Смекни!
smekni.com

А ша айналысын бас ару ж не реттеу (стр. 6 из 6)

Ақша мультипликаторының қарқыны экономикадағы айналыс жылдамдығына әсер етеді. Мультипликация коэффиценті неғұрлым жоғары болса, ақша массасы соғұрлым көп, ақша жылдамдығы аз болады.

3. Қазіргі таңдағы ақша айналысын реттеудің ерекшеліктері

Ақша айналысы «ҚР Ұлттық банкі туралы» ҚР заңына сәйкес реттеледі.Ұлттық банк тұтынылатын банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың дайындалуын қамтамасыз етеді,оларды сақтаудың ,жоюдың тәртібін және қолма-қол ақшалай қаражаттың инкассациясын белгілейді.

ҚР ақшалай банкнот өндірісі және екінші деңгейдегі банктердің инкассациясына лицензия беру бойынша өз күшімен енгізген жаңалығына байланысты қолма-қол ақша ахуалы 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырып қарағанда түбегейлі өзгеріске ұшырады.Коммерциялық банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығының шегіне қолма-қол ақшамен нығайтылып отырады,онда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының лимиті белгіленбейді.

Осыған қарай ұлттық банк ақша базасының шамасын Ұлттық банктің корреспонденттік шотындағы екінші деңгейдегі банктердің қаражат мөлшерін реттеу арқылы , яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттеп отырады.

Бұл ақша-несие саясатының аспаптары арқылы жүзеге асырылады.Бұл аспаптар ақша базасының ұлғайған шегін көрсететін әрі ақша массасының ақша базасына қатынасы ретінде есептелетін ақша мультипликаторының шамасына өз әсерін тигізеді.

Ақшалай мультипликатордың шамасы міндетті резервтеудің нормаларына тәуелді, өйткені міндетті резервтер несие ресурстарының көзі ретінде,сондай-ақ айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағын пайдаланылмайды.Бұны банктерден тысқары болатын айналымдағы қолма-қол ақшаның мултипликацияланбайтындығымен байланыстырып түсіндіруге болады.Ақшаның мультипликация қарқындылығы олардың экономикадағы айналыс жылдамдылығына әсерін тигізеді:мультипликация коэффициенті неғұрлым жоғары болса ақша массаы соғұрлым көп ,айналыс жылдамдығы аз болады.ҚР Ұлттық банк ақша айналысын және инфляция деңгейін реттеу үшін міндетті резервтер нормасы, қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемелерінің деңгейі , ашық нарықтағы операция , валюта нарығындағы операциялар арқылы өтімділікті қамтамасыз ету (айырбас бағамына әсер ету)секілді акша-несие саясатының аспаптарын пайдаланады,

Халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей ,банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады.Сондықтан да Орталық банк бұл аспапты жиі қолдана бермейді.

Міндетті резерв нормаларын шектен тыс жоғарылату іскерлік белсенділікті төмендетеді,банктер таратылған ресурстарды тиімді пайдалана алмайды,өйткені несие берілетін салалар азайып ,айналыстағы ақша массасы кемиді.

Қазақстанда 1993 жылдың қаңтарында 1994 жылдың мамыр айына дейін міндетті резерв нормасы 18-20 пайыздарға белгіленді,1994 жылдың мамырынан бастап ол теңгедегі және шетелдік валютадағы банктік депозиттік міндеттемелері бойынша 30 пайызға дейін көтерілді.Міндетті резерв нормаларының арттырылуы ақшалай мультипликатордың 1,61-ден 3,1-ге дейін күрт өсуіне себепші болды.

Банк резервтерінің (Ұлттық банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражат) артығымен өсуіне байланысты резервтеудің баламалы тәртібіне көшудің ғана мүмкіндігі пайда болған жоқ-экономикалық нормативтерді орындайтын банктер корреспонденттік шоттағы қаражаттың шамасын әдетте резервтік талаптардан кем ұстауға тиісті болатын, ал резервтік талаптардың нормативі 2004 жылы 20%-ке дейін кемісе, 2005 жылдан бастап 15%-ке дейін төмен түсіп кетті.

Айналымдағы ақша массасын реттеудің тиімді құралына қайта қаржыландырудың пайыздық мөлшерлемесі жатады.Орталық банк бұл саясат арқылы коммерциялық банктерге несие береді.

Әлемдік тәжірибеде коммерциялық банктердің тұрғысынан алғанда есептік мөлшерлеме дегеніміз-артық резервтің шығыны болып табылады. Сол себепті оны Ұлттық банк кемітеді, бұл өз кезегінде коммерциялық банктердің қарыз алуына жағдай жасайды. Осы қарыздың есебінен коммерциялық банктерге берілетін несие ақшаның ұсталуын арттырады.

Ұлттық банк есептік мөлшерлемені көтеру арқылы банктердің қарыз алуын тежейді, бұл несие ресурстарының және банктерге берілетін несиенің мөлшерін азайтады, ал өз кезегінде айналымдағы ақша массасын кемітеді.

Соңғы жылдары (2001-2005 ж.ж)Қ.Р Ұлттық банкі белсенді түрде пайдаланып жүрген ақша массасын реттеудің бір әдісіне ақша нарығындағы валюталық интервенция жатады.

