Смекни!
smekni.com

Батыс Еуропада ы орта асырлы философия (стр. 1 из 3)

Батыс Еуропадағы ортағасырлық философия

Қаралатын мәселелер:

I. Ортағасырлық философияға тән сипаттар.

2. Ертехристиандық философия: Әулие Августин.

3. Парасат пен сенім қатынасы.

4. Пьер Абеляр.

5. Ортағасырлық батысеуропалық философия: Фома Аквинский.

6. Араб философиясының даму кезеңдері.

7. Әл-Кинди.

8. Әбу Насыр әл Фараби.

9. Ибн-Сина.

10. Ж.Баласағұн мен М.Қашқаридың философиясы.

II. Суфизм. Қожа Ахмет Иассауи.

Құлиеленушілік қоғам күйреп, оның орнына Батыс Европа елдерінің қай-қайсысында да феодалдық қоғамдық қатынастар қалыптасып, христиан дінінің кең етек алып, тауарына байланысты «шіркеу әкейлері» мен «пұтқа табынушы-лар» философиясының арасындағы мәмлеге келмес күрестің өрбу деңгейіне бай-ланысты ортағасырлық философияны негізгі үш кезеңге бөліп қарастырады. Біздің заманымыздың ІІ ғасырынан бастап, алғашқы христиандық ойшылдардың ілімдерін жиынтықтап, кейін алолегетика (қорғау) деп аталып кеткен діни-философиялық бағыт пайда болады. Негізгі өкілдері: Юстиан Мученик (100-167 ж.ж.), Тациан (2ғ. екінші жартысы), (Тертуллиан Квинт Септимий Флоренс (160-222 ж.ж.) т.б. Олар өз ілімдерінде христиан діні ежелгі грек философиясы сияқты жалпыадамзат алдында тұрған маңызды да күрделі мәселелерді көтеріп, оларға ежелгі грек филоофтарынан гөрі тереңірек, ауқыды және ұтымдырақ жауап береді, сондықтан да олрды христиан дініне сенбейтін билеушілер мен ғалымдардың сынауы негізсіз деген пікіді басшылыққа ала отырып, жаңа грек философиясының орнын басатын христиандық-діни философия жасауға бар күштерін салды. Барлық нақтылықтың денесі бар. Құдай - нақтылық. Демек, құдайдың да денесі бар. Жалпы нақтылықтың уақыттықбастамасы жоқ (Тертуллиан). Осы тұрғыдан апологеттер платоншылар мен гностиктердің тән және жан туралы ілімдеін де сынға алады. Апологеттердің христин дінінің өнегелік қағидаларының артықшылығын ескере отырып, оны мемлекеттік дінге айналдыру қажет деген идеясы, құдайдың мәні мен табиғаты, әлемнің жаратылуы, адам табиғаты мен өмір сүру мақсаты туралы көтерген мәселелері ортағасырлық философияның келесі сатысы - патристика, схоластика кезеңдерінде өз көріністерін тапты.

Патристика (раіер - әке) деп шіркеу әкейлерінің діни философиялық ілімдерін айтады (Ш-VI ғ.ғ.). Негізгі өкілдері: Клемент Александрийский, Амворсий Майландский (340-397 ж.ж.), Августин Блаженный (354-430 ж.ж.) т.б. Ш-ІV ғасырларда жүйеленген бұл діни ілімде алғашқыда Христостың табиғаты туралы пікірлер (құдайлық, немесе адамдық табиғаты туралы) ал 323ж. ұлы император Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылдағаннан кейін, саяси-шіркеулік мәселелер алдыңғы шепке шығып, шіркеу әкейлерінің көзқарастарында өз көріністерін тапты. Мысалы, Августиннің көтерген басты мәселесі христиан дінінің артықшылығын дәлелдеу арқылы, шіркеудің жанды билеуге құқықтығы және ол - аспан мен жер арасын байланыстырушы деген сияқты идеяларды дәлелдеу үшін манихеялық, скептицизмдік және неоплатонизм қағидаларын басшылыққа алды. Оны осы ілімдердің кейбір элементтерін сақтай отырып, христиан дінінің жаңа бағытын қалыптастырғаны үшін, кейін августинизм деп аталып кеткен ағымның негізін қалаушы деп мойындады. Негізгі еңбектері: «Тәубеге келу», «Құдай қаласы туралы» т.б.

Августиннің ілімі бойынша, адам дүниеге келмей тұрып т.б. оның іс-әрекеттері, қылықтары құдайдың ерік-жігерімен белгіленіп қойған. Ол белгі игілікке (адам оған лайықты болмаса да,) немесе азаптарға (жазықсыз болса да) бағытталған болуы мүмкін. Құдай әлемді жаратқанда, барлық заттардың түрлерінің бастамасын енгізіп, әрі қарай өздері дамитындай мүмкіндік береді. Адамзат тарихы да осы заңдылыққа бағынады. Тарихтың даму негізінде адам санасының өзіне сенімділігі (бұл сенімнің негізі құдай) мен құдайға деген сүйіспеншіліктің танымдық күші жатыр. Осы түсінікті басшылыққа ала отырып, Августин адамзат тарихы бір-біріне қарсы екі патшалықтың күресінің нәтижесі деп тұжырымдайды. Олар құдайға қарсы, күнделікті өмірдің қызығын күйттейтіндермен құдайдың патшалығы арасындағы күрес. Августин құдай патшалығы дегенде жердегі оның өкілі - рим шіркеуін айтады. Шіркеу құдай патшалығы атынан сөйлейтін болғандықтан, оған жердегі пенделердің де бағынулары керек.

