Европалық опцион – келісілген уәде бойынша алдағы күнде орындауға жіберетін опцион.
Американдық опцион – келісім бойынша алдағы күнде де және оған дейін кез – келген уақытта да орындауға жіберетін опцион.
Ал сату опцион оның иесіне активті опцион қолдану бағасы бойынша сатуға құқық береді.
Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісі айтады. Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тиым салмаса да, фьючерстік мәмлелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық қолдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы және орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық тоқта шектеулі. Сауда “Еркін айқай” тәсілмен жүзеге асады. Опциондық мәмлелерден басты айырмашалағы, мүнда арнайы бекітілген диллер жоқ. Олардың орынында “Еденде сауда жасаушылар” деп аталатындар жұмыс жасайды. Олар фьючерсті өз аттарынан сатып алып және ставкамен опциондық саудадағыдай міндеттемелерді орындамайды.
Фьючерстік келісім – қор немесе тауар биржасының бір түрі. Фьючерстік келісімнің шарты бойынша акцияларды немесе ақша сомасын төленген тауар келісім жасалған кейінгі белгілі мерзімге шартта көрсетілген баға бойынша беріледі.
Форворттық келісім – валюталық немесе басқа да келісім бойынша, ол жасалғанна кейін кемінде екі жұмыс күннен соң есеп айырысу.
Спот келісім – тауар қолма – қол ақшаға сатылатын және дереу берілетін келісім.
Биржалық келісім – бағалы қағаздармен, тауарлармен немесе шетелдік валютамен сауда келісімін жасау. Бұл негізгі екі топқа бөлінеді: кассалық келісім – мұнда ақша төленеді, мерзімдік келесімде бағалы қағазадар немесе тауарлар келісім жасалғаннан кейін бірден беріледі, ал ақша белгілі бір мерзімнен кейін беріледі.
Бағалы қағаздар туындылары түралы ғалымдардың көз қарасы қандай?
1)Қ.Қ. Ілиясов және С. Құлпыбаев ғалымдардың бірлесіп жазған “Қаржы” кітабында бағалы қағаздарды екіге бөліп керсеткен. туынды және негізгі.
2)Н.Қ. Мамыров және М.Ә. Тілеужанова олардың экономикалық ойлары бойынша бағалы қағаздың ажырамас бөлігі ретінде жалпылама тоқталған.
3)Ғ.С. Сейтқасымов бағалы қағаздар туындысы ол бағалы қағаз емес, ол тек қана бағалы қағаздаң қасиеттерінің бірі ретінде көрсеткен.
Негізгі терминдер
1. Бағалы қағаздар;
2. Негізгі және туынды бағалы қағаздар;
3. Опцион;
4. Фьючерс;
5. Своп;
6. Спот;
7. Форворт;
8. Акция;
9. Облигация
Бақылау сүрақтары
1. Бағалы қағаздар нарығы қашан пайда болуы?
2. Бағалы қағаздар құрылымы қандай?
3. Бағалы қағаздардың қанша түрі бар?
4. Бағалы қағаздардың туындылары дегеніміз не?
5. Бағалы қағаздар туындыларының түрлеріне анықтама?
6. Бағалы қағаздар туындыларына ғалымдардың көз қарасы қандай?
Қолданылған әдебиеттер
1. «Ақша, Несие, Банк» Сейтқасымов Ғ.С. Алматы, 2001 ж.
2. «Макроэкономика» Мамыров Н.Қ.
3. «Ақша айналысы және несие» Мақыш Серік Биханулы, Алматы 2004 ж.
4. «Экономикалық сөздік» Ж.М. Алыпова, Алматы, 1992 ж.
Тақырып 6 Әлемдік қаржы нарығы
1 Әлемдік қаржы нарығының қалыптасуы.
2 Евронарық және шетелдік валюта нарығы.
37Әлемдік ақша орталығы
Әлемдік қаржы нарығы қалай қалыптасты?
Әлемдік экономикалық қызметте несие нарқы нарықтық қатнастарға тән сипат. Бұл салада елдер арасында қаржыға деген сұраныс пен ұсыныс мәселелеріне байланысты міндеттер өз шешімін табады. Бұл үшін қолдағы капитал қорын бөліске салу, оның қайтарымын қамтамасыз ету міндеті шешіледі. Ол қызмет – капиталдың кері қайтарылуын және пайыздық төлемінің келісім-шартта белгіленген талапқа сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Әлемдік қаржы қозғалысы тәжірибесінде қаржы нарқы дегеніміз – қарыз капиталының бір бөлігінің нарық жүйесі арқылы елдер арасындағы қаржылық алмасуды бейнелеуі. Тәжірибеде қаржы нарқы екі саладан тұрады:
-қарыз капиталының қысқа мерзімді мақсаттағы нарқы, бұл қаржы нарқы деп аталады.
