Кт 4801 «Жал бойынша кірістер».
Сонымен қатар 1860/1 шотында лизинг заты қосалқы лизингке берілген әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады.
Лизинг алушы қосалқы лизингке жолданған лизинг заты бойынша есептелген кірістерді өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына қосалқы лизинг бойынша төлемдерді кешіктірген кезде келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:
Дт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 1860/1 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
Сонымен қатар, 1860/2 шотта қосалқы лизинг бойынша мерзімі өткен төлемдері бар әрбір клиент бойынша жеке дербес шоттар ашылады.
Сол уақытта лизинг алушы айыппұл, өсімақы және тұрақсыздық сомасын (егер бұл қосалқы лизинг келісімінде көрсетілсе) есептейді. Бұл кезде келесі жазба жасалады:
Дт 1860/3 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»
Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)».
1860/3 шотында әрбір клиент бойынша айыппұл, өсімақы немесе тұрақсыздық есептелетін жеке дербес шоттар ашылып, мынадай жазба жүргізіледі:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
- Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:
Кт 1860/3 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар».
- Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына.
Лизинг затын қосалқы лизингке алған клиентпен қосалқы лизинг келісімшарттарын орындауда келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:
а) Баланстық құн сомасына:
Дт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар»
Кт 1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал – жабдықтар».
Қосалқы лизингке берілген лизинг затының құнын есептеуге арналған жеке дербес шот;
ә) Есептелген амортизация сомасына:
Дт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация»
Қосалқы лизингке берілген лизинг затының амортизациясын есептеуге арналған жеке дербес шот;
Кт 1695 «Қаржы лизингі бойынша алынған негізгі құрал – жабдықтар бойынша есептелген амортизация».
Клиент мерзімі ұзартылған сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы өтелмесе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:
а) Айыппұл, өсімақы, тұрақсыздық сомасына:
Дт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімақы)»
Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар». Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:
Дт 4801 «Жал бойынша кірістер»
Кт 1860/2 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар». Бір кезекте, кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
Клиентпен мерзімі ұзартылған сыйақы және айып, өсімақы немесе тұрақсыздық сомасы өтелсе, келесі бухгалтерлік жазбалар жасалады:
Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»
Кт 4922 «Банктік емес қызметтен өзге кірістер». Бір кезекте, шығын 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».
2.2. Лизингтік келісімшарт
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі операция.Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:
1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;
3) лизинг алушы мен банк арасында.
Әдетте мәмілеге келу алдында клиентті толық талдаудан өткізеді.Лизингте ең маңыздысы,бұл келісімшарт соңында құрал-жабдыұтың белгілі бір қалдық құнының қалуы.Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан (өрттен,ұрлықтан және т.б.) сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырылған көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді қамтуға тиіс:
1.Объектісі.
2.Жабдықтау мерзімі.
3.Лизингке алу мерзімі.
4.Лизингке берушінің меншіктік құқы.
Бөлім 3. ҚР лизингтің сыртқы жағдайы.
3.1.ҚР лизингтің даму жолдары.
Кәсіпкер өзіне қажетті құрылғыларды лизингке алу үшін келесідей екі жағдайда шешім қабылдауы мүмкін: біріншіден, егер құрылғыларды лизингтік банкке алу банктік несие есебінен сатып алуға қарағанда неғұрлым тиімді болса, ал екіншіден, кәсіпкердің банктен несие алу үшін несиелік тарихы болмаса. Осы жерде лизингтік компаниялардың жеткілікті түрде несиелік тарихы жоқ және соған сәйкес банк несие беруден бас тартатын клиенттермен қосымша тәуекелділіктерге бара отырып жұмыс істеу мүмкіндіктерінің бар екендігі көрінеді. Бұл жағдай лизингтік бизнестің бір ерекшелігін көрсетеді.
Еліміздегі лизингтік қызметтер нарығында бүгінгі күні қалыптасып отырған жағдайларды ескере отырып,біз лизингтік қатынастар механизмін жетілдіру үшін неғұрлым перспективті нарықтарды бөліп қрастыруды ұсынамыз.
