МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..................................................................................................................3
1 АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. АҚША АЙНАЛЫСЫ.........................................................................................................5
1.1 Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы.....................................5
1.2 Ақша айналымын ұйымдастырудың принциптері.........................................9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАСЫЗ АЙНАЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ.............................................................12
2.1 Қолма-қол ақшасыз айналым мәні және артықшылықтары.......................12
2.2 Қазақстан Республикасындағы қолма-қол ақшасыз айналым жасау формалары.............................................................................................................15
2.3 Қазақстандағы карточка жүйесі – қазіргі ақша айналымының ерекше
түрі..........................................................................................................................18
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАҒАЗДЫ АҚШАЛАЙ АЙНАЛЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ...................22
3.1 Қағазды ақшалай айналымның ерекшелігі және Қазақстанда оның
дамуы......................................................................................................................22
3.2 Ақша айналысының ақша заңы. Ақша айналысының ақша массасы және жылдамдығы..........................................................................................................29
ҚОРТЫНДЫ........................................................................................................34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.....................................................36
КІРІСПЕ
Ақша айналымы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық және тауарлық емес формада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымына және қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қолсыз ақшасыз айналымға бөлінеді.
КСРО тұсында «ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдарының арасында нақты шекара болды.
Ақша айналыс тек қолма-қол ақша қозғалысы мен қолма-қол ақшасыз айналымның бірдей күшке ие болғанын білдіреді, ал ақшаның бір формадан басқа формаға ауысуы шаруашылық органдардың, кәсіакерлердің және жеке тұлғалардың нақты қажеттіліктеріне қарай орын алады.
Осы заманғы нарықтық жағдайда «ақша айналымы» және «ақша айналысы» ұғымдары бір-бірімнен осылайша теңесті. Ақша айналысы – бұл елдегі тауарлық және тауарлық емес сипаттағы қызмет ететін қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз формаларындағы ақша қозғалысы болып табылады.
Ақша айналысы екі формада бөлінеді: қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол ақшасыз айналыс. Қолма-қол ақшасыз айналыстың артықшылықты жақтары көп, өйткені қолма-қол ақша айналысының қолма-қол ақшаны шығарумен, тасымалдаумен, сақтаумен байланысты шығындары болады, оның үстіне, қолма-қол ақшаның тоналу қаупін де сетен шығармаған дұрыс. Ақшаны қолма-қол ақша формасынан қолма-қол ақшасыз формаға немесе осыған керісінше қолма-қол ақшасыз формадан қолма-қол ақша формасына ауыстыру (құю) тұрғысынан келгенде бұл арада ешқандай қиындық болмайды, өйткені тауар өндірісі мен тауар айналысы ақша айналысының объективті негізі болып табылады.
Қолма-қол ақша айналысы ақша айналымының бір бөлігі ретінде елдің аумағында қолма-қол ақша (ұлттық валюта) айналымымен ғана байланысты болады.
Нақты қолма-қол ақшаға банк кассаларындағы және банкке қатысы жоқ салалардың, яғни кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің кассаларындағы, халықтың өз қолындағы ҚР Ұлттық банк шығарған банкноттар (қағаз ақшалар) мен тиындар жатады. Қолма-қол ақша өз қозғалысын ақшаны айналымға шығаруға және ақша эмиссиясына монополиялық құқығы бар ҚР Ұлттық банктің кассасынан бастайды. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшаны қаражатты қолма-қол ақшасыз аудару жолымен өз ресусртарының есебінен қолма-қол ақшаның номиналды құнын өтей отырып, Ұлттық банктен алады.
Негізгі қолма-қол ақша айналымы экономикадағы кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын банк кассалары арқылы өтеді. Банктегі шоттарға ақшалай түсімдердің есепке алынуы мен әр түрлі мақсаттарға қолма-қол қаражаттың берілуі банктің кассалық операциясы деп аталады әрі осыған қарай банктердің кіріс және шығыс кассалары болады.
1. АҚША АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ. АҚША АЙНАЛЫСЫ
1.1 Ақша айналымының ұғымы және оның құрылымы
Ақша айналымы ұдайы өндірістік процестің әр түрлі жақтарын бейнелейтін өте күрделі жүйе.
