Смекни!
smekni.com

аза стан Республикасыны бюджет ж йесін жетілдіру жолдары (стр. 6 из 9)

1.3Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасу ерекшелікері

Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң салық жүйесi өте күрделi болып келедi. Бiр салықтың әр түрлi мемлекеттердегi рөлi де әр түрлi болып келедi. Мысалы, Францияда бюджетiнiң кiрiс көзiнде жанама салықтар 62%, Голландияда ол тек 41% алады. Еуропада ең негiзгi салықтардың қатарына пайда салықтары жатады. Бұл салықтардың ставкiлерiнiң көлемi 10%-52%дейiн тараған. Мысалы, Ұлыбритания мемлекетiнде ставканың прогрессивтi әдiсi пайда көлемiне қарай 25%-35% дейiн қолданылады (11).

Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң көбiнде жеке тiкелей салықтардың негiзгiсi болып – жеке тұлғалардың табыс салығы жатады. Мемлекеттердiң көбiнде бұл табыс салығының прогрессивтi ставка жүйесi қолданылады. Еуропалық экономикалық қоғамдастық азаматтарынан табыс салығы әр мемлекеттiң тұрғылықты азаматы мен келiп-кетушi азаматтардан бiрдей көлемде алыну көзделуде. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа екi реттiк салық салуды болдырмау үшiн қоғамдастық басқа мемлекеттерде төленген салық өз мемлекетiнде төленген салық өз мемлекетiне келген тұлғалардан қайта үстамауы керек. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекттердiң салық жүйелерi әр түрлi салық бойынша жеңiлдiктер есебiнен күрделенiп отырады. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердегi салықтардың үйлесiмдiлiгi жайлы сөз қозғалғанда бiрiншi еуропалық мемлекеттердiң фискалды саясатының басты элементiнiң бiрi – қосылған құн салығы.

1970 жылдың ортасынан бастап, қосылған құн салық еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салық жүйесiнiң ажырамас бiр бөлiгi болып қалыптасты. Қазiргi кезде, қосылған құн салық Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салықтық үйлесiмдiлiгiнiң бiр мысалы болып табылады. 1991 жылы жазда Еуропалық зкономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң келiсiмiмен қоғамдастыққа қосылған құн салығының 15% минимальды ставкасын белгiлеудi ұйымдастырды. Бұған дейiн қосылған құн салығының ставкасы 9%-19% дейiн әрекет ететiн. Бiрақ әлi салықтық үйлесiмдiлiкке толық қол жеткiздi деген сөз емес. Салықтық үйлесiмдiлiкке қол жеткiзудегi келесi мысал болып корпарацияның пайдасына салынатын салықты алуға болады. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердiң келiсуiмен корпорациялық салық бойынша ставка 30%-40% дейiн белгiленедi. Сондықтан, Германия, Франция, Грецияда әлi де корпарация пайдасынан салынатын салықтық ставкасын төмендету қажет болды. Себебi, бұл салық Францияда 42%, Германияда 50% дейiн жеттi. Ал, керiсiнше бұл салықтың ставкасы бойынша төменгi Ұлыбритания, Люксембург, Испания, Голландияда одан әрi салық ставкасын төмендетуi мүмкiн емес. Еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң салықтық үйлесiмдiлiк бойынша жүргiзген жұмыстар нәтижесiнде соңғы кезде көптеген салықтар бойынша ставкiлер төмендетiлдi. Салықтық үйлесiмдiлiк еуропалық экономикалық қоғамдастыққа м үше мемлекеттердiң ортақ нарық пен мақсатқа қол жеткiзу үшiн қажеттiлiгi өте маңызды болып отыр (12).

Германияның салық жүйесi 25.07.1990ж. қабылданған заңға сәйкес әрекет етедi. Бұл заң бойынша салықтар федеральды және жергiлiктi түрлерге бөлiнедi. Федеральды салықтарға келесiлер жатады: акциздер, кеден баж салығы, капитал қозғалысына салық, сақтандыру салығы, жеке тұлғаның табыс салығы және қосылған құн салығы. Жергiлiктi салықтарға: мүлiк салығы, жер учаскiсiн иелену салығы, көлiк құралдар салығы, сыра салығы, жер салығы, шiркеу салығы және жергiлiктi сатудан үсталынатын салық. Мемлекеттiк бюджеттiң табыстарын және мәселелерiн бөлу федерациямен жергiлiктi органдармен ерiктi түрде жүргiзiледi және бюджеттiң жоспарлаумен қолдану қызметтерi де өз қалаулары бойынша жүзеге асырылады. Германияда табыстарды теңестiру қызметiмен айналысатын бiрден бiр мемлекеттер қатарына жатады. Яғни жоғары табысты тұлғалар төмен табысты тұлғаларға табыстарына бiр бөлiгiн аудару процестерi жиi жүргiзiледi. Бұл салық жүйесiнiң ұзақ уақыттар бойы қалыптасуының нәтижесi болып табылады.

