1. сұраныс пен ұсыныс;
2. делдалдар мен басқа қатысушылар;
3. нарықтық инфрақұрылым яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және с.с.;
4. нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Hapықтың осы құрамдас бөліктері уақытта несінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды терендету жолында қабылданған. Дегенмен, экономиканың дағдарысы жағдайында толыққанды бағалы қағаздар нарығы болуы мүмкін емес.
Бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі көп жағдайлықтың әл - ауқатына байланысты. Ceбeбi бағалы кағаздарға сұраныс халықтың тұрмысын айқындайды. Сондықтан халықтың табысының өcyi - Қазақстанда бағалы кағаздар нарығы дамуының басты шарты.
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы және бағалы қағаздардың өтімдісі қандай деген сұрақ туындағанда онда, елімізде қалыптасқан жағдай сипаттағанындай бағалы қағаздадың көлемдісі және ең өтімдіci мемлекеттік қарыз міндеттемелері. Мемлекеттік қарыз міндеттемелері нарықынан ерекшелігі оған қатысушыларға байланысты:
Біріншіден, мемлекетік бағалы қағаздардың эмитент Қаржы министрлігі;
Екіншіден, ұлттық банк-оның, сонымен бipre мемлекеттік бағалы қағаздарды дилері. Дегенмен, бағалы қағаздар нарығының бұл қатысушылар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару мен оларды айналымға түсіру шарттарын анықтаушылар.
Бағалы қағаздар нарығының одан әрi дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байлнысты. Бағалы қағаздарға кең көлемде капитал жұмсау 20ғ. ортасында өpicтeй бастады. Осы кезде нарыққа катысушылар да белгілі бола бастады. Алғашғыда бағалы қағаздармен жеке адамдар (трейдер-аторней) жєне банк қызметкерлері айналысты. Кейіннен бұл іске құқықтық тұлғалар да кірісті.Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды топқа бөлуге болады (олар әpi эмитенттер, әpi трейдерлер):
Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік (органдары), ұлттық жане халықарлық компаниялар. Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және жерплікті әкімшіліктің қағаздары, сатып алушыға жоғары табыс түсірмейді. Дегенмен, халыктың кейбір топтары (мысалы, зейнеткерлер, жалғыз басты адамдар, асыраушысынан айырылған отбасылар және с.с. табысы аздар) беретін табысы аз болсада, ceнімді қағаздарға өз қаржыларын жұмсауға мүдделі. АҚШ-та оларды "көк түбірлі" ("голубые корешки") деп атайды.
Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе, бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар: коммерциялық және инвестициялық банктер, сақтандыру коғамдары, зейнетақы қорлары және с.с. ұйымдар.
Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары қашан қауіптi. Статистика деректері дәлелденгендей олардың ¾ бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек ¼ бөлігі ғана кейбір табысқа жетеді екен. Әлемде кейбір шағын кәсіпорындар табысты және болашағы бар екенін дәлелдеді, мысалы, электронды-есептегіш техникалар, ракеталар, жоғары сапалы үй заттарын және сол сияқты өнім шығаратын өндірістер. Сондай-ақ кейбір шағын кєсіпорындары экспорт операцияларымен де табысты шұғылдануы (мысалы, жүннен тоқылған және теріден тігілген киімдер, галантерея заттарын шығарушылар). Сондықтан халықты бірсыпыра тобы тәуекелге бел буып, жоғары дивиденд үміттеніп, осы кәсіпорындардың акциясын сатып алуда.
Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары бағалы қағаздарды жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында капиталы болғасын көптеген операциялар жүргізеді. Дағды бойынша, брокерлер мен дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасы қолайлы болғанын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың ic-әрекеті –алыпсатушылық.
Бағалы қағаздар туралы Қазақстан Реапубликасының қазіргі заңдар. Қазіргі заңдар Республикада Конституциясы негізделген. Олар мемлекеттік және жеке меншікті мойындап, оларды бірдей қорғауға кері болады. Қазақстан Республикасында «Бағалы қағаздар туралы» заң 5 наурыз 1995 жылы шыққан. Ал 2.07.2003ж. өзгерістер енгізілген. Сонымен қатар, заңдар кәсіпшіліктің еркіндігін қамтамасыз етумен бірге бәсекенің адалдығын қорғайды. Осы негізгі бастамаларды біріктіретін Республиканың Азаматтық кодексінің (1994 жылы желтоқсанның 27 қабылданған) жалпы бөлімінде бағалы қағаздар мүліктік игіліктің бір түрі ретінде азаматтық құқықтық объектісі болып еркін айналымға арналғаны танылған. Азаматтық кодекстің 3 бөлімнің 2 бабында бағалы қағаздардың мазмұны көрсетіліп, олардың түрлері анықталып, бағалы қағаздарды шығарудың және оларды біругуге біздің негізгі ережелері мен талаптары бекітілген.
Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздартолтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құлжат түрі,есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуші бірлсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше бірлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды. Шығаруы жөнінен бағалы қағаздар, нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар - әлеуметтік-нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздарды ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары депозиттік (салым) облигациялар және с.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Зеинетақы қорларының облигяциялары және зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиторлы облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзіді, ұзақ мерзімді болып үшке бөініп, тек жергілікті басқру органдарын ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс єкелетін, бірақ салық телеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.
Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан РеспубликасыныңҚаржы Министрлігі жанындағы қағаздар жөніндегі тіркеуден мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.
Бағалы қағазлар нарығын реттейту мемлекеттің ең маңызды міндеті. Ондағы мақсаты-байғалы қағаздармен келімімге қатысушылардың заңды мүдделері мен құқын сақтауды қамтамасыз ету. Бағалы қағаздар нарығында қызмет атқаратын қаржы институттарының ісін бағыттау мен реттеу мемлекеттік органдарға жүктелген. Республикада ондай органдар бойынша Бағалы қағаздар жөніндегі комиссия, Қаржы министрлігі, ұлттық банк Мүлікті басқару жөніндегі Мемлекеттік комитет және Жекеменшіктендіру жөніндегі Мемлекетік комитеті саналады. Осы бағалы қағаздар нарығының реттетін мемлекетік органдардың ең негізгісі - Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы 1995 жылдың қаңтарында анықталып, сол жылғы 21-дегі Республика Президентінің «Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы» жарлығына сәйкес оның құқықтық статусы, қызметі және өкілеттігі бекітілді.
Бағалы қағаздар нарығын мемлекетік реттеу ғылыми негізделіп, алдын ала дайындалған концепция жүгінгені дұрыс.
Еліміздегінарықтық бағалы қағаздардың рөлі күннен күнге артып, ең бастысы мемлекеттік қарыздағы бағалы қағазға айналып келеді. Олардың жүзеге асыруының жүйелілігі жөнінде бірнеше себептер түсіндірілуде:
Біріншіден, құнды қағаздармен қамтамасыз ету елдің, үкіметтің мүліктерін, сондай-ақ болашақтағы бюджеттік түсімдерді неғұрлым қаражатпен қамтамасыз етеді;
Екіншіден, сауданың уақытты механизміне байланысты екінші реттегі олардың жоғары айналымдылығын арттырады;
Үшіншіден, нарықтың өтпелі кезеңінде дейін үкімет ішкі займдар шығару тәжірибесін меңгерссе де, қазіргі құнды қағаздардың орны бөлек;