Смекни!
smekni.com

аржы нары ы ж не делдалдар (стр. 23 из 34)

Биржаның негіз қалаушы қағидаты бағалы қағаздар бағалы рыногінің өтімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Қор биржасы бағалы қағаздар рыногінің субъектісіне келтірілген залалдардың орнын толтырады және оған өз жарғысын, биржалық сауда ережелерін бұзған немесе коммерциялық құпияны жария еткен жағдайда заңнамаға сәйкес жауап береді.

Қазақстанның қаржы нарығының даму стратегиясы

1. Қазақстан Республикасында қаржы нарығының негізгі бағыттары

2. Инвестициялық салымдарды ынталандыру

3. Қаржы нарығын дамытудың мемлекеттік қолдауы

Қаржы нарығы қалай қалыптасты?

ХХ ғасырдың 90-жылдарында қаржы нарығының әрбір сегментінің дамуы басқаларынан бөлек жүрді және өзіндік бағдарламалық құжаттармен реттелді. Құнды қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және банктік сектордың дамуының жекелеген бағдарламалары болды. Экономиканың қалыптасу кезеңінде мұндай әрекет тиімді және сенімді болды, өйткені қаржы нарығы сегменттерінің даму деңгейі едәуір ерекшелендіжәне олардың әртүрлі реттеу органдары болды.

1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының егемендігін жариялаған күніне құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының басқа да секторларына қарағанда мүлде болмады. Басқаша болу мүмкін де емес еді, өйткені берілген нарықтың объектілерінің өздері - құнды қағаздар – басымды құқықтарды растайды, өз иелерінің жеке меншік құқығы социалистік шаруашылық кезеңінде жүзеге аса алмады. Сондықтан, сол кезде заңнамалық база, жаңадан құрылған акционерлік қоғамдар және нарықтың қатысушылары мүлде стандартқа сай болмады, соңғыларының шегі заңнамаға сәйкес брокерлер және қор биржасымен ғана шектелді.

Қысқа мерзімде мемлекетпен құнды қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы үшін өзінің мәні және сапасы жағынан үлкен жұмыс жүргізілген болатын. 1991-1994 жылдары мемлекеттік кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру және акционерлеу кезеңі тәуелсіз регистрлардың дамуы мен көптеген акционерлік қоғамдардың құрылуына алғышарт болды.

Осымен қатар, нарықты мемлекет тарапынан реттеу де жетілдірілді – құнды қағаздар нарығын реттеу бойынша өздігінен қызмет ететін өкілетті орган ретінде құнды қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық комиссиясының 1994 жылы құрылуымен оның дамуы бойынша барлық стратегиялық міндеттер кешенді түрде шешіле бастады.

Нәтижесінде 1997 жылдың аяғына қазақстандық құнды қағаздар нарығында инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау бойынша шаралардың кешенін қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің ережелеріне негізделген кеңейтілген заңнамалық база әрекет еткен. Сол кезде өкілетті органның тиянақты жұмысының арқасында құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен орталық депозитарий құрылған болатын, оның құрылуымен базалық институционалдық және техникалық инфрақұрылымның құрылуы аяқталды. Оның негізгі әлемдік талаптарға сай болғандығын ерекше атап өту керек.

2001 жылдың сәуірінің аяғында Құнды қағаздардың ұлттық комиссиясы “Қазақстан Республикасының құнды қағаздар нарығы инфрақұрылымының қызмет ету тиімділігін жоғарылату бойынша шаралар туралы” Үкім дайындады. Бұл Үкім мемлекеттік құнды қағаздар нарығында андеррайтер ретінде қызметті банктермен жүзеге асыруға, сондай-ақ мемлекеттік емес құнды қағаздарды шығаруын және орналастырылуын дайындау бойынша эмитенттерге кеңестік және басқа да қызметтерді көрсетуге шек қоюды қарастырды.

Қаржы нарығының негізгі бағыттары қандай?

Қор нарығының негізгі даму бағыттары болып табылатындар:

- инвестициялық және пайлық қорлардың пайда болуы мен қалыптасуына жағдай жасау;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының, КУПА, кастодиан-банктердің және сақтандыру компанияларының қызметін мемлекет тарапынан реттеу жүйесін жетілдіру;

- сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының қызметінің мемлекет тарапынан реттелуін жетілдіру, соның ішінде сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерін инвестициялаудың ережелері;

- акционерлік қоғамдардың қызметін реттеу бойынша нормативтік базаны жетілдіру;

- салық заңнамасын жетілдіру;

- құнды қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, құнды қағаздармен жасалатын саудаларды ұйымдастырушылардың және лицензиялар мен рұқсат қағазадары негізінде құнды қағаздар нарығында қызмет атқаратын басқа да ұйымдардың қызметін реттеуді жетілдіру.

Халықаралық қаржы-валюталық және несиелік қатынастар аясындағы стратегиялық міндет – теңгенің ішкі және сыртқы айналымдылығына қол жеткізу болып табылады.

1995 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасында Алматыда ашылған “Teletrade P.J. Int'l Ltd” компаниясының дилинг-орталығы арқылы халықаралық валюта нарығына (FOREX) шығу мүмкіндігі пайда болды.

Компания клиенттері ретінде АҚШ долларына (әлемдік резервтік валюта ретінде USD), ағылшын фунт-стерлингіне (STG), жапон иенасына (JPY), швейцариялық франкке (SFR) және евроға (EUR) салыстырмалы түрде айналатын төрт валюта бойынша “нақты уақыт” режимінде келісімдерді (“спот” операциясы) жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Қаржы нарығының келесі дамуының негізгі бағыттары болып табылатындар:

- нарыққа жаңа қаржы құралдарын енгізу, бұл қаржы нарығының қатысушыларының қаражаттарын тиімді тартуға мүмкіндік береді және ең алдымен елдің индустриалдық саясаты шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін шығарылатын құнды қағаздарды, сондай-ақ тәуекелдерді хеджирлеу үшін туынды қаржылық құралдарды қоса алғанда жинақтаушы зейнетақы қорларының қаражаттарын тартуға мүмкіндік береді;

- сәйкесінше қабылданған заңдарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы валюталық режимді либерализациялау бойынша шаралардың жүзеге асырылуын жеделдету;

- елдің индустриалдық саясатымен сәйкестігін қамтамасыз етудің және аймақтық даму есебімен Қазақстан Республикасының қаржы секторының даму концепцияларының қабылдануын жеделдету;

- қаржы нарығында бәсекелес ортаны қамтамасыз ету және оған клиенттердің түрлі категориялары мен тұрғындардың барлық қатарларын тарту, соның ішінде банктік емес қаржылық институттардың , пошта-жинақтаушы жүйенің және қағаздар нарығындағы трансфер-агенттердің желілерінің дамуы арқылы қамтамасыз ету.

Экономиканың нақты секторын дамыту және бекітуде банктердің рөлін жоғарылату және олардың қызметінің интенсификациясының негізгі көрсеткіштері болып шағын және орта бизнесті несиелеу бағдарламаларын жүзеге асыруда Қазақстанның алдыңғы қатарлы банктерінің белсенді қатысуы табылады.