Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 15 из 19)

Мектептегімен салыстырғанда сыныптан тыс сабақ беруде балалардың қабілетін жетілдіру үшін зор мүмкіндіктер бар.

Сондықтан білім берудің жалпы мәселелерін сыныптан тыс жұмыстар деңгейінде қарастыру қажет.

Осы тұрғыдан алып қарағанда терең рухани мәні бар, таным процесінің әр қилы ағымдарын тоғыстырған тәрбиелеудің ұлттық тәсілдері мен жүйелерін пайдалану айырықша маңызды, бірақ жете зерттелмеген сала болып табылады.

Бұл жұмыстардың мақсаты да осыдан туындайды– уақыт талқысынан өткен тәрбие түрлерін сыныптан тыс оқытуда қолдану.

Мектепке оқушылардың жағдайына қарай, тәрбиелік маңызы бар әр түрлі экологиялық жұмыстар ұйымдастыруға болады. Ондай жұмыстардың түрлері сан алуан, мысалы, оқушыларға жеке-жеке тапсырмалар беріп, құстардың ұясын жасауға, тұрған жерлерінің экологиясы туралы шығармалар жазуға, экологиялық күнтізбелік бойынша мерекелерді атап өтуге ұйымдастыру, экологтармен әңгіме өткізу, құстар, табиғат кештерін, экологиялық проблемалар туралы оқушылар конференциясын өткізу т.б. сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

Бұл жұмыстардың әрқайсысысын өз алдына көздейтін мақсаты, соған орай жұмысының мазмұны мен түрлері, ұйымдастыру принципі бар. Сондықтан бұларды сынып жағдайына қарай, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алып, шығармашылық бағытпен өткізген дұрыс.

Викторинада түрлі жұмбақтар, жаңылтпаштар т.б. түрлі ойындар араласып келсе, өте қызықты, тартымды болады. Өйткені жұмбақпен жаңылтпаш балардың ойын өсіреді, тілін дамытады, мысалы, мына сияқты жұмбақтар кірісіруге болады.

1. Құс шарықтап ұшады,

Көкке әсем әнге салып,

Қанатын сірә қақпайды,

Бұл не нәрсе ойла тап

(Самолет)

2. Тал басында ағаш үй,

Терезесі тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысққа кетеді

(Қараторғай ұясы)

3. Қозғалады орнынан бірақ рет күнінде

Ел ұйықтаса ел ояю – тыныштық жоқ үнінде

(Сағат)

4. Көлігі жоқ – көшеді

Өзін кезбе деседі

(Бұлт)

5. Қанаты бар ұшпайды

Жұрт айламен ұстайды

(Балық)

Осындай нәтиже кез-келген тәрбие шараларын өткізгенде апталық, айлық, тоқсандық, жылдық қорытындылар шығару арқылы оқушылар өз жетістіктерін анықтап отырады. Олар әрбір жеке оқушыға рейтингілік бағалау, диагностика жүргізіліп, ынталандыру шаралары жүзеге асады. Міне, осындай нәтижелі еңбектің жемісін болашақта оқушылар қоғамға пайдасы бар, табиғатты қорғай блетін дені сау, білімді азамат болып шықса көрінеді.

III. Эксперименттік – тәжірибелік зерттеу жұмыстары

Эксперименттік зерттеу жұмыстарының мақсаты – қазақтың ырым –тыйымдарының экологиялық тәрбие берудегі ролін көрсету және бастауыш сынып оқушыларыынң экология, табиғатты қорғау туралы түсініктерін айқындау. Зерттеуге бастауыш сыныптың 25 оқушысы және олардың ата аналары алынды.

Зерттеудің айқындаушы кезеңінде оқушылармен ата аналарының экологиялық түсініктерімен ырым, тыйым туралы түсінік деңгейін анықтау жұмыстары жүргізілді. Осы мақсатта сауалнама жүргізілді. Сауалнама сұрақтары төмендегідей болды:

1.Экология дегенді қалай түсінесің?

2.Табиғатты қорғауда өз көмегіңді тигізесіңдер ме?

3. «Ағын суға түкірме», «Көк шөпті жұлма» дегенге қалай қарайсың?

Сауалнама бойынша алынған нәтижелер әр түрлі болды. Қазақтың ырымдарымен тыйымдарын орысша тәрбиеленген және жас ата аналардың арасында білмейтіндіктері анықталды.

Эксперименттік топтағы оқушылармен ата-аналарын түсініктері бойынша үш деңгейге бөлдік:

Жоғары деңгей – табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнын түсінеді, ойын еркін жеткізе біледі, халық фольклоры жанрын табиғаттың әсем көрінісін эмоционалдық сезіммен, қызығушылықпен қабылдайды. Қоршаған ортамен табиғатты қорғауға байланысты меңгерген білімін іс әрекетте белсенді пайдаланады, табиғатты қорғау туралы қазақтың ырым, тыйымдарының мәнін түсіне біледі және өз көзқарастарын дәлелдей біледі.

