Смекни!
smekni.com

аза стан Республикасыны бюджет ж йесін жетілдіру жолдары (стр. 7 из 9)

Сондықтан да бiз шет мемекеттердiң тәжiрибесiн талдай отырып, оны тиiмдi жүзеге асыра бiлуiмiз керек. Шет мемлекеттерiнiң жеткен нәтижелерiне бiздiң де жетуiмiзге болады. Сонда ғана бiздiң елiмiздiң әлеуметтiк қал- ахуалi жақсарады деп ойлаймыз

2.Бюджет жүйесін қалыптастыруды талдау

2.1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау

2.2 Экономиканы мемлекеттiк реттеудегi бюджет жүйесінің алатын орны талдау

3.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесін жетілдіру жолдары

3.1 Бюджет жүйесін басаруды жетiлдiру жолдары

Мемлекеттiк бюджеттiк түсiмдерiң соңғы жылдардығы,яғни 2006 жылы артығымен орындалғанымен оның iшiнде мүлiк, көлiк құралдар салықтары толығымен орындалмаған. Мүлiк және көлiк құралдар салығының толығымен орындалу үшiнм жергiлiктi жердегi мүлiк салығына тартылуға тиiс, барлық мүлiк және көлiк құралдар түгел есепке алынуы тиiс. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының жұмысын жандандыру керек. Барлық заңды және жеке тұлғалардың мүлкi түгелдей осы орталықта тұруы тиiс.

Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң тұгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез -келген мемлекетте болатын күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа түс келедi. Осының бәрi жинақталып келiп, салық заңдарының көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi.Әу баста салық жүйесiнде жiберiлген кемшiлiктер де, қателiктер де жеткiлiктi болады. Оған үкiметтiң рүқсатымен салықтан босатылған ұйымдардың қызметi де өзiнiң зардабын тигiзбей қойған жоқ (27).

Қазiргi кезде экономика тұрақтады. Ең алдымен, ол негiзгi макроэкономикалық көрсеткiштердiң тұрақтануы мен, iшкi жалпы өнiмнiң өсуiмен сипатталады. Өндiрiстiк өнiмнiң өсуi де мұнайға дүниежүзiлiк бағаның өсуi де, салық жүйесiнiң бiр арнаға түсiрiлуiне ұйытқы болады. Бұрынғы кеңестiк елдер аумағында Қазақстан мен Ресейде iшкi өнiм өндiрiсiнiң көлемi бiртiндеп ұлғайып келедi. Қазақстан ТМД аумағында орташа айлық мөлшерi жағынан бiрiншi орынға шықты. Осы оң нышанды қалыптасқан жағдайлар жиынтығы жаңа Салық Кодексiн қабылдауға мүмкiндiк берiп отыр.

Салық кодексiнiң жобасын талқылау барысында Парламент депутаттары тарапынан әлеуметтiк салық пен қосымша құн салығына байланысты ұсыныс көтергендi.Әлеуметтiк салық 26%-21%, қосымша құнға салынатын салық ставкасы 20% 16% төмендетiлдi. Салықтық жүктеменi осылайша төмендету бiздiң елiмiзде реформаны жүзеге асырудан берi тұңыш рет қолданып отырғандығын айта кету керек.Әрине, бұл үлкен қадам. Өйткенi бұл кәсiпкерлiктi дамыту үшiн қажеттi жағдай жасауға көмектеседi. Кәсiпкерлiктi қодап оларға жағдай жасасақ бюджетке түсетiн түсiмде ұлғаяды.Әлеуметтiк салық ставкасын төмендету еңбек ақы мөлшерiне де оңтайлы ықпал жасайды.

Салық кодексi кәсiпкерлiктi дамытуға да өзiндiк үлес қосатын болды. Бүрын салықтан жалтарғандар өте көп болғандығы жасырын емес. lшкi табыстың 40% жуығы өткен кезеңде көлеңкелi экономикаға жұмыс iстегенi де белгiлi. Сол себептен қабылданғалы отырған кодекстiң бiр ерекшелiгi, салықтан жалтарғандарды айқындап отырады.Салық жинау тәсiлдерiн жетiлдiру жолдарында енгiзетiн тағы да бiр өте маңызды жаңалық, декларация экономикалық қызметтiң кодтары көзделген және салық төлеушiлер кәсiпорын қызметiнiң үш түрiнiң проценттiк арақатынасын көрсетуге тиiстi болады. Мысалы, металлургия кәсiпорны металлургия өнiмдерiн шығарады, мұнымен қоса, онда жолай химия өндiрiсi және машина жасау өнiмдерiн шығарудың қандай да бiр түрi бар. Экономикалық қызметтiң негiзгi түрлерi туралы мәлiметтер бұларды одан әрi электрондық өңдеу мен талдау үшiн ақпарат легiне жиналатын болады. Осы мәлiметтердi талдау негiзiнде экономикалық қызметтiң нақтылы түрiне тән салық жүктемесiнiң деңгейi, жалақы көлемi, капитал көлемi,айналым көлемiне қосымша құнға салық үлесi және басқалары сияқты орталандырылған өлшемдер айқындалды.

