ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
І. ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.................................................................................................................
1.1 Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы.....................................
1.2 Шағын бизнесті дамытудағы несиелендірудің рөлі......................................
1.3 Шағын бизнесті несиелендірудің шетелдік тәжірибесі................................
ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КІШІ БИЗНЕСТІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАРЖЫЛЫҚ – НЕСИЕЛІК ҚОЛДАУ МЕХАНИЗМІН ТАЛДАУ.....................................................................................
2.1 Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес және оны қаржыландырудың заңдылық негіздерін талдау..................................................................................
2.2 Шағын бизнесті несиелендірудің қалыптасқан механизмін талдау.........................................................................................................................
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ.....................
3.1 Кіші бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемалар....................................
3.2 Шағын бизнесті басқарудың экономикалық механизмдерін жетілдіру.....
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................
Пайдаланған әдебиеттер.......................................................................................
КІРІСПЕ
Кәсіпкерліктің пайда болуы мен дамуы экономиканың өркендей түсуіне әсер ететін бірден - бір факторлардың бірі. Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 1 наурыздағы: «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс. Қордың өкілдік желісін кеңейту, өңірлердегі кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған жұмысты күшейту қажат»,-делінген. Осыған байланысты Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын, әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық орнын иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуына байланысты мақсаттар мен бағдарламалар жүзеге асырылды.
Ұсынылған бағыт Қазақстан экономикасын дамыту қағидаларына негізделген, ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру стратегиялары Ел Президентімен Қазақстан халқына: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» Жолдауында, яғни Қазақстан экономикасын жақсарту және оған серпінді сипат беру, өзара байланысты мақсаттар кешенін шешу көзделді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасынаң «Банк және банктік қызмет туралы» Заңына сәйкес, шағын кәсіпкерлікті несиелендірудегі банктік несиелеудің аумағын арттыру.
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі жағдайдағы кәсіпкерлік қызмет нарығының ахуалын талдау және экономикалық тұрақтылық жағдайында кәсіпкерлік қызметті жүргізуде ұсыныстар жасау.
Міндеттері:
- шағын бизнестің экономикадағы алатын орны мен маңызын ашу;
- оны дамытудағы несиелендірудің рөлін қарастыру;
- шағын бизнесті несиелендірудегі шетелдік тәжірибелердің мазмұнын ашу;
- Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуын талдау;
- шағын бизнестің заңдық негіздерін қарастыру мен қалыптасқан механизмдеріне талдау жүргізу;
- қазіргі кездегі шағын бизнесті несиелендірудегі негізгі проблемаларды ашып көрсету;
- шағын бизнесті басқарудағы экономикалық жетілдіру жолдарын көрсету.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі елдің кәсіпкерлік қызмет саласындағы бағыттарын жүзеге асыру, кәсіпкерлік субъектілері қызметінің аясын барынша кеңейтуге және олардың қызметін жандандыруға бағытталған институционалдық жағдайларды жетілдіру болып табылады.
Зерттеу пәні қазіргі таңда кәсіпкерлік қызметті жүргізудің әдіс - тәсілдерін жетілдіру бағыттарын топтастыру.
Қазіргі таңдағы шағын кәсіпкерліктің дамуы нарықты әртүрлі қызметтермен толтырып отыратын негізгі жетілдіруші факторлардың бірі болып табылады. Сондай-ақ, қазіргі жағдайда экономиканы сауықтандыруға шағын кәсіпкерліктің қосатын үлесі де маңызды деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау шаралары әрбір елде болатын іс-әрекет шаралары.
Біздің Қазақстан жағдайында мемлекеттік қолдау әртүрлі бағыттарда жүзеге асырылады. Болашақта елде шағын кәсіпкерлікті дамытуды одан әрі кеңейту бағыттары жоспарланып отыр. Осыған байланысты кәсіпкерлік бағытты жандандыру шаралары да ұйымдастырылу үстінде.
