Смекни!
smekni.com

останай облысыны леуметтік экономикалы дамуыны 2009-2011 жылдар а арнал ан негізгі ба ытт (стр. 16 из 32)

Электрмен жабдықтаудың жоғары тарифі бизнестің дамуына кедергі келтіруде, облыстың әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізуде.

Ағымдағы жылы электр энергетикасы саласындағы негізгі мәселелер – электр құрал – жабдықтарының қатты тозуы, Екібастұз энергия көздерінен электр энергиясын жеткізуге тәуелділік, тағы бір қосылған проблема – электр энергиясын өндірушілердің тарапынан баға диктаты (шарты).

Электр энергиясын сатып алудың нақты бағасының және тарифте қарастырылған бағаның сәйкес келмеуі кәсіпорында ақшалай қаражат тапшылығына әсерін тигізеді.

Ұсынамыз:

тасымалдау қашықтығына тәуелділікті қысқартатын, электр энергиясын ұлттық желі бойынша тасымалдау әдісін әзірлеу;

инвестициялық құрама негіздемесіне, оның нақты орындалуына ерекше назар аудара отырып, тасымалдаудың барлық тізбегі бойынша электр энергиясын тасымалдаудың тарифін тексеру. Инвестициялық құраманың тарифіне қосу кезінде жаңартуға жататын объектілер тізбесін электр энергетика саласындағы облыстың атқарушы органымен келістіру;

мүлікті жалға алудың шығындарын тарифке қосуға тиым салу;

электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мақсатында жеке меншік иелерінен мүліктік кешенді сатып ала отырып, қолданыстағы өңірлік электр желілері компанияларын мақсатты түрде мемлекет меншігіне алу. Таратушы желілерін және жылу көздерін дамыту мәселелерімен айналысуы қажет жергілікті атқарушы органдарға өкілеттік беру. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдарда мұндай өкілеттік жоқ, бұл олардың өңірлік электр энергетикалық кәсіпорындардың қызметіне әсер етуіне мүмкіндік бермейді, алайда бұл кәсіпорындар облыс аумағында халықты электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша маңызды әлеуметтік қызметті жүзеге асыруда. Бұл жергілікті билік органдарының электрмен жабдықтаудың сенімділігіне жауапкершілікті арттыруға, бюджеттік қаражатты электр желілері шаруашылығын дамытуға бағыттауға мүмкіндік береді, ал бұл басқа салаларды дамыту үшін жағдай жасауға оң әсерін тигізеді.

Газбен жабдықтау:

Облыстың 680 елді мекенінің 55-не газ құбырлары жүргізілген, оның ішінде 4 қалаға және 51 селолық елді мекенге. Сонымен қатар газ жүргізілген елді мекендердің өзінде потенциалды тұтынушыларды газдандыру аяқталмаған. Облыста магистралды газ құбырларын және газ таратушы желілерді салу бойынша инвестициялық жобаларды әзірлеу және түзету жөнінде жұмыстар жүгізілуде.

Газдандыруды республика экономикасын дамытатын басымды бағыттардың тізбесіне қосу керек және елді мекендерді газдандыру үшін облысқа жыл сайын нысаналы трансферттер бөлу керек.

Сұйытылған газбен жабдықтау:

Облыстың сұйытылған газды жылдық тұтынуы 11 мың тоннаны құрайды.

Газбен жабдықтауды бес кәсіпорын жүзеге асырады. Сонымен қатар жеткізуші зауыттармен тікелей байланысқа шығу проблемасы бар, газ делдалдар арқылы сатып алынады, бұл жеткізудің сенімділігіне де, сұйытылған газды сатып алудың бағасына да кері әсерін тигізеді.

Сұйытылған газды жеткізудің сенімділігін және тарифтің бұдан әрі өсуін болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған газды өндірушілер мен газбен жабдықтаушы кәсіпорындар арасындағы делдалды болдырмайтын, оны халыққа жеткізуді қамтамасыз ететін Газбен жабдықтау ережесін әзірлеу қажет.

Сумен жабдықтау:

1. 680 елді мекенненорталықтандырылған сумен 154 елді мекен, немесе 22,6 пайызы қамтамасыз етіледі. Сумен қамтамасыз ету (су тоғандары, су тартқыштар, су тазарту ғимараттары) және облыстың су тарту объектілерінің көбі ұзақ мерзімді пайдаланудың нәтижесінде жарамсыз техникалық жағдайда болып тұр. 79 елді мекенге су 8-40 шақырым қашықтықтан алып келінеді, сондықтан суды тұщыландыру құрылғыларын және су тартқыштар салу қажет болып отыр.

Ауыз суға бөлінетін қаражаттар көлемін жылына 1,5 млрд. теңгеге дейін ұлғайту қажет.

2. 2007 жылы 12 инвестициялық жобаны іске асыруға 593,3 млн. теңге бөлінді, соның ішінде 9 жоба бойынша сома 40 млн.-нан аспады, соған қарамай объектілерді салу 2-3 жылға созылды. Ағымдағы 2008 жылы 12 инвестициялық жобаларды іске асыруға 1209,6 млн. теңге бөлінді.

Қаражаттың бірнеше инвестициялық жобаларға шағын көлемде бөлінуі объектілерді пайдалануға беру мерзімін ұзартады, материал бағасының өсуіне байланысты (қайта жаңарту) құрылыс құнының ұлғаюына әкеп соғады.

