Смекни!
smekni.com

Е бек биржасы ж не оны ызметтері (стр. 4 из 5)

16. Шығындарды жеке есепке алу болмаған және нарық субъектісі өнімдер түрлері бойынша шығындардың жеке есебін ұсынбаған жағдайда, монополияға қарсы орган сатылатын тауарлардың түрлері (өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге арналған кірістер, көлемдер, шығындар) бойынша доминанттың шығындарын бөледі.

17. Монополияға қарсы орган ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күнінен бастап отыз күн ішінде тіркелген бағаны енгізу туралы шешім қабылдайды.

18. Монополияға қарсы орган қарау қорытындылары бойынша, бұйрықпен ресімделетін бір жылдан аспайтын мерзімге бағаның белгілі бір шамасы, кірістілік деңгейі және (немесе) тауарларға (жұмыстарға,

қызметтерге) бағаның жоғарғы (төменгі) шегі түрінде тіркелген бағаны енгізу туралы шешім қабылдайды.

Эссе
Бәсекелестік – бұл тапшылықтың туындысы.

Жарыс пен қырғын соғыс арасында нәзік
шекара болған және болып та келеді...
Компаниялар арасындағы бәсекелестік
қаншалықты қатал болғанымен, жазылмаған
ереже бойынша рыноктағы үлесі үшін бір
компания ашқарақтықпен бәрін иеленіп
алуға тиіс емес.
Акио Марито.

