Дүниежүзілік валюталық жүйе – дүниежүзілік шаруашылықтың дамуы негізінде қалыптасқан және мемлекетаралық келісім шарттарымен бекітілген халықаралық валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Ұлттық валюта жүйе мен дүниежүзілік валюталық жүйе өзара тығыз байланысты. Бірақ бұл ұғымдар бір тұтас емес, себебі олардың міндеттері, қызмет етулері және реттеу шарттары, жекелеген елдер экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа ықпал етуі әртүрлі болып келеді. Дүниежүзілік валюталық жүйені ұлттық валюталық жүйемен байланыстыратын, яғни валюталық қатынастарға қызмет көрсететін және реттейтін, мемлекетаралық валюталық зерттеулерде және валюталық саясатты шоғырландыруда негіз болатын ұлттық банктер болып табылады.
Дүниежүзілік валюталық жүйені мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасы жетекші елдердің мүдделігімен және дүниежүзілік аренадағы күштердің орыналастырылуымен, өндірістің және дүниежүзілік сауданың дамуымен анықталады.
Аймақтық валютадық жүйе – валюталық бағамның ауытқуын азайту және интеграциялық процесті ынталандыру мақсатында бірлестікке мүше елдердің валюталық қатынастарын мемлекеттік – құқықтық ұйымдастыру формасының және экономикалық интеграция шегінде валютаның қызмет етуімен байланысты қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардағы қолданып жүрген негізгі түсініктемелер.
Валюталық реттеу – заңмен қарастырылған, валюта заңдылығының сақталуын бақылау мен санкция қолдану, ақпараттар жиынтығын айтамыз.
Валюта – мемлекеттің заңды құралы ретінде пайдаланатын ақша бірлігі.
Ұлттық валюта – ҚР валютасы
Шетел валютасы – шет мемлекеттердің валютасы
Резиденттер – ҚР азаматы
Бейрезиденттер – шетел азаматтары
Ваюталық құндылықтар – шетел валютасы;
- құймадағы аффинирленген алтын;
- бағалы қағаздар, төлем құралдары /номиналы мен құны шетел валютасында көрсетілген /
валютлық операциялар – меншік құқының валюта құндылықтарына көшу операциялары және төлем құралы ретіндегі шетел валютасының қолдану операциялары;
- меншік құқының және басқа да құқықтардың валюта бағамына көшуіне байланысты келісім – шарт;
- меншік құқығы мен басқа құқықтардың ұлттық валютаға ауысуымен байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің келісім шарты. Сонымен қатар бағалы қағаздар мен төлем құралдардың ұлттық валютада номиналымен құны көрсетіледі.
Валюталық оперциялар – ағымды операциялар және капитал қозғалысымен байланысты операциялар болып бөлінеді.
Ағымды операциялар – экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен аспайтын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;
- 180 күннен аспайтын несиені алу мен жеткізу;
- дивидендті алу мен аудару, депозиттерден, инвестициядан, ссудалық және басқа да операциядан түсетін кірістер мен сыйақылар;
- сауда – саттыққа арналмаған гранттар аударылуы,мұрагерлік сомасының аударылуы, еңбек ақы, зейнетақы, алимент т.с.с.
- капитал қозғалысымн байланысты, қазіргі заңға қатысы жоқ операциялардың барлық түрі;
- капитал қозғалысымен байланысты операциялар;
- инвестициялар;
- мүліктік құқық пен төлем ақыны қозғалмайтын мүлікке аудару;
- 180 күннен асатын несиені алу мен жеткізу;
- экспортты-импортты келісім-шарттың 180 күннен асатын несиелендірумен байланысты есеп айрысу;
Уәкілетті банктер – валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар банк. Валюталық операцияларды жүргізу үшін – ҚР Ұб /нен лицензия алып, талаптарын орындау керек.
Уәкілтті мекемелер – валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар, ҚР Ұб талаптарына сай келетін банктік операциялардың ерекше түрін іске асыратын – заңды тұлға.
Айырбас пункттері – ҚР Ұб лицензиясы бар, қолма – қол шетел валютасымен айырбас операцияларын жүргізетін арнайы жабдықталған орын.
Ашық ваюталық позиция – шетел валютасындағы банктердің міндеттемелері мен сұраныстары арасындағы айырмашылық
Валюталық реттеу органдары:
1. ҚР-дағы валюталық реттеудің негізгі органы – ҚР Ұб болып табылады, яғни ол ҚР талаптарына сәйкес ваюталық қызметін атқарады.
2. ҚР Үкіметі мен басқа да мемлекеттік органдар ҚР талабына сай валюталық реттеуді өзінің жасырындылығымен шектеу түрінде заңға лайықты етіп іске асырады.
