Смекни!
smekni.com

Білім беру ж не о ам (стр. 3 из 3)

Сөйтіп әлеуметік бақылау дегеніміз, ол индивидтердің әлеуметтік тәртібін тек қана саяси мекемелердің ғана тұрғысынан емес, сонымен қатар басқа да әлеуметтік мекемелердің (яғни, білім берудің, мәдениеттің, мораль) тарапынан да реттеу болып табылады. Әлеуметтік бақылау – топтың, ұжымның, қоғамның тұрақтыдығын, бірлігін сақтайды. Адамның іс-әрекеті деп, оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығын айтамыз. М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-құлқы деп, оның іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады: а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;

Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды. Мінез-құлықтың мұндай түрлерін, психология ғылымы зерттейді. Екінші жағынан, кейбір осындай тәртіптің түрлерінде әлеуметтік жақтар болуы мүмкін (мысалы, білместіктен, байқаусызда жасалған қылмыстар). Мінез-құлықтың саналы өз үлгісі тек адамға ғана тән. Ол адамның ақыл-ойының көмегімен еркін бақылауы арқылы іске асырылады. Сондықтан оынң әлеуметтік маңызы және әлеуметтік мәні болады. Мұндайды әлеуметтік мінез-құлық деп санайды.

Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі болады, олар:

а) индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);

ә) ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;

б) бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез-құлқы. Жеке адам мінез-құлқының құрылымы үш элементтен тұрады: а) мотивация, мұқтаждық пен себеп-дәлелдердің көкейтесті мәселелері; ә) шешімдер, яғни шешімнің мақсаты, оны іске асырудағы құралдарды іріктеп алу, жоспарлау; б) іске асыру, өмірге ендіру. Бұл қоршаған ортаға әсер ету, болатын нәтижені талдау, іс-қимылдарды жүзеге асыру. Әлеуметтік мінез-құлықтың өлшемі болып қылық (поступок) саналады.

Қылық – бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі. Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девиандтық) мінез-құлық дейді. Бұл ауытқуды әлеуметтанудың арнаулы теориясы – ауытқы мінез-құлқының әлеуметтануы зерттейді. Ауытқу тәртібіне құқық пен мораль прициптерінен кейін кету, оларды бұзу жатады. Ауытқу тәртібі еңбек, өндіріс саласында, жеке адамдар арасында, ұцымдық қарым-қатынастарда, қызметте, жұмыста, тұрмыс-салтында жиі кездесіп отырады. Мұндай жат қылықтарға бұзақылық, ұрлық, маскүнемдік, нашақорлық, өз-өзіне қол жұмсау, жезөкшелік, т.б. жатады. Мұндай ауытқу мінез-құлықтарына қарсы күрестер еліміздің барлық салаларында алуан түрлі әдістермен қатаң жүзеге асырылуда.

ҚОРЫТЫНДЫ

Әлеуметтану пәні қоғаммен тығыз байланыста болады. Әлеуметтанудың пән, ғылым ретінде қалыптасып дамуына өзінің категориялары ықпал етті десем қателеспеймин. Соның ішінде басым көпшілігін тұлға мен қоғам алады. Себебі тұлға мен қоғам тығыз байланыста және қоғамның негізгі субъектісі адам болғандықтан, адамның әр іс-әрекеті қоғамға тікелей әсер етеді. Адамның іс-әрекеті оның мұқтаждығы мен алдына қойған мақсатты жүзеге асыруға бағытталған әрекеттердің жиынтығы. Әлеуметтік іс-әрекеттің қозғаушы күші адамдардың материалдық, рухани игіліктеріне деген мұқтаждықтарынан, қажеттіліктерінен болады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады. Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер жатады. Ал әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді.

Қорыта айтқанда қажеттілік тұлғаны өзін қоршаған әлеуметтік ортамен, сыртқы табиғатпен тығыз байланыстырады, өйткені адам табиғаттан керегін алады, өзінің мүддесін, мақсатын қанағаттандырып отырады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Тұрғынбаев Ә. Х. Социология. – Алматы, 2001.

2. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.

3. Қарабаев Ш. К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құрал. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

4. Р. Әбсаттаров, М. Дәкенов. Әлеуметтану негіздері: Оқу құрал. – Алматы, 2007.

5. ҚазҰУ хабаршысы. Психология және сициология сериясы №2(29)

Г. О. Абдикерова мақаласы.

6. ҚазҰУ хабаршысы. Психология және сициология сериясы №3(22)

А. Л. Нурмаханбетов мақаласы.