Смекни!
smekni.com

аржы нары ы ж не делдалдар (стр. 21 из 34)

- биржа өз клиенттеріне құнды қағаздарға байланысты жұмыс атқаруға қажетті сауда алаңын беру;

- құнды қағаздармен сауданы ұйымдастыру;

- құнды қағаздарға арнап баға белгілеуді жүзеге асыру;

- биржа өз тарапынан өз мүшелеріне қызмет көрсету;

- биржа өз қызметіне сәйкес талдамалық мақсатта зерттеулер жүргізу;

- құнды қағаздар нарқында субъектілер арасында құқықтық қатынастар негізінде есеп айырысуды жүргізу;

Бираның басқару органдары да құрылды . Ол органдар:

- биржаның жоғарғы басқару органы – акционерлердің - жалпы жиналысы;

- байқаушы орган – биржа кеңесі (байқаушы кеңес);

- орындаушы орган – басқарма ;

- бақылаушы орган - түгендеу комиссиясы.

Қор биржаның бүкіл ұйымдық шаралары заңда белгіленген ережелерге сәйкес жүргізілуде. Мысалы, құнды қағаздар бойынша сауда ұйымдастыру ауыкциондық нысанда атқарыларды. Дүние жүзінде аукциондар ұйымдастырудың бірнеше нысандары қалыптасқан. Айталық, қарпайым аукцион – сұраныс пен ұсыныстың шағын көлемі жағдайында ұйымдастырылады. Мұнда құнды қағаздарды сатушы мен сатып алушылар өздеріне пайдалы ұсыныстарды анықтау үшін ынталы болады.

Ағылшындық аукционда бәсекелестік жағдайда сатып алушы бағаны әдейі арттыра беруге ынталы, сол арқылы ол бастапқы бағаны жоғары деңгейге өзгерте береді.

Голландық аукционда - сату өрісінде ең алдымен ағымдағы баға орнына ең жоғарыбаға аталады. Егер сол баға бойынша алушы болмаса, онда оны біртіндеп кемітуге мәжбүр болады.

Сырттай өткізілетін аукционда сатып алушылар бағалық мөлшерлемені бірмезгілде атайды, кейін саудаласу кезінде құнды қағаздар бір тоқтамға келген баға бойынша сатылады.

Тәжірибеде, қарапайым аукцтонда бәсекені сатушылар, әйтпесе сатып алушылар ұсынады. Бұл шара дамыған қаржы нарқында аса тиімділікке қол жеткізбейді. Сондықтан қарапайым аукцион баға бағамының өрісіне қарай қосарландырыла ұйымдастырылатын аукциондық әдіске көшіріледі. Бірақ бұл әдіс нарық жағдайына әрқашан тиімді бола бермейді. Сауда өрісін қалайда ұтымдылыққа қол жеткізу үшін түрліше әдістер қолданылады. Мысалы, нарық жүйесінде бір дүркінді немесе талап етушілік деп аталатын аукцион түрі бар. Бұл әдіс саудада өтімділік төмендеген кезде қолданылады. Сол сияқты үздіксіз ұйымдастырылатын аукцион кезінде ұсыныстар тіркелетін кітаптағы мәліметтер пайдаланылады.

Қор биржасы құнды қағаздармен көтерме сауда жүргізетін буын болғандықтан, Қазақстанда биржаның экономикалық қатынастарда тиімділікті күшейту бағыты ұстанған. Қазір Қазсқатанда құнды қағаздардың қарыздық құнды қағаздар, таратылатын құнды қағаздар, үлесті құнды қағаздар, туынды құнды қағаздар сияқты түрлері бар. Қазсқатанда құнды қағаздар нарқы біртіндеп дамытылуда.

Дүние жүзінде құнды қағаздар акцияларның нарқы жүйесінде бірінші орында АҚШ тұр. Мұнда осы нарық 1939 ж. құрылғын. Нарықта реттеушілік, бақылаушылық тәртіп нығайтылған. АҚШ-та коммерциялық банктердің құнды қағаздар бойынша сауда жүргізуіне аранай актімен шек қойылған. Өйткені бұрынғы шығарылған, қосымша шығарылған акцийялардың беделі, рөлі бірдей болады.

Ұлыбританияда акциялар жөніндегі нарық АҚШ пен Жапониядан кейін үшінші орында. XIX ғасыр басында Еуропада өнеркәсіп төңкерісінен кейінгі дәуірден бері қалыптасқан акционерлік қоғамдардың Англияда ұзақ тарихы бар. Соның өзінде ағылшындардың тек 5 пайызға жуығының ғана акция алады екен. Керісінше, қор сақтық компанияларының, жеке меншікті зейнеткерлік қорлардың, қор басқарушы топтардың үлесінде. Ұлыбританияда акциялар үшін екінші деңгейдегі нарық әрекет етуде. Бұл нарық "Баламалы инвестициялық нарық" (АІМ) деп аталады.

