Смекни!
smekni.com

аржы нары ы ж не делдалдар (стр. 10 из 34)

Бір кезде алтыны мол деп саналып келген Кеңес Одағында алтын өндірісінің құлдырап кеткені байқалды. Мысалы, алтын өндірудің ойдағыдай болмауы салдарынан КСРО-да 1990 жылы, қолдағы алтын қоры 1953 жылмен салыстырғанда екі еседен аса азаиған, яғни алтын қоры 2050 тоннадан 784 тоннаға дейін кеміген. кеңестік экономиканың құлдырай бастағанын көрсеткен еді. Осындай жағдайдың өзінде КСРО шетелдерге жыл сайын 400 тонна алтын сатып отырды.

Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алған сол республикамыз өзінің мемлекеттік алтын қорын қалыптастыру белсене кірісті. Өйтпейінше экономиканы еркендету мүмкін емес еді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 21-каңтардағы Жарлығына сәйкес «Алтыналмас» атты ұлттық акционерлік компаниясы құрылды. Сол құжатта, алтын мен алмастың қорын арттыру мақсатындағы жұмысқа басшылықты күшейту осы компанияға жүктелгені атап көрсетілді.

КСРО тұсында Қазақстанда өндірілген алтын кенінен айырып алынған бағалы металл-алтын Ресей мен Армения кәсіпорындарында байытылып өңделетін еді.

Тәуелсіз Қазақстанда алтын өндіру мөлшері күрт арта бастады. Бір ғана «Алтыналмас» компаниясына қарасты кәсіпорындары 1991 жылы 13,7, 1994 жылы 14,5 тонна алтын өндірді. Алайда, Қазақстанда алтын қоры анықталған аумақтың мүмкіндіктері әліде нашар пайдаланылуда.

Алтын қоры дегеніміз не?

Әдетте, өндірілген алтынды ұқсату, қор жинау, ел ішінде үш тұрпатты мақсатта жүргізілген. Олар, біріншісі алтынны орталықтандырылған қоры немесе мемлекеттік қазыналық пен банктердегі алтын, екінші қор - заңды және жеке тұлғалар иелігіндегі жинақталған алтын. Ал үшінші қор-алтыннан түрліше әсем бұйымдар жасаумен шұғылданушы зергерлер меншігіндегі алтын. Осылай түрліше әдіспен жинақталған алтын қоры X ғасырдың сексенінші жылдарында капитал елдерідің орталықтандырылған қорда шамамен 35 мың тонна, жеке меншік қорда шамамен 20-25 Мың тонна, бұйымдар жасаумен шұғылданатын жеке меншікте 25-30 мың тонна, барлығы қолда 80-90 мың тонна алтын жинақталды. Бірақ алтын қорына байланысты бұл мәліметтің өзі де нақты жағдайды білдіре алмаса керек. Өйткені, әр ел өзінің ішкі мүддесіне байланысты мәліметті толық айтпауы да мүмкін ғой. Сол сияқты 60-жыддардың соңына орталықтандырылған қорда алтын өткен кезеңдегідей мөлшер, болмады.

Ал мемлекеттік қаржы органдары қорындағы алтын кұйма кесек және теңге (монета) түрінде сақталып жүр. Алтын қоры елдің алтын жөніндегі сақтық қоры ретінде сақталады. Мемлекет қорында осы алтын, кажетті жағдайда шетелдермен экономикалық қары қатынаста пайдаланылады. Мемлекеттің экономикалық қуаты шетелдермен экономикалық байланыс кезінде тауар-ақша алмас жағдайында ерекше айқындалады.

Асыл металдың касиеттері, құндылығы қандай ?

Алтын өзінің табиғи бітімі ерекшелігіне сәйкес түрліше металдар арасында аса бағалы қымбат метал ретінде танылған. Алтын кандай да болмасын ылғалды, шірінді топырақты жерде жатса да оны тот алмайды, мыс тәрізді оны жасыл-қошқыл тот баспайды, күміс тәрізді қарақоңырланып кетпейді. Алтын күн нұрына шағылысқан түрінде сап-сары түсінен ешқашан таймайды.

