Смекни!
smekni.com

аза станда сырт ы экономикалы ызметті бас аруды йымдастыру (стр. 1 из 6)

2. Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті басқаруды ұйымдастыру

2.1. Мемлекет деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару

Қазақстанда сыртқы экономикалық қызметті рефор­ма­лау 1981 жылдан басталды. Дәл осы кезеңде олардың сырт­қы нарыққа өз беттерімен шығуы, сыртқы эко­но­ми­ка­лық қызметке экономикалық қызығушы­лық­та­ры­ның артуы бой­ынша министрліктердің, ведомстволар­дың, кәсіпорын­дар мен ұйымдардың құқықтарын ке­ңей­туде алғашқы қа­дам­дар жасалды.

Республиканың министрліктері мен ведомстволары және аса ірі бірлестіктер мен кәсіпорындар экспортты жоғары сапалы өнімдермен маңызды түрде қамтамасыз етуді жүзеге асыра бастады. Сыртқы экономикалық қызмет саласындағы өкілеттіктер мен құқықтар орталық органдардан алынып, жергілікті жерлерге көбірек қосымша өкілеттіктер беріле бастады.

1989 жылдың сәуір айынан бастап барлық кәсіп­орын­дар мен ұйымдарға сыртқы нарыққа өз бетімен шығу және коммерциялық қызметті жүргізу құқы берілуі нәтижесінде, кәсіпорындар, республикадағы сыртқы экономикалық ке­шен­нің басты буынына айналды. 1988-ші жылдан іс жүзінде кез келген мемлекеттік және кооперативтік кәсіп­орындар сыртқы нарыққа шыға алады. Дегенмен, экспорт-импорт операцияларын жүзеге асыру негізінде валюталық өз шығынын өзі өтеу қағидалары (принциптері) қаланды.

Республикада сыртқы экономикалық қызметті дамы­ту­дың алғашқы сәтінен бастап СЭҚ-ті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленген болатын, нақтысында:

- сыртқы экономикалық байланысқа қатысушы­лар­дың тіркелуі;

- мемлекеттік шекара арқылы өткізілетін тауарлар мен басқа да мүліктер туралы мәлімдеу;

- лицензиялауды қоса отырып, жалпы мемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорт және импорт тәртібі және т.б.

Дегенмен, барлық қолданылған шаралар кәсіпорын­дар­дың, кооперативтер мен ұйымдардың өз бетімен сырт­қы нарыққа шығудағы мүмкіндіктерін төмендетуге әкелді. Сыртқы экономикалық байланыстарды (СЭБ) алғашқы кезден әкімшілік әдістермен басқару, әсіресе экспорт бой­ынша іс-қимыл жасау, тікелей өнім өндірушілер мен қызмет көрсетушілердің экспорт-импорт операцияларын маңызды түрде шектеді, сондай-ақ оларды орталық­тан­ды­рыл­ған басқару органдарына тәуелді етіп қойды.

Қазақстанның егемендік алуымен республикадағы сырт­қы экономикалық қызметті түбегейлі демократия­лан­дыру, осы саладағы барлық меншік нысандарындағы, оның ішінде тұтыну кооперацияларындағы кәсіпорындардың дербестігін маңызды түрде кеңейту бойынша шаралар іске асырылды.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Конститу­ци­я­­сының ережелері негізінде Қазақстандағы сыртқы эконо­ми­калық қызметті басқару жүйесін одан әрі дамыту жал­ғас­тырылуда. Қазақстан Республикасының Үкіметі анық­тай­тын тізім бойынша экспортқа мемлекеттік монополия өнім­­дердің жекелеген түрлеріне ғана белгіленеді.

ҚР Конституциясымен қаралған, мемлекеттік билік ор­ган­дарының жүйесіне, биліктің үш тармағы: заң шыға­ру­шы, атқарушы және сот билігі кіреді.

Ұйымдар мен кәсіпорындар сыртқы нарықта жұмыс іс­теу кезінде өздерін кең түрде көрсете алуына мүм­кін­дік­тері бар. Дегенмен, олардың дербестігі шексіз емес, олар үш билік тармағы мен жер-жердегі басқару органдарының ықпалды әсерінде болады. Қазақстан Республикасындағы заң билігі, екі палатадан тұратын ҚР парламенті атынан жү­зеге асырылады.

Қазақстан Республикасындағы жоғары сот билігі Кон­сти­туциялық Кеңеспен, Жоғары сотпен және Жоғары Тө­ре­лік сотпен жүзеге асырылады. Сот жүйесінің негізгі та­ғай­ындалуы сыртқы экономикалық қызмет аясындағы – отан­дық, сол сияқты шетелдік кәсіпорындар мен кәсіп­кер­лер­­дің заңмен қорғалатын мүдделерін және құқықтарын қарайды.

Қазіргі уақыттағы Қазақстан Республикасындағы сырт­қы экономикалық қызмет пен оны басқару заң акті­ле­рімен реттеледі. Заң актілерімен қатар ҚР Президентінің Жарлықтары, ҚР үкіметінің, яғни атқарушы биліктің қау­лы­лары мен жарғылары бірінші кезектегі маңызға ие.

