Смекни!
smekni.com

аза стан Республикасыны сырт ы сауда саясаты (стр. 2 из 6)

Осыған байланысты елдің экспорттық саясатында осы үшін қабылданатын шаралар келесі іс-әрекеттерден тұрады:

- экспорттық салалардың дамуы үшін жағдайлар жасау немесе экспорттық өндіріс салаларына бағыттау;

- кейбір салалардың дамуын бағалау және импорттық өндіріспен бәсекелесу үшін мүмкіндігі жоқ салаларды жабу бағдарламасын қабылдау;

- егер белгілі бір саланың келешекте әлемдік нарықта белгілі бір орынды қамтамасыз ету мүмкіндігі болса, бірақ та қазіргі таңда осы мүмкіндіктерді жүзеге асыру жағдайы болмағанда:

1) кедендік қорғау;

2) қаржылық және фискальдық ынталандыру;

3) қолайлы жағдайлар мен жеңілдіктердің басқа түрлерін құру.

Ал жүргізілетін өнеркәсіптік саясат ұғымдылығы бар сыртқы сауда саясатының адекваттығын қажет етеді (интенсивті модернизацияны бастан кешіріп отырған салаларды қорғау белгілі елде өндірілмейтін тауарлар өндірісін дамыту; өндірістің басым салалары қызмет ете алмайтын тауарлар импортын ынталандыру).

Экспорттық-импорттық саясаты жүзеге асыру кезіндегі әдістемелік жолдар төмендегілерге қатысты мұқият таңдалуы тиіс: нақты тауарға; оны өндірудегі қалыптасқан жағдайға; ішкі ұлттық нарық, елдің экспорттық жеткізулері құрылымындағы оның орнына; халықаралық еңбек бөлінісіндегі (ХЕБ) болашағына.

Осы жағдайда белгілі бір тандалған құрал протекционисті режимге, не ырықтандыру режиміне қызмет көрсетеді.

Аталғандардың бірінші режимі өз тіршілігінде уақытша параметрлермен шектелген және қол жеткен мақсат бойынша әлсірейді, не толығымен тыйым салынуы мүмкін. Бір мезетте экспорттық позициялардың даму локомотиві болып табылаты салалар инвестициялық саясаттың басым объектісі болып табылады.

Осы кезде дамыған елдердің халықаралық экономикалық ұйымдары тарапынан болатын протекционистік режимдер өзіне қатысты қарама-қайшы күштерді сезінуі мүмкін. Өйткені, кез келген дамушы мемлекет маңызды тұтқалардың (рычагтарды қысымын басынан өткереді, ал оған жауапты шаралар ретін оларды-маневрлеу үшін жеткілікті варианттарды қолданады.

Әлемдік шаруашылық байланыстар интеграциясының тұжырымдамасын алға қою өзара қарым-қатынастар векторының ақырындап өзгеруін қамтамасыз етеді.

Импорттық саясатты жүзеге асыру кезінде төмендегі де әдістеме қолданылады: тауарлар өндірісіндегі ұлттық мүмкіндікті талдау; оның ұлттық экономика құрылымындағы экспорттық позициядағы орнын анықтау; әлемдік нарық тенденцияларын талдау.

Төлем балансының тең болмауы, экспорт тиімділігінің төмендеуі жағдайларында протекционистік режимді қамтамасыз ететін құралдардың кең арсеналы қолданылады.

Белгілі бір нақты мақсат пен қорғау дәрежесіне қол жеткізген кезде протекционистік режимнің бұл құралдары басқа шаралармен және реттегіштермен ауыстырылады.

Мұндай мысал Латын Америкасында, Шығыс Азияда кең танымал. Экономикалық дамуды көтеру қажеттілігін сезіну экономиканың болашақ секторларын дамытудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын қабылдауға мемлекетті бағыттады.

Құрылымдық қайта құрудың қажеттілігі бірқатар салалардаң өзгеруін қамтамасыз етті, бұл салаларда мемлекет тарапынан протекционистік қорғау жүргізілді.

Бірақ мұндай реттегіштерді қолдану саналы шектеулерде құруы тиіс. Көптеген мемлекеттер барлық тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз еткен жоқ, ол тек қана басым салалардың дұрыс дамуы үшін стратегиялық маңызды тауарлар импортының ырықтандырылуын қамтамасыз етті.

Сонымен қатар, мынаны атап өту керек, яғни сауда саясатында қолданылатын шаралар мен реттегіштер синхронды түрде инвестщиялық, кедендік, валюталық және басқа да саясаттардың реттегіштерін іске қосуы тиіс.

Атап айтқанда, кедендік саясаттың болашағы зор, бірақ өз дамуында белгілі бір күшті жинақталмаған салаларға ғана бағыттауы мүмкін. Өйткені, елдің экспорттық табысының құрамдас бөлігі болып табылатын салалар, еркін сауда режимі салдарынан жедел түрде күйреуге бейім болып келеді. Инвестициялық саясаттың құралдары "даму локомотиві" болып қызмет ете алатын салалардың дамуына бағытталуы мүмкін.

