Смекни!
smekni.com

Лизинг 20 (стр. 3 из 8)

· Несие берушінің көзқарасымен қарағанда , несиенің мақсатты пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.

Лизинг операцияларына тән кемшіліктер мыналар :

· Жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан ( әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;

· Ұйымдастырудың күрделілігі;

· Лизинг құны несиеге қарағанда жоғары , бірақ та ескірген құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің басында болатынын ұмытпау қажет , сондықтан да ол осындай шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға тырысады.

Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады: 1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында; 2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында ; 3) лизинг алушы мен банк арасында .

Әдетте , мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан өткізеді. Лизингтте , ең маңыздысы , бұл келісімшарт соңында құрал-жабдықтың белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан ( өрттен , ұрлықтан және т.б. ) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырған көшірмесін береді.

Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс :

1. Объектісі.

2. Жабдықтау мерзімі.

3. Лизинг алу мерзімі.

4. Лизингке берушінің меншіктік құқы.

5. Тәуекелдер , жаупкершілік , техникалық кепіл хат.

6. Құрал-жабдықты пайдалану.

7. Күту , жөндеу , жаңарту.

8. Зиян , қолайсыз жағдайлар.

9. Сақтандыру.

10. Лизингтік төлемдер , комиссиялар.

11. Төлемді кешіктірген үшін төлемақы өсімі.

12. Сатып алу мүмкіндігі.

13. Келісімшартты бұзу шарты.

14. Құрал-жабдықты қайтару.

15. Салықтар , баждар.

16. Жаңа міндеттемелердің пайда болуы.

17. Тараптардың қосымша құқықтары.

18. Даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру.

19. Кешіктіру шарты.

20. Қажетті ақпаратты беру міндеттемесі ( мысалы , баланс ).

21. Тараптардың қолдары.

22. Тараптардың орналасқан жері.

23. Қоысмша ( материалдардың және т.б. сипаты ).

24. Қалдық құнын кепілдеу.

25. Банктердің кепілдемесі.

Дегенмен , Қазақстандағы лизингтік сектордың дамуы бүгінгі күні әлеуетіне сәйкес келмейді. Соңғы уақытқа дейін оған қаржылық ресурстарға деген шектеулі мүмкіндік , сонымен қоса лизингтің тетігі арқылы шағын және орта бизнесті қаржыландырудағы заңнамалық кедергілер себеп болды. Сондықтан 2003 жылы қараша айында « Салық салу мәселелері бойынша ҚР кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы » заң қабылданды. Оның шеңберінде 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап лизингтік операцияларға салық салу тәртібі өзгертілді.

Лизинг инвестициялық қызметтің бір түрі болғандықтан, «Инвестициялар туралы » заң мен Салық кодексінің 138 – 140- баптарына сәйкес лизинг алушының корпоративті салығы және мүлікке салық бойынша инвестициялық салықтық преференциялар алу мүмкіндігі сақталады.

Осылайша , республикада 2004 жылдың қаңтарынан лизинг бойынша заңдылық нақты әрекет ете бастады. Қазіргі кезде лизингтің негізгі капиталға инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі 0,68 пайыз ғана болғандықтан , бұл заңдылықтың өзі Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер ашады. Ресейде бұл көрсеткіш 4-5 пайыздан жоғары.

Егер республикада лизинг жалпы инвестициялар көлемінде 4 пайыз деңгейіне жетсе , лизингтік нарық көлемі 320 млн АҚШ долларын құрайды. Егер Еуропалық даму және қайта құру банкі болжамдарына жүгінсек , бұл көрсеткіш 10 пайыз құраса , лизинг саланы 1,4 млрд. АҚШ доллары көлемімен дамытады.

Елдегі лизинг дамуы үшін жағымды заңды базаны құру барлық өндіріс сектор дамуына серпін болады , ал қосымша жұмыс орындарын ашу мен бюджетке салықтың түсімдерінің жоғарылауы Қазақстан экономикасының шикізаттық экспортқа тәуелділігін төмендетуге жағдай жасайды.

1.3 Әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасу кезеңдері.

Бүгінгі күні әлемдік экономикалық қауымдастықта « лизинг » түсінігі өте кең түрде пайдаланылады.

Әлемдік лизингтік нарықтың дамуын лизингтік қатынастардың сипатының сапалық өзгеруіне және лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты шартты түрде 5 кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Енді осы кезеңдердің әрқайсысына толығырақ талдау жасап кетейін.

