Кәсіпорын басшылар әр пайдаланушыға өз қажеттілігіне қарай қаржылық есеп бойынша ақпарат жинақтап береді.
Қаржылық есептің нысаны болып коммерциялық кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы, оның нәтижесі жөнінде және қаржылық жағдайдың өзгерістері туралы ақпаратау, ол пайдалунышылармен басшыларға дұрыс экономикалық шешімдер жасау үшін қажет. Бұл мәліметтер өткен кезеңдікі болғандықтан алдағы кезеңде болжам жасауға ғана пайдаланылады. Әр пайдаланушы өзі салған ресурстардан алып шыққан нәтижені талдай отырып шешім қабылдай алады, мүнда басты мақсат активтердің өтімділігі – тез арада ақша қаражатына және оның баламаларына айналдыру.
Экономикалық ресурстар = капитал
Капитал – меншікті және қатысты (кредиторлық берешек) болып бөлінеді.
Экономикалық ресурстар – кәсіпорынның активтері, ал қатысты капитал (кредиторлық берешектер) – кәсіпорынның міндеттемелері.
Активтер = Міндеттемелер + Меншікті капитал
Бұл теңестіру – баланстық теңестіру болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруі №1 «Қаржылық есеп беру» ХҚЕС сәйкес жасалады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпарат - баланстан алынады.
Активтер Міндеттемелердің Меншікті капиталдың
Соңғы қалдығы = Соңғы қалдығы + соңғы қалдығы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы нәтижені – кіріспен шығыс туралы есепте көрсетіледі.
Таза табыс = Табыс - Шығын
Кәсіпорынның қапитал жағдайы туралы өзгерістерді – меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есептен алынады.
Соңғы Бастапқы Салынған
Меншікті = Меншікті + Таза +, - (алынған) - Хабарланған
Капитал капитал табыс капитал дивидендтер
Кәсіпорынның ақша жағдайы туралы өзгерістерді – ақша қөзғалысы туралы есепте көрсетіледі.
Бөлінбеген табыс туралы есеп кәсіпорынның өзі үшін жасалады.
Бөлінбеген Бөлінбеген Таза Хабарланған
табыс = табыс + табыс - дивидендтер
соңғы қалдық бастапқы қалдық
Бұл есептердің бәрі бірбірімен өте тығыз байланыста, әр бірі жеке формаларда көрсетіледі. Осы есептердің бәріне соңында түсініктеме хат қосымша түрде жазылады. Түсініктеме хатта жазба түрде өзгерістерге анықтама беріледі.
Қаржылық есеп жасау барысында бухгалтерлік есептін принциптеріне негізделеді:
- есептеу, дұрыстық, түсініктілік, маңыздылық, салыстырмалық, уақтылық, сақтық, ұздіксіз, тиянақтылық, сабақтастық, сенімділік, бейтараптық.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының элементтері: актитер, міндеттемелер, меншікті капитал. Ал, қаржылық есеп туралы нәтиженің элементтері:кіріс пен шығыс, табыс пен залал.
Кіріс – активтердің көбеюнен немесе міндеттемелердің азаюынан түсетін экономикалық пайда (сату арқылы), кәсіпорынға табыс әкелу барысында –сату (өткізу), қызмет көрсету, %, дивидендтер немесе лицензиялық төлемдер, жал төлемдер болуы мүмкін, құрылтайшылардың салымдары есептелмейді. Басқа табыстар – ол, мысалы -негізгі құралдар қайта бағаланды (көбейсе), бұл жерде кірістер осындай жағдайдың шығыстарын шегертіліп көрсетіледі;
- бағам айырмашылық.
Шығыстар – активтердің шығу барысында міндеттемелердің көбеюі нәтижесінде капиталдың азаюы (құрылтайшылар арасындағы үлестіру қатысысыз), өткізілген өнімнің өзіндік құны, еңбекақы, амортизация және басқад шығыстар – бағам айырмашылық банк шағындарымен.
Табыс – құрылтайшылардың салымдарынан тыс негізгі және негізгі емес қызметтің нәтижесінде (шаруашылық нәтижеде) меншікті капиталдың көбеюі.
Залал (шығын) - құрылтайшылардың салымдарынан тыс негізгі қызметтің нәтижесінде жарғылық капиталдың (активтердің) азаюы.
Қаржылық есептің элементерін мойындау – шаруашылық процестердің нәтижелерін баланспен қаржылық есепте көрсету.
Кәсіпорынның қаржалақ жағдайын бағалайтын, ол активтер кәсіпорынның өткен кезеңде пайда түсіру мақсаттан түскен табыс.
Міндеттеме – ол, өткен жағдайлардан пайда болған кәсіпорынның кәзіргі төлем міндеттемесі.
Капитал – жоғарыда айтып кеткендей міндеттемелерді шегерткеннен кейінгі қалған активтер.
Мысал, кәсіпорынның активтері 100мың доллар, міндеттемелері 85мың доллар, сонда меншікті капитал болады 15мың доллар (100 – 85).
