Смекни!
smekni.com

Нары м ні, пайда болуы, ызметі 4 (стр. 5 из 8)

1) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын мүлік құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады. Шаруа қожалықтарын мемлекеттік тіркеу ол үшін ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында болады;

2) табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау жөнінде қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен жағдайда босатылады;

3) мемлекет қатынасын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот ашылады;

4) жеке кәсіпкер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді оңайлатылған тәртіппен береді;

5) салық заңдарына сәйкес табыс салығын салық патенті негізінде не салықтың белгіленген сомасын, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің оңайлатылған жүйесі байынша төлейді;

6) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру (беру) кезінде басым құқықпен пайдаланады;

7) тиісті жылға аралған мемлекеттік бюджетте шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және ақпараттық қызметті, сондай-ақ, ғылыми - техникалық таңдамалар мен технологияларды жеңілдікті шартпен алады;

8) шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін жүргізеді.

Шағын кәсіпкерліктің қаржы мөлшерін иеленудің бір жолы аудандық несие серіктестігін құру болмақ. Ұлттық банк өзінің басқармасының 2000 жылғы 29 шілдедегі Қаулысымен Әділет министрлігінде «Несие Серіктестіктері туралы» ережені тіркеуден өткізді. Ұлттық банк Ауылдық коммандиттік несие серіктестігінің үлгі түріндегі жарғысын мақұлдады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі күрделі экономикалық жағдайында жекелеген шаруа қожалықтарының қиыншылықтары жетіп артылады. Бұл қиыншылықтарды жеңу жолдарының бірі - олардың неғұрлым ірі шаруашылық пошымына бірігуі. Атап айтқанда, олар ерікті негізде кәсіпкерліктің өндірістік кооператив, қоғам, серіктестік секілді ірі ұйымдық -құқықтық пошымдарына бірігуінде болады.

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы жаңа заң еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің дамуының жаңа кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік сияқты аса маңызды және үнемі дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып табылады.

2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін

талдау

Кәсіпкерлік - бұл қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын әлеуметтік - экономикалық шарттардағы инновациялық өндірістік форма болып табылады. Қазақстандағы жаңа экономикалық жүйенің құрылуы шағын кәсіпкерлік қызметінің, соның шағын, орта және ірі (корпоративті) кәсіпорындар қызметіндегі өндірістік - коммерциялық масштаб байынша олардың өзара әсер ету қарым - қатынасындағы бір жақты реттеуін көрсетеді. Шағын кәсіпкерлік іскерлік өмірдегі негізгі құрал болып саналады. Тұтынушылар мен өндіріс тауары бола отырып, шағын кәсіпорындар нарық тербелісіндегі көптеген өзгерістерге әсер ететін көптеген факторлардың бірі болады. Шағын кәсіпкерлік негізгі рөлді аймақтық экономикада алады. Аймақтар әкімшілдік - территориалдық, әлеуметтік - экономикалық дамуды көрсететін меншік элементтерінің өзара қарым - қатынасы арқылы жүретін басқару жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Сондықтан да, шағын бизнестің және аймақтың әлеуметтік - экономикалық дамуы, біріншіден еңбек, материалдық техника, табиғи, қаржылық және ақпараттық ресурстарын қолдануға, екіншіден аймақтық экономиканы басқару жүйесіндегі ұлттық экономиканың ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарын бағдарлауға байланысты. Аймақтық басқару жүйесі шаруашылық субъектілерінің өзара қарым - қатынас орнатуына, сондай-ақ нарықтың жеке, корпоративті қатысушыларына экономикалық және әлеуметтік нәтижелермен қамтамасыз ету жүйесі болып табылады.

Сондай-ақ, шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі жетістіктер оны дамытудағы маңызды бөлшектерді иеленеді. Осыған байланысты шағын бизнесті несиелендіру бұл экономиканы одан әрі дамытудағы аса маңызды ерекше орынды көрсетеді.

1-кесте Шағын бизнес кәсіпорындарының саны

2004 жылдың 1 қазанына

тіркелгені жұмыс істеп тұрғандары
бірлік қорытындысына % - бен барлығы олардан белсенділері
бірлік қорытындысына % - бен бірлік Қорытындысына % - бен
Қазақстан РеспубликасыАқмолаАқтөбеАлматыАтырауШығыс ҚазақстанЖамбылБатыс ҚазақстанҚарағандыҚостанайҚызылордаМаңғыстауПавлодарСолүстік ҚазақстанОңтүстік ҚазақстанАстана қаласыАлматы қаласы 1409214579553260833588927641362981896354572699383068393247129001145849553 100,03,23,84,32,56,62,92,16,43,91,92,74,92,39,28,135,2 9999333374218445131486650290425556430425222653149526226698658942830617 3,3100,04,24,53,16,72,92,66,44,32,33,15,32,78,79,430,5 4963524471890322613313663111613773002221814241387267514023898447614103 100,04,93,86,52,77,42,22,86,04,52,92,86,42,87,99,028,4

Шағын бизнес кәсіпорындарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны кәсіпкерліктің даму деңгейінің әлемдік тәжірибеде қабылданған көрсеткіші болып табылады. Шағын бизнестің жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарының, сондай-ақ шаруа қожалықтарының өңірлер бөлінісінде Қазақстанның 1000 тұрғынға шаққандағы саны төмендегі кестеде берілген.

