Аналитикалық шоттарда есептелетін объекті натуралдық (саны, салмағы, көлемі) өлшеммен және ақшалай өлшеммен көрсетіледі.
Синтетикалық шоттарда жүргізілетін есепті синтетикалық есеп деп атайды, ал аналитикалық шоттарда жүргізілетін есепті аналитикалық есеп деп атайды.
Синтетикалық және аналитикалық шоттар өзара байланыс. Оның өзара байланыстылығы төмендегідей:
1.Синтетикалық шотта қолданылатын жазу тәртібі аналитикалық шоттарда қолданылады.
2.Синтетикалық шоттардың бастапқы және соңғы қалдығы барлық аналитикалық шоттарды қосқандағы бастапқы және соңғы қалдықтармен тең болуы тиіс.
3. Синтетикалық шоттардың дебеті барлық аналитикалық шоттардың дебетіне, синтетикалық шоттардың кредиті барлық аналитикалық шоттардың кредитіне тең болуы керек.
Тәжрибеде кейбір есеп объектілері бойынша аналитикалық шоттардың сандары өте көп болуы мүмкін. Соған байланысты алдын- ала топтастыру қажет болады.
Сол үшін бухгалтерлік есепте субшоттар қолданылады (аралық шоттар).
Синтетикалық шоттардың аттары мен тізімін жоғарғы орган, яғни қаржы министрлігі тағайындайды.
Субшоттар мен аналитикалық шоттардың аттары мен тізімін кәсіпорын өзі тағайындайды, қажеттілігіне сәйкес.
5. Бухгалтерлік шоттарда әрбір есептелетін объекті бойынша ағымдағы өзгерістер жөнінде ақпарат жинақталады. Әрбір шотта көрсетілген ақпараттар бір жерде жинақталып көрсетілу есеп кезең ішінде ішкі есеп беруді қамтамасыз етеді, яғни ай санын есеп ақпаратының бір жерге жинақталып көрсетілуі, біріншіден, шоттардағы екі жақты жазудың дұрыс жүргізілуін бақылауға, екінші жағынан кәсіпорын мүліктері мен олардың құралу көздері жөнінде жинақталған ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Сол үшін айналым ведомостісі жасалады.
Айналым ведомостісі дегеніміз – бухгалтерлік шоттарда көрсетілген ақпаратты бір жерде жинақтап көрсететін әдіс. Яғни шоттардың қалдықтарын және айналымдарын айналым ведомостісі қорытынды баланс жасау үшін өте қажет.
Айналым ведомостісін толтыру арқылы бухгалтерлік шоттардағы есептің дұрыстығы бақыланып, кеткен қаталер түзетіліп, балансқа толтыруға дайын мәліметтер жинақталады. Сондықтан да айналым ведомостісін Батыс елдерінде дайындық балансы деп атайды.
Айналым ведомостісі синтетикалық және аналитикалық шоттар бойынша жасалады.
Синтетикалық айналым ведомостісінде үш пар теңдік болады.
1 пар теңдік – ай басындағы қалдық дебеті мен кредиті тең болуы қажет
2 пар теңдік – ай ішіндегі айналымның дебеті мен кредиті тең болуы қажет
3 пар – ай аяғындағы айналымның дебеті мен кредиті тең болуы қажет.
Бұл теңдіктің жазуды бақылауда маңызы зор.Бұл теңдік орындалмаса қате болады.
Тәжрибеде синтетикалық шоттардың шахматтық айналым ведомостісі кең қолданылады. Оған қазіргі қолданылып жүрген бухгалтерлік есеп формасы әсер етеді.
Аналитикалық шоттардың айналым ведомостісі материалдық бұйымдарға, есеп айырысу шотына жасалады (кредиторлық және дебиторлық бережақ бойынша).
Есеп айырысу шоттары бойынша ашылған аналитикалық шоттардың айналым ведомостісінің үлгісі синтетикалық шоттарға жасалған айналым ведомостісінің үлгісімен бірдей. Тек синтетикалық шоттардағы айналым ведомостісінің синтетикалық шоттарының атының орнына аналитикалық шоттардың аттары жазылады. Екінші жағынан мұнда үш пар теңдік болмайды.
6. Бухгалтерлік есепте қолданылатын синтетикалық шоттардың сандары көп және олар әртүрлі есеп объектілерін есептеуге арналған. Міне сол шоттарды дұрыс пайдалану үшін, олардың қасиетін білу үшін шоттарды жіктеу қажет болады. Барлық бухгалтерлік шоттар төмендегідей екі белгісімен жіктеледі:
1. Олардың экономикалық мазмұны бойынша
2. Олардың міндеттері мен құрылымы бойынша
Шоттарды экономикалық мазмұны бойынша жіктеу шоттарда не есептелетіні көрсетіледі, ал міндеті мен құрылымы бойынша жіктеу шоттардың не есептелуге арналғанын және сол шоттардың дебиті және кредиті және қалдығының сипатын көрсетеді.