Активтерден экономикалық пайда олардың (тікелей немесе жанама) қатысуымен ақша қаражатына айналумен түседі. Мысалы, активтер өндіріске қатысты болады немесе өзіндік құнды кеміту барысында ақша қаражатына айналады және активтін меншігіне қарамастай кәсіпорынға пайда түсіру қабілеті бар (жал), мысалы жалға алынған негізгі құралдар немесе материалдық емес активтер зертеу жұмыстардың жұргізу барысында жаңалықтыр «Ноу- Хау» еңгізісе кәсіпорынның құпиясын сақтай отырып кәсіпорынға пайда түсіре алады.Сонымен активтер кәсіпорында өткен жағдайлардың нәтижесінен қалыптасады және мемлекеттік субсидиясынан пайда болуы мүмкін. Кейбір шашылып қалған жергіліктерді аяққа түрғызу мақсатта (жұмыс орындар табу) мемлекет өзі қаржыландаруы мүмкін немесе арзан бағаға негізгі құралдармен инвесторларды тартуы мүмкін.
Ал, міндеттемелер алынған активтер үшін берешектер өткен жағдайлардан туындаған, олар – ақшамен, айырбас жолымен (басқа активке), қызмет жасау жолымен, басқа міндеттемеге ауыстыру немесе капиталға ауыстырумен өтеледі. Кейінгі кезде резерв қалыптастыру жиі қолданылады.
Капитал – кәсіпорында ол, құрылтайшылардың салымы, бөлінбеген табыс, резервтік капитал.Кәсіпорынның капиталына құқылы тұлғалар дивидендтер алып отыруға немесе капиталды қайтарып алуға құқылы. Капиталды сақтандару жолы ол резерв қалыптастырып отыру. Салықтық ставкалардың төмендегеннен немесе нормативті әдістерден (жылдық пайдасынан %) қалыптасады.
Қаржылық есепке түсініктеме хат.
Кәсіпорын қаржылық есептің түсініктеме хаттында көрсетеді:
- таңдалған есеп саясаты мен қаржылық есепке дайындаған ақпаратты;
- қаржылық есепте көрсетілмеген, бірақ ҰҚЕС –ғы талаптардың ашылымдары;
- қаржылық есепте көрсетілмеген, бірақ есепке дәлел ретінде қажетті қосымша ақпарат.
Кәсіпорын қаржылық есептің түсініктеме хатты жүйеленіп келесі тәртіппен жасалады:
1. ҰҚЕС сәйкес өтініш;
2. Есеп саясаты жөнінде ақпарат;
3. Қаржылық есеп беру формаларыныдағы бабтарына жалғасты талдау және анықтамалар;
4. Басқада (қаржылық емес) қосымша ақпараттар.
Түсініктеме хатты бас бухгалтер жазады.
Есеп саясатты көрсету
Кәсіпорын өз кәсіби шаруасына қарай ҰҚЕС сәйкес есеп саясатын таңдап қолдану тиіс.Есеп саясатта көрсетіледі:
- бухгалтерлік есепті жүргізу барысында негізделген заңнамалы-нормативті құжаттар;
- кәсіпорын меншік түрі және ұйымдастырушы-құқықтық түрі;
- қызмет түрі немесе саласы;
- салық салу жұйесімен қатысы;
- активтермен міндеттемелерді түгендеу тәртібі, бағалау әдістері.
Қаржылық есептілікте толық ақпарат беріліп талдау жасалып шешімдер қабылданады, сондықтан есеп саясатта көрсетіледі:
(а) кәсіпорынның қаржылық жағдайының нәтижесі толық, түсінікті болу;
б) жағдайлар мен операциялардың тек заңды формасын емес экономикалық мәнін көрсету;
(в) бейтарапты;
(г) жан-жақты;
(д) барлық жағынан толық.
Есеп саясат – ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы, нақты негіздермен принциптер, кәсіпорын қаржылық есеп беру барысында қабылдаған ережелер, қағидалар, тәжірибелер және жағдайлар. Қаржылық есептілігі пайдаланушыларға түсінікті және толық болу тиіс. Есеп саясатта негізгі құралдар мен қорлардың бағалану, қайта бағалану негіздері көрсетілу тиіс.
Бухгалтерлік баланс және оны тапсыру мерзімі.
Қаржылық есептілік ҚР-сында ұлттық валютада жасалады.
Қаржылық есептіліктің құрылымы және беру мерзімдері.
10.1-кесте
Есептілік формалардың аталуы | Есептілік құрудың жиілігі |
Бухгалтерлік баланс | Ай сайын |
Кіріс және шығыс туралы есеп | Ай сайын |
Ақша қаражат қозғалысының есебі | Тоқсан сайын |
Меншікті капитал өзгерістері туралы есеп | Тоқсан сайын |
Түсініктеме хат | Жылдық есепке |
Қаржылық есеп беру кезеңі есепті жылдың 1 қантарынан 31 желтоқсанға дейін. Бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді және активтер, міндеттемелер және меншікті капитал жәйларының (элементтерінің) ақпаратын береді. Баланстық әдіс мәліметтерді бірдей қорытындылармен екі жақты кесте түрінде көрсететін тәсіл ретінде жоспарланады. Баланс екі бөліктен тұрады: актив (сол жағы) және пассивтен (оң жағы). Сонымен, бухгалтерлік баланс белгілі мерзімге шаруашылық құралдармен олардың пайда болу көздерін ақшалай түрде топтастыруы.