2-кесте Өңірлер бойынша шағын бизнес кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарының 1000 тұрғынға шаққандағы саны

2004 жылдың 1 сәуіріне

шағын бизнес кәсіпорындары1000 тұрғынға шаққанда шаруа қожалықтары,ауылдық жердің 1000 тұрғынына
жұмыс істеп тұрғандары олардан белсенділері тіркелгені олардан жұмыс істеп тұрғандары
Қазақстан РеспубликасыАқмолаАқтөбеАлматыАтырауШығыс ҚазақстанЖамбылБатыс ҚазақстанҚарағадыҚостанайҚызылордаМаңғыстауПавлодарСолтүстік ҚазақстанОңтүстік ҚазақстанАстана қаласыАлматы қаласы 6,34,75,82,76,54,42,84,15,04,53,68,68,63,73,716,524,0 3,22,62,42,02,92,51,22,22,32,42,23,73,71,91,48,012,1 25,611,215,435,67,622,320,510,925,318,77,38,613,514,246,60,00,0 20,77,010,828,84,621,215,88,121,09,92,94,18,810,941,00,00,0

Халықтың кәсіпкерлік белсенділігі Алматы (1000 тұрғынға шаққанда 24 кәсіпорын) және Астана (16,5 кәсіпорын) қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау (8,6 кәсіпорын) және Павлодар (6,9 кәсіпорын) облыстарында аса жоғары. Шаруа қожалықтары бойынша Оңтүстік Қазақстан (ауылдық жердің 1000 тұрғынына шаққанда 46,6 шаруа қожалығы), Алматы (35,6) және Қарағанды (25,3) облыстары көзге түседі.

2004 жылдың 1 сәуіріне есептік деректер бойынша республиканың шағын бизнес кәсіпорындарында жұмыс істейтіндер саны 2003 жылдың 1 сәуіріне қарағанда 4 %-ға өсіп, 481,9 мың адамды құрады. Барлық жұмыспен қамтылғандардың 32 %-дан астамы - сауда, автокөліктерді, тұрмыстық бұйымдарды және жеке адамдар пайдаланатын заттарды жөндеу саласына қатысты шағын бизнес кәсіпорындарында, 15,3 %-ы өнеркәсіпте, 14,9 %- ы - құрылыста болып табылады.

Осы көрсеткіштерді негізге ала отырып, республиканың шағын бизнес субъектілерінің экономикада қандай орын алатынын айқын көруге болады. Сондай-ақ, экономиканың күннен - күнге өркендеп дамып келе жатқанын да мемлекеттің жасап отырған қызметтерінен көруге болады.

Сонымен бірге қазіргі таңда елімізде шағын бизнесті несиелендірудің жаңаша шарттары жасалып, олар бойынша көптеген мақсатты бағыттыр жүзеге асырылуда деп айтуға болады.

3-кесте 2004 жылғы қаңтар-қыркүйекте өңірлерді өнім өткізуден түскен табыс бойынша бөлу

Өңірлер Облыстар, қалалар Жалпы табыстағы үлес салмағы,%-бен
Қазақстан Республикасы ОрталықБатысШығысСолтүстікОңтүстікАстана қаласыАлматы қаласы Ақмола,ҚарағандыАқтөбе,Атырау,Батыс Қазақстан,МаңғыстауАлматы,Шығыс ҚазақстанҚостанай,Павлодар,Солтүстік ҚазақстанЖамбыл,Қызылорда,Оңтүстік ҚазақстанАстана қаласыАлматы қаласы 100,08,211,713,913,36,98,837,2

2004 жылғы қаңтар - қыркүйекте шағын бизнес кәсіпорындарының дайын өнімін (тауардың, қызметтің) өткізуден түскен табыс 447 615,7 мың теңгені құрады. Өңірлер бөлінісінде жалпы табыстағы аса қомақты үлестік салмақ Алматы қаласының (37,2 %), Шығыс (13,9 %) және Солтүстік (13,3 %) өңірлердің шағын бизнес кәсіпорындары еншісінде.