Бұдан кейінгі жылдары теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9%, 1996 жылы – 15,4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17%, ал 2006 жылы – 3,25% болды.
Негізінен, теңгенің он жылдық тарихын мынандай кезеңдерге бөлуге болады:
1-кезең. Инфляцияны ауыздықтау, ұлттық валютаның және және қаржы рыноктарының қалыптасуы (1993-1996 жылдар).
2-кезең. Экономиканы тұрақтандыруға қол жеткізу және банк жүйесін жедел түрде реформалау (1997-1999 жылдар)
Банк секторын шоғырландыру және сауықтыру процестері екінші деңгейдегі банктердің жалпы санының 55-ке дейін азаюына ықпал етті. Жекелеген банктер қайта ұйымдастырылды.
3-кезең. Экономиканың тұрақты өсуі, қаржы секторын қарқынды дамыту және барлық қаржы секторының халықаралық стандарттарға көше бастауы (2000 жылдан бастап).
ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 3 жылда 33%-ға жуық болды, бұл Қазақстанның экономикалық даму қарқыны жағынан әлемдік лидерлердің бірі болуына мүмкіндік жасады. 2007 жылдың 9 айында экономикалық өсу 8,6% болды.
Соңғы 3 жылда инфляцияның орташа жылдық деңгейі 13,2% -дан 5,9%-ға дейін біртіндеп төмендеді. Инфляция 2007 жылдың 10 айында (2006 жылдың желтоқсаны – 2007 жылдың қазаны аралығында) 4,2% болды.
Инфляция қарқынының баяулауы Ұлттық банкке қайта қаржыландыру ставкасын Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері ең төменгі деңгейге - 7%-ға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
Банк секторы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамитын бөлігі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстанның банк секторын халықаралық ұйымдар мен рейтинг агенттіктері ТМД елдерінің ішіндегі ең реформаланған, қаржылық тұрғыдан тұрақты және тез дамып келе жатқан банк секторы деп танып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 36 банк жұмыс істейді, оның үшеуі мемлекеттік. Қазақстан Даму банкін, Әсимданкті және Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін қоспағанда, барлық банктер жеке банктер болып табылады.
Банк жүйесінің тұрақтылығы нығая түсуде. Оның валюта баламасындағы жиынтық меншікті капиталы 1,4 млрд. Астам АҚШ долларын құрайды. ТМД елдері ішінде бір банкке келетін меншік капиталының мөлшері бойынша Қазақстан жетекші орында (43 млн. АҚШ доллары).
Соңғы 3 жылда банк жүйесіндегі депозиттер 5,1 млрд. астам АҚШ долларына дейін 3 есе, ал халықтың салымдары (резидент еместерді есептегенде) – 2,1 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті.
Банктердің ресуртық базасының қарқын алуы оларға экономиканы кредиттеу қызметін едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік берді. Соңғы үш жылда банктердің экономикаға кредиттері 5,9 млрд. АҚШ долларына дейін 4 есе өсті (ЖІӨ-нің 22%-ы). Қазіргі кезде бенк активтерінің 57%-ға жуығы кредиттер түрінде экономиканың нақты секторына орналастырылды.
Кесте 2. Ақша қоры және оның құрылымы
(жылдың аяғына)
2006 | 2007 | 2008 | |
Ақша қоры (резервтік ақшалар), млн. теңге Соның ішінде: Қазақстан Ұлттық банкінен (ҚҰБ) тыс қолда бар ақша Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктері мен басқа ұйымдарының депозиттері Ақша қоры (резервтік қор), пайызбен Соның ішінде: Қазақстан Ұлттық банкінен (ҚҰБ) тыс қолда бар ақша Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктері мен басқа ұйымдарының депозиттері | 208171 177899 30272 100 85 15 | 316962 262093 54869 100 83 17 | 577941 410898 166943 100 71 29 |
ҚР-ның статистика бойынша агенттілігі. Алматы, 2008 ж.
