Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 5 из 19)

Оқудан және сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың оқушылармен етене бірлігі. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың белгілі мақсаттағы іс- әрекеті бүкіл тәрбие жүйесіндегі құрамды бөлік болып табылады. Сыныптан тыс экологиялық жұмысының нәтижелері мектеп оқушыларының білімге деген құмарлығы, қоғамдық істерге қатысу талабының қаншама дамығандығымен анықталады. Сыныптан тыс экологиялық жұмысы едәуір дәрежеде сабақ үстінде басталады да, сол жағдайдың өзінде оның логикалық жалғасы болып табылады. Оқыту әдістері неғұрлым жетіле түскен сайын үйірмелерді, конкурстарды, олимпиадаларды және т.б. ұйымдастырудың да қажеттігі соғұрлым арта түседі. Қандай да болсын пәнге мектеп оқушылардың қызығуын арттыруды оқу программасының шеңбері іс жүзінде қанағаттандыра алмайды. Оқу және оқудан тыс жұмыстардың бірыңғай жүйеде бір мақсатқа бағындырыла құрылуы қажеттігі осыдан келіп туады.

Мұндай жүйені жүзеге асыруда жалпы мектептік жұмыс жоспарының ролі зор. Ол мұғалімдердің әрқайсысына әр баланың бойындағы үздік қасеттердің бәрін дамытып, оның қабілеттері мен дарынының гүлденуіне толық жол ашатындай шараларды белгілеуге мүмкіндік береді. Егер мұнда сынып жетекшісінің, мұғалімнің, ата- ананың, жұртшылықтың ролі анықталған болса, мұндай жоспар соғұрлым пәрменді болады. Бірақ жоспар болғанмен де, ол істің табысты болуына кепілдік бере алмайды. Мектеп директоры, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы сынып жетекшілерінің қызметін үнемі бағыттап отыруы, тәрбие мәселелері педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктерге үнемі қамқорлық жасайтын пән болуы үшін үздік мұғалімдердің тәжірибесін таратуы қажет.[7]

Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:

1. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстардың қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс түрлері мен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.

2. Оқушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да оның қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білу керек.

3. Сныптан тыс экологиялық жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, құштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.

4. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардың белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болу керек.

5. Балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болу керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.

6.Нәтижелі болуы үшін бұл жұмыстардың нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айқын жасалған графигі болуы керек.

7.Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланың санасына, сезіміне және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.

8.Соңғы жылдары сыныптан тыс экологиялық жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндай жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.

9. Барлық жұмыс түріне тартылатын оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.

Енді мектеп қабырғасында сабақтан немесе сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың түріне, ұйымдастыру жолына тоқталайық. Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстың бір түрі – үйірме Үйірмелер түрі: «Жас натуралистер», «Өлке танушы химиктер үйірмесі», «Табиғатты қорғау үйірмесі», «Орманды қорғаушылар үйірмесі» т.б. Бұларға мұғалімдер немесе ата- аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді.

Сыныптан тыс экологиялық жұмыстың екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы, «Табиғатты қорғау – сенің міндетің», «Мен және экология» т.б.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайтуда, табиғатты қорғауға деген көзқарасын қалыптастыруда, қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет.

Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудың немесе кездесу өткізудің де мәні зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтың мән- жайын айтуға келе ме?,- деген сияқты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру қажет. Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрынғыдан ерекше бір түрі – сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фистивальдар немесе тапқыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердің, ой тапқырлығы мен қимыл шапшаңдығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдың білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардың түрін кеңінен өрістету- бүгінгі күннің тілегі.

Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, түп- тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, олқылықтың орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы олардың тәрбиелік ролін арттыру үшін ондағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет. Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінің де тәрбиелік мәні зор. Сол сияқты оқушылар шығармашылығына жол ашатын «ауызша журнал» деп аталатын жұмыстар да тәрбиелік ықпал етеді. Қазіргі ұлттық дәстүрге мән берумен байланысты қазақ мектептерін де өткізіліп жүрген айтыстар- осы бағыттағы жұмыс түрі.

Соңғы жылдарда мектеп өмірінің дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі- оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады. Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер дайындалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесу тиіс. Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін- өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады.

Соңғы жылдарда сыныптан тыс денешынықтыру – спорттық жұмыстардың жүргізілуіне көп көңіл арттырылуда. Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.

Мектеп басшылары мен педагогтық ұжым оқушыларды тәрбиелеудің негізгі орталығы мектеп екенін жақсы біледі. Әр педагог сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың жүйесін ұтымды ойластыруға міндетті. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болған жөн. Сыныптан тыс экологиялық жұмысы материалының мазмұндылығы идеялық, методикалық сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ұғындырып, материал табуға, ізденуге тапсырма берілуі қажет. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындай отырып, мәселенің мән-мазмұнына қанығады, пайдалы жағын ұғады. Сыныптан тыс экологиялық жұмысын жүргізгенде, еңбек және эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына жүргізілген жұмыстардың әсерінің болуын қарастырған жөн.