-қарыз капиталының орташа және ұзақ мерзімге арналуы ұйымдастыратын нарқы – бұл капитал нарқы деп аталады.
Экономикалық даму барысында әр ел өз өндірісін табысты жүргізуге, үздіксіз өрге бастыруға ынталы болады. Бұл үшін материалдық өндіріске қаржы қажет екені белгілі. Егер қолда қажетті қаржы болмаса, не істеу керек? Осындай жағдайда қаржыға қажеттілік, несие нарқы арқылы шешіледі.
Экономикалық даму талабы капитал нарқының қозғалысына да өзгерістер енгізуді алға тартты. Сондықтан капиталды нарықта сала-салаға бөлу, оны пайдалануда мерзімдік жағынан шектеуді өзгерту қажет болды. Қарыз капиталының тек бұрынғы ғана түрі қысқа мерзімдісі қысқартылып, оның орнына қаржыны бірден орташа және ұзақ мерзімді нарық арқылы пайдалану ісі өмірге келді.
Экономикалық тиімділік тұрғысынан алғанда, қарыз капиталын пайдаланудың бұл шарасы аса тиімді. Бұл шара несие нарқында шетелдерден капитал алуды және шетелдік мемлекеттердің заңды тұлғаларға, жеке азаматтарға беретін қаражатты нарыққа шоғырландыра отырып, қаржыға деген сұранысқа сәйкес капитал бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік жасады. Бұл әдіс нарықтық қатнас жүйесінде несие нарқын тиімділік мақсатта дамытуға, капитал қозғалысын барынша өрістетуге елеулі үлес қосады.
Әлемдік қарыз капиталы қалай пайда болды?
Әлемдік қарыз капиталы нарқы, тарихи тұрғыдан алғанда, қарыз капиталының халықаралық деңгейде ұлттық нарықтың өріс алуымен пайда болды. Сонан оларды кең дамыту қажеттілігі артты.
Қазіргі заманға әлемдік қарыз капиталының нарқы ХХ ғасырдың 60- жылдары қайта өріс жайды. Өйткені бұл нарық 1929-1933 жылдардағы экономикалық дағдарысқа, екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты 40 жыл бойы тоқырауға ұшыраған еді. Сонан 70-90 – жылдары қарыз капиталы нарқы қайтадан қанат жайды.
Әлемдік қарыз капиталы нарқының басты бағыттары - әр ел өзінің ұлттық қарыз капиталын шетелге шығаруына, оны шетелдік банкке беруіне, сөйтіп, шетелдік капиталды ұлттық банктердің өзіне кері тартуына өріс берді.
Экономикалық даму барысында ертеден қалыптасқан тарихи тәжірибек бойынша шетелдік несие мен қарыз қаржы принципі өзара қарыз қаржы алмасудың жекелей валюталық бірыңғайлық принципіне негізделген. Мысалы, француздық фирма Лондонда несиені ағылшын ақшасымен, яғни фунт стерлингпен алады, керісінше ағылшын фирмасы Парижден несие қаржы алса, онда француз ақшасымен алады. Валюталық өзара қаржы алмасудың бірыңғайлылығы дегеніміз осы.
ХХ ғасырда 50-жылдардан бастап, доллар негізінде еуропалық валюта нарқы қалыптасты. Мұның мәнісі мынадай: егер доллар иесі депозитті америкалық банктен еуропалық шетелдік банкке аударса, ол еуропалық доллар болып саналатын сипат алады. Долларды осындай әдіспен алған еуропалық банктер бұл долларды өз қаражаты сияқты кез келген елге несие беру үшін пайдалануға ерікті болады.
Қазіргі кезеңде әлемдік қарыз капиталы нарқы бір-бірімен өзара тығыз байланысты үш саланың қызметі бағытымен ерекшеленіп отыр.
Олар:
-Ірі банктер арсындағы әлемдік ақша нарқы.
Бұл салада депозиттік қарыз беру бір күнге немесе бір жылға дейінгі қысқа мерзімдік талап бойынша іске асырылады. Мұнда несие алу телефон байланысы арқылы да шешіле салатын болады. Осыған сәйкес 50-жылдардың соңында еуропа валюталық нарқы пайда болды.