Смекни!
smekni.com

Е бека ыны бухгалтерлік есебін йымдастыруды жетілдіру жолдары (стр. 3 из 8)

Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбек ақы. Нормадан артық жұмыс істегені үшін жарты тарифтік мөлшерлеменің деңгейінде қосымша төлем жасалады. Кез келген жұмыс беруші аптасына 40 сағат жұмыс уақыты етіп белгілейді. Ал жеке және ұжымды келісім-шартта бұл одан да төмен болып белгіленуі мүмкін. Егер де кәсіпорын бір аптаның алты күнін 7 сағаттан жұмыс істейтін болса 40 сағатты, ал 6 сағаттан есептесе 36 сағатты,егер 5 сағатты құрайды. Енді осы көрсетілген сағаттардан артық істегені, нормадан артық істегені болып табылады.

Демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс істегені үшін жасалатын төлемі. Егер қызметкер өзіне белгіленген демалыс күнінде жұмысқа тартылса, онда оған екі апта ішінде басқа бір демалыс күні берілуге тиіс. Егер кәсіпорын әкімшілігінің оған қосымша демалыс беруге мүмкіншілігі болмаса, ерекшелік жағдай ретінде бұл күн үшін екі есе мөлшерінде: мерзімдік жұмысшыларға және айлық ақы алатын қызметкерлерге тарифтік төлем мөлшерлеменің (айлық ақысының) екі есе еселенген төлем ақы төленеді.

Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға екі еселенген кесімді бағалар бойынша; еңбектері сағаттық не күндік төлем мөлшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында; айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелік күні; жұмыс істегені үшін айлығының шешімінде, сағаттық не күндік төлем мөлшерінің екі еселенген шамасында еңбек ақы төленеді.

Тоқтаусыз жұмыс істейтін ұйымдарда (немесе олардың кейбір бөлімшелерінде), сондай-ақ жұмыс уақытының есебін ынталандыру кезінде демалыс пен мереке күндеріндегі жұмыс уақыты айлық жұмыс уақытының нормасына енгізіледі.

Айрықша жағдайда төленетін еңбек ақы. Жеке және ұжымдық келісім-шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен, қара жұмыспен, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыспен, интенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергіліктиі жерде қосымша еңбек ақы белгіленуі мүмкін. Қара жұмыс, қауіпті және денсаулығына зиян келтіретін жұмыстар жұмыс орнын аттестациялаудың көмегімен және еңбек бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттілігінің қатысуымен анықталады. Ал интенсивтік еңбекақы салалық және салаарылқ нормативтердің негізінде анықталады.

Жұмыс уақытында орын алған тоқтауларды төлеу жеке және ұжымдық келісім-шарттарда анықталады. Егер де тоқтатулар еңбеккерлердің кінәсінен болмаса, онда сол еңбеккерлерге төлеуге тура келеді. Сондай-ақ жұмыс беруші төлемдердің басқа да түрлерін жасауға құқығы бар. Мысалға, тегін сүт, тамақ өнімдерін, тамақтандыру, витамин препараттарын беру, денсаулығы төмендеуіне байланысты орташа жалақысын сақтау, арнайы киімдер беру т.б. Бұл аталған төлем шығыстары дайын өнімнің өзіндік құнына қосылады.

Сонымен қатар, жұмыс берушілер жеке не ұжымдық келісім-шарттарда вахталық әдіс бойынша да еңбекақы төлеуді қарастырады. Олар мерзімді де, кесімді де болуы мүмкін. Олардың есебі алдын ала қаралған графиктердің шегінде жүреді. Вахталық әдісте еңбекақы төлеудің негізінде - бір күндік мөлшерлемесі алынады және сол сомадан үстеме жалақының мөлшері анықталады немесе сағаттық тарифтік мөлшерлеме пайдаланылады. Егер де еңбеккер жұмыс орнына өз күшімен барса, онда оған жұмыс беруші транспорттық шығысын өтеп беру керек (егер ол орынды себептермен дәлелденсе).

Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептеген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

Еңбек бойынша статистикалық есеп жасаған кезде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу жасалған төлем құжаттарында көрсетілген ақша қаражаттары көрсетілуі тиіс. Бұл жағдайда “брутто” сомасы, яғни Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес ұсталынатын ұсталымдар мен басқа да төлемдер төленбегендегі сомалары көрсетіледі.

Шет ел валютасында есептелген жалақы есепке сол мерзімге Ұлттық Банктің бекіткен ұлттық ақша бірлігіне шаққандағы шет ел валютасының бағамымен енгізіледі.

Есептелген әр жылдық, әр жылдық қосымша және қосымша демалыстар сомалары есепті айда көрсетіледі, тек сол айға келетін есептелген демалыс күндерінің сомалары. Ал келесі айға есептелген демалыс сомалары сәйкесінше келесі айдың есебінде көрсетіледі.

Еңбекақымен натуралды нысанда есеп айырысқан жағдайда сол мерзімдегі сол жерде қалыптасқан нарық бағасымен есептеп, еңбек бойынша есепке енгізеді.

Еңбекақы қоры өндірістік бағдарламаның орындалу көлеміне сәйкес жұмсалуы керек және еңбек өнімділігі еңбекақы өсімінен алдау болуы керек.

Бухгалтерия, жоспарлау бөлімі, еңбек және еңбекақы бөлімі тарифтік ставкаларды, өнімділік нормаларының, кесімді бағаларды, бекітілген окладтарды, сыйақы жүйелері мен әртүрлі төлемдерді дұрыс пайдалануды жүзеге асырулары керек. Еңбекақы қорын пайдалануға бақылау қоғамның ревизиялық комиссиясына, ішкі және сыртқы аудиторияларға жүктелген. Қызметкердің жұмысқа қабылдану мерзіміне қарай былайша бөлінеді:

тұрақты - жұмысының аяқталу мерзімі көрсетілмеген;

уақытша - 2 ай шамасындағы мерзімге;

маусымдық - маусымдақ жұмыстарды орындау кезеңіне (6 айдан аспайды).

1.2 Еңбекақы есептеу тәртіптері

Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай нысандағы төлемі), олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне және келтірілген зиянды есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:

- ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезінде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;

- үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді армияға шақырғанда;

- пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшін;

- қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;

- шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінәсінен емес) уақытына төлем жасау кезінде;

- басқа да әлеуметтік төлемдер жасау үшін.

Орташа жалақы - бұл белгілі бір уақыт кезеңінде (сағат, күн, ай, жыл),қызметкерлердің еңбекақысының орташа көлемі. Оны есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады.

Орташа жалақы белгілі бір құбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация есептеу үшін, екіқабат және бала табуына байланысты жәрдемақыны есептеу үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы үшін және т.б.

Барлық жағдайда есептік кезеңнен Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды:

Кесте-1.Мемлекеттік мерекелер:

1—2 қаңтар 8 наурыз 22 наурыз 1 мамыр 9 мамыр 30 тамыз 25 қазан 16—17 желтоқсан Жаңа жыл Халықаралық әйелдер күні Наурыз мейрамы Қазақстанның Халықтарының бірлестік күні Жеңіс күні Қазақстан Республикасының Конституция күні Республика күні Тәуелсіздік күні

Бұл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн демалыс күні болып саналады.

Еңбеккерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа күндік, не орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбекақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені, қосымшаны және басқа да марапаттау түрлерін ескереді.

Орташа жалақы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да анықталуы мүмкін. Демек, орташа жалақыны анықтаудың екі жолы бар, оның біріншісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбекақы алынса, ал екіншісінде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады.

Егер де еңбеккерлер бір жылдан аз жұмыс істесе, онда жалақысы нақты істеген уақытынан анықталады.

Егер де еңбеккерлердің ұзақ уақыт бойы жалақысы болмаса (жиырма төрт айдан көп), онда орташа жалақы минималды есептік көрсеткіштен алынады, бұл жағдай еңбеккерлердің екіқабат және бала табуына, сондай-ақ балаға қарауына және басқа да орынды себептермен байланысты болуы мүмкін.