Сонымен бірге, сыртқы сауданы реттеу шараларына, арсненалына төмендегі құралдар кіретіндігін атап өту керек (1- кестені қараңыз). Оларды 8 топқа топтауға болады.

1-кесте

Реттеу шаралары

Тарифтік: Қаржылық шаралар:
- импорттық кедендік тарифтер - валюталық операцияларды жүргізу ережелері
Паратарифтік: Автоматтық лицензиялау:
- баж салықтары; - импорттық тауарларды енгізу кезінде алынатын төлемдер; - кедендік жиындар; - ішкі салықтар; - мақсатты жиындар. - тауарларды шеттен әкелу мен шетке шығаруға арналған құжаттар;
Бағаларды бақылау шаралары: Мемлекеттік монополиялар
- демпингке қарсы; - компенсациялар; - импорттық жиындар. - экспорт пен импортқа монополиялар
Сомдық реттеу: Техникалық шаралар:
- квоталар - стандарттар; - сапа нормасы; - қауіпсіздік нормасы

Саудадағы негізгі ережелер сыртқы сауда ұйымының ережелерімен реттеледі. Осы ұйымның ережелеріне сәйкес сыртқы сауданы реттеу үшін негізгі құрал ретінде кедендік тариф қолданылады. Сыртқы сауда ұйымының мүшесі болып табылмайтын мемлекеттер мүшеліктің қамтасыз ететін артықшылықтарын қолдана алмайды.

Бұл жағдайларда сауданы реттеудің негізі болып екі жай сауда келіссөздері мен келісімдері табылады. Оған өте қолайлы жағдайдар жасау режимі (ҚЖР) кіреді.

Ұлттық жүйедегі саудада қолданылатын ережелерде бірізділіктің болмауы протекционистік шаралармен анықталған көптеген кедергілерді туындатады. Сыртқы сауданы реттеуді Кедендік ынтымақтастық Кеңесі маңызды рөл атқарады. Бұл Кеңес бірыңғай ережелерді белгілейтін тұжырымдамаларды жарайды.

Дамыған елдердің халықаралық саудасы негізінен сыртқы сауда ұйымының мүшелері болып табылады. Олар реттеудің төмендегідей тәсілін қолданады.

Елдераралық өзгешеліктеріне қарамастан, кедендік тариф құрылымына мыналар кіреді:

- автономдық мөлшерлемелер; бұл мөлшерлемелер елге өте қолайлы жағдайлар режимі (ҚЖР) ұсынылмаған кездерде ғана қолданылады;

- ҚЖР мөлшерлемері;

- дамушы елдердің тауарларына қатысты қолданылатын артықшылығы бар мөлшерлемелер.

Сыртқы сауда ұйымына мүше елдер, сыртқы сауданы реттеу тәжірибесінде шектеуші шаралар блогын қолданады, олар төмендегі ретпен жіктеледі:

- экономикалық мазмұндағы әкімшілік шаралар (тауар тапшылығы, төлем балансының теңсіздігі, өнеркәсіптік саясатқа зияны), сонымен бірге экономикалық емес сипаттағы шаралар;

- субъектілердің өзара келісімдері бойынша экспорт-импортты өз еркімен шектеу;

- әділетсіз бәсекеге қарсы шектеулер немесе шаралар;

- қоршаған ортаны қорғау, ұлттық қауіпсіздікті сақтау мақсатында енгізілетін шектеулер.

2. Сыртқы және халықаралық сауда саясаты

Сыртқы сауда саясаты деп мемлекеттің басқа елдермен сауда қатынастарына мақсатты бағытталган әсері түсіндіріледі. Сыртқы сауда саясатының негізгі мақсаттары:

- осы мемлекетті халықаралық еңбек бөлінісіне енгізу дәрежесі мен тәсілінің өзгеруі;

- экпорт пен импорт құрылымының өзгеруі;

- елді керекті ресурстармен қамтамасыз ету;

- экспорт пен импорт бағаларының қатынасының өзгерісі;

Қайсыбір мақсаттар ұзақ мерзімді сипатта болады, мысалы, осы елді халықаралық еңбек бөлінісіне енгізу дәрежесі мен тәсілін өзгерту, ал басқа мақсаттар қысқа мерзімде жүзеге асуы мүмкін, мысалы, экспорт немесе мүмкін импорт көлемін өзгерту.

Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

- еркін сауда саясаты;

- протекционизм.

Еркін сауда саясатын жүргізу кезінде мемлекет сыртқы саудаға тікелей араласпайды, оның сұраныс пен ұсыныстың еркін күштері әсерінен дамуына мүмкіндік береді.

Тек қана еркін саудаға қатысушы әрбір елдің шығаратын өнім көлемін максималды дәрежеге жеткізуге мүмкіндік береді.

А.Смит өмір сүрген кездегі экономикалық ғылым сыртқы сауда қатынастарын либерализациялауды қолдаса да, тәжірибеде абсолютті еркін сауда ешқашан болмаған және болуы да мүмкін емес.