-Капиталдың әлемдік нарқы өзіндік сала. Бұл сала екі түрлі міндетті жүзеге асырады:
-қарыздың берілетін орны мен валюталық мөлшерді сипаттайтын міндет. Бұд міндет бойынша дәстүрлі әдіспен шетелдік несиелер орташа және ұзақ мерзімге беріледі.
-еуропалық несие нарқында 1968 жылдан бастап қарыз ақша бір жылдан 15 жылға, тіпті одан да көп мерзімге берілетін әдіс қалыптасты.
-дүниежүзілік ақша нарқының қалыптасуы. Бұл салада құнды қағаздарды шығару және сату іске асырылады. Осы саладағы қызметке қарай 70-жылдардан бастап, еуропалық қаржы нарқы қалыптасты.
Бұл салада несиеге байланысты қызмет мынадай түрде ұйымдастырылады. Еуропалық банк несие беру үшін оны алатын алымшының алған несиесін қайтара алатын қабілет – мүмкіндігін, төлемді өтеу мүмкіндігін зерттеп, анықтайды. Сонан соң қарыз беру жөнінде келісім-шарт жасасады. Сөйтіп, несие қатаң ставкамен толық беріледі, бұл бір жыл мерзімге арналады. Ал орташа ұзақ мерзімді несие Стэнбай деп аталатын шарт бойынша беріледі. Мұның мәнісі – банк несиені ұзақ мерзімге арнап тиісті мөлшерді түгел береді, бірақ ол мерзімді 3,6,9,12 айлық етіп бөледі де, осы әр мерзім бойынша ставка пайызды өзгертіліп отырылады.
Сол сияқты банк несиені ролловерлік деп аталатын шарт бойынша береді. Ролловерлік – несие алуды қайталап жүргізу, жаңғырту деген ұғым.
Еуропалық несиелік банктер несие беруді ролловерлік келісім-шартымен төрт түрлі жағдайда атқарады:
-инвестициялық барлық соманы келісім бойынша бірден, түгел береді. Несиені қайтару толық немесе біртіндеп, бөліп-бөліп жүргізіледі
-несие белгіленген лимит бойынша, алымшының сұраған мөлшерінде беріледі
-несиенің көлемі, ставка пайызы, өтеу мерзімі (жарты жыл, бір жыл) көрсетіледі. Несие бірнеше айға немесе 10 жылға, одан да көп мерзімге беріледі;
-ролловерлік шарт бойынша қажетті соманы толық беру мүмкіндігін қалыптастыруға назар аударылған.
Әдетте, еуропалық несие беру жүйесі әлемнің 30-40 банктік консорциуымын қатыстырып, өзіне үлкен пайда келтіруде.
Қазіргі кезеңде халықаралық несие беру, қаржыландыру ісінің негізгі көздері:
-халықаралық банк несиелері;
-халықаралық эмиссиялық облигациялық қарыздар;
-еуропалық векселдер болып табылады.
Қазір әлемдік несие нарқының қызметі әлемдік қаржы нарқымен тығыз байланысты болып отыр. Сонан әлемдік қаржы нарқы өз қызметін құнды қағаздар шығару ( бірінші нарық) және оларды сату-сатып алу ( екінші нарық) мақсатына мамандануда. Қаржы нарқында кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттердің қаржыға деген сұранысы өсіп отыр. Осыған байланысты облигация (қарыз қағаз) нарқы да ұлғая түсуде. Бұл қолдағы қаржы қорын толықтыру, оны сату мен сатып алудан көбірек табыс келтіру мақсатын көздейді. Қорыта келгенде, әлемдік несие және қаржы нарқының жақсы жағы да бар, кемшілігі де бар.
Жақсы жағы әлемдік деңгейде басы артық қаражатты жинастыру, оны бөліске салу арқылы капиталды шоғырландыруға, бір орталықтандыруға, экономикалық байланысты күшейтуге, өндіргіш күштерді дамытуға, әлемдік шаруашылық байланысын дамытуға мүмкіндік жасайды. Қолдағы капиталдың экономикалық проблемаларды шешуге бағытталуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық несие қатынастарының нысандары қандай?
Халықаралық несие қатнастары валюталық қатнастар сияқты, тек нарық саласына ғана емес, сондай –ақ мемлекеттік басқару, реттеу саласы мүддесі үшін де қызмет атқарады. Ал мемлекет тарапынан халықаралық несие қатнастарына араласудың нысандары түрліше. Алайда көптеген елдердің реттеу, басқару саласындағы қызметтері ұйымдық, талдау, зерттеу тұрғысынан бір-біріне ұқсас. Өйткені, мемлекет несие, қарыз қаржы, кепілдеме беруші рөлінде халықаралық несие қатнастарында ерекше белсенділік көрсетеді. Мемлекеттік бюджет арқылы жинақталған ұлттық кірістің бір бөлігін мемлекет басқа бір елдерге аралас несие, қарыз қаржы түрінде көмек көрсете алады. Осы тұрғыдан айтар болсақ, АҚШ 60 жылдары екі жақты, көп жақты несие беруді тікелей мемлекет тарапынан жүзеге асырды. Қазіргі кезеңде мемлекеттік несие негізінен дамушы елдерге көмек ретінде берілуде.
