Смекни!
smekni.com

Бастауыш сынып о ушыларына экологиялы т рбие берудегі ырым тыйымдарды т рбиелік м ні (стр. 9 из 19)

Атақты ағылшын ғалымы, табиғат зерттеушісі Ч.Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы олардың себептерін материалистік негізде түсіндіріп мистикалық ұғымдарға, ғылымға қарсы көзқарастарына соққы берді. Жеке адамның дамуында және мінез-қылығында дүниетанымның ролін баса айта келіп, А.С.Макаренко «біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бағыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі, қоғам мүшелерін бітіртуіміз керек» – деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына енуі керек.

Сонымен, оқыту және тәрбие жұмыстарының әртүрлі құралдарын әдістері мен тәсілдерін жинақы пайдалануымыздың нәтижесінде оқушылардың ғылыми көзқарастары, сенімі және мұраты қалыптасады. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін оқулықтар мен оқу құралдардың мазмұнында табиғат пен қоғамның заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіншіліктердің негізі салынған.

Мектепте оқытылатын дүниетану, жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін қалыптастырады.

Дүниетану курсынан мектептің оқу-тәрбие учаскелерінде жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесіне адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді.

Табиғаттың адамға әсері жөнінде біртұтас жүйелі мағлұматтар болмағандықтан, бірен-саран зерттеулерге сүйеніп қоршаған ортаны қолайлы және қолайсыз деп баға беру қиын. Ыстық пен суық, желмен желсіс, жаңбыр мен ашық күндер сияқты көпшілікке табиғат құбылыстарынан басқа біз білмейтін немесе ескертпейтін факторлар да бар. Мысалы, күн бетінде дақ көбейіп, күшті жарылыстар болғанда жер бетінде түсетін күн сәулесі де өсіп, климатта, биосфера, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінде ерекше өзгерістер болып жатады.

Адамдардың дені сау, ғұмыры ұзақ болса бұл қоғамның байлығын, берекелігін көрсетеді. Сондықтан экология тек қолайлы ортаны зерттеу қолайлы және қолайсыз ортаның адамдар организміне әсерін, жарамсыз жайларды нақтылы шараларын да зерттейді. Үй, мектеп ауласындағы ағаштарды бастап өсіріп, өсімдік, жеміс атауларын суғарып, қопсытып әрекеттері оқушылардың қоршаған ортаны қолайлы етіп жасауға ұмтылыстарын көрсетеді. Ауаны, суды, топырағын таза ұстау, өсімдіктермен жануарлардың өсіп өнуіне қамқорлық жасау адамдардың алдымен өз қамдарын ойлаудан туатын жақсылықтар.

Төменгі сынып оқушылары табиғаттану курсынан жылдың төрт мезгілде табиғат көріністері өзгеріп отыратындығын өсімдіктермен жануарлардың адам күшінің маңызын қарастырады. Бейнелеу сабақтарында оқушылардың ойына табиғат көріністері өсіп тұрған ағаштар, өсімдіктер, сылдырлап ағып жатқан өзен, көлдер, көгілдір биік таулар нұрын шашып тұрған күн сәулелері елестейді. Осындай елестерден оқушылар мазмұнды таңғажайып көріністерді бейнелейді.

Мектеп қабырғасында өнер саласында көңіл бөлетін және бойларында дарынды қасиеттері бар оқушылар да бар. Олар сайраған құстар үшін жайқалып өсіп тұрған ақ, көк гүлдерді, көл бойындағы аққу, қаздарды әуенге қосып тамаша табиғатты суреттеп, өлеңдер жазады. Осындай қиял, елестердің өзі қоршаған ортадан туады.

Экология мен таза экологиялық болашақты ойлайтын бүгінгі таңдағы оқушылар әр қайсымызды, планетамызды сақтап қалу үшін күреске шақыру қажет. Олар экологиялық жәрмеңке суреттер көрмесін экология тақырыбына арналған әндер мен ролді қойылымдар конкурсына қатысу қажет.

Сынып жетекшісінің негізгі міндеті, қоршаған ортаны тазарту, қазіргі кездерде ауыр экологиялық проблемаларды шешуге арналған үйірмелер құру. Онда жылдық жоспар жасап, сол бойынша әрбір тақырыпқа байланысты әңгімелер, топ өткізу керек.

Апта немесе ай сайын экологиялық газеттер шығару қажет.

Осы газет арқылы оқушылар күкірт, азот, көміртегі топшаларын жеке-жеке қарастырады. Осы тақырыптарға жеке тараулар енгізген дұрыс. Мысалы, өндірістен бөлінетін әртүрлі газдар ауада су тамшыларымен әрекеттесіп, қышқылдық жауын ретінде түсетінін атап көрсету қажет. Жеке экология пәнінде, литосфера, биосфераның ластануы және оны жою үшін қолданатын шаралары туралы алғашқы түсініктерін, жалпы эколкгиялық негізін осы сыныптарда салған жөн. Ал кейін осы білімдерді арнаулы және жоғарғы оқу орындарында тереңдетіп дамытады. Оқушылардың осы кезеңде сабаққа деген ынтасы төмендейтіндіктен, сабаққа қызығушылығын арттыру және білімін нығайту мақсатында әр түрлі интеллектуальды ойындар: КВН, Бақытты сәт, Жұлдызды сағат, Не? Қашан ? Қалай ?, Брейн ринг, «Түсін мені»- атты ойындарды әр түрлі рольді қойылымдар, пресс - конференция арқылы қызығушылықтарын арттыруға болады.

Сынып жетекшісінің міндеті-сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.

Сынып жетекшісінің экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі міндеттері қандай?

1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу

2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап оларды ынтымағы жарасқан белсенді, сапалы ұжымға ұйымдастыру

3. Сыныптағы пән мұғалімері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру оқушыларға қоятын педагогикалық талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.

4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.

5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала тәрбиесіне байланысты педагогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.

6. Оқушыарды тәрбиелеуде сыныптан тыс әр алуан экологиялық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.

8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелілігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қамтамасыз ету.

9. Тәрбиенің негізгі бастауы-ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде қарастыру т.б.

Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаттарының бірі де балаларды туған өлкенің табиғатын сүйе білуге, оны қадірлеп – қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. Ал ол – ұлттық тіл, көркемөнер туындылары арқылы жүзеге асады. Табиғаттың бағалы байлығы саналатын аң – құстарды жақсылықтың жаршысы деп бағалаған дана халқымыз оларға тамаша туындылар да арнай білген

Баланың бойындағы әдемілікке, әсемдікке іңкәрлігін (инстинкт) оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу қасиетін арттыруда экология тақырыбы таптырмайтын құрал. Айналадағы орман, өзен – көл, тау – тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған дауысы – осылардың бәрі балалардың ой – қиялын, әдемілікті көре білу қасиетін дамытады, талғамын қалыптастырады. Мысалы, ежелгі грек аңыздарында айтылғандай, Марстың жорыққа киетін дулығасына кептер ұя салғандықтан, ол соғысқа аттануды кейінге қалдырған көрінеді. Ықылым заманнан бері әдемі де сүйкімді құс – кептердің бейбітшілік жаршысы саналуы, әдемілік символы – аққу, ұлар, ал қарлығаш – бақыттың бастамасы, игіліктің иесі ретінде бағалануы баланың жан дүниесін байытады. Бұл тақырыпқа қалам тартпаған ақын – жазушы, ғалым кемде – кем. көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Табиғаттың әдемілігі бала жанының тазалығын тәрбиелеу мен жан дүниесін дамытуда үлкен орын алады»,-деген болатын. Осы сынды оқыту мазмұнындағы шығармаларды экологиялық тәрбиеге тірек ету – педагогтың басты міндеті.Бастауыш мектептерде экологиялық жұмыстардың орны ерекше. Экологиялық жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әректеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теориямен практика арасында байланысты қамтамасыз етуге, оқу - тәрбие құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылыр арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.