Смекни!
smekni.com

Государственные внебюджетные фонды Казахстана (стр. 13 из 14)

3.Тәрбие үрдісінің алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ мұрат, іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык және әділетті бағалау қатар жүруі шарт делінген.

Балабақшадағы еңбек тәрбиесінің басты нысанасы- баланы сәбилік шағынан қарапайым еңбек дағдыларына баулу, еңбек туралы дұрыс көзқарас қалыптастыру. Балабақшадағы еңбек тәрбиелік- білімдік жұмыс жүйесін ұйымдастырудың амалы ретінде маңызды орын алады. Бау- бақшада, гүлзарларда және табиғат мүйісінде үнемі жұмыс жасау өсімдіктер мен жануарларға деген ынта- ықыласты арттырады, балалардың табиғаттағы заттарды сүюіне және оларға ұқыпты қарауына көмектеседі, еңбексүйгіштік пен басқа да адамгершілік саналарының қалыптасуына ықпал етеді. Істелген істің мәнін, оның мақсатын жете түсінуі үшін балалардың қандай да болмасын бір тәсілді меңгеріп қана қоймай, оның неліктен керек екендігін де түсінгендері өте маңызды. Сондықтан дәндерді себуді, көшеттерді отырғызуды, аквариумге суды үстеп құюды және басқа да еңбек түрлерін көрсете отырып, түсіндірулер арқылы толықтыру қажет болады. Балаларды еңбекке үйретуде қолданылатын әдіс түрлеріне үлкен адамдардың еңбегімен, тәрбиешінің өзінін еңбек үлгісімен танысу, балаларға әртүрлі еңбек түрлерін тапсыру және олардың орындалуын тексеру, тәрбиешінің кейде бүкіл топтың істеген жұмысына баға беруі жатады.

Еңбек тәрбиесі болашақ қоғам мүддесі үшін еңбектене білетін, ойлау қабілеті жан-жақты дамыған адам даярлау мақсатында бағытталады. Адамның адам болып қалыптасуының басты құралы- еңбек. Баланың жеке басының еңбекке бейім болып өсуі оны еңбек тәрбиесіне баулуға тікелей байланысты. Балабақшадағы дұрыс ойластырылған еңбектің орны ерекше, мұндай еңбек тәрбиесі барысында бала дұрыс әрекет жасап айналадағы орта жайында алғашқы мағлұматтар алады, айналадағының бәріне қызыға қарайды, еңбекті жақсы көруге әдеттенеді. Балабақшаның ересектер тобында тұрмыстық- шаруашылық еңбек пен табиғат бұрышындағы өсімдіктер мен жануарларды күту, гүл, жеміс, көкөністерді өсіру, т.б. еңбек түрлері жатады. Мұндай еңбек түрлері балалардың білім- құмарлык, бақылағыштық, табиғатқа жаңашырлық, ұйымшылдық сиякты адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Табиғат аясындағы еңбек тәрбиесі баланың айнала қоршаған орта туралы талғамын дамытып, әдемілікке әуестендіріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырады, ақыл-ойын, қиялын ұштап, ересектер еңбегін бағалауға үйретеді.

Еңбек тәрбиесін ұйымдастырудағы тәрбиешінің орынды пайдаланылған мақал-мәтелдері бала санасында еңбек туралы айшықты із қалдырып, айналадағы ортаға дұрыс қарым-қатынас қалыптастырады.

4. Халықтық тәлім-тәрбие арнасы халыктың ауыз әдебиетінен, салттарынан, әдет-ғұрыптарынан, ырымдарынан, балалар ойындары арқылы жұрнақталған білім, педагогикалық мағұлматтар мен тәрбие тәжірибесінен тамыр тартады. Халқымыздың табиғатты жанындай жақсы көріп сүйе білуі және оған деген аялы алақаны мен абзал қамқорлығы қанымызға да тұла бойымызға да ананың ақ сүті арқылы дарығанын мақтаныш сезіммен айта аламыз.

Халық даналығындағы «орман- жер сәулеті, ел дәулеті», «атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «гүлді үзбе», «көкті жұлма», «құмырсқаның илеуін бұзба», «көкмайсаны таптама», т.б. аталы сөздері бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады. Осылайша табиғат жайындағы өнегелі өсиеттер, жырлар мен аңыздар қойнауындағы келелі ой-пікірлер экологиялық мәдениетімізді қалыптастыруда өте құнды арна саналады.