Сыртқы экономикалық қызметті басқаруда Қазақ­стан­да атқарушы билік органдары маңызды рөл атқарады:

1. ҚР сыртқы экономикалық байланыстар Министр­лігі мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының шешім­де­рі­не сәйкес, мемлекеттік сыртқы эконо­ми­калық саясатты жа­сау және оны жүзеге асырумен, СЭҚ-ті үйлестіру және рет­теумен айналысады.

Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі ҚР сыртқы сауда және төлем баланстарына болжамдар жасау­ды әзірлеуге, халықаралық экономикалық ұйымдар мен үкіметаралық комиссиялардың жұмысына қатысады, ха­лық­аралық шарттар жасау туралы ұсыныстар әзірлейді жә­не ҚР Үкіметінің тапсыруы бойынша шарттар жасайды.

Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі (СЭБМ) сауда өкілдіктерінің, сауда Кеңесшілері аппарат­та­ры­ның және Қазақстан Республикасы елшіліктерінің сау­да-экономикалық мәселелері бойынша атташесі қызметіне басшылықты жүзеге асырады.

2. Сауда экономикасы министрлігі мемлекеттік эко­но­микалық саясатты жүзеге асырады. Мүдделі министр­лік­тер мен ведомстволардың қатысуымен сыртқы экономика­лық саясатты қалыптастыру, СЭБ-ті дамыту, экономика­лық байланыстар мәселелері бойынша үкіметаралық шарт­тар жасау бойынша ұсыныстарды әзірлейді.

3. ҚР Мемлекеттік кеден комитеті (МКК) респ­уб­ли­ка­ның кеден саясатын жасау және оны жүзеге асыруға қа­ты­насушы, сыртқы экономикалық қызмет аясындағы ор­та­лық құқыққорғау органы болып саналады.

4. ҚР Ұлттық банкі республиканың бас банкі болып саналады және соның меншігінде болады. Ол мемлекеттік биліктің басқарушы және атқарушы органдарына тәуелсіз және өзінің қызметінде Ұлттық банкі туралы Заңды және басқа заң актілерін басшылыққа алады. Республика Ұлттық банкі шетел валютасындағы кез келген операцияны ше­тел­де, сондай-ақ республиканың өзінде жүзеге асыруға құқы бар.

5. Сыртқы істер министрлігі.

6. ҚР мемлекеттік салық қызметі.

7. ҚР білім және ғылым министрлігі және атқару билігінің басқа министрліктері (мысалы, отын, энергетика, көлік министрлігі және т.б.).

2.2. Аймақтар деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті басқару

Қазақстанның мемлекеттік құрылысының жалпы қа­ғи­даларына (принциптеріне) сәйкес заң актілері, ҚР Пре­зи­ден­тінің жарлықтары мен өкімдері, атқарушы билік орган­да­рының нормативтік актілері Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген тәртіпте қолданылады. Осы­лар­дың барлығы, республика аймақтарының шетелдегі мем­лекеттермен, олардың фирмаларымен сыртқы қа­ты­нас­тар аясында ешқандай құқы жоқ дегенді білдірмейді.

Мәселен, аймақтық билік органдарының келісімінсіз, қандай да бір аймақтық мүдделерін қозғайтын, мемлекет­тік деңгейде, сыртқы экономикалық қызметтер аясында ма­ңыз­ды бір жақты шешімдер қабылдау мүмкін емес, өйткені барлық салмақ пен ауырлық сол аймақтардың өздеріне тү­се­ді.

Енді, Қазақстанның аса ірі өнеркәсіпті аймақтарының бірі – Қарағанды облысының сыртқы экономикалық қыз­ме­тін қалай басқару, қалай ұйымдастыруға болатындығын қарастырып көрелік.

Қазақстанның басқа аймақтарындағы сияқты, Қара­ған­­ды облысында да биліктің үш тармағы өз билігін жүр­гі­зе­ді. Заң билігі – биліктің өкілетті органы болып санала­тын, облыстық маслихат; атқарушы билік – облыс әкім­ші­лі­гі, әкімият, сот билігі соттар жүйесі арқылы таныс­ты­рыл­ған. Облыс орталығы – Қарағанды қаласы. Қалалық мәсли­хат, қала әкімшілігі, соттар билік жүргізеді. ҚР Консти­ту­ция­сымен анықталатын өздерінің өкілеттіктері, басқа заң актілері шеңберінде, аймақтық биліктің әрбір тармақтары облыс аумағында орналасқан сыртқы экономикалық бай­ла­ныс жасауға қатысушылардың қызметін бақылау мен бас­қа­руды жүзеге асырады.

Облыс әкімшілігі мен оның халықаралық және сырт­қы экономикалық байланыстар жөніндегі құрылымдық бө­лімінің облыс деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті жедел басқарудағы маңызы зор. Сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі облыс әкімшілігі бөлімінің негізгі қызметі:

- сыртқы экономикалық қызметтің басым бағыт­та­рын анықтау және облыстың халықаралық бай­ла­ныс­тарын дамыту;

- шетел инвестицияларын тарту туралы мәселелерді үйлестіру, шетел капиталын қатыстырумен ірі эко­но­микалық жобаларды жүзеге асыруға бақылау жа­сау;