Мен Акио Маритоның сөзінің мағанасын ашатын болсам, бәсекелестік болған жерде неше түрлі қиыншылықтар, түрлі оқиғалар болады. Одан қиналмай өту үшін сенде – шыдамдылық, ізденіс, алға қарай талпыныс, қанағаттылық, тәуекелшілдік секілді қасиеттер болуы керек. Әрбір тұлғада, кәсіпкерде ондай асыл қасиеттерді жоқ деп айта алмаймын ондай қасиеттер бар, алайда сол қасиеттеріңді тиімді және ақылмен пайдалану кез – келген адамның қолынан келе бермейтін іс. «Біреуге ор қазба өзің түсесің»,- демекші көреалмаушылықтан бәсекелесіңе ашқарақтық танытпа. Бәсекелесімді жеңдім деп тасыма, жеңілдім деп жасыма. Бизнес болған жерде жеңіс те, жеңіліс те болады. Бизнес – бұл ойын, әлемге танымал ұлы ойын – егер де сен оны қалай ойнайтынын білсең. Осында менің айтқым келгені, ақша қолдың кірі секілді бірде бар, бірде жоқ. Сен осы дүниеқорлыққа еріп, адамды адам етіп көрсететін асыл қасиеттеріңнен айырылып қалма демекпін. Ал, енді айтып отырған тақырыбымдағы бәсекелестікке тоқталып кетейін.
Бәсекелестік дегеніміз – (латынның «concurred» деген сөзінен аударғанда – қақтығысу) шаруашылық субъектілері және нарықтың экономикалық қатысушыларының арасындағы тауарларды сату және сатып алу барысында үстеме пайда табу үшін күресі мен ең жақсы жағдайлары үшін бақталастығы болып табылады.
Егер де мен қандайда бір бизнеспен айналысатын болсам, менің өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтудың жолдарын іздеймін және жаңа техникамен жетілдіруге, жаңа әртүрлі технологияны енгізуге, шығаратын өнімімнің саны мен сапасын және оның тиімділігін жақсартуға ұмтылар едім. Мысал келтірер болсам, қазір бұрынғыдай машинкамен емес, оның орнына компьютерді қолданамыз. Осы мысалды келтіре отырып, бәсекелестіктің үнемі болатынын және оның дамуына себепші болатынын айқын көруге болатынын көрсеткім келді. Қазіргі заман бұрынғыдай романтика мен поэзия ғасыры емес, қазіргі заман экономика мен компьютер ғасыры демекпін. Осыған қоса мен тағыда мына шараларды қолданар едім, олар:
Ең жаңа технологияны қолданып, соның негізінде жаңа және жоғарғы сапалы тауарлар мен игі қызметтер шығарар едім;
Ұқсас тауарлар жасау. Мен дәл бәсекелесімдікіндей емес, оған қарағанда кішкене болса да өзгеше, көзге көрінетіндей блуын қалар едім;
Өнімімді сатып болғаннан кейін, технологияны жақсы жұмыс істеуін қадағалау. Істен шыққан жері болса, оңдату немесе жаңарту;
Жасаған адамныңда сапалы товар өндіруіне икемді, қолайлы жағдайлар жасалуға көңіл бөлу керек.
Өз товарларымның жақсы өтуі үшін, мен оған жарнама жасар едім. Мәселен кір жуатын машинаны алсақ, оны ақысыз жеткізу сол сияқты 3 жылға гарантия беру . Бұл жердегі бәсеке – бағадан тыс бәсеке болып табылады.
Бағадан тыс бәсеке дегеніміз – бұл қосымша табыс табу үшін кәсіпкерлер арасындағы күрес. Ал, баға бәсекесі – бұл мынадай жолдармен таза табыс алу үшін фирмалар арасындағы күрес: Өндіріс шығынын азайту және, тиісінше, ассортименттер және тауарлар мен игі қызиеттердің сапаларын өзгертпестен бағаны төмендету. Мен бұл жағдайдағы бәсекелестіктен мынаны ұқтым: Ол - адамды ынталандырады, жаңа идеялар пайда болады, адамның бір орына тұрып қалмай одан арықарай амуына, кім жақсы еңбек етсе, сол істеген ісінің жемісін көреді, ортаңнан лидерді анықтауға көмектеседі. Менің осы жерде айтқым келгені, өндіруші әрқашанда өз клиенті үшін күреседі, сол арқылы өз товарын көрсете алады. Егер де товары жақсы көрініп жатса, оның одан алдағы уақытта көтерілуіне және әлемдік нарыққа шығуына болады. Әлемдік нарыққа шықса, оның өз елін көрсетуіне болатынын мүмкіндігі бар.
Ал, мен осы жерде тұтынушы болсам,оның :
Сапасына (зат болған жағдайда – оның сапасының жоғарлығына, төзімділігіне; жеңіл өнеркәсіп болған жағдайда - оның сапасының жоғарлығына, оның матасының сапасына және өз денеңе шағын, ыңғайлы, әр түрлі адамның денсаулығына зиян келтірмейтіндей болуы қажет «аяғыңдағы аяқ киімім тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?»; ал егер азық – түлік өнеркәсібі болса – мерзімінің өтпегендігін, сапасына қарау керекпіз.)
Оның басқасына қарағанда ұқсамауында. (Мен жеке өз басым киім алғанда қайталанбауын, ұқсамауын қалар едім. «Адамды киіміне қарап қарсал, ақылына қарап шығарып сал» дегендей оның өзгеше болып киінсе және киімі өзіне үйлесіп тұрса , ол тез адам көзіне түседі және сен ол кісінің талғамының жоғары екенін бірден көруге болады.)
Өнімнің қазіргі заман үлгісіне сай болуы. ( Тағы да мен өзімді мысалға алатын болсам, оның қазіргі заман үлгісіне сай болуын қалар едім. Алайда, көп темір – терсектің, жартылай жалаңаштық көп болғанын қаламаймын. Соңғы кезде шет елдің үлгісіне көп еліктеп бара жатқан сиятымыз. «Егер мөлшерден асып кетсең, сүйкімдінің өзі сүйкімсіздену болып кетеді» көне грек филосфы Демокрит айтқандай, мен осы пікірге қосыламын.)
Өз қаражатына қарауы керек. (Қазіргі кезде барлық қалаған нәрсеңді алу мүмкін емес, сол себептен адам таңдау керек болады. Мен осы жерде шама келсе қаражатымды үнемдеуім қажет. Сондықтан басқа да жерлерді қарап, альтернативті қарап, сәл арзандауын аламын. Бірақ, әрқашанда тұтынушының көзі қымбатқа түсетінін ұмытпайық. )
Осы жерде менің бәсекелестіктен алатын нәрселер көп.
Мен мұның барлығын сараптай келе өз басым осы салада экономикалық түсініктерді қолдаймын. Қорыта келе мен бәсекені мынадай кішкене тақырыптарға бөлемін. Одан бұрын бәсекенің мынадай формаларын көрсетіп кетейін: 1.Функционалды бәсеке – кез –келген қажеттілікті әртүрлі тәсілдермен қанағаттандыруға болады. 2.Түрлік бәсекесі – егер товар бір қажеттілі қанағаттандырып, ал бірақ көптеген қасиеттер иеленсе. 3.Заттық бәсеке – товардың сапасы тез ажыратымды болса, онда шығынның төмендеу жолымен қосымша пайда алу үшін товар өндірушілер арасындағы күрес және өнім ассорттары мен сапасына өзгеріс енгізбей – ақ оған бағаны төмендету.
Бәсекелестік жетілген және жетілмеген болып екіге бөлінеді. Жетілген бәсеке – басты бақылаушысы тұтынушының мүддесі болып табылатын рынок деп түсіну керек. Егер нарықта сатушылар көп болса олардың товарлары ұқсас болғанымен бірдей болмаса, онда бұл жетілмеген бәсеке болады. Жетілмеген бәсекенің өзі үш түрге бөлінеді: 1.Таза монополия; 2. Монополия; 3. Олегополоия.
1. Таза монополия
Бір сатушы. Таза немесе жетілген монополия – бір фирма, көп сатып алушылар;
Монополия өнімі таңғажайып оның теңдесі жоқ. Сатып алушы үшін балама жоқ. Жарнамамен шұғылданудың қажеті жоқ (керісінше жағдай – монопсония және шектеулі монопсония, яғни сатып алушының монопсолиясы);
Таза монополист тауар мен игі қызметтердің бағаларына билік етеді. өнімге сұраным жүрмей тұрған кезде бағаның өзгерісін жасап, ұсынылған өнімнің санымен амалдау, яғни, ол бағаны бақылайды;
Монополист өз саласына басып кіру қаупін тудырған жаңа фирмаларға стратегиялық инвестицияны жүзеге асыру арқылы қасарыса жауап қата алады.
2. Монополия бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы.
Монополияның түрлері:
1.табиғи монополия;
2.жасанды монополия.
«Монополияның үш негізгі көзі бар: «Техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім... қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады».
Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады.
Монополиялық бағаның құрылуы, сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр.
Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бәсеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен сипатталатын болса, онда монополистік бәсеке бар деп саналады: