Бюджет процесi- мемлекетттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық денгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылу туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметi.
Мемлекеттiк бюджет - республикалық және жергiлдiктi бюджеттердiң бiрiн-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбайтын жиынтығы.
Мемлекеттiк кепiлдiктер - ҚР Үкiметiнiң қарыз алушы өзiнiң алынатын соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие берушi алдындағы берешектi iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi мiндеттемесi.
Мемлекеттiк шотты - мемлекеттiң барлық денгейдегi бюджеттерiдiң және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртiбi.
Бюджет тапшылығы- үкiметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда , шығыстар көлемiнiң және бюджеттен қайтарымды негiзгi бөлiнген несиелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi.
Республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тапшылық мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiедi.
Бюджет кiрiстерi- салық және салықтық емес түсiмдермен алымдардың сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде келiп түсетiн капиталмен жасалатын операциялардан жасалатын кiрiстердiң көлемi.
Мемлекеттiк бiрiктiрiлген қаржы балансы-дербес жұмыс iстейтiн республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң (соның iшiнде арнаулы экономикалық аймақтар бюджеттерiн қоса алғанда), бюджеттен тыс қорлардың бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алынбайтын ақша қаражатының жиынтығы.
Жергiлiктi бюджеттер - облыстық, қалалық ( республкалық және облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандардың бюджеттерi және арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерi.
Ресми трансферттер - бюджетке тегiн және қайтарылмайтын болып түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар.
Бюджет профицитi- бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми трансферттер түсiмдерi жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемiнен және қайтарымды негiзде бөлiнетiн несиелерден асып түсуi. Республикалық бюджет профицитiнiң мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен есептелiнедi.
Бюджет шығыстары- бекiтiлген бюджет шегiнде бюджеттен қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн қаражат.
Резервтiк қор- бiржолғы сипаттағы тосым шығындарды қаржыландыру үшiн бюджет қаражаты есебiнен құралатын қор, соның iшiнде республикалық бюджеттегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арнап орталықтандырылған қаражат.
Ерекшелiк- бюджет қаражатын жұмсаудың экономикалық сипаттамасын айқындайтын көрсеткiш.
Субденциялар- нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн төменгi бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерден бекiтiлген сомалар шегiнде алатын ресми трансферттерi.
Субсидиялар - бюджеттен нысаналы шығыстарды (бағдарламаларды) қаржыландыру үшiн ұйымдарға бекiтiлген сомалар шегiнде бөлiнетiн трансферттiк төлемдер.
Есептi кезең- жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде өткен қаржы жылында бекiтiлген қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бюджеттiк шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Есептi кезеңнiң ұзақтығын ҚР Қаржы министрлiгi бегiлейдi.
Қаржы жылы -күнтiзбелiк жылдың бiрiншi 1 қаңтарында басталып, 31 жетоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттiк есепке алу кезеңi. Қаржы жылына есептi кезең енбейдi.
Функционалдық топ- жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатымен бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы.
Нысаналы қорлар- бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiне енгiзiлетiн және арнайы белгiленген кiрiстер көздерiнiң есебiнен қалыптастырылатын қорлар, олар нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.
Таза несие беру-берiлген және өтелген несиелердiң жалпы сомасы арасындағы айырма.
ҚР жинақтап алғанда мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет жергiлiктi бюджеттер (арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерiн қоса алғанда) және бюджеттен тыс қорлар дербес жұмыс iстейдi.
Барлық денгейдегi бюджеттi қалыптастыру, бекiту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
ҚР бюджеттiң құрылысы- республиканың бюджет жүйесiне кiретiн барлық бюжеттердiң бiрлiгi толықтығы,нақтылығы, жариялығы және дербестiгi принциптерiне негiзделедi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi бiрынғай құқықтық негiз, бiрынғай бюджеттiк жiктеудi пайдалану, бюджеттiң бiр денгейiнен екiншiсiне берiлiп отыратын мемелекеттiк қаржы статистикасының бiрлiгi, бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң бiрлiгi арқылы қамтамасыз етiледi. Ол барлық денгейдегi бюжеттердiң кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы бюджеттiк қорлар құру. Оларға iшiнара қайта бөлу арқылы өзара iс-қимыл жасауына негiзделген.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде ²Мемлекеттiк бюджет² айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
ҚР әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iс-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Бюджеттiң құрылуы мемлекеттiң жалпы қызмет етуiнде маңызды фактор. Сондықтан бюджеттiң түсiмiндегi салықтардың маңыздылығын ашу дипломдық жұмысымның тақырыбын маңыздылауға негiз болып отыр.Қазақстан Республикасының бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да төлемдерден құралады:
Салықтар:
-корпорациялық табыс салығы;
-жеке табыс салығы;
-қосылған құн салығы;
-акциздер;
-жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi;
-әлеуметтiк салық;
-жер салығы;
-көлiк құралдары салығы;
-мүлiк салығы.
Алымдар:
-заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
-автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
-аукциондардан алынатын алым;
-елтаңбалық алым;
-жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
-телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спекторiн -пайдалануға рұқсат беру үшiн алым.
Төлемақылар:
-жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-қоршаған ортаны ластағаны үшiн төлемақы;
-жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-орманды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-радиожиiлiк спекторiн пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы;
-сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшiн төлемақы.
Мемлекеттiк баж:
-мемлекеттiк баж
Кеден төлемдерi:
-кеден бажы;
-кеден алымдары;
-төлемақы;
-алымдар.
1.2Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi
Салықтар дегенiмiз – мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгiлi бiр мөлшерде түсетiн мiндеттi төлемдер. Салықтар-шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекет пен екi арадағы мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылады, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәнi мынада: салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлдi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң құрылуымен бiрге пайда болады және мемлекеттiң өмiр сүрiп, дамуының негiзi болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi қашан да болса оның салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады.“Салық саяси басқару мен экономикалық бақылаудың негiзгi құралы болып табылады,”- дейдi Мишин Г.К. (5). Әрбiр мемлекетке өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшiн белгiлi бiр мөлшерде қаржы көздерi қажет. Салықтар- мемлекеттiң түрақты қаржы көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, түрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады.