Сонымен, «Процессинг орталығы» ЖАҚ-ы алдында мынадай негізгі міндеттер тұр:
- микропроцессорлық технологиялар базасында төлем карточкаларының ұлттық жүйесін құру;
- халықаралық және ұлттық карточкаларды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы ұлттық эквайринг желісін қалыптастыру.
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАҒАЗДЫ АҚШАЛАЙ АЙНАЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ
3.1 Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның дамуы
Қолма-қол ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде елдің аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты болады.
Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар (қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресусртарының есебінен қолма-қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып, Ұлттық банктен алады.
Банк кассасында қолма-қол ақша сомасы мыналар үшін әруақытта болуы керек: осы банкте шоты бар өз клиенттерінің қолма-қол ақшаға деген қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін; қажет болған жағдайда банк несие алатын клиентіне қолма-қол ақшаны ұсыну үшін; шоты басқа банкте болса да, осы банкте өз чегін өтеуге келісімі бар клиентке қолма-қол ақшаны беру үшін; басқа банктермен төлем айналымында пайда болған сәйкессіздікті баланстау үшін.
Банк клиенттерін қолма-қол ақшаны қызмет көрсетуші банк кассасында өз шотындағы банк несиеге берген ақшалай қаражат есебінен алады. Олар оны тауарларды сатып алуға және қызмет көрметулерге пайдаланылатын еңбекақыға, шәкіртақыға және басқа төлемдерге береді.
Белгілі бір уақыт аралығында қолма-қол ақшамен жүзеге асырылатын төлемдердің жалпы сомасы банк кассасынан берілетін қолма-қол ақшаны, банк кассасына түсетін ақшаны, пошта арқылы айналымда болатын қолма-қол ақшаны, кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің халыққа төлейтін төлемдерін, азаматтардың арасындағы қолма-қол ақша айналымын қамтитын қолма-қол ақша айналымының шамасын сипаттайды.
Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеді. Банктегі шоттарға ақшалай түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол қаражаттың берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай банктердің кіріс және шығыс кассалары болады.
Кіріс кассасының жұмысы банк клиентінің түсімді белгілі бір күннің ішінде (кешкі касса) беруіне мүмкіндік тудыратындай етіп ұйымдастырылған.
Инкассация түсімді алынған орыннан банкке дейін жеткізілуін және оның жолда қорғалуын қамтамасыз етеді.
Қолма-қол ақша айналысының болжауы экономикалық бағдарламаның жалпы жүйесінің құрамдық бөлігі болып табылады, қолма-қол ақша айналысын болжаудағы ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады. Бұл үшін облыстарда және тұтас ҚР-да әрбір тоқсанның кассалық айналымына болжау жасалады. Кассалық айналымды болжаудың негізінде алдағы кезеңде түсетін түсімдердің мөлшері, екінші деңгейдегі банктердің кассасына түсетін қолма-қол ақшаның көздері, қолма-қол ақшаның берілетін бағыттары, олардың айналысқа шығарылуы немесе айналыстан алынуы анықталады.
Қолма-қол ақша айналымы ақшалай айналыстың заң талаптарын барынша жоғары деңгейде қанағаттандыратындай етіп болжануы керек. Бұл ақшаның сатып алу қабілетінс ақтау үшін және экономикада барынша аз шығынмен айналысы үшін қажет.
Эмиссия – кең мағынада айналымға ақшаны құнды қағаздарды, есеп айырысу-төлем құжаттарын, пластикалық карточкаларды және т.б. шығарумен байланысты сөз.
Ақша эмиссиясы – айналымдағы ақша массасының жалпылама артуына әкелетін барлық ақша түрлерінің айналымға шығуын білдіреді.
Эмиссияның формалары: бюджеттік (қазыналық) және несиелік (банктік).
Бюджеттік эмиссия мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу үшін Қаржы министьрлігінің қазынашылық билеттер мен мемлекеттік құнды қағаздарды айналымға шығарумен байланысты ұғым. Қазақстанда қазыналық билеттер шығарылмайды. Бюджет эмиссиясы нақты шаруашылық айналымының қажеттіліктерімен емес, бюджет тапшылығының шамасымен байланысты.
Несиелік эмиссия несиелік қатынастардың негізінде пайда болатын ақшалардың айналымға енуімен байланысты. Несиелік эмиссияны банктер төлем құралы ретінде ақша қызметін дамытудың негізінде жүзеге асырады. Онда сатып алушы сатушыға тауардың төлемін кейін төлеуіне мұмкіндік беретін вексельді тапсырады, бұл өз кезегінде сатушының өз тауарын өткізуге мүмкіндік береді. Бұл операция тауарды несиеге сату деп аталады. Вексель айналымның алғашқы несиелік құралы болып табылады. Бұдан кейін банктер коммерциялық вексельдердің орнына өздерінің борышкерлік міндеттемелерін – банкноттарды шығара бастайды, содан соң электрондық ақшалар пайда болады.
Несиелік эмиссияның негізгі мақсаты ақша айналымындағы қажеттіліктерді қалған ақша түріндегі тиісті ақшалай қаражаттың мөлшерімен қамтамасыз ету болып табылады. Ол ақша айналымын қолма-қол ақшасыз форомасындағы төлем қаражатының сомасымен толықтырушы әрі ақша айналымын банкнотты қосымша шығарушы ретінде қарастырылады.
Несиелік ақша инфляцияны ынталандырмайды. өйткені, несие ақшасының мөлшері артатын болса, өндіріс көлемі де тиісінше өседі.
Қолма-қол ақша эмиссиясы ең алдымен ағымдағы бағаларда тауар айналымының өсімімен байланысты болады, өйткені бұл ақша көбінесе тұтыну нарығындағы операцияларға қызмет етеді.
Алтынға айырбасталмайтын несие қағаз белгілерінің заңмен белгіленген тәртіп бойынша шығарылып, айналымға енгізілуі эмиссиялық жүйе ретінде ұғылады.
Эмиссиялық операцияларды Орталық банк және қазына мекемесі (қаржы министрлігі) жүзеге асыруы мүмкін.
Қазақстанда эмиссиялық операцияларды ҚР Ұлттық банкі жүзеге асырады.қағаз және несие ақшалар қолма-қол ақшасыз баламаны алумен екінші деңгейлі банктерге сату түрінде банк билеттері ретінде шығарылады. Сондықтанда олардың арасында нақты шекара болмайды.
Эмиссия – бұл мемлекеттің банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе қолма-қолсыз түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстанадғы теңгенің көп эмиссиялануының негізгі себептерінің бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс деп есептеуге болады.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық операциялардың процесінде іске асады. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін қажет потенциалық жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несиелік ақшалар құрылады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық банкінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша мультипликациясын бақылау арқылы жүргізіледі.
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.