Жапония акциялармен сауда – саттық жөнінде әлемде екінші орында. Мұнда аса ірі биржалар Токио, Осака қалаларына орналасқан. Осы екі биржа арасында бәсекелестік өте-мөте күшті. Жапония құнды қағаздар жөнінде дүние жүзінде ең ірі фирмалары бар ел ретінде мақтана алады. Токио қор биржасының "Екінші секция" деп аталатын екінші деңгейдегі нарық жүйесі бар. Жапония өз акцияларын шетелдерге шығармайды. Сондықтан шетелдік инвесторлар өз акцияларын Жапон сейфтерінде сақтауға келісім жасасады.

Германияда акциялық нарық соңғы жылдары өріс ала бастағанына қарамастан мүмкіндігі әлі шамалы. Неміс инвесторлары акциялардың тәуекелділік сипатынан гөрі, қарыз қағаздарға сенісділігі жоғары.

Ресейде қазіргі кезеңде жекешелендірілген кәсіпорындардың акциялары екінші орында. Ал мемлекеттік құнды қағаздар нарықта жетекші үлеске ие болған.

Әлемнің ірі елдерінде акциялар нарқының ерекшеліктері осындай.

Құнды қағаздар түріндегі инвестиция, бұл қаржылық инвестицияның өзіндік бір түрі. Бұл қосымша ақша табуды көздеген жәй. Ал құнды қағаздар бойынша алынатын кіріс дидвидент (үлес) және бағамдық құнның өсімі арқылы қалыптасады. Осыған қатысты қағаздардың кірістілігі, яғни пайда келтірушілік рөлі де белгілі болады. Құнды қағаздардың кірісін нақты пайымдау үшін нақты мысал келтірейік.

Купонмен шығарылған құнды қағаздар өз иелеріне тиісінше кіріс келтіреді. Ол кіріс құнды қағаздың тіркелген кезіндегі құнының тиісті пайызы түрінде алынады. Мұндай жағдайда кіріс купондар бойынша төленеді. Егер құнды қағаздың купондық мөлшерлемесі белгілі жағдайда, кірісті төмендегіше есептеп шығаруға болады.

Кіріс осы есептеу нәтижесіне орай төленеді.

Әдетте, құнды қағаздар әрқашан купонымен бірге шығарыла бермейді. Егер құнды қағаздар купонсыз шығарылса, олардың бағасы алғашқы таратылуында нақты құнынан төмен деңгейде белгіленеді. Сонан эмитент құнды қағазды бастапқы құны бойынша сатады. Сондықтан құнды қағаздың сатылған бағасы мен алғашқы инвестор сатып алған бағалар арасында айырма қалыптасады. Осы айырма дисконт деп аталады, бұл инвестордың кірісін құрайды.

Акциялар бойынша кіріс дивидент түрінде төленеді.

Тек тиімділіктің әрекет жөнінен айтқанда құнды қағаздар мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жоюға үлкен үлес қосты. Сондықтан да менеджерлер нарықтық экономикада шаруашылық жүргізудің жаңа тұрпатты әдістерін қарқынды дамытып отырған жекешелендірілген кәсіпорындардың қаржы саласындағы, оның тиімділігін арттыру ісіндегі тәжірибелерін зерттеп, менеджменттік практикада сол игілікті шараның кең өріс алуын белсенді түрде ұйымдастырушылары болуға тиіс

Қаржы нарығының делдалдары.

Қаржы нарығындағы делдалдардың қызметі қандай?

Бағалы қағаздармен жасалынатын операцияларды жүзеге асыру негізгі міндеттеріне кіретін инвестиция инстстуттары, сондай – ақ мемлекеттік атқару органдары қор биржасына мүше бола алады. Олардың тапсыруы бойынша құнды қағаздарды сатып алу және сатуды делдалдар мен дилер атқарады.

Делдалдар қанша түрге бөлінеді?

Қаржы нарығындағы делдалдар 2-ге бөлінеді. Брокерлер мен дилерлер.

Брокер – мәліме жасау барысындағы тапсырма бойынша белгілі бір төлем ала отырып, жұмыс істеді. Қазіргі жағдайда делдалдық операцияларды банктермен тығыз байланысы бар делдалдық фирмалар жүргізеді.

Дилер – құнды қағазды сатып алу және сатумен өз атынан және өз есебінен айналысатын делдал, бұлар жеке фирмалар, банк, жеке адамдар, қор биржасы мүшелері.

Бұған дейін көрсетілгендей, өндірушілер өінің өнімдерін клиенттер типіне және өнімнің түріне байланысты өздері жеткізеді немесе өткізуді ішінара не тұтастай делдал – дистербьюторларға сеніп тапсырады.

Делдал – дистербьюторлардың қажетілігіне не туады?

- клиенттер ауқымына және мұқтаждықтарына қатысты әр түрлі: ауқымды мұқтаждығы бар ірі клиенттер және мұқтаждығы әр түрлі кішігірім, орташа клиенттер ( автокөлігіне жабдықтар өндірушілер: аккумуляторлық батареялар, шамдар, тіркегіштер, тежегіштер, стартерлер) бірінші жинақтау нарығында ірі клиенттермен және жөндеу рыногінде (гараждар, механикалық цехтар, бөлшек сауда) көптеген кішігірім клиенттермен жұмыс істейді;