Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті дамыту мен колдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кешенді шаралар белгіленген. Бағдарламада шағын кәсіпкерлікті тұрақты дамытуды қамтамасыз ету, экономикада оның үлесін ұлғайту, жаңа жұмыс орнының санын арттыру, айқын бәсекелестік ортаны құру, қоғамның орташа табы ретінде меншік иелерінің бұқаралық тобын қалыптастыру көзделген.
Кәсіпкерлік әлемдік қоғамдық дамудағы барлық кезеңдеге қатысты болып табылады. Ортағасырлық араб ойшылы Ибн-Хальдун (1332-1406 жж) кәсіпкерлікті меншікпен, еңбекпен, адамның қабілеттілігімен сәйкестендіре отырып зерттеген. Батыс Европада кәсіпкерлікті оқып білу физиократтар иелігінде болған. Ф.Кенэ «Экономикалық кестеде» басты орынды жер иелері - кәсіпкерлеріне берген, яғни «егер де кім жерді жалға алса, ол ауыл шаруашылығын жоғары өндірістік дәрежеде көрсетеді»,-дейді. Кәсіпкерлік түсінігінің дамуы одан кейін физиократтар түсінігінде А.Тюргоның еңбегінде көрсетілді. Оның схемасында қоғамның өндірістік тобының міндеттілігі қарапайым жұмысшыларға еңбекақы төлейтін, аванс беретін капиталистерге немесе кәсіпкерлерге түсті. Ж.Б.Сэй «Саяси экономия трактатында» кәсіпкерді «қандай да бір өнімді өзінің меншігіне және өзінің есебіне әкелуге іс-әрекет жасайтын тұлға» ретінде сипаттады. Сонымен қатар, ол кәсіпкерлікті тәуекел факторына, ал кәсіпкерді өзіне пайда келтіру үшін тәуекелге баратын адам деп көрсетті. Кәсіпкерлікті дамытудағы қажетті шарттардың бірі деп ол өндіріс факторларын қозғалысқа келтіретін (табиғат, еңбек, капитыл) адамның білімі деп есептеді.
А.Маршал бойынша оның негізілігі шығамашылық процесс функциясы ретінде қойылған бағыттар деп көрсетіледі. Ал,И.Шумпетердің айтуы бойынша, кәсіпкерлік бұл қоғамдық жүйенің және ғылыми - техникалық қозғалыстың негізі ретінде капитализмнің «адамдық» факторы болып табылады. Капитализмнің орталық фигурасы ретінде ол кәсіпкерлікті қарады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті технологияның дамуымен, жаңашылдықпен және экономикалық өсумен байланыстырды. Кәсіпкерлікті жаңа негізгі өндірістік факторлар комбинациясын жасаудағы шаруашылық субъектілері деп түсінді.
Соңғы 20-25 жылдарда жаңа нарықтық экономикада шағын кәсіпкерлік рөлінің әдістемелік өзгергені айқалады. Бірігіп жұмыс істеу қарым - қатынасында орнықты және тиімді келісімдер жүргізу және тәуелсіз өндірушілер массасының өсуі байқалады. Шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындармен салыстырғанда, экономикалық тиімділіктің жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорын өндірістік және дербес тұтынудың бөлінуімен байланысты өркендейді. Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттың потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Қазіргі жағдайда, экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпорындардың қосқан үлесі жоқтың қасы. Оның себебі, жалпы өндірістің төмендеуі және ТМД елдерімен экономикалық қатынастардың үзілуінен болып отыр. Сонымен бірге, шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау орындала алмай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан - жақты қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп кете алмайды. Дүние жүзіндегі барлық елдерде шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау қоры болады. Мысалы, Жапонияда жыл сайын 2-3 млрд.доллар бюджетте қаралады. Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау тек қана пайдаға салынатын салық жеңілдігі ғана. Шағын бизнестің басты проблемасы - ол несие беру саясаты. Несие тек қана кепілдеме ретінде мүліккке беріледі. Ал кепілдікке жарайтын шағын кәсіпорында жоқтың қасы, сондықтан шағын кәсіпорындардың керекті несиесіне кепілдік бере алмайды. Сондықтан, шағын бизнесті қолдайтын арнайы банк, несие банктің бір бөлімі болуы керек. Шағын кәсіпкерлік фирмалар қәзіргі жағдайда делдалдық сферада, сонымен қатар тез айналатын сала сауда - саттық, қоғамдық тамақтану, азаматтық құрылыс, техника және машиналарды жөндеу, басқада салаларда орын алып отыр. Шағын кәсіпорын өзінің жеке пайдасын аттыру мақсатында және кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігіне қарай сұраныс бар тауарлар шығару мен қызметтер атқару үшін өзінің әлеуметтік дамуы негізінде жұмыстарын алдын - ала жоспарлауы керек. Жоспардың негізінде тауар алушылармен және шикізат, материалдар сататын кәсіпорындармен, өндіріске керекті өнімдермен жабдықтау туралы шарттар болуы керек. Қазіргі кезде, нарықтың жасақталуы - көпқырлы процесс. Мұнда ірі монополистік кәсіпорындармен қатар шағын бизнесті дамытуға үлесін қосатын кәсіпорындардың дамуы жалпы экономикалық тиімді шара. Оның ірі кәсіпкерлік фирмаға қарағанда тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі, қосымша жұмыс орнының жасақталуы, жергілікті шикізаттарды ұтымды пайдалану және тағы басқалар. Қазақстан Республикасында экономикалық реформа барысында алдын-ала түбегейлі ойластырылған бағдарламаның жоқтығынан ірі индустриалды кәсіпорындарды шағын, орташа кәсіпорындарға жаппай көшуден тарихта кешірімсіз қателер болды. Бұл өрескел қателіктерді жою үшін мемлекет ірі индустриалды кәсіпорындарды қайта құрумен байланысты шағын кәсіпорындарға арнайы бағдарламалар бойынша жан-жақты көмек көрсету керек. Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі жұмысқа қамтылмаған көптеген жұмыс күшін қамту, ол әлеуметтк қайшылықты, қиындықтар мен жұмыссыздықты жоюға септігін тигізеді.
1.2 Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі
Көптеген шағын кәсіпорындар қаржылық тұрақсыздық және құрал-жабдықтардың жетіспеушілігінен өзінің даму жолында қиыншылықтарға кездеседі, олардың алдын - алу барысында жаңа технологиялар енгізіп, өнім мен қызметтің сапасын жоғарылатып, ұзақ мерзімді инвестициялар тартып, сондай-ақ, жаңа нарық жасау жолдарын енгізу сияқты бағыттарды ұстанады. Кәсіпкерліктің сәтті жүргізілуі үшін белгі бір активтер санын басқаруы керек. Олар тез пайдаға түспейді, яғни белгілі бір уақыт арасында ретке келіп отырады. Осы активтерге кеткен жиынтық шығындар капиталдағы кумулятивті қажеттілікпен анықталады.
Шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар үшін ең өзекті мәселе болып меншік құралдары мен капиталдың ұзақ мерзімді көздер есебінен туындайтын қаржылық стратегия табылады. Ғылыми зерттеулер көрсеткіштері тек қана 5% шетел кәсіпорындары инвестициялық қорлар есебінен қаржыландырылады. Көбінесе, шағын кәсіпкерлік меншік жинақтарынан, туыстарының, достарының жинақтарынан, сондай - ақ коммерциялық банктердің несиелерімен қаржыланады.
Қазақстанда меншікті құралдар шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бірақ олар қаржыландырудың барлық қажеттіліктерін жаба алмайды. Бұл жағдайда қаржыландырудың альтернативті көзі болып банк несиелері және мемлекеттің және халықаралық ұйымдардың арнайы жүргізілетін
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру кезінде келісім бойынша кепіл заты болуы қажет. Кепілхаты мыналар болуы мүмкін: есеп құжаттарының материалдық бағалылығы; бағалы қағаздар; валюталық құндылықтар;. Сондай-ақ, кепіл зат ретінде тек қана өндіріске тез араласып кететін бағалы құндылықтар болады. Кепіл түрлері болып, мүлік және құқық кепілдері табылады. Клиенттің мүлік кепілі, бұл тауарлы - материалды құндылықтар келілі; дебиторлық шоттар кепілі; бағалы қағаздар кепілі; вексельдер кепілі; депозиттер келілі (сол бөлікте болып саналатын); ипотека; аралас кепіл. Құқықтық кепіл, бұл несие алушының өзінің мүлігіне құқы бар кепіл. Мұнда несие алушы кепіл туралы келісім және несие беруші банк арасындағы байланыс көрсетіледі.
Қазақстан Республикасында «Казкоммерцбанк» ААҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай-ақ, тауар айналымын өсіру, айналым капиталын толықтыру, көрсетілген қызметтер көлемі немесе өндіріс көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар, шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2- 2.6 % мөлшерінде беріледі.