егер тоғыс кезінде Аймен Үркер бір – біріне жақын орналасқанымен Ай сәл шалқайып тоғысса да халқымыз «бұл тоғыс Айға жайлы, малға жайсыз» болады деп ренжіскен.
Туар ай мөлшері жұлдыздық ай мөлшерінен – 2,2089272 немесе 2 тәулік 5 сағат 51,31 секундтай көп. Мұндай уақыт айырмашылығы Жердің Күнді айналатын бағытымен сәйкес келуінен пайда болады (2-суретке сәйкес).
Жаңа айдан кейін Үркер жұлдыз шоғыры, Ай мен Жер Күн сәулесі тіке түсетін сызық бойына орналассын делік (тоғысу құбылысы). Жұлдызық ай (27,321 тәулік) өткенде Жер өз орбитасы бойынша 27 градус жол жүріп Ж жағдайына, Ай А жағдайына, Үркер Ү жағдайына келгенімен, жаңа ай тумайды, бірақ, «тоғысу» құбылысы болады. Себебі, бұл кезде Ай Жер мен Күнннің арасында болып «озып» кеткен Жерді қуып келе жатады. Жаңа Ай туу үшін Ай А Жер Ж жағдайына тура келіп, Күн сәулесі бойындағы түзү сызық бойына орналасуы қажет. Міне, осы «қуып жету үшін» жоғарыда айтқан 2,2089272 немесе жуық түрде 2 тәулік 5 сағат керек. Сонда 27,321661 + 2,2089272 = 29,5305882 тәулікте тең туар (синодтық) ай мөлшері пайда болады [29].