Лизингтік қатынастар эволюциясының 1- кезеңі үшін « лизинг » түсінігін мүлікті жалдау операцияларының барлық түрлеріне араластырып жатқызу тән болды. Осыған байланысты , әсіресе , ағылшын тілді елдер үшін « lease » термині феодалдық қауымдастық құрылыс кезеңінің соңында жерді жалдау , мүлікті жалдау туралы келісім шарт түрінде пайдаланылды. Содан кейін бірте-бірте лизингті кез келген мүліктерді , яғни , үйлерді , көліктік құралдар мен механизмдерді және т.б. жалдау ретінде түсіне бастады. Американдық континентте « leasing » сөзі , негізінен өнеркәсіпте , көлік , байланыс қызметінде және әртүрлі қызмет көрсету салаларындағы мүліктерді жалдау операцияларын көрсету үшін қолданылады.

Осы уақыттан шамамен 300-400 жыл бұрын АҚШ-да мүлікті жалдау операциялары , техникалар мен құрылғылардың әртүрлі түрлерін жалдау операцияларын қаржыландыру белсенді түрде қолданылған. Мысалы , мүлікті жалдау туралы алғашқы келісім – шарт Солтүстік Америкада ХVIII ғасырдың басында тіркелген. Көптеген зерттеушілер лизингті ХХ ғасырдың 40 – жылдарының басында американдық кәсіпкерлер мұхит арқылы Еуропаға әкелінген американдық өнертабыс деп есептейді. Ал , кейбір ағылшын авторлары бұл пікірге қарама- қайшы пікірлер айтады: яғни олар лизинг алғаш Англияда пайда болған және содан кейін ХХ ғасырдың 2-ші жартысында кейбір өзгерістермен тағы да Еуропаға келген деген көзқарасты қолдайды. Шынында да , мүліктердің әртурлі түрлерін лизингке беру операциялары орта ғасырларда Еуропада кеңінен пайдаланылған. Лизинг туралы алғашқы Заңдардың бірі ретінде 1284 жылғы Уэльс Заңын айтуға болады. Сол уақытта лизингтік операциялардың нысаны ретінде негізінен фермерлік құрылғылар мен аттар болған. Бірақ , лизингке ұқсас операциялардың орта ғасырларда Англияда жүргізілгендігіне қарамастан , көптеген зерттеушілер қазіргі түсініктегі лизингтің отаны ретінде АҚШ – ын санайды. Менде осы пікірге толығымен қосыламын. Осы зерттеушілердің пікірі бойынша « лизинг » түсінігінің қазіргі мәні ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде , яғни , 1877 жылы Бэлл телефон компаниясы өзінің шығарған телефон аппараттарын сатпай , оларды уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдауымен байланысты пайдалануға енген. Осыған байланысты лизингтің көмегімен ХІХ ғасырдың соңынан бастап сату көлемін кеңейту және « ноу – хау » қорғау сұрақтары өз шешімін таба бастады. Сонымен , әлемдік лизингтік нарықтың дамуының 1- кезеңінде лизинг әлі де болса өзіндік сала ретінде бөлініп қарастырылмағанын атап өткен жөн. Лизинг тек айналыста артық тауарлар болған уақытта ғана тұтынушыларды тарту және кейбір маңызды міндеттерді шешу үшін пайдаланылған.

1950 жылдың басында АҚШ - да лизингтік қатынастардың нағыз төңкерісі басталды. Сондықтанда осы кезеңді – американдық кезең және әлемдік лизингтік нарықтың дамуының ІІ-кезеңі деп атауға болады.

1950-жылдары АҚШ-та технологиялық құрылғылар , машиналар , механизмдер ,ұшақтар және т.б. өндіріс көлемдері көп көлемде жаппай лизингке беріле бастады. Осы жағдайда АҚШ-тың өкіметі өте жоғары деңгейде бағалады , яғни АҚШ-да лизингті ынталандыру бойынша мемлекеттік бағдарламалар жасалынып , олар өте тез қарқынмен іске асырыла бастады.

United States Leasing Corporation - бұл АҚШ – ғы қызметінің негізгі түрі лизингтік операциялар болып табылатын ең бірінші лизингтік компания болды. Бұл компания Сан – Франциско қаласында 1952 жылы құрылған Компанияның негізін құрушы Генри Шонфельд болды. Ол ең алғашында осы компанияны нақты бір келісімді жүргізу үшін ғана құрған. Содан кейін кәсіпкер лизингтік бизнестің болашағы бар қызмет түрі екенін түсініп , осы бизнесті дамыта түсті. Әлемдегі ең біріңші құрылған мамандандырылған осы лизингтік компания лизингтік бизнестің әлемдік деңгейде дамуына күшті серпіліс берді , яғни лизингтік келісімдермен айналысатын жүздеген фирмалардың ашылуына септігін тигізді. Осы кезеңде , әлемдік лизингтік нарықтың дамуының ІІ-кезеңінде лизингті қаржылық – делдалдық операциялардың мамандандырылған институты ретінде қалыптастыру жүзеге асты. 1950- жылдардың соңында АҚШ-да және т.б. елдерде де лизингтік операцияларды жүргізуді іске асыра бастаған лизингтік фирмалардың тұрақты құрылымы қызмет жасады.