Орташа деңгей – табиғатты қорғау жұмыстарыныың мазмұнын біледі, түсіндіре алады. Табиғатты қорғауға байланысты ырым, тыйымдардың мағынасын дәл түсіндіре алмайды.

Төменгі деңгей – табиғатты қорғау жұмыстарының мазмұнынан түсінігі нашар, халық фольклоры жанрларына, табиғатты қорғауға байланысты жүргізілетін мәселелерге талдау жасай алмайды.

Оқушылармен ата –аналардың табиғатты қорғау және қазақ ырым –тыйымдарын тәрбиелік мақсатын түсіндіру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды.

Мынандай қазақ ырымдарымен тыйымдарының мәнін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

· Қазақ баласы жаңа шыққан көк шөпті жұлмайды. Ағаш бүрлерін үзбейді. Көк шыбықты сындырмайды. Өйткені жас өнердің бәрі бақыттың бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі. Көк жұлсаң – көктей ораласың, қарғыс атады деп ырымдалады.

· Қазақ баласы бастау басына, бұлақтың қасына дәретке отырмайды. Барлық тірліктің атасы да, жан біткеннің анасы да сол бұлақ. Сондықтан бұлай істегенде оның киесі атады, қарғысы тиеді. Тазаны арамдасаң –арың кірленеді абыройын төгіледі деп ырымдайды.

· Қазақ жапан даладағы жалғыз ағашты кеспейді, зақым келтірмейді. Саясына барып паналап ұйықтамайды. Олай істесең- сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың, дүниеде жалғыздықтан өткен жамандық жоқ. Жаның құлазудан асқан қорлық жоқ. Жалғыз ағашты жамандық тілеп тұрған жауыздықтың нысаны ретінде қарайды.

· Қазақ қосарланып өскен қатар біткен ағашты кеспейді. Олай істегенде қосағыңнан айырыласын, қанатыңнан қайырыласың, тамырыңмен қырқыласың деп шошиды. Дүние түгел әзізден жаралған. Егіздің сыңарын құлатқан оңбайды. Көңілі қарауытып, санада сарғайып зарығып, қиналып өтеді деп ырымдайды.

Осыдан кейін ата аналармен оқушылардың өз көзқарастары ортаға салынды.

«Табиғатым - тағдырым» - экологиялық, әдеби-музыкалық кеш.

(3-4 сынып)

Бұл кеш негізінен 3-бөлімнен тұрады.

1-бөлімінде «Табиғатты аялау – халық даналығы» кіріспе сөз, кешке шақырылған қонақтардың сөздері;

2-бөлімде «Сүйейік, табиғатты аялайық» тақырыбына баяндама, «Табиғатым - тағдырым» әдеби монтажын жасау;

3-бөлімінде оқушылар өнерінің байқауы қорытылады;

Кешке еңбек озаттары, табиғат қорғау саласында еңбек етіп жүрген ғалымдар, ақын-жазушылар, ұстаздар шақырылады.

К.Ахметова. «Жер тағдыры».

Ақын: - Жер – Ана!

Адамдарға бар не тілегің?

Жер: - Қан төгіп соғыспаңдар,

Өтінемін!

Куәсі едім соғыстың.

Ұлы істің де.

Жетпейді екен еш нәрсе тыныш күнге.

Ақылынан адамның азап тауып,

Алмағайып тұрмайтын қыл үстінде.

О, адамдар!

Мезгілден сыр күткендер.

Бейбіт күнде жерде пір тұтты елдер.

Бабалардың ертегін шектемеңдер,

Маралдарды (жер-тегін) үркітпеңдер.

Тұруы үшін бұлбұлды тұнық таңдар,

Отпенен ойнамайтын ғұрыпты аңғар,

Таза ауаны түтінмен құртпаңдар-

Есерліктің есігін құлыптаңдар!

Хиросимо тағдырын ұмытпаңдар!

Тыныш жатсын құстарда ұясында әр.

Күрсінбесін қария, қия шыңдар:

Қару алмай,

Қастаспай, достасып-ақ

Барлығың да төсіме сиясыңдар.

1-Басташы:

- Табиғат, Жер-Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұнды бай сөздер. Адамның өзі Табиғат пен Жер-Ананың перзенті, Табиғат пе Жер-Ананы сүйе білу, оны аялау - ад–мның азаматтық борышы.

1-оқушы. Жер-Ана мен өз анаң егіз екен.

Мейірімдері мейлінше теңіз екен.

Анам туды Жер-Ана жетілдірді

Осыны өзім өмірге негіз етем. (Н.Бәрменбаева)

2-оқушы. Жаратылыс – жан ана,

Қарық қып суға, ауаға.

Топытағыңмен асырап,

Сәулесін құйған санаға. (С.Мәуленов)

2-Бастаушы.

- Табиғат – бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.

3-оқушы. Адамдар, Жер – сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.

Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер-жаһанды аялап тұр алақаның да…

Жұлдыздар аспаннан құласа жамырап,

Күн де ұлы сәулесін төгеді жадырап.