Батыс Еуропа елдерінде мемлекет дәстүрлі халықаралық несиенің кепілі ретінде рөл атқарады. АҚШ пен Жапония қазіргі уақытта экспорттық (сыртқа тауар шығару) саланы қаржыландыру, оған несие беру ісін бір жүйеге келтірген. Сөйтіп, мемлекеттер пайыздық ставкаларды қаржыландыру ісінде кәсіпорындардың халықаралық сыртқы байланыс қызметін қолдап отыруды әдетке айналдырған.
Мемлекет тарапынан жүргізілетін қысқа мерзімге арналған экспорттық несие (сыртқа өнім шығаруды күшейту үшін) түріндегі акцептік-авальдық операциялар (қызмет) экспортпен шұғылданушылар траттасын бірінші деңгейдегі төлем қаражатына айналдыруға мүмкіндік жасады.
Мемлекет сыртқа тауар шығарушыларды жанама немесе кейбір тікелей салық төлеуден босататын болды. Бұл сырттан, яғни шетелдерден әкелетін тауарлардың бағаларын арзандатуға, сонымен бірге сол тауарлардың сауда жүйесінде бәсекелестік қабілетін- өтімділігін арттыруға ықпал жасады. Өйткені халықаралық қызмет саласының талабы бойынша шекарадан ел ішінде өткен тауар жанама салықтан босатылуы керек. Осыған орай мемлекет экспорттық несие мөлшерінде, оған қойылатын талаптарға баса назар аудару негізінде орта және ұзақ мерзімді несие беруді тиімділік тұрғыдан қарастырады. Мемлекеттік бюджет есебінен жекеменшік фирмалар мен банктерге төмен пайызбен, экспорттық несиені жеңілдік беру негізінде ұйымдастырады. Мемлекет тауар шығарушыларға берілетін несиенің қайтарылуы мерзімін ұзарта алады, несие берудің әдістерін жеңілдетіп, бұл жұмысты ұзаққа созбай атқаруға үлкен мән береді.
Сыртқы рынокта монополиялардың кең өріс жаюына айрықша қарау, ол саладағы қызметті қолдау ретінде мемлекет экономикалық жағынан ұтымды шараларды жүзеге асырады. Содай шаралардың бірі – мемлекеттік немесе жартылай мемлекеттік деңгейде экспорттық – импорттық банктер ұйымдастыру болды.
Ол банктер сыртқы сауда қызметтері мақсатына несие беру, жеке меншік банктердің экспорттық несиесіне кепілдік жасау, сақтандыру жұмысымен айналысады. Мысалы, 1934 жылы АҚШ-та экспорттық банк құрылды. Бұл банк көптеген елдерге несие берумен шұғылданды. Осы банк арқылы АҚШ жалпы өзі беретін несиенің 40 пайызын жүзеге асырып отыр. Қазір осындай банктер Австрия, Бельгия, Англия, Дания, Франция, Жапония және басқа елдерде де құрылған.
Экономикалық салада халықаралық несие қатнастарын мемлекттік тұрғыдан реттеудің, басқарудың өзіндік қалыптасқан нысандары бар. Атап айтқанда:
-банктердің шетелдермен байланысы қызметінің шеңберін шектей білу
-ішкі және сыртқы қарым-қатнастардағы қызметтің өзара ықпалының салдарын айқындау, шектеу
-ұлттық банктің халықаралық банк консрциумдарымен қарым-қатнасын реттеу, басқару болып табылады. Осы аталған міндеттер мемлекеттік органдар арқылы, өзара сыйластық, ынтымақтастық негізде қадағалау, бақылау міндетін жүзеге асырады. Қай елде болмасын экономикалық дамуға байланысты міндеттер әрқашан қаржының қажет екенін алға қояды. Сонда қаржыны молайтудың ресурсы болмаған жағдайда не істеу керек? Міне, осындай қаржыға мұқтаждық жағдайында мемлекет-басқа бір шет елдерден қарызға қаражат алады. Экономикалық түсінікте бұл экспорттық несие деп аталады, бұл мемлекет шет елге тек өз тауарларын ғана емес, басы артық қаржысын да шығарады деген сөз. Сонымен, дүние жүзінде 70-жылдардан бастап дүниежүзілік нарыққа экспорттық несие шығару өріс алды. Экспорттық несие мемлекет қоры есебінен, сол сияқты жеке меншік банк, фирма қаражаттары есебінен құралады.
Экспорттық несие берудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мемлекет тарапынан берілетін экспорттық несие жағдайында сауда-саттық саласында тауарлар, машина, құрал-жабдықтар сатылатын нарықта басымдылық алу мақсаты көзделеді. Сондықтан, мемлекеттер экспорттық несие жөнінде өзара қақтығыстарға жол бермеу, несие беру, несие алу ісін түсіністікпен, экономикалық өзара тиімділікпен жүргізу үшін келісім-шарт жасау әдісін қолданады. Осы шартта несие алу –беру ісін дұрыс ұйымдастыру, пайыздық ставка мөлшерін жарты жыл өткен сайын төмендету, несиені қайтарудың мерзімін дәл анықтау, несиеге қатысты жеңілдіктер беру мәселелері нақты көрсетіледі. Экспорттық несиенің осындай ерекшеліктеріне қарай несие алушы елдер үш топқа бөлінген. Ол елдер өзінің кірісі деңгейіне қарай – кірісі төмен, кірісі – орташа, кірісі – жоғары деп аталады. Осыған сәйкес ұлттық кірісі төмен елдерге несие төмен пайыздық ставкамен, ал кірісі жоғары елдерге-жоғары пайыздық ставкамен беріледі. Экспорттық несие алушы елдер осы белгіленген тәртіпті берік ұстауға басты назар аударып отырады.