Шоттарды жіктеу шоттар жоспарын жасағанда кең қолданылады.
Шоттарды экономикалық жағынан жіктеу кәсіпорын мүліктерін жіктеумен бірдей. Шоттарды экономикалық жағынан жіктегенде тек қана қандай шоттар қолданылатыны айтылады.
Бухгалтерлік шоттар міндеттері мен құрылымы бойынша төмендегідей бөлінеді.
1. Негізгі шоттар
2. Реттейтін шоттар
3. Бөлетін шоттар
4. Калькуляциялық шоттар
5. Салыстырмалы шоттар
3,4,5 шоттар – операциялық шоттар деп аталады.
1. Негізгі шоттарда кәсіпорынның мүлігінің түрлері мен олардың құралу көздері есептелінеді. Сондықтан оларды негізгі шоттар деп атайды.
Негізгі шоттар инвентарлық қорларды есептейтін және есеп айырысуды есептейтін шоттар.
Балансқа байланысты шоттар активтік және пассивтік болып екіге бөлінеді. Инвентарлық шоттар барлығы активтік шоттар болады. Қорларды есептейтін шоттар пассивтік шоттар болады, ал есеп айырысудағы дебиторлық бережақтар активтік шоттар болады, кредиторлық бережақтар пассивтік шоттар болады.
2.Реттейтін шоттар есептелетін объектінің құнын реттеуге арналған. Осыған орай реттейтін шоттар контрарлық және толықтырушы болып екіге бөлінеді. Контрарлық шоттар контрактивтік және контрпассивтік болып екіге бөлінеді. Контрактивтік шоттарға негізгі құралдардың тозуы мен материалдық емес активтердің тозуы жатады. Контрпассивтік шотқа пайдаланудың бөлінуі жатады.
Толықтырушы шоттар дербес болмайды. Ол аналитикалық шот болып есептеледі. Оған тасу – тасымалдау шоты жатады.
3. Бөлетін шоттар кәсіпорында кейбір шығындарды тікелей өндіріс шығынына, яғни өндірістен өнімге тікелей апаруға болмайды. Оларды әрбір өнім түріне бөліп апару қажет. Сондықтан әдейі жинақтап бөлу шоты қолданылады. Оған жанама шығындар шоты жатады. Бұл шот активтік шот, оның дебетінде жыл бойына болған бөлінетін шығындар есептеледі, ал кредитінде сол шығындардың белгілі бір әдіспен бөлінгені көрсетіледі. Шығындар бөлініп болғаннан кейін бұл шотта қалдық қалмайды. Бөлінетін шығындарға өндірісті басқару және ұйымдастыру шығындары, негізгі құралдардың тозу шығыны (амортизация) және т.б жатады.
4.Калькуляциялық шоттар - өндіріс шығындарын есептеуге және өнімнің өзіндік құнын табуға арналған.
Калькуляциялық шоттарға негізгі өндіріс, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары, көмекші өндіріс жатады. Бұл шоттар активтік шоттар. Дебетінде жыл бойында болған тікелей шығындар есептеледі. Жылдың аяғында оған бөлінген үстеме шығындар алынады. Сөйтіп дебетінде нақты шығындар есептеледі. Ал кредитінде жыл бойы алынған өнім, істеген жұмыс, көрсетілген қызмет жоспарлы өзіндік құнымен немесе нормативті өзіндік құнымен есептеледі. Ал жылдың аяғында ол нақты өзіндік құнға дейін жеткізіледі. Қалдық калькуляциялық шоттарда болмауы мүмкін, ал болған жағдайда ол тек қана дебет жағында жазылады және аяқталмаған өндірісті көрсетеді.
5.Салыстырмалы шоттар, яғни қаржылық қорытынды шоттары кәсіпорынның жылдың аяғында қаржылық нәтижесін табу үшін және есептеу үшін қолданылады. Кәсіпорынның алған табыстары шоттар жоспарының алтыншы бөлімшесіндегі шоттармен есептеледі. Ал шығындары жетінші бөлімдегі шоттармен есептеледі. Жылдың аяғында оларды салыстыру үшін және пайданы табу үшін 5410 шоты пайдаланылады. Бұл шоттың дебетінде зиян көрсетіледі, ал кредитінде алынған пайла көрсетіледі.
Дәріс№ 5
Тақырып: Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру.
1. Бухгалтерлік құжаттар, олардың тәртібі мен сыныпталуы.
2. Инвентаризация.
3. Есеп регистрлері.
4. Бухгалтерлік есеп формалары.
5. Кәсіпорындардың есеп саясаты.
Бухгалт ерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтерлік есептің басқа ғылымдардан ерекше болады. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша атауға болады.
Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз, белгілі бір тәртіппен, арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорын мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себесі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғананын және оған қандай мөлшерде шағын жұмсалғанын дәлелдеуге болады.