Францияда салықтар мемлекеттiк және жергiлiктi сияқты трлерге бөлiнедi. Орталық бюджеттiң бюджеттiк түсiмдерiнiң 95% дейiнгi мөлшерде қосылған құн салық, жеке тұлғаның табыс салығы, акционерлiк қоғамдарға салынатын салық, кейбiр тауарларға салынатын акциз салығы. Жоғарыда көрсетiлген салықтардың iшiнде ең негiзгiлерiнiң бiрi –қосылған құн салығы болып табылады. Бұл салықтық стандартты сатвкасы – 18,6%. Жоғарлатылған ставка 22% жеңiл автомобиль, темекi бұйымдары, парюфмерия, бағалы мех тауарларға белгiленедi. Келесi салық – акционерлiк қоғамдарға салынатын салық. Бұл салық акционерлiк қоғам ретiнде тiркелген кәсiпорындар, мекемелер, фирмаларға салынады. Бұл салықтың ставкасы Франция территориясында орналасқан барлық акционерлiк қоғамдарға бiрдей мөлшерде белгiленген салық ставкасы - 34%. Жеке тұлғалардың табыс салығы Франция мемлекетiнде прогрессифтiк әдiспен 0%-56% дейiн салынады. Жергiлiктi салықтардың iшiнде келесi салықтар ең негiзгi салықтарға жатады: құрылыс салынған учаскiге салық, құрылыс салынбаған учаскiлердiң жер салығы, тұрғын үй салығы, профессионалдық салық.Құрылыс салығын, учаскiлердiң жер салығы барлық қозғалмайтын мүлiкке, ғимараттар, құрылыс жүрiп жатқан жер учаскiлерiне және тағы басқалар белгiленедi.

Құрылыс салынбаған жер учаскiлерiн салығымен жерлер, ормандар жатады. Тұрғын үй салығы тұрғын үйлердiң иелерiмен қатар, олардың арендаторларынан да ұсталады. Профессионалдық салық профессионалдық қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар төлейдi. Бұл салықты есептеу үшiн 2 элемент көрсеткiшi жергiлiктi органдардың белгiлеген салықтық ставкiсiне көбейтiледi. Франция мемлекетiнде салық төлеушiлердi салық қызметi оргондарынан қорғау, салық салудағы табыстарын жасырғаны үшiн қатаң жауапкершiлiкпен теңдей байланыста жүргiзiледi. Мысалы, кездейсоқ табысын жасыру немесе декларацияны толтыру кезiнде қате жiберiлген жағдайда салық толығымен алынады және жылына 9% айыппұл төленедi. Егер табыс әдейi кемiтiлген жағдайда салық екi еселiк түрде салынады. Салық заңдылықтарын айтарлықтай бұзған жағдайда, заң бойынша қылмыстық жауапкершiлiк қарастырылып, ол бас бостандығынан айыруға дейiн барады. Ұлыбританияда бюджет екi толықтыруы болады: мемлекеттiк бюджет және жергiлiктi бюджет. Бұл жалғыз бiркелкi бюджет жоқ. Жергiлiктi билiк оргондарының бюджетi формальды түрде жекеленген. Бюджеттiк жүйенiң басты түрi әсiресе Ұлыбританияда бұл мемлекеттiк бюджет. Осы арқылы мемлекеттiң шамамен жалпы ұлттық кiрiсi үлестiрiледi.Мемлекеттiк бюджеттiң құрылымы Ұлыбритания мемлекеттiк бюджетiн қаржы жоспары ретiнде де қарастырсада болады, оның iшiнде келе жатқан кезеңге экономикалық болжау және салық салымында болуы ықтимал өзгертулер бар. Ол екi бөлiмнен түрады. Қарыздардың мерзiмiн үзарту және ұлттық қор. Мемлекет бюджетiнiң қаржысының негiзгi бөлiмi осы шоғырлау қоры арқылы өтедi, оның iшiнде ағымдағы кiрiстер мен оларды шығындалуы көрсетiлген.

Қарыздардың ұлттық қоры- бұл ақша қаражатын жұмсайтын бюджет,шоғырлау қорының шығысқа қарағандағы кiрiс көлемiнiң ұлғайуы ұлттық қордың - табыс бөлiмiне қосылады. Егерде шоғырлау қорында дефицит болатын болса, ол қарыздардың ұлттық қордағы ссудаларымен өтеледi. Бұл сомма Үкiмет мемлекеттiк қарызды ұлғайтады.Бюджеттiң табыс бөлiмiнде салықтары қазiргi уақытта Ұлыбританиядағы мемлекеттiк бюджеттiң табысының 90 пайызын салықтар құрайды. Оның үстiне Ұлыбритания салықтарын қарастыру кезiнде өте мұқият болу керек, ол елдiң салықтары тұрақсыздығымен және кейбiр салық түсiмiнiң сәйкес келмейтiн баптарымен ерекшеледi. Ұлыбританиядағы кiрiс салығының құрылымы, табыс көзiне сүйене отырып бөлiктерге бөлiнген:жылжымайтын мүлiктiң табысы, мемлекеттiк облигациялар арқылы дивидендтерден алынатын табыс, шет елде жасалатын операциялар сауда табысы, зейнетақыдан алынатын табыс(13).