1-белгі | 2-белгі | |
Лизингтік келісімдер: Сегмент №1-шағын Сегмент №2-орта Сегмент №3-ірі | Лизингтік қызметтер нары- ғының сегменттері | Лизингке алушылар: Сегмент №1-шағын Сегмент №2-орта Сегмент №3-ірі |
3.2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері.
Лизингтік қызметтер нарығы сегментердің бір белгісі ретінде лизингтік келісімдердің алынуына оның осы сегменттегі сұраныс ерекшеліктерін анықтайтындығы, ал екінші белгі ретінде лизингке алушылардың алынуына, олардың сұраныстарының сипатын анықтайтындығы әсер етті.
Енді, осы суретте көрсетілген лизингке алушы тұлғалардың әрбір типіне неғұрлым толығырақ сипаттама берейік.
Қаржыгерлердің үшінші Конгресінде ҚР-ң Елбасы Н.Ә.Назарбаев ҚР-ң Үкіметіне және ҚР ҰБ-не индустриялдық саясат шеңберінде приоритеттік
маңызы бар салаларды нақты анықтауды және оларды қаржыландыру механизмін дамытуды тапсырғаны белгілі.Элемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай қоғамдағы экономикалық, саяси, әлеуметтік сұрақтарды шешуде шағын бизнестің ерекше роль атқаратындығы белгілі. Шағын кәсіпкерлік жалпы экономиканың дамуының қозғаушы күші бола отырып, халықты жұмыспен қамту деңгейін қамтамасыз етеді және қоғам тұрақтылығының негізі – орта класты қалыптастыру көзі болып табылады.
Міне осы шағын кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін факторлардың бірі сәйкес қаржылық қызметтер секторының дамуы болып табылады.Себебі,
көптеген кәсіпорындар үшін маңызды мәселелердің бір қосымша қаражаттарының көзін іздестіру болып табылатындығы белгілі. Ал 2003 жылы қараша айындағы деректер бойынша банктік сектордан шағын бизнеске бөлініп отырған ақша қаражаттары жалпы экономикаға бөлінген несиелердің 22,7% ғана құрап отыр. Оны төмендегі кестеден көруге болады.
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне коммерциялық банктерден бөлінген несиелер млн теңге
12.99 | 12.00 | 12.01 | 12.02 | 11,03 | |
Банктік несиелероның ішінде:Шағын кәсіпкерге - қысқа мерзімді - ұзақ мерзімді | 148830398572042319434 | 276218742224011534107 | 4894171219546015361801 | 6724071465156304883467 | 92428321062380953120718 |
Осы кестеден көріп отырғанымыздай, соңғы бес жылда коммерциялық банктерден шағын кәсіпкерлікке бөлінген несиелер 19%-ке ұлғайғанымен, оның жалпы экономикадағы үлесі салыстырмалы түрде өте төмен. Сонымен бірге, банктерден несие алу үщін клиенттерге қойылатын талаптардың қатаңдылығы шағын кәсіпорындардың негізгі өндірісін техникалық жабдықтауға несие алу мүмкіндіктерін төмендетеді. Сондықтан бүгінгі күні шағын кәсіпкерлердің пайдаланып отырған құрылғыларының көбі техникалық және моральдық жағынан да тозған.
Осы сегментке тән сипаттық белгілердің бірі-шағын кәсіпорындарды қаржыландыру күрделі қаржылық салымдардың неғұрлым тәуекелділігі жоғары түрі болып табылатындығы. Оның себептеріне төмендегілерді жатқызуға болады.
1.Шағын кәсіпорындардың көбісінің кепілге қоятын өтімділігі жоғары мүліктері жоқ.
2.Шағын кәсіпорындарда біліктілігі жоғары мамандардың аздылығы немесе жоқтығы.
3.Қарызға алынған қаражаттардың өз мақсатына пайдалануына бақылау жүргізудің нақты мүмкіндіктерінің жоқтығы.
Осы себептерге сәйкес шағын бизнеспен жұмыс істеуге шешім қабылдаған несиелік мекемелер мынадай мәселелерге кездеседі:
1.Көптеген экономикалық қаржылық ақпараттарды талдаудағы және шағын кәсіпорындардың осы ақпараттарды берудегі кәсіби деңгейлерінің төменділігі;