Смекни!
smekni.com

Инфляцияны леуметтік зардаптары (стр. 10 из 11)

3.2 Қазақстан Республикасының инфляция салдарларының алдын алуға бағытталған 2009-2010 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары

2008 жылы 10 қарашада Премьер- Министр Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен Үкіметте болып өткен селекторлық кеңесте қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық ахуалының үш маңызды факторына нақты да толымды сипаттама берілген болатын.

10 қарашадағы жағдай бойынша еліміздегі инфляция деңгейі 8,8% пайызды құрап отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 4,6% пайызға төмен. Инфляцияның болжамды мөлшері үстіміздегі жылдың аяғына дейін 10 пайыздық межеден аспайды. Бұл ТМД мемлекеттерінің ішіндегі ең төменгі көрсеткіш. Саралап айтар болсақ, үстіміздегі жылғы қазан айындағы мәлімет бойынша, инфляция деңгейі Ресейде 10,6% пайыз, Қырғызстанда 15,6%, Беларусьте 9,4%, Украинада 16,1% пайыз болған. Сондықтан еліміздегі бұл саладағы жағдай басқалардан әлдеқайда тәуір болады деп айтуға толық негіз бар.

Үкімет еліміздегі жанар-жағармайдың бағасын едәуір төмендетуге қол жеткізді. 1 қарашадан бастап 1 литр А-80 маркалы бензиннің бағасы – 60 теңгеге; АИ - 92\93 – 87 теңгеге; АИ - 95\97 – 100 теңгеге дейін арзандатылды. Қысқы дизель отынының 1 литрі 94 теңгеге дейін төмендетілетін болады.

Осы мерзім ішінде елімізде азық-түлік бағасы 9,5 пайызға көтеріліп, еліміздегі инфляцияның жалпы өсуіне 3,9 пайыз әсер еткен. Азық-түлік емес тауарлар 6,5 пайызға артып, жалпы инфляцияның өсуіне 2,1 пайыз әсер еткен. Солай бола тұрса да 4 қарашадағы мәлімет бойынша бірқатар тауарлардың бағасы атап айтқанда, картоп - 4,5 пайызға ( 64 теңге ), сиыр еті - 8,5 ( 573 теңге ), қой еті - 5,6 (594 теңге), күнбағыс майы - 3,9 ( 318теңге), қант - 2,6 ( 113 теңге ), ұнның бірінші сорты - 1,2 пайызға ( 80 теңге ) төмендеген. Ал қырыққабат - 4,3 пайызға, жұмыртқа - 4 пайызға, «Ақмаржан» 1,04 пайызға қымбаттаған.

Тұтыну тауарларының төмен бағасы – Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында ең қымбат баға – Астана, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында көрініс тапқан. Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін және олардың бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Үкімет тұрақты үнемі мониторинг өткізіп отырады. Онда ішкі рыноктағы және шеттен келетін азық-түлік тауарларының бағасы сараптаудан өткізіледі. Ол үшін арнаулы жұмыс тобы құрылған. Жыл басынан бері бұл жұмыс тобының алты жиналысы өтті. Еліміздің барлық өңірлерінде маңызды азық-түлік тауарларының, оның ішінде өсімдік майы, қант, күріш және ұнтақталған сүттің жеткілікті қоры жасалған. Биыл өсімдік майын өндіретін дақылдардың шығымы 160 мың тоннаны құрады. Бұл еліміздің өсімдік майына деген сұранысының 80 пайызын ғана қанағаттандырады. Қызылорда облысында 310 мың тонна күріш жиналды. оның 130 мың тоннасы азық түліктік сорт. Бұл еліміздің күріш дақылына деген сұранысын толық қамтамасыз етуге жетеді. Еліміз бойынша 1,8 миллион көкөніс, 1,9 миллион тонна картоп жиналды. Мал шаруашылығы өнімдері бойынша да жағдай тұрақты. Үстіміздегі жылы барлық мал түліктерінің өсімі 4 - 5 пайызды құрады.

