Смекни!
smekni.com

К сіпкерлік шарт туралы т сінік (стр. 2 из 2)

- кәсіпкерлік қатынастарды қалыптастыру қызметі (кәсіпкерлік қызмет субъектілері шарт жасаса отырып, оның формасын, шарттарын, түрін, тараптардың құқықтары мен міндеттемелерін және тағы басқаларын өз қалаулары бойынша айқындауға құқылы);

- келісімге қатысушылардың шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету қызметі (міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің қосымша тәсілдерін белгілеу жолымен және тағы басқалары).

Бұл қызметтер барлық кәсіпкерлік шарттарға тән, ортақ қызметтер болып табылады.

3. Кәсіпкерлік шарттың формасы мәмілелер мен шарттардың формасына жататын жалпы ережелермен, сонымен қатар кәсіпкерлік шарттардың көптеген түрлерінің формасына жататын арнайы ережелермен реттеледі. Жалпы ереже бойынша мәмілелер ауызша немесе жазбаша түрде (жай немесе нотариалдық рәсімдеу) жасалады. Егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше жағдай арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет аясы машықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау барысында орындалатындардан басқа, кәсіпкерлік қызмет үдерісінде жүзеге асырылатын; сонымен қатар нақты мәмілелерден басқа, жүз есептік көрсеткіштен асатын сомаға жасалатын мәмілелер жазбаша орындалуға тиіс (ҚР-ның АК 152-бабының 1-тармағы).

Мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына соқтырмайды, бірақ дау туған жағдайда тараптарды мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын куәгерлік айғақтармен растау құқығынан айырады; алайда тараптар мәміленің жасалғанын, оның мазмұнын немесе орындалғанын жазбаша немесе өзге, куәгерлік айғақтардан басқа дәлелдермен растауға құқылы. Заң актілерінде немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген жағдайда мәміленің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеліп соқтырады.

Шетелдік мемлекеттерде шарттарға жазбаша түрдегі талаптар, бәрінен бұрын, бұл белгілі бір сомаларға жасалған шарттар туралы сөз болғанда қойылады (Франция АК 1341-бабы және Испания АК 1280-бабы); шарттардың жекелеген түрлеріне нотариалдық форма (мысалы, Германияда, Швейцарияда, Ресей Федерациясында жылжымайтын дүние-мүлікке қатысты мәмілелер үшін) немесе мемлекеттік тіркеу көзделуі мүмкін; біржақты міндеттемелер үшін (яғни ыңғайласпа нәтижесіз міндеттемелер) «мөрмен бекітілген» ерекше форма (құқықтың ағылшын-американ жүйесі елдерінде) қарастырылуы мүмкін. Халықаралық сауда тәжірибесінде «шарт жасасудың еркін формасы» жұмыс істейді, соған сәйкес шарттың бар екендігі кез-келген тәсілмен, оның ішінде куәгерлік айғақтармен де расталады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен шартты өзгерту және бұзу тәртібі белгіленген, оның үстіне шартты біржақты бұзудың мүмкін еместігі жалпы ереже болып табылады. Егер тараптар шарт жасасқанда тараптардың біреуінің бастамашылығымен шартты біржақты бұзу мүмкіндігін қарастырмаған болса, онда бұл мәселе тек сот арқылы және белгілі бір себептерге байланысты, атап айтқанда, екінші тарап шартты елеулі бұзған кезде шешіледі (ҚР АК 401-бабы). Тараптардың біреуінің шартты бұзуы екіншісіне шарт жасасу кезінде үміттенуге құқылы болған нәтижеден айтарлықтай айырылып қалатын шығынға ұшыратса, мұндай шарттың бұзылуы елеулі деп танылады.

Егер заңдармен, шартпен немесе іскерлік қызмет дағдыларымен өзгедей жағдай көзделмесе, шартты өзгерту және бұзу туралы келісім шарттың жасалған түрінде орындалады. Тараптардың бірі екінші тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы ұсыныстан бас тартатынын хабарлағаннан немесе ұсыныста көрсетілген немесе шартпен немесе заңмен белгіленген мерзімде, ал ондай мерзім белгіленбеген болса, отыз күн ішінде жауап бермеген жағдайда шартты өзгерту немесе бұзу туралы сотқа арыз бере алады.

