Смекни!
smekni.com

аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру (стр. 2 из 6)

- облыстың экспорттық әлеуетіне (потенциалына) талдау жасау, оны пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу, шетел делегацияларын қабылдау, олардың облысты аралауын ұйымдастыру, халықаралық ұйымдармен мәдени және басқа байланыстар орнату;

- облыстың валюталық қорына қаржылардың түсуі мен оның жұмсалуына, сыртқы экономикалық қыз­­­­­мет аясындағы заңдардың сақталуына бақылау жа­сау;

- облыстың сыртқы экономикалық қызметінің мәсе­лелері бойынша заң актілерінің жобасын әзірлеу, көрмелер, семинарлар, таныстырулар, оқу мен тәжірибе-сынақтардан өтуді ұйымдастыру;

- облысқа берілген өкілеттіктер шеңберінде экспорт пен импортты квоталау мен лицензиялауды жүзеге асыру;

- облыс аумағына шет ел капиталын қатыстыратын инвестициялық жобаларға сараптық баға беру;

- облыстағы сыртқыэкономикалық қызмет пен ха­лық­аралық байланыстардың (кеңестер, конферен­ци­я­лар, келіссөздер, таныстырулар және т.б.) бо­ла­шақ және ағымдағы жоспарларын даярлау;

- облыс аумағында біртұтас сыртқы экономикалық саясат жүргізу мақсатында облыстың қалалары мен аудандарының әкімшіліктерімен сыртқы экономикалық қызметті үйлестіру.

Қарағанды облысындағы сыртқы экономикалық қыз­метті басқару жөніндегі бүкіл жұмыстар облыстық мәслихатпен, қалалар әкімшіліктерімен, Қарағанды сауда-өнеркәсіп палатасымен және Қарағанды кеден басқар­ма­сы­мен, ірі банктермен, сондай-ақ басқа да ұйымдармен тығыз байланыста жүргізіледі.

2.3. Кәсіпорындар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес, кәсіпорындар сыртқы нарықтағы жұмыстарының формаларын, әдістерін және көлемін өз беттерімен анық­тау құқына ие. Сыртқы экономикалық қызметті жеке-дара иемденуді жою (демонополиялау) жағдайында, кәсіп­орын­дар, республикадағы бүкіл сыртқы экономикалық ке­ше­ні­нің дербес әрекет етуші шаруашылық жүргізу субъектісі бо­лып саналады.

Кәсіпорындар деңгейінде сыртқы экономикалық қыз­мет­ті ұйымдастыру формалары маңызды шекте, олар ше­шуге тиісті міндеттермен және мақсаттармен анақталады.

Сыртқы экономикалық байланыстар Министрлігінің мамандандырылған сыртқы сауда ұйымдары сыртқы эко­но­микалық қызметті басқаруда айтарлықтай тәжірибе жи­нақ­таған.

Белгілі бір тауарлармен сауда жасауға маманданған фир­малар сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) жетекші құ­ры­лымдық бірліктері болып саналады. Фирмаларды ди­рек­тор немесе оның орынбасары басқарады.

Мамандандырылған фирмалар мен сыртқы сауда ұйымдарының (ССҰ) функционалдық бөлімдері мен қызметтерін үш топқа бөлуге болады:

1. Жоспарлауды жүзеге асырушы топтардың бөлімдері:

а) жоспарлау-экономикалық бөлімі;

б) валюта-қаржылық бөлімі;

в) көлік бөлімі;

г) бухгалтерия.

2. Маркетингпен айналысатын топтардың бөлімдері:

а) конъюнктуралар және бағалар бөлімі;

б) жарнамалар және көрмелер бөлімі;

в) инженерлік-техникалық бөлім;

г) бірлескен кәсіпорындар бөлімі;

д) техникалық қызмет көрсету бөлімі.

3. Басқару шешімдерін қабылдау мен пайдалануды

қам­та­масыз етуші топтардың бөлімдері:

а) дамыту бөлімі;

б) АСУ, ВУ бөлімі;

в) шетел іс сапарлары бөлімі;

г) канцелярия, заң, хаттама бөлімдері;

д) әкімшілік-шаруашылық бөлімі.

А.М. Прибульский өзінің еңбегінде (А.М. Прибуль­ский, Стратегия и тактика ведения внешнеэкономической деятельности в условиях долговременного экономического кри­зиса в переходный период. Караганды, 1996) Қазақ­стан­ның мұнайхимия кәсіпорындары шеңберіндегі сыртқы эко­но­микалық қызметті жүргізу тәжірибесін жинақтап қо­рыт­ты. Жұмыс ашық әлемдік нарық жағдайында сыртқы эко­но­микалық қызметті жүргізудің дәстүрлі сыни тұрғыдан ба­ға береді.

