Смекни!
smekni.com

аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру (стр. 5 из 6)

тания

Франция 1905 7 3831 7

Бразилия 1636 8 3823 8

Италия 1630 9 2884 10

Ресей 1542 10 3793 9

Дерек көз: Economіst Іntellіgence Unіt.

ХХІ ғасырда әлемдік экономикада АҚШ-пен қатар жаһандануға, өңірленуге, сауданы ырықтандыруға белсене қосылған Азия елдері “әлеует кіндіктеріне” айналады деп болжануда. Олардың маңызы артуын аса ірі шетелдік компаниялардың өндірістік қуаттарын осы құрлыққа ауыстыруы, инвестициялау көлемінің ұлғаюы, ұлттық экономикаларда жеткілікті дамымаған салалар мен өндірістерде бірлескен кәсіпорындардың құрылуы көрсетіп отыр.

Қол жеткізілген даму қарқынына негізделген болжамдар бойынша, 2050 жылға қарай алты әлемдік жетекші экономикалар клубына АҚШ және Жапониямен қатар Қытай, Үндістан, Ресей және Бразилия кіреді. ХВҚ, Бүкіл әлемдік банк, Орталық барлау басқармасының мәліметтері бойынша Қазақстан ішкі ұлттық өнімнің, ішкі жалпы өнімнің көлемі жөнінен 2004 жылы әлемде 55-ші орында болды. 2007 жылы шешуші макроэконо­ми­ка­лық көрсеткіш 11 трлн. 880 млрд. теңге (99 млрд. доллар) деңгейінде болжанып отыр. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 3,5 есе ұлғайып, республиканың санаттар туралы әлемдік табельдегі рейтингіне 27-ші орынды қамтамасыз етеді.

EІU сарапшыларының пікірі бойынша, алдағы 15 жылда жаһандық экономикалық өсудің негізгі факторы еңбек өнімділігінің артуы болады. 2005 жылы 10,1 трлн. долларлық шепті еңсерген тауарлардың әлемдік саудасы және 2,4 трлн. доллар болған қызметтердің коммерциялық экспорты 2030 жылға қарай 27 трлн. долларға дейін өседі деп көзделуде. 2006 жылы әлемдік ІЖӨ-дегі оның үлесі алғаш рет 30%-дық белестен асып түсті, яғни әлемдегі әрбір үшінші өнім шетелге жолданған. 42,7% жаһандық тауар экспорты дамушы елдердің үлесіне келеді. Әлемдік экономиканың өсуіне Шығыс Азиядағы, Үндістандағы, Ресей мен Бразилиядағы тұтыну сұранысының жедел өсуі жәрдем­десуде. 2020 жылға қарай қытайлық тұтыну рыногы үш есе өсіп, көлемі жағынан аме­рикалық рынокпен теңеседі. Азия континентінде ол әлемдегі ең үлкен рынокқа айналады.

ҚХР-дың әлемдік саудадағы 2005 жылғы үлесі 11%-ды құрап, 1,42 трлн. долларға жетті, ал АҚШ-та – 2,9 трлн. Еуропа мен Азия арасындағы жыл сайын­ғы сауда 600 млрд. долларға дейін өсті.

Дамыған елдерге дамушы экономи­калардан өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін экспорттау соңғы 20 жылда үш есе артып, әлемдік жеткізілімдердің 40 пайызын құраған. 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 65 пайызға дейін ұлғаяды деп күтілуде.

Дамушы елдер шикізат шылауы рөлінен арылып, индустриялық елдерге, ал дамыған елдер инновациялық, постиндустриялық елдерге айналуда.

Әлемдік экономикада трансұлттық корпорациялардың рөлі өсуде, олар 62 млн. адам жұмыс істеп, жыл сайын 4 трлн. доллар экпорттық өнім көлемін, яғни әлемдегі көлемнің 40 пайызын шығаратын 77 мың туындатушы компа­нияны, 770 мың шетелдік филиалдарды қамтиды. 2000 жылы 100 ең ірі эконо­микалардың тізімінде 51 орынды транс­ұлттық корпорациялар алса, 49 орын ғана мемлекеттердің үлесіне тиген. Жаһан­данудың қазіргі кезеңінде трансұлттық корпорациялар үшін өндірістік опера­цияларды, интеллектуалдық күш-қуат пен негізгі бизнеске бақылауды өсуші өңірлерге көшіру тән болып отыр.

