Тәрбиеші: - Дұрыс. Ал көктем туралы кім тақпақ айтады?
1-бала: Қар еріді күн шықты,
Күндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті,
Түкті кілем секілді.
Тәрбиеші: - Балалар, тағы бір айтып кететін жай, қорыққа бару үшін біраз нәрселерді еске түсірейік.
1-бала: Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "Әулие бұлақ", "Әулие ағаш" деп атап, оларды көздің карашығындай қорғап отырған.
2-бала: Ал, қарлығаш, аққу сияқты құстарды қасиетті санап, жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұғып, ұясын бұздырмай, қорғаған, ал балапандарын алуға не өздерін өлтіруге мүлде рұксат етпеген.
Тәрбиеші: - Дұрыс-ақ екен. Осы табиғатты өлі және тірі табиғатты кім атап береді екен?
1-бала: Тірі табиғат: Адам, жануарлар, жәндіктер, микробтар, құстар.
2-бала: Өлі табиғат: Күн, ауа, су, тас.
Тәрбиеші: - Табиғат туралы кім тақпақ айтып береді?
Сахналау қойылымы керсетіледі. Құстарды атқалы бүлдірген жүгіріп жүреді.
Бала: - Тоқта, Бүлдірген, құстарды атпа. Сенің мұның жарамайды. Құстарды атуға болмайды, жануарларды өлтіруге болмайды. Гүлді үзуге, ағаштарды сындыруға болмайды. Оны сен неге білмейсің?
Бүлдірген: -Кешіріңдер, балалар, енді мен құстарды атпаймын, балапандарды өлтірмеймін.
Тәрбиеші: -Жарайды, Бүлдірген, ендігі бұл әдетіңнен тиыл, сен біздің балалармен бірге саяхатымызды жалғастыр.
Бүлдірген: -Жақсы. Мен де балалардан жақсы әдеттерді үйренейін.
Тәрбиеші: - Балалар, бәрін еске түсірдік. Енді көктем туралы ән айтайық. Балалар "Көктем" әнін орындайды. "Кім күшті" ертегісін сахналау.
Тәрбиеші: - Балалар, қараңдаршы, мына жақта орындықтар, үстелдер тұр. Кәнеки, көрелік. Бұл аңдар мектебі екен. Қараңдар табиғи материалдар да бар көрінеді. Содан біз қазір осы табиғи материалдардан орманнан қандай жануарлар, құстар көрдік, солардың мүсіндерін жасайық. Балалар ән ырғағымен жұмыс жасайды. Мақал-мәтелдер айтылады.
Табиғат - төл анамыз,
Тынысымыз - ауамыз.
Сахналау қойылымы көрсетіледі. Қоян бала жылап жүгіріп келеді.
Қоян: - Балалар, мен жолдан адасып қалдым. Көмектесіңдерші.
Тәрбиеші: - Тоқта, Қоян бала, сенің атаң мен әжең қайда тұрушы еді?
Қоян: - Жайлауда. Бірақ мен жолды ұмытып қалыппын.
Тәрбиеші: - Ешнәрсе етпес, біздің балалар саған шамалап сурет салып берер, сол кезде есіңе түсер.
Балалар жабылып сурет салады.
Қоян: - Рахмет, балалар. Көп-көп рахмет.
Мен сендерге ризамын.
"Сиқырлы қорап" ойыны ойналады.
Балалардың бәрі косылып, "Жайлауда" әнін орындап, ата мен әженің аулына қоянмен қосылып жүріп кетеді.
Қорытынды
Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі - «Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.
Табиғат - баланың ақыл-ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді өз ойын жеткізе білу өнерін бірге дамытады.
Табиғатты танып, білу - мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым-қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Тегінде бала сұлулықты форма мен мазмұнның бірлігі ретінде қабылдайды. Эстетикалық қабылдау сезім мен тебіренумен тығыз байланысты. Әсемдікке қызығудан туатын қуаныш, жайдары жан толғанысы эстетикалық сезімнің ерекшелігі болып табылады.
Тәрбиеші баланың сұлулықты қабылдауынан бастап, оған эмоциялық жауап қату, оны түсіну, эстетикалық ұғым, эстетикалық пікір, эстетикалық баға беру қасиетін қалыптастыруға дейін жетелеп отыруы тиіс.