Өйткені, көптеген кәсіпорындарда сыртқы экономи­калық қызмет бөлімдері әлі құрылмаған немесе жаңа-жаңа құрылу үстінде, ал Қазақстанның мұнайхимия өнеркәсібі кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметін (СЭҚ) ұйымдастыру тәжірибесі нақты мысалдар арқылы іс жүзінде қызығушылық туғызып отыр.


1.1. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ.

Халықаралық экономика, микро-макроэкономика мен қатар экономикалық теорияның құрамдас бөлігі болып табылады.

Халықаралық экономика – ұлттық экономикалардың тауарлардың халықаралық қозғалысы, қызмет көрсету, өндіріс факторлары және мемлекеттің халықаралық экономикалық саясатын құру саласында қарым-қатынас заңдылықтарын зерттейтін экономикалық теорияның бір бөлігі болып табылады.

Халықаралық экономиканың зерттеу пәні дербес болып келіп, микро-макроэкономиканың зерттеу обьектілерінен өзгешеленеді.

Халықаралық экономика теориясының обьектісі болып:

- Халықаралық масштабта шаруашылық өмірді ұйымдастыру жүйесі нарығының дамуы және қызмет ету заңдылықтары.

- Әлемдік нарықта тауарлар мен өндіріс факторларына жиынтық сұраныс пен ұсыныстың құрылу заңдылықтары.

- Сыртқы сауданың даму тенденциясы (қарқыны).

- Халықаралық экономиканың қызметін қамтамасыз ететін халықаралық қаражаттарды зерттеу.

- Әр түрлі тәуелсіз мемлекеттер резиденттері мен келісетін келісім шарттар.

- Халықаралық экономиканы реттеудің институционалды құрылымы.

Бірдей экономикалық құбылыстар мен процесстер өту орнына-ұлттық шаруашылық ішінде немесе халықаралық экономика саласында болуына байланысты өз мазмұнын өзгертеді. Халықаралық экономика саласындағы экономикалық қатынастардың ұлтішілік қатынастардың ерекшелігі, мынамен анықталады. Мемлекеттер өз шекараларында тауарлар қозғалысы, қызметтер және өндіріс факторларының қозғалысына шектеу қояды. Сонымен қатар оларға тілдегі және заңдағы айырмашылықтар тежеу болады.

Ішкі және сыртқы экономика арасында ерекшеліктер бар.

Халықаралық экономиканың құрылымдық теориясы, халықаралық микроэкономика мен халықаралық макроэкономикадан тұрады.

Халықаралық микроэкономика нақты тауарлар қозғалысы мен оны халықаралық масштабта өндіру заңдылықтарын ашады.

Халықаралық макроэкономика ашық экономикалардың модельдері мен, халықаралық валюталық және төлем жүйелерінің құрылымы мен принциптерін зерттейді.

Халықаралық экономика теориясы абстракция және моделирование әдістерін қолданады. Негізделген сараптау әдістері кеңінен қолданылады: қызметті, графиктік және шектік.

Методологиялық жоспарда халықаралық экономика толығымен, мемлекеттер арасындағы қатынастардың экономикалық саласында ортақ микро және макроэкономикалық қағидалардың қолданысы болып табылады.

1.2. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ МЕН МӘНІ.

Халықаралық экономиканың пайда болуының себептері мен шарттары болып, халықаралық еңбек бөлінісі болып табылады.

Халықаралық еңбек бөлінісі, халықаралық нарыққа шығу мақсатында ішкі қажеттіліктерден тыс қызметтермен тауарларды өндіруде өз көрінісін табады. Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі түрлері болып-бөлшектік (салалар арасында), бірлік (салалар ішінде), бөлшектік және технологиялық.

Халықаралық еңбек кооперациясы бұл мемлекеттер арасында үлкен экономикалық тиімділік пен өндірілген өнімдермен тұрақты айырбас болып табылады. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуының маңызды алғышарттары болып, өндіріс факторларының халықаралық бөлінісі табылады.

Халықаралық еңбек бөлінісі және тағы басқа факторлар негізінде халықаралық нарық пайда болды.

Әлемдік нарық - мемлекеттер арасында тауар-ақша қатынастарының тұрақты саласы. Әлемдік нарық халықаралық экономикалық теорияның орталық санаты болып табылады. Әлемдік нарық тауарлардың мемлекет аралық айырбасының саласы болып, өндіріске кімге және қанша өндіру керектігін көрсетеді.

Әлемдік нарықтың негізгі белгілері болып – халықаралық сауда, яғни тауарлар мен қызметтердің ауысуы болып табылады.

Әлемдік нарықтан да жоғары нарықтық экономиканың сатысы болып-әлемдік шаруашылық болып табылады.

Әлемдік шаруашылық – өндірістік мобилді факторларымен өзара байланыскан әлем мемлекеттерінің ұлттық экономикаларының жиынтығы болып табылады. Әлемдік шаруашылықтың әлемдік нарықтан айырмашылығы, олар халықаралық тауарлар қозғалысынан емес, халықаралық өндіріс факторлар қозғалысынан көрініс алады.