Мұнай мен металдың әлемдік бағасының көп өсуіне байланысты Қазақстанға шетелдік валюталардың мол ағыны құйылды. Бұл ақша массасы мен оның құрылымына үлкен әсерін тигізіп отыр. Осыған байланысты Ұлттық банк соңғы жылдары валюта бағамын ақша нарығындағы интервенция арқылы реттеуге жие күш жұмсап жүр. Ол шетелдік валютаны сатып алу арқылы өзінің валюталық алтын резервін ұлғайтты. Ол 2005 жылдың басында 11,0 млрд. долларынан асты.

Ұлттық банк пен Қазақстан үкіметі елдегі ақшаның айналысын басқару мен реттеуде ақша-несие саясатының аталмыш құралдарын ептілікпен пайдаланып жүр.

№029 баспасөз реализі 2010 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері мен ақша базасының мынадай болғанын көрсетеді:

Ағымдағы бағалар бойынша Тұрақты бағалар бойынша
Таза халықаралық резервтер, млн. $ 2102,1 2135,2
Соның ішінде:
ЕӨВ-дағы таза активтер 1602,3 1602,3
Алтын 499,9 532,9
Ақша базасы, млрд. тенге 125,0 125,0
KZT/USD (кезең соңына) 142,75 138,20
Алтын бағасы (USD 1 трой унция үшін) 272,80 290,85

Ағымдағы жылдың қыркүйек айының бірінші жартысында алтын активтерінің төмендеуіне байланысты Қазақстан Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері шамалы азайды.

Ағымдағы бағалармен таза халықаралық резервтер 0,1 %-ке азайды немесе 1,09 млн. $-ға. Минфиннің сыртқы борышқа қызмет етуіне қарамастан, ішкі валюталық рынокты Ұлттық Банктің валюта сатып алуы таза валюталық запасты 1,7 млн. $-ға толықтырды. Сыртқы рынокта алтынның бағасының 0,8 %-ке төмендеуі есебінен алтынның активтері 2,6 млн.$-ға азайды.

Тұрақты бағалармен таза халықаралық резервтер 0,1%-ке өсті. Ішкі рыноктағы бағалы металдарды сатып алу есебінен алтындағы активтер 0,3%-ке өсті.

Қыркүйек айының алғашқы екі аптасында таза халықаралық резервтерінің өсуі ақша базасының 0,5%-ке (0,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайуына септігін тигізді).

Қорытынды

Сонымен, ақша айналыс құралы қызметін атқаратындықтан да олардың саны, яғни айналысқа қажетті сатылатын тауарлар массасы және бағасы негізінде анықталады. Ал егер айналыстағы ақша массасы тауар массасынан артық болса, онда ақшаның құнсыздануы инфляцияға жол береді.

Қазақстан Республикасының экономикалық дамуындағы соңғы жылдардың қуанышты көрсеткіштері ел үкіметінің және Ұлттық Банктің осынау күрделі де маңызды мәселелерді ойдағыдай шешіп жатқанын көрсетсе керек.

Түйіндесек, халықаралық тәжірибе көрсетіп бергендей ,банк резервтерінің міндетті нормаларының сәл ауытқуы ұсынылатын ақша мөлшерін елеулі өзгерістерге ұшыратады.Сондықтан да өзгерістегі ақша қаражаттарын қайта қарастыруды талап етеді.

Ақша айналысын қолдап отыру шарттары мен заңдары екі фактордың өзара әрекет етуімен, яғни шаруашылықтағы ақшаға деген қажеттілік және айналымға ақшалардың нақты түсуімен анықталады. Егер де айналымдағы, ақша көлемі, шаруашылыққа қажетті ақшадан артық болса, онда ақшаның құнсыздануына, яғни ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің төмендеуіне, яғни инфляцияға жол береді.

Шетел тәжірибесін, әсіресе, Қазақстанның ақша айналысын реттеу жөніндегі оңтайлы тәжірибесін ескере отырып, Қазақстан ақша айналысын реттеу механизмдерін халықаралық стандарттарға жақындату мақсатында одан әрі жетілдіре түсуге күш жұмсалады деген сенімдемін.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1 «Деньги , кредит, банки» Учебник Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд . 2-е, Москва :1999 г

2 С.Б. Мақыш , Оқу құралы «Ақша айналысы және несие » - Алматы , Қазақ университеті, 2004 ж

3 Баян Көшенова ,Оқу құралы Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары -Алматы :Экономика 2000 ж

4 Абрамова М.А Александрова Л.С Финансы , денежные обращение и кредит Алматы, 2003ж

5 Мамыров Н.Қ Тілеужанова М.Ә. Макроэкономика. Оқулық- Алматы : Экономика -2003 ж

6 Сайденов А.Г «О перспективах развития денежно-кредитной» политики и других направлениях деятельности Национального Банка.

7 Статистикалық мәліметтер 2010ж- №29 баспасөз

8 Сейітқасымов Ғ.С Ақша, несие, банктер. Алматы,2004ж

9 Қазақстан Үлттық Банкі Статистикалық Бюллетені 2010 ж

10 Қазақстан Ұлттық Банк Хабаршы. 2010 ж

11 Раицкий К. А. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құрылы. М., 1999 ж

12 Самуэльсон П. Экономикалық ғылымдар. – М 1990 ж