Смекни!
smekni.com

Ба алы а аздар (стр. 4 из 5)

Төртіншіден, Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы байланыс құнды қағаздарды ұйым шығару мен оларды енгізу жөніндегі жекеленген даярлықты талап етпейді;

Бесіншіден, бұл сектордың құнды қағаз нарығындағы кәсіпқой қадрлардың даярлығы деңгейінің жоғарлылығында.

Ең бастысы – мемлекеттік құнды қағаздардың пайда болуы мемлекеттің ішкі қарыздарын реттеуде әрі қаржыландыруда. Бәрінен бұрын инфляцияны асқындырмау қажеттілігі үшін кәдеге асады. Оның қолданысы ел экономикасының қарыздарының жиынтығын өзгертуге, өзара қарыздану аумағын Қазақстан Республикасы көлемінде азайтуға септігін тигізбекші. Басқаша айтқанда, эмиссиялық әрекеттің ролін төмендегідей, бюджеттік дефицитті қаржыландырудың тиімді жолы болады. Екінші бір жағдайда бағалы қағаздар елдің қаржы – несие жүйесін қалыптастырудың қажеттілігі болмақ. Сондай-ақ бірінші кезекте Қаржы Министрлігі осы құралды пайдала отырып, валюталық базарда ақша аумағын әрі несие нарығын ұлғайту мүмкіншілігіне қол жеткізіледі делінуде. Нақты ұсынған мемлекеттік қарыздағы бағалы қағаздар айналым мелекеттік проценттің деңгейін өзгерте отырып, инвесторлар жағынан сұранысты арттырып, немесе азайтуына болады. Бұл өз кезеңінде валюталық әрі несиелік нарығы қаржы-қаражатын реттейді деп күтілуде.

Қазақстан қор нарығының қалыптасу жағдайындағы бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың жоғары тәуелдігі өз кезегінде оларды төмендетуге қолайлы құралдарды іздестіруді қажет етеді. Олардың біріне – опциондық сауданың дамуы жатады.

Өнеркіәсіптік кәсіпорындарды акционерлеу барысында опциондар кеңірек дамыды. Осыған байланысты акционер енетін кәсіпорындардың акцияларын жеңілдікпен сатып алу құқығы қамтамасыз етіледі. Опционды сатушы, оның акцияларының сату нарығына белгілі бір кепілдік алады. Тиісті бағалы қағаздардың меншік иесі болмай-ақ, бірақ оларға құқық алатын опционды иеленуші, қатыс нәтижесіне айналғанға дейінгі уақытқа бұл құқықты қолына ұстап қалады. Қолайсыз жағдай туған кездері опционды иеленуші тиісті кантрактіге сәйкес тез арада қайта сата отырып, зиянды төмендетеді.

Сөйтіп, опцион деп кантрактіде көрсетілген мерзім ішінде әрекет ететін, тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық беретін кантрактіні атайды.

Қоp биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ipi банктер қожалық; етеді.

«Биржа» деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни эмиян деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни ХХ ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операцялары өндіріс кәсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркәсіптің өрістеу фазасында экономиканың өcyiн, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады.

Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,

-қор биржасы (бағалы қағаздар сатады);

-валюта биржасы;

-тауар биржасы;

-еңбек биржасы.

Сонымен, биржа-нарықтыңұйымдасқан тура, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар

келісімге келу үшін кездесетін орын.

Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейдi (мысалы, Лондон, Нью-Иорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады (мысалы, Францияда, Италияда). Қор биржасын ұйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жарғыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның әрбір буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады. Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оньң мүшелерін брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және солардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлықпен айналысатын дилер де жүреді. Дилердің табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының (курсының) айырмашылығына тең, ия болмаса клиент берген мәміле сомасының белгілі бір келісілген нақты проценті болуы мүмкін. Бұл әрине келісім шартта көрсетіледі.

Сонымен, қор биржасы- бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздары сату жєне сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық. “Қор биржасы” - деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын негізгі нарық орны. Қор биржаларында ірі банктер қожалық етеді. “Биржа” деген термин ежелгі грек сөзі - “бурзэ”, яғни “эмиян” деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы 16 ғ. Голландияда бағалы қағаздар (облигация, содан кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал 17 ғ. Биржалар тауар және қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына көшу кезі, яғни ХХ ғ. бас кезі. Ол уақытта қор биржаларының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын және елдің экономикасы мен саясатындағы өзерістерді қадағалап өрістеу фазасында экономиканың өсуіне, ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепші болады. Экономикасы дамыған мемлекеттерде биржалар бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қор биржасы (бағалы қағаздар сатады); валюта биржасы; тауар биржасы; еңбек биржасы.

Сонымен, биржа - нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным негізінде тауарлармен, бағалы қағаздамен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол - сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін орын. Қор биржасы жеке кәсіпкерлік принципінде жұмыс істейді (мысалы, Лондон, Нью-Йорк биржалары), немесе оны мемлекет ұйымдастырады. Қор биржаларын үйымдастыру және оны басқаруда әр елде көптеген өзгешеліктер бар. Қор биржасының жұмысы жарғы бойынша ұйымдастырылады. Жоғарыда қор биржасын құру, оны басқару тәртібі және оның буынының қызметі, мүшелерінің құрамы және сол сияқты ұйымдастыру принциптері анықталады. Биржаның басшы органы болып биржалық комитет саналады, ал оның мүшелерін брокер (немесе маклер) деп атайды. Олар бағалы қағаздар нарығында клиенттердің есебінен және олардың атағынан делдал болып операциялар жүргізеді. Себебі нарыққа клиенттердің өздері қатысуға болмайды. Брокерлер сол жұмысы үшін куртаж деп аталатын төлем ақы алады. Брокерлермен қатар өз есебінен ақша жұмсап алыпсатарлық операцияларды дилерлер де жүргізеді. Дилердің табатын пайдасы бағалы қағазды сататын және сатып алатын бағасының айырмашылығына тең, ия болмаса клиент берген мәміле сомасының белгілі бір келісілген нақты проценті болуы мүмкін. Бұл әрине келісім шартта көрсетіледі.

Сонымен, қор биржасы - бағалы қағаз иелерінің биржа мүшелері, яғни делдалдар арқылы бағалы қағаздарды сату және сатып алу жөнінде мәміле жасайтын нарық.

Қорытынды

Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарың қалыптасу процесінің жүруімен сипаталатынына көз жеткізгеннен кейін және олардың пайда болуы мен қалыптасуы экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы әкімшiлік-әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін eмeстігі анықталды.

Экономиканың кейінгі жасалған, жекешелендіру процесі бағалы қағаздар нарығының дамуына ат салысты, яғни мұнда кәсіпорынды мүліктік жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру құқығы қарастырылды. Сонымен қатар шаруашылықтың акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына қоғамдық иемдену құқығын бекітудің материалдық алғы шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу қарқынын төмендеуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын, сол сияқты бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз етеді.