5-6 жастағы балалар табиғат және ондағы көптеген заттар, құбылыстар жайлы мағлүматтардан хабардар болады. Жыл мезгілдеріне сәйкес /күз, қыс, көктем, жаз/ күзде жапырақтар сарғаятыны, құстардың жылы жаққа ұшатыны, тұманды, жаңбырлы күндердің көп болатыны т.б. бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды. «Күз» дегенде «жапырақтар сарғайып түседі» — деген ойдың пайда болуы оларды күнделікті өмірмен тығыз байланыстырады. Себебі, күзде баланың таза ауада жапырақтармен ойнайтын кезі аз емес.
Эстетикалық тәрбиенің мәнісі тек баланың әсемдік атаулыны көре білуге үйретуде ғана емес, сонымен бірге әрекет жасауға ынталандыру, әсемдік атаулыны жасауға белсенді түрде қатыстыруда екен. Балалардың зейінін табиғатта жұмыс істейтін адамның еңбегіне аударып, олардың әсем де епті қимылдарын біріге отырып бақылауы шарт, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбекті сүюге, еңбек адамын құрметтеуге, табиғат әдемілігін аялауға үйретеді. Сондай-ақ табиғат, жыл мезгілдерінің ауысуы, орман- тау, ауа- райының құбылмалылығы, адамның күнделікті еңбек әрекеті мұның бәрі бала түйсігінде із қалдырмай қоймайды.
Балаларға табиғаттағы әдемілікті сезініп, көре білуге баули отырып, табиғатты бақылатады. Бүкіл дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына зор үлес қосқан ұлы бабамыз Әл-Фараби өзінің педагогикалық мұрасында жас ұрпақтың эстетикалық ұғымын, сезімін қалыптастыруда үш нәрсені негізге алады:
1.Баланың ішкі ынта- ықыласы, құмарлығы, табиғи қабілеті.
2.Ұстаз- тәрбиешінің шеберлігі, ар тазалығы, шәкірт алдындағы адал жауапкершілігі.
3.Тәрбие үрдісінің алатын орны. Тәрбие жұмысында барлық уақытта асқақ мұрат, іскерлік, ұйымшылдық, құмарлык және әділетті бағалау қатар жүруі шарт делінген.
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жаңашырлыққа тәрбиелеу қазіргі тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Қорыта келе айтарымыз, бала тәрбиесімен, оған жүйелі білім беру мәселесімен шұғылданған қандай да ғалымдар болмасын табиғатты назарынан тыс қалдырған емес. Себебі дүниеде, айнала қоршаған ортада адам танып-білетін, зерттейтін, оны күтіп-баптап, қорғайтын жұмбақ сыры мол әлем — тек табиғат!
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Керімбаева Р.
Табиғат. Бала. Тәрбие.\ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 50 – 52б.
2. Қалықбаева З.
Табиғат – тал бесігің. \ Отбасы және балалақша. – 1995. № 6. 30б.
3. WWW. Google. kz
4. Қоқанбаева Р. И.
Экологиялық тәрбие беру. \ Отбасы және балабақша. – 2006. № 5. 20 – 22б.
5. Ыдырысова Ж.
Табиғатқа ынтызарлық сезімді ояту. \ Отбасы және балабақша. – 1997. № 4 - 6. 70 – 71б.
6. Қонақбаева Р. Д.
Балаларды эстетикалық тәрбиеге баулу. \ Отбасы және балабақша. – 2008. № 2. 29 – 30б.
7. Қамақов Ә.
Жеткіншектердің көркемдік талғамын қалыптастыру. \ Отбасы және балабақша. – 1997. № 1 – 3. 53 – 54б.
8. Жұмабекова Ф. И.
Көркемдік тәрбиені ұйымдастыру ерекшеліктері. \ Бақшадағы көркемдік тәрбие.
9. Құдашева Д. Т.
Баланың жан – дүниесін әсемдікке баулу. \ Отбасы және балабақша. – 2007. № 3. 15 – 16б.
10. Манкеш А. Е.
Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту. \ Білім беру және менеджмент. – 2007. № 2. 117 – 119б.
11. Хамитқызы Ғ.
Балабақшадағы экокологиялық тәрбие жұмысы.\ Отбасы және балабақша. – 1996. № 3 – 4. 34 – 37б.
12. Ерженбайқызы А.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие арналары. \ Отбасы және балабақша. – 1996. № 11 – 12. 52 – 57б.
13. Шалғынбаева Қ.
Экологиялық тәрбие. \ Отбасы және балабақша. – 2001. № 12. 55 – 58б.
14. Құлшанова С.
Табиғатты қорғау. \ Отбасы және балабақша. – 1993. № 6. 6 – 8б.
15. Көбеева Н.
Бала және табиғат. \ Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5. 6 – 7б.