Қазақстанда шетелдік капиталдың қатысуымен, трансұлттық корпорация­ларды қоса алғанда, 7 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Бұлар – “Шев­рон”, Аджип, Миттал Стил, “Лукойл”, “LG”, “Филип Моррис”, “Гленкор” және басқалары. Оларда жұмыс істейтін адамдар саны 357 мыңнан асты. Өндірген өнімдерінің көлемі 2004 жылы 18,4 млрд. доллар болған.

Әлемдік экономикада құрылымдық өзгерістер жалғасып жатыр. Бұл тұрғыда қызмет көрсету саласы алда келеді. Дамы­ған елдерде 70-80 пайызға дейін жеткен оның үлесі ұлғая түсуде. Іскерлік қызмет көрсету секторы өсіп келеді. 2010 жылға қарай іскерлік қызмет көрсету аутсор­сингінің әлемдік рыногының жиынтық көлемі 110 млрд. долларды құрайды. Үндістан осы көлемнің жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Басқарудағы консалтингтен түсетін табыс 100 млрд. долларға дейін өседі.

Дамыған елдердегі ауыл шаруашы­лығының үлесі ІЖӨ-нің 3,8 пайызға жуығын (АҚШ-та – 1,8%), өнеркәсіптің үлесі 26 пайызды құрайды. Қазақстанда ауыл шаруашылығының үлесі – 8,3%, өнеркәсіптікі – 30,7%. Жаһандану жағдайында бұл салалар дамушы елдерде шикізат көздеріне жақындай түседі. Үндістанда ауыл шаруашылығының үлесі 24,9% болса, Қытайда ол – 15,9%.

Отын шикізатының және өндіруші өнеркәсіптегі басқа өнімдердің әлемдік саудадағы үлес салмағы 16 пайызға дейін өссе, ауыл шаруашылығыныкі 9 пайызға дейін төмендеген.

Мегарыноктар

Әлемдік рыноктың аса ірі сегментте­рінде серпінді өзгерістер жүріп жатыр. Олардың бірін толымды ету жаңа сектор­лардың ұйымдасуын туындатуда. Басым сегменттер қатарында қауырт дамып келе жатқан жылжымайтын мүлік рыногын атауға болады. Соңғы бес жылда дамыған елдерде тұрғын үйдің құны 30 трлн. дол­лардан 70 трлн. долларға дейін ұлғайған. 2007 жылы инвестициялық рыноктың көлемі 681 млрд. долларды құрайды.

1990 жылдан бастап ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) саласында сауданың жоғары қарқынмен өсуі байқалып отыр, ол әлемдік эконо­мика серпінділігінен 2 есе асып түсті. Ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсету рыногы 2004 жылы 2,2 трлн. доллардан артық болды. Бағдарламалық қамтамасыз ету (БҚ) мен АКТ қызметінің әлемдік саудасында Ирландия мен АҚШ басым түсіп отыр. Мәселен, Ирландияның компьютерлік және ақпараттық қызмет көрсету экспорты 2002 жылы 10,4 млрд. долларды, АҚШ-тың үлесі 6,9 млрд. долларды құрады.

Болжамдар бойынша 1,8 трлн. дол­ларды құрайтын химия өнімдері әлемдік рыногының көлемі 2010 жылға қарай 2,4 трлн. долларға жетеді. Батыс Еуропа мен Солтүстік Америка химия өнімдерінің аса ірі тұтынушылары және өндірушілері болып қалады. Үшінші орынға Қытай шығады. БҰҰ мәліметтері бойынша әлем­де жыл сайын 80 мыңға жуық түрлі химикаттар өндірілсе, 1,5 мың жаңа түрлері шығарылады. Химия талшықтарын шығару 35,6 млн. тоннадан асып түсті.

