Смекни!
smekni.com

Есептеу б лімі. Шо ырландырыл ан аржылы есеп жасау (стр. 4 из 5)

Негізгі құралдарды қайта бағалау №16 ХҚЕС сәйкес, негізгі құралдардың бастапқа құнын белгілі бір күнге әрекет етіп тұрған бағасымен сәйкес келтіру үшін объектілерге қайта бағалау жүргізіледі,сод��н соң ол есепте және есеп беруде көрініс табады.Оның барысында негізгі құрал-жабдықтар��ың нақты бары және құрылымы, олардың нақты қалпына келтіру құны мен тозу дәрежесі туралы дәл де толық мәлімет алынады. Негізгі құралдарды қайта бағалау кәсіпорынға өнімнің өзіндік құнын, рентабельділігін анықтаудың экономикалық тиімді жағдайларын тудырады, сондай-ақ нарықтық қатынастар жағдайында ете маңызды болып табылады. Негізгі құрал-жабдықтар��ы қайта бағалау техникалық прогрестің дамуын есепке ала отырып амортизация нормаларын нақтылауға негіз бола алады, қазіргі заманғы ұдайы өндірісті жетілдіруде қажетті жағдайларды жасап, негізгі құрал-жабдықтар��ы сақтау мен тиімді пайдалануға жол ашады.
Инфляция (ақшаның құнсыздануы) жағдайында негізгі құралдарды қайта бағалау негізгі құрал-жабдықтар��ы бағалауды реттеу мақсатын және де өнімнің, жұмыстың және қызметтің өзіндік құнындағы амортизация үлесін реттеуді көздейді.
Негізгі құрал-жабдықтар��ы қайта бағалауды өткізу үшін мүліктік түгелдеудегідей комиссия құрылады. Негізгі құралдарды қайта бағалауды өткізердің алдында мүліктік түгелдеу жүреді. Негізгі құраларды қайта бағалауда олардың бастапқы (ағымдағы) құны негізгі мәлімет болып табылады. Қайта бағалау меншік түріне, қызметіне және жұмыс істеу жүйесіне қарамастан барлық кәсіпорындарда жылына бір рет негізгі құралдардың жыл басындағы күйі бойынша жүргізіледі. Қайта бағалау өз меншігінде және ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құрал-жабдықтар��а жүргізіледі. Сондай-ақ әлі орнатылмаған, қоймадагы құрал-жабдық, бітпеген күрделі құрылыс та қайта бағаланады. Қайта бағалау өнеркәсіптік өнімді шығарушы кәсіпорындардың көтерме бағасына белгіленген салалық индекстер бойынша негізгі құралдардың құнын өсіру коэффиценттері бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасы үкіметінің тапсыруы бойынша коэффиценттерді Статистика Агенттігі тағайындайды. ;
Негізгі құралдарды түгендеу.
Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылық субъектісі жылына кем дегенде бір рет мүліктермен қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізеді.
Бухгалтерлік есептің 24 «Бухгалтерлі�� қызметтің жұмысын ұйымдастыру» деп аталатын стандартқа сәйкес әрбір шаруашылық жүргізуші субъект өз бетінше жүйелі түрде түгендеу жұмысын жүргізіп отыруды көздейді.
Негізгі құралдар түгендеудің негізгі міндеті болып табылатындар: ;
1. Есепте тіркелмегенобъектілерді қоса алғанда, негізгі құралдар нақты қолда барын анықтау;
2. Нақты қолда барын бухгалтерлік есеп деректерімен салыстыру арқылы негізгі құралдар сақталуын бақылау;
3. Жиынтығы бұзылған және куйреудің,тозуд��ң және басқа себептердің салдарынан бұдан әрі пайдалануға жарамсызнегізгі құралдар объектілерін анықтау;
4. Машиналарды,мех��ннизмдерді,жабдықтарды,көлік құралдарын және негізгі құралдар басқа объектілерін ұстау және пайдалану тәртіптерін сақтауды тексеру;
Түгендеуді:
Ø Жылдық бухгалтерлік есептемені жасамас бұрын,бірақ есепті жылдың бірінші қарашасынан кешіктерместен, 
Ø Кәсіпорын мүлкін жалға бергенде,өтемін төлеп алғанда, сатқанда, сондай-ақ шаруашылық субъектісі жүргізген кезде түгендейді;
Негізгі құралдарды мүліктік түгендеу жылдық қаржылық есеп беру мен баланстарды жасау алдында,жылына ең аз дегенде 1рет қараша айында жүргізеді. Үйлерді, ғимараттарды және басқа жылжымайтын объектілерді 3 жылда 1 рет; өнім беретін және жұмысқа пайдаланатын малды тоқсан сайын және жылдық есепті жасау алдында (есепті жылдың 31 желтоқсанында) түгендеу жүргізіледі.