Тауарлық және тауарлық емес формада болатын өндірістік және жеке тұтынуға арналған өндірілген өнімдер мен көрсетілген қызметтер ақша арқылы сатылады. Ақшаның көмегімен табыс, оның ішінде қосымша өнімнің құны қалыптасады әрі бөлінеді.
Сондай-ақ, ақшаның көмегімен несие мен басқа қаржы ресурстары қалыптасып, қайта бөлінеді және пайдаланылады. Бұл арада шаруашылық жүргізуші органдар мен жекелеген кәсіпкерлер арасындағы, олардың мемлекет арасындағы, шаруашылық жүргізуші субъектілер және олардың жұмыскерлері арасындағы, халық пен мемлекеттің арасындағы, сондай-ақ жеке азаматтардың арасындағы тікелей ақша қатынастарында қолма-қол ақшасыз немесе қолма-қол ақшалай формада есеп айырысулар болады. Бұл жағдайда есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз формасы мен бірыңғай ақша айналымын құрайды. Сондықтан да барлық ақша қызметтерінің олардың тауар айналысының процесіне қызмет етуі барысында, өндірісті ұлғайту процесінде жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) және ұлттық табыстың (ҰТ) жиынтық құнын қалыптастыру, бөлу және қайта бөлу барысында пайдаланылуы ақша айналымын қалыптастырады.
Кәсіпорындардың, ұйымдардың арасында, олар мен халықтың арасында, жекелеген азаматтардың арасында тауарлар мен қызметтерді өткізу себебі бойынша орын алатын ақшалай есеп айырысулар ақша айналымының көп бөлігін құрайды.
Алайда, ақша айналымы тауар айналымының ақшалай жағын ғана білдірмейді. Ақшалай айналымның жиынтық көлемі кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өткізген тауарлары мен қызмет бағаларының сомасынан әрдайым көп жоғары болады. Мұны ақша қызметінің тауарлар мен қызметтерді сату және сатып алумен ғана шектелмейтіндігімен түсіндіруге болады. Ақшаны шаруашылық жүргізуші органдар жұмысшылар мен қызметкерлерді ынталандыру үшін пайдаланады. Жалпы ақша айналымының көп бөлігін – ұлттық табыстың қалыптасуымен, бөлінуімен байланысты жүзеге асатын айналым құрайды. Ұлттық табыстың қалыптасу сатысында ақша айналымы шаруашылық органдардың да, жеке азаматтардың да төлемдерін бейнелейді.
Ақша айналымының біршама бөлігі мемлекеттік бюджеттің табысыны пайдалану сатысында, яғни әлеуметтік қажеттіліктерді, экономиканы, мемлекетті, капиталдық шығындарды және т.б. қаржыландыруда жүзеге асады.
Ақша айналымының бір бөлігіне банктің несиелік ресурстарын жұмылдыру және оларды орналастыру (инвестицияны несиелеу) жатса, тағы бір бөлігіне сақтандыру бойынша төлем, зейнетақы, жәрдемақы, шәкіртақы және т.б. төлемдері жатады.
Ақша айналымының жалпы көлеміне халықтың тұрғын үй, коммуналдық қызмет, газ, электр энергиясы, байланыс қызметі және кәсіпкерлердің тұрмыстық қызметі, көлік және басқа да осындай қызмет түрлері үшін төлейтін төлемдермен байланысты айналым да кіреді.
Осылайша, бүкіл ақша айналымына және қолма-қол ақша айналымы мен қолма-қолсыз ақшасыз айналымға бөлінеді, сондай-ақ, ол төменде келтірілген ретунде де бөлінеді:
- Тауарлық сипаттағы, яғни өнімдерді өндіру мен өткізу процесін бейнелейтін ақша айналымы;
- Еңбекақы төлеумен сақтандыру төлемдерін төлеумен, коммуналдық қызмет төлемдерін төлеу, халықтық, көліктік, тұрмыстық және тағы басқа төлемдермен байланысты орын алатын тауарлық емес сипаттағы ақша айналымы.