Смекни!
smekni.com

К сіпорында аржылы (стр. 12 из 41)

Мысалы, № 1 цех өңдеуге шикізат кіріске алды 5000кг., оның 4375кг. өңдеуге №2 цех босатты, № 2 цех 4000кг. №3 цехқа босатты, дайын өнім 3750кг. шығарылды. Осы қозғалыстар барысында өндірісте ешқандай қоқыс және ақау шығындар болған жоқ (1кг. шикізат 1кг. дайын өнім шығарылды).

Сонда, 8000бөлімнің шоттарында болды:

Шикізат 5000кг. 375тг. 1 кг. болады 1875000тг.- өңдеу жұмыстардың шығындары - №1 цех бойынша - 98750тг.;

№ 2 цех бойынша - 64500тг.;

№ 3 цех бойынша - 97500тг.

Барлығы 260750тг., осыдан №2 цехқа босатылған

4375кг. х 375тг. = 1640625тг.;

өңдеу шығындары – 98750тг.

барлығы 1739375тг., сонда № 1 цехтың жасаған өнімінің өзіндік құны болады (1739375 : 4375) = 397,57тг., бухгалтерлік жазба болады

Д 8010 К 8020 1739375тг.

Енді № 2 цех бойынша, оның өзіндік құны 4000 х 397,57 = 1590280тг.

Және өңдеу шығындары 64500тг., барлығы болады 1654780тг.: 4000 = 413,70тг., бухгалтерлік жазба болады Д 8010 К 8020 1654780тг.

Енді шығарылған дайын өнімнің 3750кг. өзіндік құны болады

3750кг. х 413,70тг. = 1551375тг., өңдеу шығындары 97500тг., барлығы болады 1648875тг. бухгалтерлік жазба болады Д 8000 К 8010,8020 және дайын өнім Д 1320 К 8000,8010 1648875тг., сонда № 1цехта қалды қалдық (1973500 – 1739375) = 234125тг., өзіндік құн 625кг. 375теңгеден;

№2 цех бойынша қалдық қалады 149095тг. (1803875 – 1654780), 375кг. жартылай фабрикат 397,57теңгеден;

№ 3 цех бойынша 103408тг. (1750280 – 1648875), 250кг.жартылай фабрикат 413,70теңгеден.

5.6-кесте

№1 цехтың шығындары
Шикізат 5000кг. 375теңгеден = 1875000тг.Өңдеу бойынша шығындар 5000кг. 98750тг.Барлығы 1979500тг. Жартылай фабрикаттың өзіндік құны 4375кг. 1739375тг.
№2 цехтың шығындары
№ 1 цехтың жартылай фабрикаттары 4375кг. 397,57теңгеден = 1739375тг.Өңдеу бойынша шығындар №1 цехтың 4375кг. 64500тг.Барлығы 1803875тг. Жартылай фабрикаттың өзіндік құны 4000кг. 1679780тг.

5.6-кестенің жалғасы

№3 цехтың шығындары 1320 «Дайын өнім» шоты
№ 2 цехтың жартылай фабрикаттары 4000кг. 413,70теңгеден = 1654780тг.Өңдеу бойынша шығындар №2 цехтың 4000кг. 97500тг.Барлығы 1752280тг. 3750кг. дайын өнімнің өзіндік құны 1648875тг.

Әкімшілік шығындар есебі.

Әкімшілік шығындарға әкімшілік қызметтермен байланысты шығындар жатады: еңбекақы, іс сапар және өкілдік шығындар, кеңсе және пошта байланыс шығындары..

5.7-кесте

Шаруашылық операция мазмұны Д К
1 Әкімшілікке қатысты МЕА тозу есептелді 7210 2740
2 Әкімшілікке қатысты негізгі құралдарға тозу есептелді 7210 2420
3 әкімшілік қажетіне пайдаланған қорлар (материалдар) 7210

1310-

1350

4 Лабораториялық зерттеулерге және тексеруге пайдаланған жартылай фабрикаттармен дайын өнім 7210

1310,8010,

8020

5 Күмәнді талаптар бойынша қалыптасқан резерв 7210 1290
6 әкімшілк қызметкерлерге есептелген еңбеақы 7210 3350
7 әкімшілк қызметкерлердің еңбеақысына есептелген әлеуметтік салықпен төлемдер 7210

3150,

3230

8 әкімшілк қызметкерлердің іс сапар шығындары 7210 1250
9 Банк қызметтердің шығындары 7210 1040
10 Нормадан тыс табиғи жоюлар шығындары 7210

1310-

1350

11 әкімшілікке қатысты мүліктерге салықтардың есептелуі 7210

3160-

3180

12 Қайтарымсыз босатылған мүліктердің бұрын ескерілген ҚҚС-сы есептен шығарылды 7210 3130
13 әкімшілікке қатысты күзет шығындары 7210 3390
13а Табиғат апаты нәтижесінде қорлар есептен щығарылды 7510

1310-

1350

14 Жыл соңында 7210 шоттың жабылуы 5610 7210

Дайын өнімнің өткізу бойынша шығындар есебі

Дайын өнімнің өткізу бойынша шығындарға еңбекақы және оның салықтармен төлемдері, автоккөлік және өніммен тауарларды орап дайыдау шығындары, жарнама және рынокты зерттеу шығындары жатады. Дайын өнімнің өткізу бойынша шығындар есебі 7110 шотта жүргізіледі.