Валюталық операциялрды жүргізуді шектеу / шек қою /
1. Халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында және кездейсоқ жағдайлар туындағанда ҚР Президенті кез – келген валюталық операцияларды тоқтатуға және шектеуге шешім шығаруға толық құқылы.
2. ҚР Ұб экспортты валюта пайдасының міндетті сатылу тәртібі және резиденттердің валюталық төлем экспортты операциясын тоқтатуға құқылы.
Есептер жинағы.
Білімгерлерге қаржы нарығы туралы тапсырмалары.
1-тапсырма.
Берілгені:
Банк қаржылық көмек көрсету мақсатымен еншілес кәсіпорынға 3 жыл мерзімімен жылдық 20%-ға 10 млн теңге сомасында ссуда берді.
Шарты: Несие мерзімі – 3жыл.
Несие пайызы – 20%.
Ссуда сомасы – 10 млн тг
Пайыздары жай..
Есептеу керек: 3 жылдан кейін несиені қайтару сомасын және банк табысын анықтаңдар.
2-тапсырма.
Берілгені:
10 млн теңге мөлшеріндегі несие наурыздың 2-нен желтоқсанның 11-не дейін жылдық 85%-бен несие берілді.
Шарты: Несие сомасы – 10млн тг.
Жылдық пайызы – 85%.
Есептеу керек:Түрлі нұсқалар үшін өскен сома мөлшерін анықтаңдар:
а) ссуданың нақты күнімен нақты пайыздар жағдайында;
ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым пайыздар жағдайында;
б) ссуданың жақындаған күндер сомасымен қарапайым пайыздар жағдайында.
3-тапсырма.
Берілгені:
20 млн теңге мөлшеріндегі несие 3,5 жылға беріліп отыр. 1 жылға жай пайыз мөлшерлемесі 90%, ал әрбір жарты жылдықта ол 5%-ға азаяды.
Есептеу керек: Көбейген соманы анықтаңдар.
4-тапсырма.
Берілгені:
Фирмаға жылдық 120% пайыз мөлшерлемесімен жай пайыздарға қаңтардың 3-нен наурыздың 12-не дейінгі мерзіммен банктік несие берілді. Несие сомасы- 80 млн теңге.
Шарты: Пайызы – 120%.
Несие сомасы – 80млн тг.
Есептеу керек: Үш тәсіл бойынша көбейту коэффицентін және көбейген соманы анықтаңдар:
а) ссуданың нақты күндер санымен нақты пайыздар;
ә) ссуданың нақты күндерімен қарапайым пайыздар;
б) ссуданың жақындатылған күндер санымен қарапайым пайыздар.
5-тапсырма.
Берілгені:
Жинақ банкі 48 пайыз мөлшерлемесімен ²талап еткенге дейін² салымдар қабылдайды. Пайыздары жай. Бір жылда- 365 күн.
Шарты: Салым пайызы – 48%.
Салым сомасы – 4,5 млн тг.
Есептеу керек: Қанша күннен кейін 4,5 млн теңгелік салым 5 млн теңгеге дейін жетеді.
6-тапсырма.
Берілгені:
Егер жылдық 80% жай пайыз мөлшерлемесі қолданылған жағдайда 25 млн теңге мөлшеріндегі алғашқы капитал 40 млн теңгеге дейін өсетін есептеу кезеңін анықтаңдар.
7-тапсырма.
Берілгені:
Клиент көбейген сома 10 млн теңгеден кем болмау мақсатымен 3 айға 8 млн теңге сомасында банкке ақша салуды қалайды.
Есептеу керек: Жылдық пайыздық мөлшерлеме қандай болуы керек!
8-тапсырма.
Берілгені:
24 млн теңге мөлшеріндегі алғашқы капитал жарты жылдан кейін 30 млн теңгеге жететін жай пайыздық мөлшерлемені анықта.
9-тапсырма.
Берілгені:
Кәсіпорынның банкпен келісіміалғашқы жылы кәсіпорынның жылдық 20%-ның төленуін қарастырады. Әрбір жарты жыл сайын 1 пайыздық пункте , яғни 1%-ға жоғарылайды. Келісім мерзімі 2,5 жыл. Несин сомасы 5 млн теңге.
Есептеу керек: Пайыздары ссуданың жақындатылған мерзімімен қарапайым. 2,5 жылдан кейін қарызды қайтару сомасын анықтаңдар.
10-тапсырма. Кәсіпкер 55 күн мерзімімен 200 мың теңге көлеміндегі ссуда алу үшін банкпен хабарласты. Банк 80%-ға тең жай есептік мөлшерлеме бойынша пайыздарды көбейту шартымен көрсетілген соманы беруге келісті. Бұл жағдайда қарыздың қандай сомасы вексельде көрсетілген болады.