Шарт бұзылғанда тараптардың міндеттемелері тоқтатылады, ал өзгергенде әрекет ете береді, бірақ өзгерген түрінде. Міндеттемелердің тоқтатылуының немесе өзгеруінің уақыты тараптардың шартты өзгерту немесе бұзу туралы келіскен сәті болып табылады, ал шартты бұзу немесе өзгерту сот тәртібімен шешілген жағдайда, соттың шартты бұзу немесе өзгерту туралы шешімі заңды күшіне енген сәттен есептеледі.

Шартты орындаудан біржақты бас тартуға (шарттан бас тартуға) азаматтық заңмен, басқадай заң актілерімен немесе тараптардың келісімімен қарастырылған жағдайларда рұқсат етіледі. Сонымен, мынандай: шартқа негізделген міндеттемелерді орындаудың мүмкін еместігі; белгіленген тәртіпте екінші тарап банкрот болып танылса; соның негізінде шарт жасалған мемлекеттік органның актісі өзгергенде немесе заңды күшін жойғанда; сонымен қатар егер заңмен немесе тараптардың келісімімен басқадай көзделмесе, шарт мерзімі көрсетілмей жасалған жағдайларда тараптардың біреуі шартты орындаудан бас тартуға құқылы.

Егер заңмен немесе тараптардың келісімімен өзгедей белгіленбесе, тараптар шарт бұзылғанға немесе өзгергенге дейін міндеттемелері бойынша орындағандарын қайтаруды талап етуге құқылы емес. Егер шарттың бұзылуына немесе өзгеруіне тараптардың біреуінің шартты елеулі бұзғаны негіз болса, екінші тарап шарттың бұзылуы немесе өзгеруі себепті келтірілген залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Қорытынды

Қорытындылай келсем, рефератта кәсіпкерлік шарт туралы баяндадым. Бірінші бөлімде жалпы кәсіпкерлік шарт ұғымы кеңінен талқыланды, яғни кәсіпкерлік шарт – бұл кәсіпкерлердің өз еркі бойынша құқықтық қатынас, міндеттемелерді тіркеуге байланысты туындайтын кесім, яғни құқықтық құжат болып табылады. Жалпы кәсіпкерлік шарт ұғымы «шаруашылық шарт» ұғымынан пайда болып, кейіннен шаруашылық шарт түсінігі кәсіпкерлік шарт ұғымына ауысқан болатын.

Екінші бөлімде кәсіпкерлік шарттардың өзлеріне тән бірқатар ерекшеліктерін баяндадым. Қысқаша тоқталып өтсем, кәсіпкерлік шарттың негізгі басты және айқындаушы белгісі – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін жасалатын шарттың кәсіпкерлік мақсаты, өйткені ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға негіз болып табылады. Ал кәсіпкерлік шарт қызметтері – кәсіпкерлер арасында заңдық негізде байланыс орнату, келісім жасаушылар шарт тәртібін сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.

Үшінші бөлімде кәсіпкерлер арасында кәсіпкерлік шарт жасасу жолдары, оны өзгерту шаралары, яғни толықтырулар енгізу және қажет болған жағдайда заңдылыққа сай тоқтату жолдары қарастырылды.

Сонымен, кәсіпкерлік шарт – кәсіпкерлік қызметте кәсіпкерлердің екіжақты келісімімен ерікті түрде жасалатын, заңдық негізде жүзеге асатын құжат, құқықтық кесім болып табылады.

Кәсіпкерлердің келісімдік құқы, яғни кәсіпкерлік шарт бүгінгі күнде әлі қалыптасу үрдісінде, ал оның қалыптасуы тікелей азаматтардың құқықтық мәдениетімен байланысты болып табылады. Кәсіпкерлер шарт жасасу негізінде өздерінің негізгі құндылықтарын анықтап, керек емес бөліктерін ажырата алады және де кәсіпкерлердің арасындағы қарым-қатынас мәдениетінің дамуына зор үлесін тигізеді. Сондықтан да кәсіпкерлер дұрыс, сауатты келісім-шарт құра отырып, өз қызметін жандандыра түсуі қажет.

Әдебиеттер тізімі

1. «Кәсіпкерлік (шаруашылық) құқық», С.П.Мороз. Алматы, 2009.

2. «Кәсіпкерліктің жедел курсы» оқу-әдістемелік құрал, Б.А.Бижан. Алматы, 2009.