5.8-кесте

Шаруашылық операция мазмұны Д К
1 Дайын өнімнің өткізуге қатысты МЕА тозу есептелді 7110 2740
2 Дайын өнімнің өткізуге қатысты НҚ тозу есептелді 7110 2420
3 Дайын өнімнің өткізуге қатысты жұмысшыларға еңбекақы есептелді 7110 3350
4 Дайын өнімнің өткізуге қатысты жұмысшыларға демалыс күндердің ақысы (отпускной) есептелді 7110 3430
5 Дайын өнімнің өткізуге қатысты жұмысшылардың еңбекақысына салықтармен төлемдер есептелді 7110

3150,

3230

6 Дайын өнімнің өткізуге басқа заңда тұлғалар қатыстырылса

7110

3320-3340,3390

5.4Дайын өнімнің калькуляциясы және өндіріс шығындар есебінің әдістері.

Калькуляция дегеніміз шығарылған өнімнің, көрсетілген қызметтің бір бұйымға немесе біркелкі топтастырылған бұйымның өзіндік құны. Калькуляция көрсеткіштері кәсіпорында жасалған өндірістік шығындарды бақылау, рентабельді анықтауға, резерв қалыптастыруға және өзіндік құнды тиімді жасауға пайдаланылады. Калькуляция болжамды (жоспарлы, сметалы, жобалы, нормативті) және жалғасты болады. Жалғасты өнім шығарылып болғаннан кейін нақты жасалған шығындар бойынша есептеледі.Ал, жоспарлы әр бір бұйымға бекітілген нормалар бойынша алдын ала жасалады, бір тоқсанға немесе жылға. Сметалық калькуляция жекелген жұмыстарға тапсырыс бойынша жасалады. Келісім шарт негізінде келісім құн бойынша жасалатын болғандықтан тапсырысберушілермен келісіп –отырып жасалады. Жобалы калькуляция ғылыми-зерттеу институттармен болжамды есептемелермен бекітілген нормалар бойынша жасалады. Нормалар өзгерсе жобалы калькуляцияға да өзгерістер жасалу қажет. Жоспарлы, сметалық және нормативті калькуляциялар алдын-ала жасалады.

Калькуляция объектісі болып өндірістен шығарылатын өнім танылады (әр түрлі дайындық түрінде): - өндірістен шығарылған жалпы өнім;

- цехтар бойынша әр түрлі дайындық түріндегі бұйымдар;

- цехтар бойынша жартылай фабрикаттар;

- сыртқа өткізілетін (сатылатын) жартылай фабрикаттар;

- цехтардың шаруашылық нәтижесін анықтау үшін шығарылған өнімдер.

Калькуляцияны есептеу үшін әр түрлі өлшеуіштер қолданылады: -табиғи (натуралды) – дана (штук), тонна, кг., киловатт/час, метр, куб.метр, литр...;

-іріленген натуралды -100пар (аяқ киім), шойын тонна, гектолитр (сыра)..;

- жобалы-натуралды -100%-ды қышқылды спирт, 1000жоба банке...;

- құндылы -(тауар өнім шығыны теңгемен шығарылған немесе өткізілген бағаман);

- жұмыстай -еңбекті – 1норма –z, 1норма-смена.

Құрылыс өндірісте, жөндеу жұмыстар кәсіпорындарда, автокөлік қызметтер көрсету кәсіпорындарда жасалған жұмыстар тонно-км. тасымалдау, машино-смена және басқа түрлері қолданылады.

Калькуляциялауды жасау мерзіміне қарай алдын-ала және кейінгі түрлерде танылады.

Бухгалтерлік есепте шығындар есебінің бірнеше әдісі қолданылады: нормативті, тапсырыс беру, қайта бөлу, процесстік (жәй) әдістер және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау, дамыған мемлекеттерде «Директ-костинг» әдісі қолданылады.

Нормативті әдіс

Өндіріс шығындарын есепке алудың нормативтік әдісі мен өнімдердің өзіндік құнын есептеп шығарудың негізгі ерекшеліктері келесілерден тұрады:

а) өндіріс шығындарының есебі материалдар шығы­сы­ның техникалық жағынан негізделген нормаларға, жасалатын өнімдердің әрбір түрін өндірудің жеке технологиялық операциялары бойынша уақыттық және келісімді бағалар нормаларына негізделеді;

б) сол сәтте қолданылатын материалдар шығыстары нормалары, өнім шығару нормалары мен келісімді бағалар, өндіріс пен басқару қызметіне жұмсалатын шығыстар сметасы өндірістің қол жеткізген деңгейін көрсететін өнімдердің өзіндік құнын нормативтік есептеп шығаруды құрайды;

в) материалдар шығыстарының нормалары, өнім шығару нормалары және келісімді бағалар жүйелі түрде қайта қаралып отырады және есептеліп шығарылған қолданыстағы нормативтерге өзгерістер енгізіледі; сонымен бір мезгілде осылар арқылы аяқталмаған өндіріс қалдықтары қайта бағаланады. Сөйтіп, аяқталмаған өндіріс пен өндірістегі одан кейінгі шығындардың есебін жүргізуде нормалардың біртұтас деңгейіне қол жеткізіледі;