Кәсіпкерлік әрекеттерден және активтерді есептен шығарған пайда болған залал кейінгі 10 жыл ішінде ауыстырылып отырады салықайналымынан табыспен жабылғанға дейін (СК 137б.1п.).
2. 2007ж. қаржылық нәтижесі бойынша кәсіпкерлік ұйым 13 000 000тг. залал қорытындылады. 2008ж. қаржылық нәтижесі бойынша 11 500 000тг. табыспен қорытындылады. 2007ж. ЖЖТ салық төленбейді, үйткені табыс жоқ, 2008ж. өткен жылдың залалын ескергенде ЖЖТ салығы тағы төленбейді, ал 2009ж. 2100 000тг. табыспен қорытындыланады сонда (2100000тг. -1500000тг.) = 600000тг. осыдан 20% ЖЖТ салық төленеді.
3. Кәсіпкерлік ұйым ЖЖТ аванстық төлемдердің есептемесін тапсырды 3 500 000тг., есептік жыл соңында нақты ЖЖТ 3 750 000тг. құрады. Айырмашылық 250 000тг. артық 7,14% (250000т. /3500000тг.), бұл жерде 10% (салық кодекстің ставкасынан төмен 126баб.)сондықтан әкімшілік айыптар қолданылмайды.
Егерде нақты ЖЖТ 4 725 000тг., артықшылығы 1 225 000тг. немесе 35% (1225000/3500000), бұл жерде 70% әкімшілік айып төленеді (1225000 х70%) 857500тг.
Бақылау сұрақтары:
1. Салық түсінігі, түрлері.
2. Салықтың кәсіпкерлік ұйымға әсері.
3. ЖТС есептеуі.
4. ҚҚС есептеуі және бюджетке берешек анықталуы.
5. Әлеуметтік салық мәні.
6. Кәсіпкерлік ұйымның басқа салықтар әсері.
Жеткізушілермен мердігерлермен есептесу есебі.
Шаруашылық қызметті нәтижелі жүргізу үшін кәсіпкерлік ұйымдар басқа ұйымдардан қорларды, негізгі құралдарды сатып алады- бұл өзі сатыпалушы ролінде болады және өз өнімдерін, тауарларын сатады – бұл жерде өзі жеткізуші ролінде болады, осыдан кредиторлар мен дебиторлар деген ұғым туындайды. Кредиторлық берешек – бұл міндеттеме, бір кәсіпорыннан алынған қорлар үшін ұйымның алдында міндеттеме туындайды. Бұл өткен оқиғалар негізінде пайда болған берешек. Осы әрекеттердің бәрі келісім –шарт негізінде жүзеге асырылады. Келісім шарт жасалғаннан кейін сатыпалушы ұйымның қызметкері жеткізушіге сенімхат тапсырып аталған қорларын шот фактура бойынша алады. Өз ұйымына әкелгеннен кейін құжаттар негізінде қоймасына тапсырады. Қоймаға тапсырар алдында шот- фактура өз бухгалтериясының тіркелімінен өту тиіс. Қоймашы құжаттар негізінде түгендеп алғаннан кейін кіріс ордер толтырып кіріске есепке алады. Қоймашымен кіріске алынған қорларға номенклатуралық нөмір белгіленіп карточкаларға (ведомосттерге) жазылады. Осыдан әрі қозғалыстар жасалады.
Мiндеттеме ағымдық (қысқа мерзiмдi кредиторлық берешек. Ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетiн күннен 12 айдын. iшiнде өтеледi) және ұзақ мерзiмдi (төлеу мерзiмi бiр жылдан көп) болып жiктеледi.
Міндеттемелер болады: жеткізушілерге кредиторлық берешек, салықтар бойынша бюджетке берешек, банкке несие бойынша берешек, қызметкерлерге еңбекақы бойынша берешек, басқа кредиторларға берешек, жинақтаушы зейнетақы қорына берешек.
Жеткізушілер мен мердiгерлерге шикiзат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткiзіп берушiлер жатады, сондай-ак, әp түрлi қызмет түрлерiн көрсетушiлер(электр – қуатын, буды, суды, газды және т.б.босатушы) және әp қилы жұмыс орындаушылар (курделi жөндеу, жай жондеу және т.б.) жеткізушілер мен мердiгерлер болып саналады.
Жеткізушілер және мердiгерлермен есеп айырысу - не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейiн немесе қызмет көрсеткеннен кейiн, не олардың кәсiпорынмен келiсуi арқылы бiр мезгiлде немесе олардың тапсырмасы бойынша, не алдын ала төлеуi бойынша жүзеге асырылады. Кәсiпорынньщ келiсiмiнсiз жасалған қызметтер үшін газды, суды, жылуды, электр энергиясын ссептеу шотының көрсеткiштерi негiзiнде және т.б. есептен шығару арқылы олардың босатылуы ушiн есеп айырысу құжатымен төленедi. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртiбiмен жүзеге асырылады.
Жеткізушілермен есеп айырысу есебi әрбiр шот- фактура бойынша жәнеәрбiр жеке жеткізушілер бойынша жүргiзiледi. Есеп айырысу қужатын алу барысында олар жеткізушілермен есеп айырысу кiтапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есеп айырысу құжаттарымен бiрге қаражаттың, қайта есептелуi үшiн банкке бередi.
Төлем тапсырмасымен банк мекемелерi арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшiн қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргiзiледi. Сондай-ак. салықтық шот- фактураның нөмipi мен күніне, тауар-көлiк жүкқұжатына және тауар босатуды немесе қызмет көрсетудi растайтын басқа құжаттарға, сонымен бiрге тауарлық емес операция бойыншa тапсырмаларына сiлтемесiмен қызметтердiң есеп айырысуы жүргiзiледi. Төлем тапсырмасы - бұл қызмет етушi кәсіпорынның банкке арнайы бланкте ресiмдеу арқылы өз шотынан белгiлi бiр соманы басқа кәсiпорын шотына аудару туралы нұсқay. Қаражатты 3 немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бiр банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады. Жеткізушілермен есебі № 6 журнал-ордерде жүргізіледі. Пайда болуы шот-фактурамен расталады, келісім шарт негізінде. Бухгалтерлік есеп шоттардың үлгілік жоспарында 3310 шоттың К-де жазылады. Мысалы: жеткізушіден тауарлар кірістелді Д 1330 К 3310, осымен қоса ҚҚС алынды Д1420 К 3310, жеткізушінің шоты банктік шоттан төленді Д3310 К1030 немесе «Қарағанды Жылу» ЖШС-тен төлеуге шот қабылданды 340600тг. төлем банктік шоттан жасалды, бұл жерде қабылданды Д 7210 К3310 -340600тг. Д1420 К 3310 40872тг., банктік шоттан төленді Д3310 К1030 – 381472тг., осы қозғалыстардың бәрі №6 журнал-ордерден көрініс табады.
8 Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық формасы
8.1 Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылығы мен олқылығы.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры – Йозеф Алоиз Шумпетер (1883-1950ж) мән берді. Оның айтқан мынадай сөзі бар еді: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенің істемеу». Екінші жағынан кәсіпкерлер – алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832ж) былай деген: «Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам».
Экономикалық ғылымда «кәсіпкерлік қабілеттілік» деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз – адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельділікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабіліттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік – бұл да адмның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестігі жайлы» және «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» Жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
- жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
-толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
- жауапкершілігі шектелген, салынған салым құны шеңберінің
жауапкершілігі жүктеледі;
- коммандитті, аралас жауапкершілік (біреудің толық мүлкімен және біреудің салынған салымымен);
- қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойнына алынады;
- өндіріс және тұтыну кооперативтері;
- консорциумдар;
- акционерлік қоғамдар.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар. Біріншісі, шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Шын мәнінде, мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады: таза мемлекеттік – толық шаруашылық есеп, қазыналық – толық емес шаруашылық есеп.
Кәсіпорын (фирма) кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымдарын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір-бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ол барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.