Халқымыздың дархан дарыны, Мағжан Жұмабаев Наурыз туралы өз ойын былай түйіндеген екен: «...қазақтың Наурызы- дін мейрамы емес, ол тұрмыспен, ғылыммен, байланыстырып, қағамға пайдалы игі іс жасайтындай етіп ұйымдастыру керек. Наурыз мерекесі табиғатта болатын ұлы маусымдық өзгеріспен, күн мен түннің көктемгі тең келуімен тікелей сәйкес келеді. Мұның өзі ерте дәуірлердің өзінде-ақ халықтың, табиғаттың саналуан құпия сырларын ұға білгендігін және сол арқылы дұрыс ғылыми тұжырымдар жасай білгендігін аңғартады. Наурыз ұғымы қазіргі кездегі жаратылыс тану ғылымында көбірек айтылатын табиғи тепе-теңдік /кейде оны экологиялық тепе-теңдік деп те атайды/ деген пікірлермен сабақтасып жатады».

Наурыз мейрамының тойлануындағы халыктық тағы бір түпкі мақсат- өзін қоршаған ортадан игілік атаулының көзін ашу. Оған көзі бітеліп қалған бұлақ, бастау қайнардың көзін ашып, тіршілікке нәр беру, айналаға сая боларлық ағаш отырғызу сияқты игілікті жұмыстарды ұйымдастыру жатады.

Халқымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігінің және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге боларлық асыл мұра, даналық ұғымдар, мақал-мәтел тәрбиелік тағылымы мол аңыз-әңгімелер аз емес. Табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, ойлы пікірлер экологиялык тәрбие беруде және болашақ ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал.

Қазақ халқының тәлімдік макал-мәтелдері, бұрынғы бабалардың көрген-білген, кеңілге түйген, бастан кешкен оқиғалардан қорытқан, ғасырлар бойғы уақыт елегінен өткен ақыл-ойының жиынтығы.

Бала тәрбиесіндегі өзіндік орны бар ерекше жанрлардың бірі — жаңылтпаш. Ол баланың сөйлегенде кекештенбей, тұтықпай, дұрыс, еркін сөйлеуіне, ана тілін еркін игеруіне себін тигізеді, мазмұнында терең мән-мағына, үйлесімді ой жатады.

Халық тәрбиесінде баланың ой- өрісін дамытып, кеңейту, тілін ширатып, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, зерделеу қабілетін жетілдіру үшін жұмбақтар қолданылып отырған. Онда өмірде кездесетін тіршілікке байланысты ұғымдар, табиғат құбылыстары, жер әлем өздеріне тән белгілері арқылы бейнеленеді. Айтылған нәрсенің сол сипат-белгісі бойынша шешуі табылады.

Ғасырлар бойы санасына сіңіп, сараланып жеткен дәстүрдің бірі ырымдар, тиым сөздер. Әрбір сөздің негізінде айналадағы ортаға, табиғатқа, адамгершілікке, көрегенділікке қажетті қасиеттерді уағыздап, жаман әдет, іс-әрекеттен бойды аулақ ұстауға тәрбиелейді.

Міне, күні бүгінге дейін тәрбиелік мәнін жоймаған осындай ырымдар баланы ізгілікке, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеудегі тиімді құралдардың бірі болып саналады. Бәрі де табиғат- анадан арна тартады! [12. 52]

2.3. Тәжірибелік жұмыс

Тақырыбы: Ақсу – Жабағлы қорығы

Мақсаты: Балалардың туған табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, оның әсемдігін терең сезінуге, әсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға тәрбелеу.

Сондай-ақ балабақшада табиғат жөнінде қарапайым білім берудің негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама түсініктерді қалыптастыру.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Әр түрлі жабайы жануарлар (қуыршақтар), шыршалар, құстар,гүлдер, атрибуттар, табиғи материалдар, пластелиндер, тақтайшалар, сүрткіштер, әр түрлі бояулар, ақ кағаздар, қылқаламдар, сахналауға Бүлдірген және Қоян бала.

Әдістемелік тәсілдер: хабарлама, информациалық, көрсету, айтқызу, үйрету, сұрак-жауап, ойын пайдаланылады.

Сабақ балалардың: Ән әуенімен топка кіріп, қонақтармен сәлемдесуінен басталады.

Тәрбиеші: - Балалар, біздің еліміз қалай аталатынын білесіңдер ме? - Егеменді Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші: - Кім Қазақстан туралы тақпақ айтады?

1-бала:

Қазақстан - жеңісті ала гүлдер,

Қазақстан жеңісті, тасқынды лала гүлдер.

Қазақстан әлемді елеңдетіп.

Байқоңырдан зулаған корабльдер.

2-бала: Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

Тәрбиеші: - Балалар, бүгін біз осы өзіміздің Төлеби ауданындағы Ақсу Жабағлы қорығына саяхатқа барамыз. Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

- Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: - Көктем мезгілінде неше ай бар?

- Үш ай. Наурыз, сәуір, мамыр айлары.

Тәрбиеші: - Көктем мезгілінде ауа-райы қандай?

- күн жылы, арықтарда су көбейеді, жаңбыр жиі жауады, шөптер, гүлдер шығады, ағаштар бүршік атады, құстар жылы жақтан ұшып келеді, аюлар ұйкыларынан оянады.