Мұның өзi салық әкiмшiлiшгiнiң бүкiл жүйесi мен салық тексерулерi тәртiбiн түбiрiнен өзгертетiн немесе мүлде жаңа құбылыс, яғни мәнi мынада: белгiлi бiр қызмет саласындағы кәсiпорыннның өлшемдерi орташа немесе орташадан жоғарыға жақын болса, онда мұндай кәсiпорынды салық органдары ең болмағанда бiрiншi кезектегi тәртiппен тексермейдi. Іызметтiң осы саласы үшiн қабылданған орташадан төмен көрсеткiштерi бар кәсiпорындар салық тексерулерiне жатқызылады және экономикалық қызмет түрлерi бойынша декларацияларды электрондық талдау ұқыпты және ұқыпсыз салық төлеушiлер арасындағы беделдi неғұрлым дәл айқындауға мүмкiндiк бередi. Яғни жүйе былайша көрiнiс табады: салық төлеушiнiң қызмет салалары бойынша орташаландырылған өлшемдерге қатысты оның салық төлемдерiнiң мөлшерi көп болған сайын салық инспекторы соншалық сирек, мүмкiн бiрнеше жыл iшiнде тексеруге келедi. Осыған байланысты қызмет сапалары бойынша тоқсандық, жарты жылдық және жылдық ағымдағы орташаландырылған өлшемдердi жариялап отырған тиiмдi. Мұндай шаралар ұқыпсыз салық төлеушiлердiң бизнестi неғұрлым адал жүргiзуiне итермелейдi.

Осының бәрi салық төлеушiлердiң қалыптасқан ортасын салық мәдиниетiн арттыру жағына қарай байыпты түрде өзгертуге тиiс және салық есептiлiгiнiң электрондық талдауы фискалдық саясатты жүргiзуге байыпты түрде әсер ете алады. Ол уақыттың қысқа аралығында сол немесе өзге салық көрсеткiшiнiң кәсiпорындардың экономикалық жағдайына және бюджетпен өзара есеп айырысуларына әсер етуiн бағалауға мүмкiндiк бередi.

Жаңа жүйенi енгiзуге орай келешекте мемлекеттiк бюджетке түсiмдер көбеюге тиiс және нәтижесi ретiнде – барлық салық төлеушiлер үшiн салық жүктемесi одан әрi азайтылмақ. Салық кодексi шеңберiнде енгiзiлетiн тағы бiр жаңалық шот фактуралар тiзiмi болып табылады (28).

Таяудағы уақытта заң жүзiнде тiзiм нысаны енгiзiлмек. Іазiр бұл құжат Қазақстан Республикасы әдiлет министiрлiгiнде құқықтық сараптама мен тiркеуден өтуде. Ол қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн салық органдары шот—фактуралар тiзiмдерiнiң есебiн жүргiзетiн болады. Бұл жүйе қосылған құн салығына қатысты әкiмшiлiк жүргiзудi жақсартпақ. Тiзiмде әрбiр шот—фактурада тiркелген мынадай деректер көрсетiледi: төлеушiнiң атауы, СТТН, тауар түрi, өткiзу көлемi, қосымша құнға салық және басқалары. Осынау тiзiмдердiң бәрi қағазбен, сондай-ақ электрондық түрiнде қабылданатын болады. Осыдан кейiн барлық тiзiмдер арнайы машинаға салынады және компьютерлiк өңдеу көмегi мен әр түрлi айқындамалар бойынша жанаспаушылық анықталмақ.

Сонымен қатар, әр түрлi төлем көздерiнен келетiiн азаматтардың кiрiстерiн есепке алудың электрондық жүйесi және бұл кiiрiстерге салық салудың тәртiбi. СТТНбар жеке адамдар туралы мәлiметтер есепке алу жүйесiнде тiркелетiн болады және салық кодексiне сәйкес жеке адамның алған кiрiстерi мен төлем көзiнен төлеген салықтары туралы барлық деректер электрондық түрде салық органдарына берiлмек. Есепке алудың осынау жүйесi жеке табыс салығына, сондай-ақ әлеуметтiк салыққа бақылау жасаудан басқа зейнетақы аударымдарына да бақылауды жолға қоюға мүмкiндiк бередi, өйткенi қазiргi кезде зейнетақы жарналарын уақтылы және дұрыс есептеуге сыйатын күрделi проблемалар түр, болашақта салық әкiмшiлiгiiн жүргiзу саласында келешекте енгiзу жоспарланып отыр және басқа да жаңа енгiзiлiмдер болады (29).

Нарықтық қатынастар жағдайында салықтарды мемлекет тек экономикалық әсер етушi құрал ретiнде ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан әлеуметтiк процестерге әсер ететiн негiзгi реттеушi ретiнде пайдаланады.

Салықтар өте к үштi әлеуметтiк құрал болғандықтан оларды тиiмдi және өз бағыттарында пайдалану керек. Салықтық заңдылықтардың принциптерiн сақтау керек. Ал мұның барлығы салықтық инфрақұрылымды құрайтын салықтар туралы, салық салу, салық жүйесi туралы және тағы да басқалар ғылыми негiзделген бiлiмдi қажет етедi.