Алтынның тағы бір басты қасиеттері мынадай: ол өзіндік кұрамы жағынан біртұтас, біртекті, аса берік, ұзақ мерзім бойы сақтауға лайықты, бөлшектеп басқа бір металға қосып, кез-келген бұйым жасауға жарамды. Аса берік тұтастық қасиетіне қарай соңғы жылдарда алтын электроника өнеркәсібінде, ғарыш технологиясында байланыс кұралдарын жасауда ойдағыдай пайдаланылып жүр.

Адам баласы сонау бағзы заманнан-ақ алтынды өз қажетіне жарата білген. Алтыннан сырға, жүзік, алқа, басқа да әсем зергелік бұйымдар жасалған. Қанша ғасырлар өтседе алтыннан жасалған бұйымдар өзінің аса асыл металл ретіндегі қасиетін жоймайды. Мұны жер шарының түрлі аймақтарында жүргізілген архиеологиялық казбалардың нәтижесі айқын дәлелдеп отыр.

Алтынның дүниежүзілік тарих бедерінде сол сияқты, экономика саласындағы қолданылуы оның тек табиғи қасиетімен ғана емес, қоғамдық мақсат өрісінде оның төлемдік кұн рөлін бейнелеп, ақша ретінде қолдаланылуымен де айрықша ерекшеленеді. Ал ақша — экономикалық және әлеуметтік кұбылыс. Алтынның ақша орнына қолдаланылуының экономикалық катынастарда ерекше маңыз алуы - тауар өндірісінің өмірге келіп, дамуымен тікелей байланысты.

Адамзат баласы рулық-қауымдық қоғамдағы күнделікті тіршілігінде өзара топтаса жүріп, тапқан тамақтық заттарды бөлісіп жеумен тіршілік еткені тарихтан белгілі. Адамзат өзінің дамуы, өсіл-өркендеуіне жетілуіне қарай күнкөріс кәсібін де өзгертті. Әр түрлі өнім шығаруды меңгерді. Осылай өздері шығарған өнімдерін басқа біреулер шығарған өнімдерге баспа-бас немесе баламалай айырбастап, өзіне қажетті заттарды алумен шұғылданды. Сөйтіп, даму барысында басы артық өнімдерін сатуды меңгерді. Бірақ сол-кезде адамдардың сана-сезімінде ақша дегеннің не екені, оның қандай кажеті барына ешқандай түсінік, ұғымы болмаған, ал өмір тәжірибесі өзіне жаңа өрістер ашып отыратыны белгілі.

Адамдар өз төңірегіндегі, ерекше көз тартатын, жұртты серпілтетін заттарды даралай білген. Осы негізде қолдағы артық тауарды қандай затқа айырбастауға болатынын ойластыра бастаған. Тек осы мақсат, ниетке байланысты қолындағы артық, өз қажетінен тыс тауарды айырбастап алу үіпін қымбат бағалы деп таныған піл сүйегін, бағалы аңтерісін, т.б, тұз, теңіз тастарын, какао, мал, тіпті адамдарды да ,құлдарды да пайдаланды.

Осындай жағдайда Батыс Еуропада күміс теңгеліктер рөліне айналмай, жалпы тауар ретінде болды. Сонымен ақша ретінде қолданылған заттардың қайсысы болсын сақтауға, жүруге ыңғайлы болмаған. Сондықтан қандай тауар үшін болсын кең баламалық рөл атқара алатын, сақтауға қолайлы, ақша ретінде қолдануға лайық түрғыда металл заттарына көңіл аударылған. Бұл үшін темір, мыс, қола сияқты металдардан теңгеліктер соғылған Ақыр соңында ақша үшін алтынды пайдалану қолға алынған.