Мұның сыртында, объектілер тізімін қалыптастыру барысында республика бойынша олардың саны өте көп болуына байланысты әдетте қаржыландыруды ашу кезінде үлкен қиындық туғызатын объект атаулары бұрмаланады. Осылайша 2007 жылы 12 сумен қамтамасыз ету объектілерінің 4-еуі бойынша атаулары дұрыс көрсетілмеген.

Сумен қамтамасыз ету жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруға өңірлерге мақсатты трансферттерді жалпы сомамен бөлуді және техниканы, бөлінген қаражаттарды өте тиімді пайдалануға себебін тигізетін басымдық жобалары тізімін орындауда өздігінен анықтау мүмкіндігін беру, объектілерді пайдалануға беруді олардың құнының қымбаттауынсыз тездету және халықты ауыз сумен қамтамасыз ету – негізгі міндет шешімін жуықтату.

3. Бүгінгі күні жоғары тарифке байланысты ауыз суға ауыл тұрғындарының көбісінің қолы жетпей отыр. Ауылдық жерлерде сумен қамтамасыз етуге жәрдем ақша беру мәселенің жартылай шешімі болып отыр.

Топтық су құбырларын субсидиялау тәртібі асылында суды пайдаланушыны емес, сумен қамтамасыз ету ұйымына қатысты болғандықтан сумен қамтамасыз ету мәселесін шешпейді.

Сумен қамтамасыз ету ұйымы үшін белгіленген тәртіпте бекітілген суға арналған тарифті және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген судың бір шаршы метрі үшін ақының мөлшерлі деңгейін субсидияларды есептеу барысында негізге ала отырып, ауыз сумен қамтамасыз етуді субсидиялау тәртібін өзгерту қажет. Тариф және ақының мөлшерлі деңгейі арасындағы айырмашылық субсидиялануға тиіс.

4. Үстінде бөген құрылған каскад бар Тобыл өзені облыстың негізгі су көзі болып табылады.

Ең ірі гидротехникалық имараттар: республикалық бюджеттен ұстауға және жөндеуге қаражат бөлінетін республика меншігіндегі Жоғарғы Тобыл, Қызыл-Жар, Сергеев, Амангелді бөгендері.

Сол сияқты коммуналдық кәсіпорындар баланысында техникалық түзету жағдайында қолдауға жергілікті бюджетте қаражат жоқ Желқуар, Шортанды № 1, Шортанды № 2, Ақжар, Ащы-Тасты, Октябрь,Кемен-Орал және басқа бөгендер бар.

Техникалық түзету жағдайында осы гидро имараттарды сақтауға және халықты сумен сенімді қамтамасыз ету үшін бөгендерде қажетті су қорын құруға себеп боатын коммуналдық меншік қарамағындағы гидротехникалық имараттарды қайта жаңартуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлу мүмкіндігін қарастыру қажет.

Көлік:

1. Республикалық маңызы бар жолдар арқылы негізінен қалааралық және халықаралық байланысы бойынша жүретін транзит көлігінің қозғалысымен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, барлық жерлерде республикалық жолдар өзара байланысты емес, сондай-ақ Ресей Федерациясының шекарасына шығатын бірнеше автомобиль жолдары облыстық маңызы бар жолдар мәртебесіне ие.

Осыған байланысты ұзындығы 9 км республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісіндегі үзілістерді жою керек, оның ішінде «Қостанай-Әулиекөл» автомобиль жолын «Қарабұтақ-Қостанай» автомобиль жолымен байланыстыратын - 2 км учаскесі және «Қостанай-Жітіқара-Мүктікөл» 47-54 км – 7 км автожол учаскесі.

Облыс шекарасына шығатын және облыс орталығын аудан орталықтарымен байланыстыратын ұзындығы 1482 км облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарды республикалық жолдар желісіне беру керек, оның ішінде:

облыс шекарасына шығатын а/ж: «Ұзынкөл-Пресногорьков-Белоглин-Воскресенов» а/ж 63-106 км – 43 км, «Красная Пресня-Звериноголов» а/ж 0-56 км – 56 км, «Тобыл – Таранов – Красносельск – Набережный» а/ж 0-45 км – 45 км, «Таранов-Варварин» а/ж 0-40 км – 40 км, «Жітіқара-Чайковский» а/ж 0-27 км – 27 км, «Мариновка селосына кіреберіс жол» а/ж 0-9 км – 9 км, «Қостанай-Введен-Загарин-Усть-Уйский» а/ж 0-121 км – 121 км, «Сарыкөл-Б.Дубравы» а/ж 0-56 км – 56 км, «Торғай-Ақшығанақ» а/ж 0-71,1 км – 71,1 км;

облыс орталығын аудан орталығымен байланыстыратын а/жолдар: «Әулиекөл-Жалдама» а/ж 0 - 257 км – 257 км, «Арқалық-Торғай» а/ж 0 - 288 км – 288 км, «Раздольный-Докучаев-Аралкөл» а/ж учаскесі – 34 км, «Қарасу-Б.Чураковка» а/ж 0 - 114,09 км – 114,09 км, «Қамысты-Ливанов-Жітқара» а/ж 0-17 км – 17 км, «Адаев-Орқаш-Аралкөл» а/ж 0 - 110 км – 110 км, «Торғай-Шилі-Аралкөл» а/ж 0 - 182,1 км – 182,1 км, «Әуежайға кіреберіс жол» а/ж 0 - 6 км – 6 км, «Қостанай қаласына кіреберіс жол» а/ж 0 - 6 км – 6 км.