Смекни!
smekni.com

Лизинг 20 (стр. 2 из 8)

« Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет » , - деп атап көрсетілген Президенттің Қазақстан халқына жолдауында.

Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал-жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы - экономикалық , несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.

1.2 Лизингтің негізгі түрлері.

Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып , шағын және орта бизнестің әрі қарай дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар көлемін ұлғайтады , сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып , негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен қаржыландыру құны төмендеп , қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей , негізгі құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады.

Сонымен қоса , макродеңгейде кең көлемді шетел инвестициялары лизинг арқылы елдің төлем балансы пассивіне әсер етеді және әлемдік нарықта қарыз беруші рейтингін төмендетпейді , өйткені Халықаралық валюта қоры тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған және дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табады.

Лизинг сөзі « to lease » ағылшын тілінен аударғанда « жалға беру » дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса , ал лизингте үш қатысушы: лизинг беруші , лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды , машиналарды , ЭЕМ , ұйымдастыру техникаларды , өндіріске , сауда – саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу тартымын , белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциясымен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтік несиеден бір айырмашылығын келісім шартта көрсетілген төлемдер төленіп , метзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизингбұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда , оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизинг бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизингбұл оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизингбір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизингэкспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизнг алушы болса , импорттық лизнгте шетел лизинг беруші болып табылады.

Лизинг алушы мен лизинг беруші арасындағы қатынастарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне орай тура және жанама лизингті бөліп қарастыруға болады. Тура лизинг жағдайында лизинг беруші мүлікті дайындаушы және мүлік иесі болады , ал жанама лизинг жалға беру үшінші тұлға арқылы жүзеге асырылғанда көрініс табады. Несие беру әдісі бойынша ол жедел және қалпына келетін лизинг болып бөлінеді. Жедел лизинг кезінде жалға беру бір рет жүзеге асырылады , қалпына келетін лизингте келісім-шарт мерзімі аяқталысымен қалпына келеді.

Лизинг операцияларының техникасы 1-2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде берілген.

Жабдықтаушы ( Өндіруші )

2

1 3

4


1 – сурет

1 – құрал-жабдыққа тапсырыс беру; 2 – құрал-жабдық үшін төлем;

3 – құрал-жабдықты жеткізу; 4 – лизингтік төлемдер;

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін , онда ол несие алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Тәжірибе көрсеткендей , лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.

2-сурет

1 – банк лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып , несие беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 – лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7 – лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.

Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен есептелінеді:

ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС ,

Мұндағы:

ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;

АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ – көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

· Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да , лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;

· Лизинг 100% - ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ , жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып , өнеркәсіп өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді;

· Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан , лизинг бойынша алған қолайлы , себебі , бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады;

· Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты , өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып , мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп , лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.