Жоспар
Кіріспе......................................................................................................................2
I – Бөлім
1.1. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы.11
1.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру....................................................17
II – Бөлім
2.1. Мектеп жасына дейінгі балаға эстетикалық тәрбие беру арқылы жан дүниесін дамыту....................................................................................................27
2.2. Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру жұмыстары арқылы эстетикалық сезімдерін қалыптастыру жолдары.................................31
2.3. Тәжірибелік жұмыс........................................................................................40
Қорытынды..........................................................................................................42
Пайдаланған әдебиет..........................................................................................44
Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат – бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл – балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Жұмыстың мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың болжамы: Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады.
Жұмыстың объектісі: Мектеп жасына дейінгі мекеменің тәрбие үрдісі.
Жұмыстың міндеті: Жұмыстың теориялық негізі ретінде мектеп жасына дейінгі балалаға экологиялық тәрбие беру арқылы эстетикалық талғам негіздерін қалыптастыру.
Жұмыстың практикалық мәні: Осы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу тақырыбы болашақта менің тәрбиеші ретіндегі жұмысыма зор көмегі бар
Табиғаттың ғажайып құбылыстарымен таныстыру, олардың мән-мәнісін ұғындыру арқылы жас жеткіншектерді жан-жақты тәрбиелеуге, нақтырақ айтқанда баланың қабылдауын, зейінін, ойын, тілін дамытуға болады. Сонау ерте замандардан бермен қарай талай-талай ғұламалар, ойшыл педагогтар табиғатты тәрбие құралы деп қарағаны, осы тарапта қыруар енбектер қалдырғаны осының айғағы. Шығыстың екінші ұстазы атанған Әл - Фараби, Ш. Уалиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтың мұралары, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев еңбектері ересен қазына. Қазақстан атырабында тұңғыш балабақшалардың ашылуына атсалысқан Нәзипа Құлжанованың мақалалары мен талаптары да назар аударарлық. Арғы - бергі ұлы педагогтардың қай - қайсысы болмасын ақыл – ойдың, тілдің дамуындағы табиғаттың алатын орнын айрықша бағалаған. Солардың бәрі ұрпақ тәрбиесі дейтін ұлы мұратты жүзеге асыруда бізге жол сілтейді, демейді.
Ал егер республикада мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында ұғым беру мәселесін нақтылай сөз етсек, бізде бұл мәселе әлі де болса түбегейлі зерттеле қоймағанын, жете дәйектелмегенін мойындауымызға тура келеді.
Дегенмен...жекелеген ғалымдардың білім беру, тәрбиелеу мәселелеріне арналған еңбектерінде баланы дамыту жолдары, табиғаттың оқу - тәрбие үрдісіндегі орны мен қазақ халқының психологиясына ғана тән қасиет -табиғатты құдірет көзі деп қараған халық педагогикасының тарихына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жоқ емес. Айталық, қазіргі педагогика саласында мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш класс оқушыларына еліміздің ғажайып табиғаты арқылы тәлім - тәрбие беру мәселелерімен педагог тәлімгер Қазына Аймағамбетова нысаналы да пәрменді шұғылданып жүр. Ғалымның бастауыш сынып балаларына тірі табиғат жайында ұғым беру мәселесіне арналған ғылыми еңбегі осы тұрғыда зерттеу жұмысымен шұғылданушы ізденушілер, аспиранттар үшін сындарлы дүние. Өйткені бұл еңбек республика көлемінде бастауыш сынып балаларына табиғат жайында түсінік беру мақсатын діттеген, жергілікті табиғат ерекшелігіне сай ана тілінде жазылған тұңғыш зерттеу жұмысы. Сондай-ақ тәлімгердің алты жасар және төменгі класс балаларына арналған «Айналадағы дүниемен таныстыру», «Табиғаттануды оқыту және бала тәрбиесі» және басқа еңбектерінде сәбиді айналадағы дүниемен таныстыру, балаларға өзін қоршаған табиғат туралы алғашқы ғылыми ұғым беру мәселелері жүйелі қарастырылады. Әдіскердің ұсынысы табиғатпен таныстыруды бағдарлама талабына сай жоспарлап, оны ашық аспан аясында бақылау, сабақ, серуен, саяхат, табиғаттағы еңбек барысында жүзеге асыруды, түрлі әдіс - тәсілдерді, әсіресе көрнекіліктерге негіздей отырып жүргізуді ұсынады. Білікті ұстаз -ғалымның қай еңбегінде болмасын балаларды табиғатпен таныстыру үрдісінің негізгі әдісі ретінде объектіні тікелей бақылауға мән беріледі. Осы мақсатпен ғалымның педагогтарға нақтылы көмек көрсететін өте - маңызды сабақ, серуен, саяхат, ойын, еңбек жұмыстарының үлгі жоспарлары мен бағдарламалары негізінде, көп іздену қорытындысынан туған «Жылдың төрт мезгілі» (1981 ж.) диафильмі құнды құрал.
Алпысыншы жылдардан кейінгі кезде, балабақшаларда балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі құралдарының бірі «Жыл он екі ай» кітабы болды. «Жыл он екі ай» кітабы 1965 жылдан бермен қарай жарық көріп келе жатқан әдеби күнтізбек. Жинақтағы әңгіме, өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш «Қыс», көктем, жаз, қыс, күз атты бөлімдерге топтастырылған. Талай жылдардан бері жарық көріп келе жатқан бұл әдеби күнтізбекте өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында түсінік қазақ балаларының ақыл-ойын, тілін дамыту мақсатында сәби қызығарлықтай етіп, кестелі тілмен жазылған. Оның құндылығы соншалық, бүгінгі күнге дейін мектеп жасына дейінгі балалар мен төменгі сынып оқушыларының сүйсіне тыңдап, қызықтап оқитын кітабының бірі екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Республика көлемінде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту мәселелерімен шұғылданушы педагог - ғалым Бәшен Баймұратованың еңбектерінде табиғат тәрбие құралы ретінде орын алады.Тәлімгердің «балабақшадағы тәрбие бағдарламасына» сай қазақ балалар әдебиетінің озық туындылары «Біздің кітап» (1—11) деген атпен херстоматиялық құрал болып, біріншісі 1974 жылы, екіншісі 1976 жылы, кейін өңделіп 1984 жылы жарыққа шықты. «Біздің кітапқа» енген көркем шығармалардың көлемі шағын, тілі жеңіл, сәбидің түсінігіне лайық.
«Біздің кітапқа», «Күз», «Жаңбыр жауғанда», «Көктемгі түн», «Жазды күні» т. б. балалардың жыл мезгілі жайында алған білімдерін бекіту мақсатында қолдану тиімді, қазақ жазушыларының бір топ өлең - тақпақтары енген.
Сондай - ақ ғалымның «Балалар әдебиетінін хрестоматиясы» (1978 ж) атты еңбегі балалардың табиғат, қоғам құбылыстары жайындағы түсініктерін әрі карай кеңейтіп, тереңдетуді көздеген. Кітапқа халық ауыз әдебиеті нұсқалары, табиғат құбылыстары мен жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты ауа - райының өзгеруін шебер суреттеген, Абай өлеңдерінен бастап қазіргі авторларды да қамтыған бірқатар шығармалар берілген. Балабақша тәрбиешісіне арналған «Өзіміз оқып үйренеміз», «Суретті қазақ тілі» атты кітаптарында балаларға табиғат жайында түсінік беретін сабақ жоспарлары, ойын, жұмбақ-тақпақ, әңгіме үлгілері берілген.