І ШАҒЫН БИЗНЕСТІ НЕСИЕЛЕНДІРУ МЕХАНИЗМІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Шағын бизнестің экономикадағы орны мен маңызы
Шағын кәсіпкерлік базар қатынастарын ұдайы іске қосып отыратын ортаның нақ өзі. Экономиканың өтпелі кезеңіндегі шағын кәсіпкерлік, ең алдымен, базардың тауармен молығуына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына мүмкіндік берді. Жалпы алғанда, кәсіпкерлік экономикада нақты белсенді, бәсекелес ортаны ғана қалыптастырып қоймайды, сонымен қатар, мемлекеттің экономикалық дамуында оның тұрақтылығының индикаторы есепті орта тапты жасақтайды. Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік міндетіне: халықты жұмыспен қамту, тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету, адамның өмірге нық сеніммен қарау мүмкіндігін арттыру жатады. Дамыған елдердің тәжірибесі шағын кәсіпкерлік экономиканың даму қарқынын арттыра түсетінін көрсетеді. АҚШ-та барлық жұмыс күшінің 50 пайызы шағын кәсіпкерлікпен шұғылданады. Ішкі өнімің 33 пайызын нақ сол қамтамасыз етеді. Жапонияда жұмыс күшінің 80 пайызы шағын кәсіпкерлікте жұмылдырылған, жалпы өнімнің 55 пайызы солардың үлесіне тиеді. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік ғылыми - зерттеу жұмыстарының 3 пайызын ғана жүзеге асырса да, өндіріске енгізілетін ірі жаңалықтардың 50 пайызын қамтамасыз етеді. Шағын кәсіпорындардың экономикалық тиімділігі соншалықты айқын: ірі кәсіпорындар жаңа өнім өндіруге жұмсаған бір доллар шығынмен салыстырғанда, осы көрсеткішпен шағын кәсіпорындар жаңа өнімдерді 17 есе көп шығарады, шағын фирмалар мен дербес өнер тапқыштар жаңа технологияның 90 пайызынан астамын жасайды.
Қазақстанда шағын кәсіпорындар жүйесін қалыптасыру әлі жүріп жатыр. 1990-жылдардың басында Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлік субъектілерінің анықтамалары болмаған еді. Сондықтан, әрқилы құрылымдарға түрлі анықтамалар қолданылды. Кейбіреулер он немесе одан да аз жұмысшысы бар кәсіпорындарды шағын бизнеске жатқызса, енді біреулер мұны 200 және одан да көп жұмысшысы қамтылған кәсіпорындар үшін қолданады. Соның салдарынан бірыңғай статистикалық ұғым қалыптаса қоймады, шағын бизнеске жатызылатын кәсіпорындардың нақты белгілері айқындалмады. Мұның өзі, республиканың экономикалық дамуына осы сектордың қосар үлесіне лайықты баға беруге және шағын кәсіпорындарды нақты топтастыруға мүмкіндік бермеді.
Бизнеске қатысына қарай, «шағын» деген анықтама жұмысшылардың саны, жалпы табыс, сондай-ақ, жылдық айналым ұғымында түіндірілуі мүмкін. Фирмаларды көлемі бойынша топтастыру кезінде негізінен бірінші белгі ескеріледі: шағын бизнеске жұмысшы саны 100 адамға дейін, ал Қазақстанда 50 адамға дейін болатын, кәсіпорындарды жатқызу қабылданған.
Бүгінгі күні шағын кәсіпорындар тиімді болып табылатын өндіріс түрлері аз емес. Көптеген ғалымдар өркенияты базарлы экономиканың материалдық және әлеуметтік базасында ұсақ, сондай-ақ, орташа бизнес тиімді қызмет көрсетеді деп санайды. Олар жеке меншікке негізделген шаруа қожалығы ғана ауыл экономикасын өркендетеді десе, басқалары ірі шаруашылықтардың басымдылығын алға тартады, үшіншілері осы және басқа да меншік пошымдарын мойындайды. Бірақ шаруашылықты басқарудың кез-келген пошымы, орнықты экономикалық орта қалыптасқанда ғана табысты жұмыс істей алады, яғни меншіктің барлық пошымы үшін бірдей базар шарттарын орнықтырып, нағыз бәсекелестікке жол ашудың маңызы зор. Шағын кәсіпкерлік тек бәсекелестіктің ғана емес, сонымен бірге, қоғамдағы техникалық прогресс пен ақпараттандырудың да лайықты ұйытқысы олып табылады. Ол шағын және орташа қалалар мен аудандар аумағында тұратын адамдардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Шағын кәсіпкерлік мемлекет тарапынан оңай қадағаланады және оны дамытуға көп шығын жұмсалмайды.