Смекни!
smekni.com

а азды а шалай айналымны дамуы (стр. 7 из 8)

М2 = М1 + халықтың банктердегі мерзімді салым ақшалары.

М3 = М2 + мемлекеттік қарыз облигациялары, депозиттік сертификаттар.

Бұл арада банктердің ақшаны тек сатып қана қоймай, жаңа ақшаларды тудыра алатын, яғни қысқа мерзімді кезеңде олардың мөлшерін жасай алатын (мультипликациялау), ал ұзақ мерзімді кезеңдң олардың жаңа түрлері мен формаларына «өмір сыйлай» алатын қабілеті көрінеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда депозиттердің мөлшері банк жүйесіндегі банкноттардың мөлшерінен асып түсіреді, яғни ақшаның жаңа формасы «ескі» ақшаның орнын басып қана қоймай, оны мультипликациялап та отыр. Бұл М1 (М0 + халықтың талап еткенге дейінгі депозиттері + заңды тұлғалардың шоттарындағы қаражат) ақша агрегаттарының пайда болуына әкеп соқтырады. Кредиттік ақшалардың болуы мен несиелеудің икемді жүйесіне көшу шектеулі, өтімді пассивтердің қалыптасуын қажет етеді, яғни халыққа пайыз әкелетін М2 (М1+ мерзімді салым ақшалар + талап еткенге дейінгі жинақ салым ақша) ақша агрегатының қажеттілігін тудырады.

Несие сұранысының артуы жаңа кепілдік объеектілерінің пайда болу қажеттілігін тудырады. Ал, бұл қажеттіліктің орнын депозиттік сертификаттар басты, ол өз кезегінде – М3 (М2 + депозиттік сертификаттар) ақша агрегатының қажеттілігін тудырады.

Кесте 3. 2006-2007 жж. Қазақстан Республикасының ақша агрегаттары (млрд. теңгемен)

Ақша агрегаттары

2006 ж.

2007 ж.

өзгерісі

Ақшалай база

316,9

577,9

+261,0

М0

238,5

379,3

+140,8

М1

412,1

677,5

+265,4

М2

693,4

1164,4

+471,0

М3 (ақша массасы)

971,7

1634,7

+663,0

Осылайша, бұл ақша агрегаттары жиынтық ақша айналымының құрылымын, жекелеген компоненттердің динамикасын, несиелеудің мөлшерін сипаттайды.

Қазақстандағы ақша массасының дербес компоненттеріне ақша базасы жатады. Оған М0 + екінші деңгейдегі банктер кассаларындағы ақшалай қаражаттар, банктердің міндетті резервтері мен олардың ҚР Ұлттық банктің корреспонденттік шоттарындағы қаражаты кіреді. Бұл ақшалар үлкен өтімділікке ғана ие емес, сондай-ақ Ұлттық банктің іс-әрекетке қабілеттілігін, өз міндеттемелерін орындаудағы мүмкіндігін көрсетеді. Айналымдағы ақша массасының өзгерісі ақша массасының өзгерісініе тәуелді.

Ақша айналысының жылдамдығы – бұл айналыс құралы және төлем құралы ретінде жұмыс істейтін ақша массасының айналым жылдамдығын, яғни айналымның жыл ішіндегі жылдамдығын білдіреді.

Ақша массасының әрбір айналымы табыстың жұмсалуына қызмет етеді. П.Самуэльсонның пікірінше, ақша айналысының жылдамдығы табыс айналымдылығы жыллдамдығын көрсетеді.

ҚР Ұлттық банкі ақша айналымының жылдамдығын екі көрсеткішке қарай анықтайды: Ұлттық банк мекемесінің кассасына ақшаның қайтарылу жылдамдығы. Бұл айналымдағы орташа жылдық ақша массасына Ұлттық банктің кассасына тұсетін ақша сомасының қатынасы ретінде анықталады. Қолма-қол ақша айналымындағы ақшаның айналым жылдамдығы. Ол Ұлттық банкінің кассасына түскен және шыққан ақшаны, оған «Қазпошта» АҚ айналымын қосып есептегендегі соманы жылдық айналымдағы ақша массасына бөліп анықтайды.

Айналым жылдамдығының өзгерісі жалпы экономикалық және монетарлық сиппаттағы көптеген факторларға тәуелді.

Жалпы экономикалық сипаттағы факторларға: экономиканың кезеңдік дамуы, экономмикалық өсімінің темпі, бағаның өзгеруі және т.б. жатады.

Монетарлық факторға қолма-қол ақша мен қолма-қол ақшасыз айналымдардың арақатынасы, несиелік операциялардың және өзара есеп айырысулардың дамуы, ақша және несие нарықтарындағы пайыздық мөлшермелердің деңгейі, ақшалай есеп айырысудың электрондық құралының пайдалануы, халықтың әл-ауқат деңгейі және т.б. кіреді.

Басқадай таең жағдайларда ақша айналымының жылдамдығы арттырылатын болса. Бұл инфляцияның өсуіне өз әсерін тигізбей қоймайтын қосымша ақша массасының айналымға шығарылуын қажет етеді.

Ақша базасы дегеніміз – бұл Ұлттық банкі шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер – бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер мен қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).

Артық резервтер дегеніміз – банктердің Ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қалған қалдықтары. Айналымдағы қолма-қол ақшаның мөлшері банктердің корреспонденттік шоттардағы қаражатарының болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерін екінші банктердің Ұлттық банкідегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттарның көлемін, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттейді.

Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен іске асады. Бұл құралдары ақша базасының кеңеюінің шегін көрсететін және ақша массасының, ақша базасына қатынасы арқылы есептелінетін ақша мультипликаторының мөлшеріне әсер етеді.

Ақша мультипликаторының мөлшері міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар, айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Бұл – айналымдағы қолма-қол ақшалардың банктерден тыс орналасқанда мультипликацияланбауына байланысты. ақша мультипликациясының интенсивтілігі олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етеді, мультипликацияның коэффициенттік жылдамдағы азаяды.

ҚОРТЫНДЫ

Ақшаның өзінде, сондай-ақ олардың қызметтерінде жылдар бойы өзгерістер болды. Егер де бұрындары сатып алу-сату процесі жалпыға бірдей эквивалентпен алтынмен жүргізілсе, бұл күндері қағаз және несие ақшалармен жүзеге асуда.

Әсіресе халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі мен экономикалық қатынастар щеңберінің ұлғаюымен ақша төлем құралы ретінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде қолма-қол ақшаның болуы міндетті емес. Оның қызметін кредит ақшалар атқарады. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.

Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

Егер де сіздер «экономиканың» не екенін және онда болып жатқан процестердің қоғам өміріне әсерін білгіңіз келсе, ең алдымен ақшаның мазмұнын және функциясын танып біліңіз. Бұл сұрақтардың білуі, біздің қоғамда кездесетін экономикалық проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға мүмкіндік береді.

Ал Қазақстанға келетін болсақ, ұлттық валюта – теңгенің он жеті жыл айналымда болуы, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне теңгені енгізуді тарихи маңыздылығын объективті түрде баға беруге мүмкіндік береді.

Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар (қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресусртарының есебінен қолма-қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып, Ұлттық банктен алады.