Смекни!
smekni.com

аза стан Республикасыны бюджет ж йесін жетілдіру жолдары (стр. 5 из 9)

Салықтар қоғамдық өнiмнiң бiр бөлiгiн мiндеттi төлемдер ретiнде мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс жағының негiзгi қайнар көзi ретiнде құрылуы ертеден келе жатқан дәстүрдiң бiрi. Және бұл дәстүр нарық экономикасы жағдайында, нарықтық емес экономика жағдайында да әрекет етедi. Сондықтан, салықтар мен салық салу адамзат цивилизациясының айырмас бiр бөлiгi ретiнде қарауға болады.

Дүниежүзiлiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, бүкiл өркениеттi мемлекеттердегi салықтық реттеу несие - қаржылық реттеумен бiрiгiп әрекет еткенде ғана нарықтық экономиканы жүргiзудiң аса тиiмдi формасы болып табылады. Ол нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсерiн тигiзiп, мемлекеттiк экономикаға тигiзетiн әсерiн реттеп отырады. Сондай-ақ, салықтар қоғамның экономикасын түрақтандыруын және әлеуметтiк теңдiктi қамтамасыз ететiн маңызды элементтерi болып келедi. Қазiргi кездегi жағдайларға салықтардың мәнi мен ролi мемлекеттiк органдарды қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету шекарасынан шығып отыр.

Ендi, салықтар ұлттық табысты мемлекеттендiрудiң маңызы құрамы бола бастады. Олар макроэкономикалық реттеуге белсендi араласа отырып, iшкi ұлттық табыстың жалпы көлемiнде, салықтық төлемдердiң салыстырмалы мөлшерiнiң өсуiн қамтамасыз етiп отырады.

Салықтар экономикалық белсендiлiктi реттей отырып, өндiрiстiк процестерiне де қатты әсер етедi. Бұл әсер жан-жақты болып табылады. Салынатын салықтар мен әрекет ете отырып, мемлекет капиталының қорлануына ықпал етедi. Сондай–ақ, салықтық реттеу шаралары, әр түрлi салалардың бәсекелесу мүмкiндiктерiн кеңiнен ынталандыра отырып, капиталдың қорлануына тиiмдi жағдайлар жасап, кәсiпорындардың iс-әрекеттерiнiң әлеуметтiк қажеттiлiктерiне қанағаттандыруға ықпалын тигiзедi. Бюджет жүйесiн реформалау қажеттiлiгi Қазақстанның эволюциялық дамуының сапалық жаңа деңгейге жетуiнiң көрiнiсi. Республикалық халықаралық аренаға шығу үшiн қазiргi кезеңде, ең алдымен заңдылық базасын тиiстi әлемдiк үлгiлерге келтiрудi талап етедi. Мемлекеттiң орталықтандырылған ақшалай қаражатының қорын жасау және пайдаланумен бапйланысты бюджеттiң қызметi айрықша экономикалық формалар – бюджеттiң кiрiстер мен шығыстары арқылы атқарылады. Осы екi категорияда объективтi және бюджет секiлдi өздерiнiң арнайы қоғамдық мiндеттерi бар. Кiрiстер мемлекеттi қажеттi қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды тиiсiнше жалпы мемлекеттiк қажеттерге бөледi (9).

Бүгiнгi таңда бюджет жүйесi республикалық және жергiлiктi бюджеттерден түрады. Республикалық бюджет негiзiнен жалпы мемлекеттiк салықтар есебiнен қалыптастырылатын және ҚР Үкiметi өзiне Конституциямен, заңдармен ҚР Президентiнiң актiлерiмен жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн белгiлейтiн жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған орталықандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады. Жергiлiктi бюджеттер бюджет жүйесiнiң дербес буыны ретiнде өз қызметiн жүзеге асырады. Дербес бюджет - аумақтық басқарушы органдар өздерiне Заң жүiзнде бекiтiлiп берiлген кiрiстер базасы негiзiнде бюджеттiң көлемiн, кiрiспен шығыстың мөлшерiн баптарға сәйкес анықтап, олардың құрылымын белгiлейдi. Олардың орындалуы Республика заңдарына сәйкес атқарылады.

Республикамыздағы жергiлiктi бюджеттер облыстық, қалалық бюджеттер аудандық бюджеттер және арнайы экономикалық аймақтарының бюджеттерiнен тұрады. Жергiлiктi бюджеттен жергiлiктi бағдарламалармен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етiледi және жергiлiктi бюджет арқылы жалпы мемлекеттiк бағдарламалар мен шаралардың бiр бөлiгiн iске асыруға жол берiледi. Жергiлiктi салықтар мен алымдар жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiн толтыруға, бекiтiлiп берiлген және жергiлiктi мақсаттағы қажеттердi қаржыландыруға жұмсалатын жеке тұлғалар мен кәсiпорындардың заң жүзiнде белгiленген мiндеттi төлемдерiнен тұратын ҚР салықтар жүйесiнiң бiр бөлiгi.

Жергiлiктi салықтар мен алымдарды құру мен алудың мынадай ерекшелiктерi бар:

-олар өзiн-өзi басқарушы жергiлiктi органдардың аумақтық көлемiнде жергiлiктi органдарының шығындарын өтеуге жұмсалады;

-жергiлiктi органдар заң жүзiндегi құқықтық шеңберi негiзiнде олардың уақытылы, әрi толық түсiн қамтамасыз етуiн бақылап отырады;

-жергiлiктi басқару органдары Салық Кодексi негiзiнде, өз билiгi шеңберiнде кейбiр салықтардың ставкаларын реттеп, алымдарды бөлу объектiсiнiң базасын белгiлеп отырады;

-жергiлiктi салықтар мен алымдар тек қана жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерiне енгiзiлiп, осы бюджет арқылы жұмсалады.

Жергiлiктi салықтар мен алымдардың тағы бiр ерекшелiгi - жергiлiктi бюджеттердiң кiрiстерiнде үлес салмағының қомақты болуы, онымен ғана шектелiп қоймай қаржы ресуртарын бөлiп беру қатынастарының бақылау функциясын атқаратындығы. Жерiлiктi салықтар мен алымдарды алудың объектiлерiне жер учаскелерi, мүлiк, көлiк құралдары, аукционда жүргiзiлетiн ақша операциялары, кәсiпкерлердi тiркеу және жеке қызмет түрлерiмен айналысу құқы үшiн қызметтер жатады және оларды иемдену мен пайдаланудың бiрден-бiр есебiн жүргiзiп, осы объектiлердi бақылауға жағдай жасайды (10).

ҚР “Бюджет жүйесi туралы” Заңы негiзiнде жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдер мынадай кiрiстерден тұрады:

1.Бекiтiлген кiрiс көздерi – яғни заң жүзiнде тұрақты кiрiс көздерi ретiнде қарастырылған жергiлiктi салықтар мен алымдар. Оларға заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың жер, мүлiк және кiлiгiне салынатын салықтары мен әр түрлi алымдар жатады.

2.Жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiнiң екiншi түрi реттеушi кiрiс көздерi. Оларға аймақтық әлеуметтiк экономикалық даму деңгейiн ескере отырып, бюджеттердi реттеу тәртiбi мен жалпы мемлекеттiк салықтардан бөлiнетiн қаржы салалары жатады. Оның түрi мен проценттiк бөлу мөлшерi әр жыл сайын өзгерiп түрады және заң жүзiнде республикалық бюджет туралы заңда берiлiп отырады.

3.Жергiлiктi бюджет кiрiс көдерiнiң үшiншi түрiне – актiлерiмен белгiленген салықтық емес түсiмдер жатады. Мысалы, орманды пайдаланғаны үшiн төленетiн төлемдер, су үшiн төленетiн төлем, коммуналдық меншiктегi мүлiктердi жалға беруден түскен кiрiстер, әкiмшiлiк айыппұл төлемдерiнен түскен сомалар, жеке меншiк иесiнiң құқығы мен жердi пайдалану құқығын сатудан (жер учаскелерiн берумен қоса есептегендегi) түскен сомалар.

Сонымен бiрге жергiлiктi бюджеттердiң кiрiс көздерiне кейбiр облыстардың әлеуметтiк – экономикалық даму деңгейiн теңестiруге арналған ресими трансферттер, тоқсан сайын кассалық үзiлiстi жабу үшiн төменгi бюджеттердiң жоспары тұрғаны бюджеттерден қарызға алған қаражатының түсiмдерi, бұрын берiлген несиелердi өтеуден түсетiн түсiмдер жатады.

Жергiлiктi салықтар мен алымдар бюджетке түскеннен кейiн, жергiлiктi басқару органдары белгiлеген тәртiп бойынша, жергiлiктi аумақтық қажеттерiне сәйкес мақсаттарға жұмсалады. Мысалы, тиiстi аумақтық жергiлiктi бюджеттерден жұмсалатын қаражаттары мыналарды қамтиды:

-жергiлiктi атқарушы органдар жүргiзетiн қоғамдық құқық тәртiбi мен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;

-бiлiм беру мен денсаулықты сақтау;

-әлеуметтiк сақтандыру және халықтық жекелеген санаттары үшiн заңмен белгiленген жеңiлдiктердi iске асыру;

-тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көркейту, сумен жабдықтау және инженерлiк инфрақұрылым;

-мәдениет, туризм, спорт, жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарын ұстау және демалысты ұйымдастыру;

-аграрлық реформа, жер реформасын жүзеге асыру, ауыл шаруашылық тауар өндiрушiлерiн қолдау, өсiмдiктердiң аса қауiптi зиянкестерi мен мал ауруларына қарсы күрес және басқа мақсаттар;

-экология және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру;

-шағын және орташа бизнестi дамыту;

-табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөнiндегi бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған шығыстырды жұмсау.

Бүгiнде бюджеттi түрдегi қаржылық қатынастар екi бағытта қарастырылып жүзеге асырылуда, бiрiншiден экономиканы дағарыстан шығару үшiн қаржы ресурстарын орталықтандырылған жүйеде бөлiп беру болса, ал екiншiден, жергiлiктi басқару органдарының қаржы қорларын құру және пайдалануға байланысты құқыларын арттыру ақылы iске асырылуда. Осы орайда жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгi орасан зор рол атқарады. Бiрақ аумақтардың экономикалық дербестiгi абсолюттi бола бермейдi. Өйткенi қазiргi кезеңдегi аумақтардың әлеуметтiк экономикалық дамуының деңгейi, елiмiздегi нарықтық қатынастардың қиындықтарымен сәйкес келуiн ескерсек, көптеген жергiлiктi бюджеттердiң дербестiгiн iске асыру үшiн елiмiздiң экокномикалық қаржылық бюджеттiк салаларындағы проблемаларды неғұрлым кең заң жүзiнде құрулармен қамтамасыз етудi талап етедi.