Августинизм теологиялық-философиялық бағыт ретінде Батыс Европа елдерінде ХII ғасырға дейін үстемдік етті, кейін христиандық аристотелизмнің негізін қалаушы ұлы Альберт пен Фома Аквинский ілімдерімен ығыстырылды.

Ортағасырлық философияның схоластика деп аталған кезеңі Европа тарихында Рим империясының күйреуінен бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытты қамтиды. Бұл кезеңде егемендік алған көптеген Европа елдерінде (Италия, Франция, Англия, Германия т.б.) феодалдық қарым-қатынастар қалыптасып, христиан дінін қоғамдық өмірдің барлық салаларында өктемдік көрсетіп, шіркеудің сауаттылықтың қолжазбалар сақтау ісінің ошағына айналған мезгілі болатын. Осындай мемлекеттік билік қолдаған қатал діни үстемдік жағдайында философия өзінің бар ақыл-ой, күшін христиан догматтарын негіздеуге жұмсап, дін ілімінің күңіне айналған-ды. Осы кезеңдегі философиядағы ілім «схоластика» (мектептік ілім) деген атаққа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті:

1. Балауса схоластика (ІХ-ХІІ ғ.ғ.). Ғылым, философия, теология (дін ілімі) әлі бір- бірімен біте қайнасып, ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсүнуді, универсалилерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде үстемдіктің «заңдылығын» дәлелдеуді (Аристотельдің формальдік логикасы тұрғысынан) өзіне мақсат қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. Негізгі өкілдері: Ансельм Кентерберский, Иоанн Росцелин, Пьер Абеляр, Августин Аврелий т.б.

2. Кемеліне жеткен схоластика (ХІІІ ғ.) Аристотельдіңеңбектері латын тілінде болса да, көпшілік арасына тарап, ғылым мен философияның теологиядан бөлініп (Аль-Фараби мен Ибн Руштың «екі ұдай ақиқат» теориясы негізінде), философиялық-теологиялық ілімнің қалыптасып, кең етек алған кезең болды. Негізгі өкілдері ұлы Альберт, Фома Аквинский, Дунс Скотт т.б.

3. Құлдырау кезеңі (ХIV-ХV ғ.ғ.) Шынайы ғылыми және философиялық ойлардың тез қарқында дамуының арқасында философиялық теологияның тек бедел мен атаққа табынған, тәжірибеден, өмірден алшақ, керенаулық сарыны басым мистикалық ілімге айналуына байланысты схоластика мүлде нәтижесіз тіл безеген ғылымсымақ ретінде қалыптасты. Негізгі өкілдері: Уильям Оккам, Жан Буридан т.б.

Схоластикалық тәсілдің негізін қалаушы және қорғаушы француз теолог-схоласты, философ Пьер Абеляр (1079-1142 ж.ж.) болды. Негізгі еңбегі: «Бар мен жоқ».

Абелярдың пікірінше, шынайы өмір сүретін - жалқылар, бірақ олардың өзара ортақ қасиеттері болғандықтан, осы негізде әмбебап жалпы ұғымдар қалыптасады. Әмбебап жалпылар (универсалилер) шын өмір сүреді, себебі ол құдайдың ақыл ойында бар.

Ортағасырдағы философиядағы негізгі күрес, айтыс «универсалий» деп аталатын жалпы ұғымдар, жалпылама мәселелердің төңірегінде, жалпының жекеге қатынасы жайында болды. Философтар екі топқа бөлініп күресті: біреулері жалпы ұғымдар (универсалилер) жеке, нақты заттардан тәуелсіз, олардан бұрында пайда болған, бұл шын мәнінде құдаймен байланысты деп дәлелденді. Жалпы ұғымдар - универсалилер реалды өмір сүреді, олар әуелбастан бар деушілер тобы реалистер (латынша «шын» деген сөзден шыққан) деп, ал олардың философиялық бағыты реализм деп аталды. Бұл таза объективтік-идеалистік бағыт. Бұларға қарсы екінші ағым жалпы ұғымдар өздігінше дербес өмір сүре алмайды, тек нақты, жеке заттар ғана шын өмір сүреді, сондықтан олар алғашқы деп делінеді. Материалистік ағымды білдіретін бұл көзқарасты ұстанушылар - номиналистер (латынша потіпіз - «алау» деген сөз) деп аталады.

Реалистердің көрнекті өкілдерінің бірі - Италияда (1033-1109 ж.ж.) өмір сүрген архиепископ Ансельм Кентерберский болды.Оның ойынша жақсылық, әділеттілік, ақиқат ұғымдары адамның іс-әрекетінен тыс шынайы өмір сүреді. Ол құдайдың бар екендігін дәлелдеуге тырысады. «Егер құдай жоқ болса, құдай туралы ұғым да пайда болмас еді. Ал, құдай туралы ұғымның бар екені ырас болса, демек құдайдың да бар болғаны»-дейді Ансельм.Бұны Ансельм «Құдай болмысын онтологиялық жолмен дәлелдеу» деп атаған.

Христиандық діни ілімді Аристотельдің философиясымен байланыстырған, шіркеудің алғашқы схоластикалық ұстазы, ал 1879 жылдан бастап католик шіркеуінің шешімімен осы шіркеудің ресми теолог-философы деп жарияланады.