Инфляцияға қарсы күреске барлық өңірлердегі ӘКК-лер белсенді ат салысуда. Олар өңірлерге көкөніс тауарларын жеткізу және жылыжайлар мен көкөніс қоймаларының құрылысын салуға қатысатын болады. 2008-2009 жылдары ӘКК-лердің қатысуымен жалпы сыйымдылығы 34,9 тонна болатын 10 көкөніс қоймалары салынып, пайдалануға беріледі. Сонымен бірге Қазақстанда экспортқа шығарылатын шикі мұнайға салынатын баж салығын 210 АҚШ долларынан 139 долларға дейін, экспортқа шығарылатын мазутқа салынатын баж салығын 130 доллардан 95 долларға дейін төмендету көзделіп отыр.

2007 жылдың екінші жартысында басталған әлемдік қаржы рыноктарындағы тұрақсыздық Қазақстанның даму қақынына әсер етті. Бұл отандық банктердің сырттан қаржылық ресурстарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуіне, демек, ішкі экономиканы несиелеу көлемінің қысқаруынан көрінді. Бұдан басқа, әлемдік азық түлік тауарлары рыногындағы бағаның шапшаң көтерілуі салдарынан экономикаға инфляциялық қыспақты едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Каржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік қаржы және тауар рыноктарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы жүйесінің шеңберінен шығып, нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Содан барып әлемдік экономиканың өсу қарқынының едәуір және соның салдары ретінде тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалды.

Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде қосымша жаңа шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс қимыл жоспары Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды.

Жоспардың мақсаты Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға жаһандық дағдарыстың теріс салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.

Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

1. Қаржы секторын тұрақтандыру.

2. Жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу.

3. Шағын және орта бизнесті қолдау.

4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту.

5. Инновациялық, индустриалдық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

Жобаны қаржылық қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары ( 1 200 млрд. теңге ) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болады.

Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі «Самұрық-Қазына әл-ауқат қоры және ҚазАгро ұлттық холдингі осы қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Жоспарды іске асыру бойынша негізгі оператор болып «Самұрық-Қазына» қоры шығатын болды. Ол үшін үкімет «Самұрық-Қазына қорын 607,5 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыруды жүзеге асырды.

2007-2008 жылы қабылданған шараларға келер болсақ ағымдағы жылдың 9 айы ішінде ЖІӨ-нің өсуі шамамен 4%- ды, жұмыссыздық деңгейі 7%-ды құрады және тұтыну бағаларының өсуін тұрақтандыру мүмкін болды.

Экономикалық өсу қарқынының төмендеуі жағдайында Үкімет контрциклдық бюджет саясатын, ал Ұлттық Банк – жағымды ақша–кредит саясатын жүзеге асыратын болады. Алайда экономика мен қаржы секторын тұрақтандыру шамасына қарай ақша-кредит және фискалдық саясаттар макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, оның ішінде, инфляцияның төмен қарқынын ұстап тұру мақсатында қаталдандыратын болады. Мысалы, Үкіметтегі отырыста Ұлттық Банк басшысы Әнуар Сәйденов мәлімдегендей, Қазақстанның тұтыну рыногындағы ахуал инфляцияның бәсеңдеп келе жатқанын көрсетеді. Бас банкирдің айтуына қарағанда, осы үрдіс ағымдағы жылдың соңына дейін сақталып, келер жылы да жалғаспақшы. Мұндай ахуал Ұлттық Банкке инфляцияның жылдық көрсеткішін 10 пайыздан асырмауға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, 2009 жылы инфляцияны 7,5-9,5 пайыз деңгейінде, 2010 жылы 7-9 пайыз деңгейінде ұстап тұруға әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылғы 10 айда инфляция деңгейі 8,8% -ды құрады, мұның өзі 10%-дан аспайды деген болжамға сәйкес келді.

Жалпы алғанда тұрақтандыру шараларын жүзеге асыру арқылы еліміздің экономикасы 2 172 млрд. теңге көлемінде қосымша мемлекеттік қолдауға ие болады. 2007-2008 жылдары қолға алынған іс шаралардың және экономиканы тұрақтандыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған жоспарды орындаудың нәтижесінде Қазақстанда ЖІӨ нің өсімі 2009-2010 жылдарда 1-3 пайыз деңгейінде тұрақтайды деген болжам бар. Жоспарға сәйкес, 2009-2010 жылдардың соңына қарай инфляцияның деңгейі 7-9 пайыздан, жұмыссыздықтың деңгейі 8 пайыздан көтерілмейді. /20./