Жолсыздық шарттарында өткізгіштікті жоғарлату және қарлы, тайғақ жолдарда автомобильдің тежеу сапасын арттыру үшін ось аралық дифференциал конструкциясында тісті муфта, камера диафрагменті және басқарушы кранан тұратын бітегіш тетігі болады.
Жетекші белдік картері құрыштан жасалған дағдылы балдардан
пісірілген. Белдік арқалығына картерлердің қақпағы, Тежеу тетіктерінің бас берілісі және суппорттарының бекіткіші, дөңгелек ступицасының сапфасы, серіппенің реактивті штангаларының бекіткіші және тірекке арналған кронштейндер пісірілген.
Автомобиль кәсіпорындар аймағы үнемі таза және жинақы болуы тиіс. Май болған және өндіріс қалдықтары аймақтан алып кеткенге дейін арнайы темір жабық қораптарда жинап сақталынады. Төгілген отын-майлағыш материалдар тез арада жиналуы керек.
Автомобиль кәсіпорындары аймағында, автомобиль тұрағына жақын жерлерде тез тұтанатын материалдарды сақтауға, темекі тартауға, от жағуға қатаң тиым салынады.
Барлық өндіріс орындары өз уақытында жиналып, таза тұруы керек. өткелдерді, дәліздерді, баспалдақтарды, тамбурларды, шығу жолдарын құрал-жабдықтармен жаппай бос ұстау керек. Эвакуациа кезінде пайдаланылатын есіктер еркін ашылуы керек.
Арнайы өрт сөндіру бұрышы болуы керек. Онда ілгекті бақан, күректер (қуыс және тік), шелек, құм салынған сыйымдылық, сүймен, участокқа тәуелді өрт сөндіргіштер(ОП-5, ОПХ-10, ОУ-10, ОУ-25, суы бар сыйымдылық болуы тиіс.
1. Тек дұрыс электр құралдарын пайдалану керек.
2. Кернеуі 12 В қарау орларында кернеуі 36 В жарықтандырғыш приборларды пайдалану
3. Электр қауіпсіздігі мақсатында дымқыл қарау орларында жұмыс жасауға тыйым салу
4. Электр құралдарын арнайы жерге қосушы өзегі бар штангалы кабель көмегімен электрлі желіге қосу керек
5. Контактілі ажыратқышы бар электрлік көтергіштерді пайдалану
1. Автомобиль дөңгелегін сенімді тежеу.
2. Кернеуі 12 В қарау орларында кернеуі 36 В жарықтандырғыш приборларды пайдалану керек.
3. Бөлшектерді этильді бензинде жууға тиым салынады.
4. Құралдар таза және дұрыс болуы керек.
5. Құралдарды басқару жеңіл және орнықты болуы тиіс.
6. Көтергіште жұмысты бастамас бұрын "Қозғамаңыз-автомобиль астында адамдар жұмыс жасап жатыр" деген жазуы бар ескертуші плакат ілінуі керек.
7. Гайкалы кілттер дұрыс және гайка размері мен болт бастарына сәйкес келуі керек және төзімді болуы керек.
Еңбек туралы заң негіздеріне сәйкес барлық кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда қауіпсіздік жағдайлары жасалуы тиіс. Әкімшілік өндірістік жарақаттанудан сақтандыратын қауіпсіздік техникасының осы заманғы құралдарын енгізуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіби ауруларға шалдығуына жол бермейтін санитарлық-гигиеналық жағдайларын қамтамасыз етуге міндетті,әкімшілікке барлық жұмыс орындарын тиісті техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету және бұл орындарда еңбекті қорғау жөніндегі ережелерге сай келетін жұмыс жағдайын жасау жауапкершілігі жүктеледі.
Мұндай ережелерді профсоюз келісімі бойынша бекітеді. Әкімшілік жұмысшылар мен қызметкерлерге қауіпсіздік техникасы,өндірістік санитария,өрттен сақтану және еңбекті қорғаудың басқадай ережелері бойынша нұсқау беруге жауапты, сонымен қатар еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулардың барлық талаптарын қызметкерлердің орындауын тұрақты түрде бақылап отырады.
Ережелер бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер жұмыс істеу ережесін белгілейтін жөніндегі нұсқауларды, сонымен бірге, машиналармен және механизмдермен жұмыс істеудің белгіленген жеке қорғану құралдарымен пайдалану талаптарын орындауға міндетті.