Бір жылдың ішінде теңгелік ақша қорының көлемі 82,3%-ға жоғарылаған, 577,9 млрд. теңгеге дейін өскен, ал ақша массасы – 68,2%-ға, 1634,7 млрд. теңгеге дейін өсті. Ақша қорының негізгі бөлігін Қазақстан Ұлттық банкінен тыс қолда бар ақшалар алады, яғни 4109,0 млрд. теңгені құрайды, ал қалған бөлігін Ұлттық банктің ЕДБ мен басқа ұйымдарының депозиттері алады, сәйкесінше 166,9 млн теңге. Ақша қорының жалпы көлемінің 71%-ы ҚҰБ-нен тыс қолда бар ақша үлесіне келетін болса, онда 29%-ы ҰБ-тің ЕДБ мен басқа ұйымдарының депозиттерінің үлесіне тиеді.
Ақша ұсынысының жоғары өсу қарқынына қарамастан, Ұлттық Банк жоспарлаған деңгейде инфляцияны ұстап қалды. 2008 жылдың қортындысы бойынша инфляцияның деңгейі 6,7-ды құрады (2007 жылы – 6,8%).
Ақша айналысының ақша заңы. Ақша айналысының ақша массасы және жылдамдығы.
Әртүрлі формадағы ақша айналысы тауарлар массасының, олардың баға деңгейлерінің және ақша айналысы жылдамдығының арасындағы экономикалық байланысты білдіретін экономикалық заңмен реттеледі.
К. Маркс айналысқа қажетті ақша мөлшерін былайша анықтайды:
Осылайша, К.Маркс ашып беріп кеткен ақша айналысы заңының мәні мынада: айналыс құралының және төлем құралының қызметтерін орындауға қажетті ақша мөлшері сатылған тауарлардың баға сомасына ақшалай бірлік айналысының мөлшеріне тең болуы керек.Мұндағы: М – ақша массасы,
Т – тауар массасы,
Б – тауарлардың орташа бағасы,
V – айналым саны.
К.Маркстің айналыс заңына сәйкес қағаз ақша эмиссиясы айналысқа қажетті алтын ақшаның теориялық мөлшерімен шектелуі керек.
Проблеме ешнәрсемен шектелмеген ақша эмиссиясы ақша белгілерін артығымен көбейтіп, ақша айналысы заңының бұзылуына жол ашып осыған байланысты инфляцияны тудырған жағдайда ғана пайда болады. Ақша айналысының негізгі принципі – айналыста тұтынылатын ақша массасын шектеп, осыған қарай экономиканың балансты түрде дамуына ықпал ету болып табылады.
Металға немесе қағаз ақшаға айырбасталмайтын банкнот айналысында қолма-қол ақша қағаз-ақша айналысының заңына сәйкес айналымда жүреді.
Экономикалық ғылымда айналыстағы ақша массасын анықтау бойынша басқа монетаристік көзқарас бар.
Сонымен, айналысқа қажетті ақшаның мөлшері елде өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бүкіл мөлшерін ағымдағы баға бойынша сатылатындай деңгейде болуы керек.
Ұлттық банк тарапынан реттелетін маңызды объектіге ақша мөлшері мен айналыстағы ақша массасы жатады. Шаруашылық айнаолымына қызмет ететін әрі заңды және жеке тұлғаларға, сондай-ақ мемлекетке тиесілі сатып алу мен төлем құралдарының жиынтық мөлшері ақша массасын білдіреді. Оған айналыстағы қолма-қол ақшалар, яғни халықтың қолындағы, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың кассаларындағы барлық қағаз ақшалар мен металл монеталар кіреді. Ақша массасы қолма-қол ақшамен қатар халықтың, сондай-ақ кәсіпорындардың, мекемелердің және ұйымдардың өтімділігіне қарай олардың банктік депозиттерін немесе салым ақшаларын құрайды. Ақша массасының ұғымы өтімді актив топтарына жатады.
Қазақстандағы қаржы статистикасында шетелдік тәжірибе сияқты мынадай ақша агрегаттарының есеептері жүргізіледі:
М0 – айналыстағы қолма-қол ақшалар (банкноттар, монеталар).
М1 = М0 + заңды тұлғалардың есеп айырысу, ағымдық, арнайы, чектік шоттарындағы қаражаты, коммерциялық банктердегі салым ақшалар, халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері.