Смекни!
smekni.com

Инфляцияны леуметтік зардаптары (стр. 6 из 11)

Егер антиинфляциялық саясат тәжірибесіне тікелей назар аударсақ, онда әр түрлі дамыған да, дамушы да батыс елдеріндегі жоғары инфляциямен күрестің басым көпшілік мысалдары олардың бұл жолда аралас бағдарламаларды пайдаланғандығын көрсетеді. Бұнда ортодоксалды да, гетеродоксалды да бағдарлама шаралары үйлесім тапқан.

Ресейлік реформаны, әдетте, қаржы тұрақтылығының ортодоксалды типімен байланыстырады. Сонымен қатар гетеродоксалды сипатқа ие шаралар да қолданылған. Олардың кейбірі ашық сипат иеленді (энергоқорлар, темір жол транспорты, коммуналдық қызмет, т.б. бағаларын біртіндеп жіберу; 1994 жылға дейін еңбекақыны арттыруға салынатын салықтың өмір сүруі; бюджеттік ая жұмыскерлерінің жалақысы бойынша біртұтас тарифтерді енгізу); басқалары көбіне-көп әлеуметтік тұрғыдан зиянды сипат (бағаларды ырықтандыру нәтижесінде халықтың ақшалай салымдарының құнсыздануы, жалақының жаппай төленбеуі) иелене отырып, жанама түрде іске асырылды.

Инфляцияны ауыздықтаудың қажеттігі бюджет-салық және ақша-несие саясатын қатайтуды талап етті. Осымен сәйкес 1995 жылдың ортасынан бастап валюталық дәліз орнату жолымен рубльді долларға бір жақты байлап қою режимі енгізілді, бұл сол кезде елдегі инфляциялық күтілімді шектеуге мүмкіндік берді.

Бұндай бағам саясаты 1997 жылғы қарашадағы қаржы дағдарысына дейін жүргізілді, бұл кезде резидент еместердің мемлекеттік бағалы қағаздар құнын елеулі түрде түсіруі, ал кейіннен банк жүйесіндегі еркін ақша құралдарының шапшаң көтерілген деңгейі шетелдік валютаға сұраныстың тұрақты да айтарлықтай ұлғаюына алып келді. Сол кезде Ресей Банкі ішкі валюталық нарыққа интервенция жасау көмегімен айырбас бағамы деңгейін қолдауға мәжбүр болды.

1998 ж. тамыз айынан бастап Ресейде бірінші орынға өте қиын міндет, яғни дефолттың дефолт-юреге айналуына жол бермеу мәселесі шықты. Бұл жағдайда Ресей Банкі үкіметпен келісе отырып, қалқымалы айырбас бағамы саясатын қабылдады.

Ресейдегі 1998 ж. 17 тамыз оқиғасы қаржы дағдарысы мен қаржы нарығының жекелеген сегменттерінің тепе-теңдігінің бұзылуы кезінде мемлекеттің тек жекелеген нарықтық құралдар көмегі арқылы ақша-несие саласында жүріп жатқан үдерістерді басқару бойынша мүмкіндіктері жағдайды түбірімен өзгерту үшін жеткіліксіз болғандығын көрсетті.

Сыртқы қарыз түріндегі капитал ағынының деңгейін зерттеу кезінде елдің резервтік активтерінің көрсеткіштерін бақылау қажет. ХВҚ-ның төлем балансы бойынша нұсқауына сәйкес резервтік активтер – сыртқы міндеттемелерді тікелей жедел төлеуге, елдің валюталық бағамын реттеуге және т.б. мақсаттарға дайын елдің сыртқы активтері. Сыртқы активтерге резервтік активтердің қатынасы, оның ішінде активтердің қысқа мерзімді қарызға қатынасы капиталдың халықаралық нарықтағы өзгерістері кезінде елдің тәуекелдік деңгейінің пайдалы көрсеткіші болып табылады. Қысқа мерзімді қарыздың көлемі, әдетте, бір жыл ішінде төлеу қажет қарызды көрсетеді, сондықтан қарыз алудың сыртқы көздері болмаған жағдайда елдің төлем қабілетінің пайдалы көрсеткіші болып саналады. Қысқа мерзімді сыртқы қарыздардағы резервтік активтердің үлесі неғұрлым аз болса, дағдарыстың пайда болу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. /14. 103б/

2.3 Қазақстандағы инфляцияның тигізген әлеуметтік-экономикалық зардаптары

Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді. Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарлатып, уақытша коньюнктураны жандандырады. Процестің ушығуы барысында инфляция ұдайы өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция атын текіректеп шауып, бой бермеген кезіндегідей шаруашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп, экономикалық саясаииы жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын бүркемелеп, ішкі нарықта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процесті таудан аққан тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы құнсызданады, банктер несие беретін мекемелер зиян шегеді. өндірістің интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық валюта және несие қатынастары күрделенеді. /6, 133б./

Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номеналды және нақты жалақының өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады. Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері, зейнеткелер т.б. басынан өткізеді.

2007 жылдың қазанына 2007 жылдың қантар -қазанына 2006 жылдың қаңтар-қазанына
2007 ж қыркүйегіне 2006ж желтоқсанына 2006 ж қазанына
Бралық тауарлар мен қызметтер 4,4 13,4 15,3 9,2
Азық түлік тауарлары 6,5 18,6 21,2 9,5
Азық түлік емес тауарлар 2,5 7,3 8,4 7,3
Ақылы қызметтер 4,2 11,9 13,3 11,0

2-кесте- 2007 жылдың қазанында Қазақстан Республикасындағы инфляция 4,4% құрады/9/.

Жалпы өтпелі экономикаға ие елдер тәжірибесі тұрақтылыққа, егер ол парасатты макроэкономикалық саясат тұрғысынан қолдау тапса, айырбас бағамы базасында ғана емес, сонымен бірге ақшалай негізде де қол жеткізуге болатындығын көрсетті.

Төмендегі кестеде көрсетілгендей, Қазақстанның қысқа мерзімді сыртқы қарыздағы резервтер үлесі өте жоғары. 2004 жылы резервтік активтер қысқа мерзімді сыртқы қарыздан екі есе асып кеткен. Бұл Қазақстан қажет болған жағдайда бір жылға дейінгі қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға дайын екенін көрсетеді. Бірақ 2005 жылы жағдай күрт өзгерді. Елде жиналып қалған қысқа мерзімді сыртқы қарыз көлемін резервтер енді жаба алмайтын болды.

3-кесте – Халықаралық инвестициялық ахуал бойынша өтімділік көрсеткіштері

Млн. АҚШ долл.

Жылдар

Көрсеткіштер

1999

2000

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Резервтік активтер

2003

2096

2508

3141

4962

9280

7070

19113

Жалпы сыртқы қарыз

12081

12685

15157

18251

22920

32946

43539

73455

Сыртқы қарыздағы резервтер үлесі, %

17

17

17

17

22

28

16

26

Қысқа мерзімді сыртқы қарыз

1805

1021

1366

2360

3771

3941

8020

7253

Қысқа мерзімді сыртқы қарыздар бойынша резервтер үлесі, %

111

205

184

133

132

235

88

264

ЖІӨ-ге ағымдағы шот балансының үлесі, %

-1.41

2.00

-6.28

-4.16

-0.88

1.34

-0.97

-2,3

Экспорттағы сыртқы қарыздың үлесі, %

175

123

148

157

153

145

142

177

Ескерту – ҚР ҰБ деректері бойынша автор құрастырған.

1994 жылы Венесуэлада болған дағдарысқа дейін осы көрсеткіш Қазақстанға қарағанда елеулі жоғары болды және ол 250%-ды құрады. Бірақ Венесуэланың тауар мен қызмет экспортындағы сыртқы қарызының үлесі Қазақстанға қарағанда екі есе жоғары болды, яғни экспорттық түсім елдің қарызын 280%-ға қамтамасыз ете алмады, ал осы уақытта Қазақстанда бұл көрсеткіш 177%-ды құрады.