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстарды, сондай-ақ ерекше
температура жағдайында немесе ластанатын жұмыстарда істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген норма бойынша тегін арнайы киім, арнаулы аяқ киім және басқа жеке қорғану құралдары беріледі.
Ластанатын жұмыстарда сабын, ал зиянды әсер ететін заттардың денеге залал келтіруі мүмкін жұмыстарда жуғыш және залалсыздандыратын заттар тегін беріледі.
Зиянды жұмыстарды істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге тегін сүт немесе соған теңестірілген басқа тағам өнімдері, ал еңбек жағдайлары ерекше зиянды жұмыстарда емдік-профилактикалық тағам тегін беріледі.
Медициналық-профилактикалық шаралар. Қызметкердің нақты шаруашылық мамандығындағы еңбектің ерешелігіне сәйкестігін анықтау үшін міндетті түрде (жұмысқа алынар кезде) және ауық-ауық (жұмыс барысында) медициналық байқаудан өткізу көзделген.
Өндірістерде жоғары вольтті жабдықтармен жұмыс істейтін қызметкерлер тракторлардың, автомобильдердің және басқа өздігінен жүретін машиналардың жүргізушілері, мал фермаларының қызметкерлері, газ электрлік пісірушілер(газэлектросварщиктер), темір ұсталар, жезшілер
және басқалар алдын ала ауық-ауық медициналық байқаудан өтулері қажет.
Мен практикада болған кезде, Камаз автокөлігін қыздырып айдап көрдім. Сол кезде Камаз автомобилінің артқы белдігінің құрлысын, жұмыс істеу технологиясын, ақауларын, техникалық күтімін және жөндеу жолдарымен танысып, жұмыс жасап көрдім. Сондағы механик ағалардың жұмыс тәжірибесімен танысып, өзіме керекті көп сауалға жауап, тәжірибе алдым. Артқы белдік ақауларымен танысып, 1 және 2 кестеде көрсетілгендей жою жолдарын білдім. Сонымен бірге дөңгелек қозғалтқышына техникалық қызмет көрсету шиналардың бекіткішін, пайдалану ережелерін сақтауды периодты бақылауды талап ететінін және белдіктің техникалық күтімі соның ішінде белдік балының рессорға бекітілуі, дөңгелектің орналасу бұрышын тексеру, дөңгелек күпшегін және подшипник саңылауларының реттелуін тексеру және олардың уақытында майлау жататынын білдім. Машина бір орында ұзақ тұрып қалған жағдайда оны орнына жай жылжыта, газды аз бере отырып орнынан қозғау керек. Өйткені майы суып қалған машина тетіктері, беріліс қорабындағы шестернялар сынып, белдік тетіктері таттанып кетуі мүмкін және машинаны басқа машынамен сүйреп қыздыруға болмайтынын себебі бұл жағдайда трансмиссияның, двигательдің үйкелетін барлық бөліктерінің, белдік бөліктерінің тез тозуы мүмкін екендігін білдім.
Атырау қаласы
№7 Кәсіптік лицей
"Бекітемін"
Директордың өндірістік
оқу жөніндегі орынбасары
_________ М. Жұмағазиев
"__"____________2008ж
Емтиханның жазба жұмысына тапсырма
Бітіруші____________________________________________
Топ________________________________________________
Мамандығы_________________________________________
Тапсырма тақырыбы__________________________________
____________________________________________________
____________________________________________________
1. Буравлев Ю.В. и др. Устройство, обслуживание и ремонт автомобилей Камаз: Учебник для сред. проф. -техн. училищ/Ю.В. Буралев, О.А. Мортиров, Е.В. Клетенников. - М.: Высш. школа, 1979. - 256с
2. Барун В.Н., Азаматов Р.А., Машков Е.А. и др. Автомобили Камаз: Техническое обслуживание и ремонт. - 2 –ое изд., перераб. и доп. – М.: Транспорт, 1988. – 325 с., ил.25.
3. Руководство по ремонту и техническому обслуживанию автомобилей Камаз – 740, - 53211, - 53212, - М.: Третий Рим, 2000. - 240 с., ил.15.
4. Титунин Б.А. . Ремонт автомобилей Камаз. - 2-ое изд., перераб. и доп. –М.: Агропромиздат, 1991. -320 с., ил.