Смекни!
smekni.com

а азды а шалай айналымны дамуы (стр. 3 из 8)

Алайда ақша айналысы тек тауар айналысының қайталаушысы ғана емес. Бұл екі поцесс біршама оқшау жүзеге асады. Тауарлардың алмасуына ықпал ететін ақша айналыстан шықпайды, осы айналыстың ішінде ұдайы болады, ал тауарлар сатылғаннан кейін айналыстан шығып, тұтынылады. Мұнда тауар айналысы бастапқы, ал ақша айналысы екінші сипатта болады. Тауар айналысы ақша айналысын тудырады.

Ақша айналыста жүріп, бірде айналыс құралының (қолма-қол ақша) қызметін, бірде төлем құралының (қолма-қол ақшасыз) қызметін кезек (ауысып) орындайды. Олай болатын болса, ақша айналымы барлық ақша қатынастарын бейнелеуші болып табыладығ яғни ол айналыс құралы ретінде және төлем құралы ретінде ақша қызметтерін танытады.

Қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдары ішкі төлем айналымын шетелдік валюталардың еркін еніп кетуіне тосқауыл қойылғанда ғана біртұтастығын сақтай алады.

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ АЙНАЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Қолма-қол ақшасыз айналым мәні және артықшылықтары

Қолма-қол ақшасыз айналыс ақша айналымының бір бөлігі болып табылады әрі қолма-қол ақшаны пайдаланбай, яғни есеп айырысудың бірінен екіншісіне ақша аудару немесе борыштарды өзара есепке алу жолымен жүзеге асырылатын төлемдердің жиынтығын білдіреді.

Қолма-қол ақшасыз айналым екіге бөлінеді: тауарлық айналым және тауарға қатыссыз айналым. Негізгі артықшылықты айналымға тауарлық айналым жатады, ол қоғамдық жиынтық өнімнің өндірілуі мен сатылу процесін тікелей бейнелейді.

Айналымның тауарлық қолма-қол ақшасыз айналыс құрамына тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қолма-қол ақшасыз аударымдар жолымен жүзеге асырылатын төлемдері кіреді.

Тауарға қатысы жоқ қолма-қол ақшасыз төлемдерге жататындар: еңбекақыдан ұсталатын салық төлемі; тұрғын үй, коммуналдық, тұрмыстық, пошталық және т.б. қызмет төлемдері; несиені өтеудің төлемі және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүзеге асырылатын басқа да төлемдер.

Ақша айналысын оңтайлы ұйымдастырып, оны нығайту үшін және ақша айналымын жылдамдату үшін әрі көлік (тасымалдау) шығындарын азайту үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың салаларын одан ары ұлғайтып, жетілдіруіміз керек. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жолымен кәсіпорындар мен ұйымдар арасында, олар мен олардан саты бойынша жоғары тұрған ұйымдардың арасында, олар мен мемлекеттің және қаржы-несие мекемелерінің арасында есеп айырысулар жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда халықпен есеп айырысуда қолма-қол ақшаның қолданылу салалары кеміп келеді. Еңбекақы беру, еоммуналдық, пошталық төлемдер және басқа да шығындардың көп бөлігі қалаларда банктердегі салым ақшаданпошта бөлімдерінен, пластикалық карточкалармен аудару арқылы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады., сондай-ақ сатып алынған тауарлардың төлемдері дүкендерде чектер мен пластикалық карточкалар арқылы төленеді. Осы шаралардың барлығы қолма-қол ақшаның пайдаланылатын салаларын кемітуге, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың үлесін арттыруға мүмкіндік береді.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылықтары мынада:

- ол банк жүйелерінің несиелік ресурстарын арттыруға, несие қатынасын дамытуға мүмкіндік береді;

- ол айналымға аса қажетті қолма-қол ақша сомасының тұтынылуын кемітеді;

- ол трансакциялық шығындардың кемуіне мүмкіндік тудырады;

- ол банктердің дәлдікті қажет ететін жұмысында есеп айырысуларды және қаражат айнгалымын шапшаңдатады;

- қолма-қол ақшасыз есеп айырысу процесінде шаруашылық органдардың төлем қабілеті артады әрі келісімшарт міндеттемелерін орындауға мүмкіндік алады.

Есеп айырысушылар үнемі жүзеге асуы үшін қолма-қол ақшасыз айналымды ұйымдастыруда белгілі бір принциптері сақталуы керек:

- төлеушілердің банктерді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың түрлерін таңдаудағы еркіндік принципі.бұл принцип әлеуетті клиентке қызмет көрсету мәдениеті жоғары әрі есеп айырысу операцияларын жылдам және дәл орындай алатын банктерді таңдауға, сондай-ақ келісімшарттардағы шарттардың орындалуын қамтамасыз ететін қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мақсатқа лайықты түрлерін таңдауға мүмкіндік береді.

- Төлеушінің төлем келісімін міндетті түрде беру принципі, яғни төлеушінің төлеуге келісім бергені немесе бермегені туралы ақпарат міндетті түрде болуы керек. Мұның мағынасы мынадай: шот иесінің шоттағы қаржатын банк төлемдердің белгіленген кезегіне қарай әрі шотта қалған қаражатың шегінде төлем үшін жүзеге асырылады. Соңғысы (шот иесінің шоттағы қаражатының шегінде төлемнің жүзеге асырылуы) төлемнің қамтамасыз етілу принципін немесе төлеушінің өтімділік принципін білдіреді.

- Төлемнің мерзімдік принципі. Бұл принциптің экономикалық мағынасы мынадый: ақшалай қаражатты алушы қаражаттың келісімшартта көрсетілген мерзімде өзінің шотына аударылуына мүдделі. Төлемді уақтылы алудың маңызы өте зор.

- Барлық есеп айырйсуға қатысушылардың келісімшарт қатынастарының сақталуына мүліктік жауапкершілік пен есеп айырысудың үздіксіз жүруіне бақылауды жүзеге асыру принципі.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жеке және заңды тұлғалармен оларға тиісті шот ашқан банк арқылы жүргізіледі. Ол шоттар мынадай болады: есеп айырысатын, ағымдағы, депозиттік және валюталық. Шот жай және контокорренттік ағымдағы болуы да мүмкін. Ағымдағы, депозит және валюта шоттары коммерциялық қызметпен айналыспайтын заңды және жеке тұлғаларға ашылады.

Есеп айырысу қызметі үшін банк пен клиент арасында банктік шот келісімшарты – екі жақты дербес азаматтық-құқықтық келісімшарт бекітіледі. Банктер мен басқа несие мекемелері өзара есеп айырысуы үшін бір-бірінде корреспонденттік шот ашады әрі бір банк (корреспондент) басқа банктің (респондент) депозиттерін ұстауға және мұның соңғысына төлме мен басқа оперциялар бойынша қызмет көрсетуге тиісті бекітілген келісімшарт негізінде ҚР Ұлттық банк мекемелерінде де шот аша алады. Мұнда белгілі бір серзімде аса ірі ақша сомасын аудару бойынша банкаралық есеп айырысу жалпы негізде және анқты уақыт аралығында жүзеге асырылады. Аударылатын аса ірі ақшаның сомасын Ұлттық банк анықтайды. Клиринг – бұл заңды және жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер үшін талаптар мен міндеттемелердің өзара шегеруіне негізделген қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың тәсілі.

2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз айналым жасау формалары

ҚР қолданыстағы заңына сәйкес қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың мынадай негізгі формаларының пайдаланылуы ұйғарылады:

- төлем тапсырмалары;

- аккредитивтер;

- чектер;

- вексельдер;

- пластикалық карточкалар.

Жабдықтаушылар мен сатып алушылар есеп айырысудың формаларын шаруашылық келісімшартында өздері анйықтайды. Есеп айырысу бойынша бір-біріне қоятын талаптарды (притензия) екі жақ банкті қатыстырмай өздері қарастырады, даулы мәселелер сотта және төрелік сотта шешіледі.

2007 жылы екінші деңгейдегі банктер мен АҚ «Қазпошта» үшін 36,0 триллион теңге сомасында 57,0 млн. жүргізілді (кесте 1).

Кесте 1. Төлем құралдарының құрылымы

Төлем аспаптары

Құрылымы,%

саны

сомасы

Төлем тапсырмасы

41,3

96,8

Төлем талап-тапсырмасы

0,1

0,2

Чектер

0,4

0,6

Шот банкілерін тікелей дебеттеу

0,3

0,02

Инкассалық өкім

0,4

0,7

өтелген вексель

0,003

0,05

Төлем карточкалары

57,4

1,7

Қортындысы

100,0

100,0

ҚР Ұлттық банк Хабаршысының мәліметі бойынша, 2007 ж.

Аккредитив дегеніміз – импортердің нұсқауына сәйкес және соның талабы бойынша экспортерге төлем жасаудағы банк міндеттемесі.