Мұнайдың жоғары бағасы оның сату көлемін 1,7 трлн. долларға дейін жоғары­латты. Болжанып отырған бағаның 100 доллар/баррельге дейін өсуі және оның әлемдік тұтынушыларының көбеюі сатуды 2 трлн. долларға дейін жеткізбек. Мұнай-газ рыногының көлемі 2,37 трлн. долларға жетті. Онда Ресей, Сауд Арабиясы, АҚШ алда келеді.

Әлемдік әуе көлігі аралас салалармен бірлесіп, қызметтер мен тауарлар өндіруді 1,4 трлн. долларға дейін қамтамасыз етеді, соның ішінде жолаушылар тасымалы 326 млрд., жүк тасымалы 50 млрд. долларға жетті. 2005 жылы 2 млрд. жолаушы тасы­мал­данған. Олар халықаралық туризмнің негізін құрап отыр.

2004 жылы “Эйр Астана” әлемдегі 225 жетекші авиакомпаниялар рейтингінде жолаушы айналымы бойынша 189-шы орында болды. 2006 жылы авиакомпа­нияның жолаушы айналымы 3,29 млрд. жолаушы/км құрады.

Есептеулер бойынша, жеңіл автомо­бильдердің әлемдік өндірісі 2005 жылғы 56,6 млн. бірліктен 2010 жылға 63,3-68,9 млн. бірлікке дейін өседі, соның ішінде АҚШ-та – 12,7 млн., Жапонияда – 9,9, Қытайда – 6,48, ГФР-да – 5,3 млн. болмақ. Жалпы сату сомасы 1,2 трлн. доллардан асып түседі деп күтілуде. 2004 жылы жеңіл автомобильдер паркі АҚШ-та 240 млн. данадан, ЕО-да – 206, Қытайда – 32, Ресейде – 27,2, Түркияда – 11,6, Қазақстанда – 1,2 млн. данадан асқан. Мотоциклдердің әлемдік өндірісі 39 млн. данаға дейін өсті.

580 компаниясы және 51 зауыты бар жапондық “Тойота” 2005 жылы өз мәшинелерін 170 елде сатуды 190,3 млрд. долларға дейін жеткізген, америкалық “Ford Motor Company” айналымы 177,1 млрд. доллар болса, еуропалық трансұлт­тық “DaіmlerChrysler” компаниясы 149,8 млрд. долларға жеткізген.

Қазақстанда барлық дерлік әлемдік маркалардың жолаушылар автомәши­нелерін сату 2000 жылғы 9,07 млрд. теңге­ден 2004 жылғы 68 млрд. теңгеге дейін өсті. Сол секілді пайдаланылған авто­мәшинелер мен олардың қосалқы бөлшектерін сату да ұлғайды. Қазақстан автомобильдер сатудың көлемі бойынша ТМД-да екінші орынға шықты. “БипекАвто” ЖШС-да 2006 жылы 2,5 мың Нива және 1,5 мың Skoda автомобильдері құрастырылды. Біздің еліміз автомобильдер шығаруды және құрастыруды жүзеге асыратын 58-ші мемлекетке айналды. Бұл көрсеткіш бойынша әлемде 48-ші орын алады, 2007 жылы 45-ші орынға шығады деп күтілуде.

Алкогольді ішімдіктер сатудың әлемдік көлемі 701 млрд. долларды құрайды, соның ішінде 331 млрд. – сыра, 270 млрд. – әлдеқайда күшті ішімдіктер, 100 млрд. доллар – шараптың үлесіне тиеді. Жиырма жылдан бері сыра өндірісі мен тұтынуы үздіксіз өсіп келеді. Оны ішу жөнінен Қытай, шарап бойынша – Еуропа, арақтан Ресей алда келеді. Қазақстанда 2004 жылы 404 млн. доллардан асқан жалпы сату көлемінің 74,5 пайызы сыраның, 13 пайызы арақтың, 11 пайызы шараптың үлесіне тиесілі. 2006 жылы 486,4 млн. литр алкоголь өнімдері өндірілген.