Смекни!
smekni.com

аза стан Республикасыны сырт ы сауда саясаты (стр. 3 из 6)

Бұл мемлекет шаруашылық қызметтің осы бағытына араласудан бас тартады дегенді білдірмейді. Әрбір елдің үкіметі тауар мен қызметтердің халықаралық ағынының қозғалыс жолына қандайда бір шектеулер қояды.

Еркін сауда саясатын жүргізу экономикасы дамыған елдерге халықаралық экономикалық айырбастан көп пайда алуға мүмкіндік береді.

Ұлттық нарықты шетелдік бәсекелестіктен қорғау саясатын реттеудің кедендік тарифтері мен тарифтік емес тәсілдерімен жүргізу протекционизм деп аталады. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизм кезінде әлемдік нарықта жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекелестік қабілеті әртүрлі және сондықтан да нарықтық күштердің еркін әсері аз дамыған елдер үшін тиімсіз болуы мүмкін деп түсіндірілгеннен кейін нарықтық күштердің еркін әсерлерін теріске шығарады.

Протекционизм елдегі белгілі өндіріс салаларының дамуына ықпал етеді. Аграрлы елдерде протекционизм индустриализацияның керекті жағдайы болып есептеледі. Бірақ бұл саясатты өте көп ұстау экономикалық тоқырауға әкелуі мүмкін.

Қазір еркін сауда мен протекционизмнің қайсысы жақсы деген сұрақ шешілмеген халықаралық сауда тарихында екеуінің біреуіне бет бұратын кезеңдер кездеседі.

Қазіргі заманғы протекционизм көп қырлы және тұйық. Кеден тарифтерінің орнына тарифтік емес тәсілдер кеңінен қолданылады, протекциондық әрекеттер көбінесе іріктеуші сипатта болады, яғни нақты тауарлар мен жекелеген салалардың өнімдеріне, сонымен қатар бірқатар елдерге қарсы қолданылуы мүмкін. Протекционизмнің позициясы дамушы елдер мен өнеркәсібі дамыған елдерге қарағанда басым.

Сыртқы сауда саясатының құралдары. Кедендік тарифтер мен тарифтік емес кедергілер. Сыртқы сауда саясатының классикалық және негізгі құралы болып кедендік тарифтер есептеледі.

Сыртқы сауданы реттейтін экономикалық құралға кедендік тарифтер жатады, өзінің әрекет сипатына байланысты ол сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің классикалық құралына жатады.

Кедендік тарифтер - кедендік баж салықтарының ставкасының жүйелі тізбегі. Кедендік баж салығы импорт мен экспорттың мемлекеттің шекарасынан өту кезіндегі салығы ретінде түсіндіріледі.

Осы уақытқа дейін тарифтер халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің белсенді формасы мен бюджет кірісінің маңызды тармағы болып келді. Ол тек қана импортталатын және экспортталатын тауарларға ғана емес, сонымен қатар қайсыбір елдің шекарасынан транзит арқылы өтетін тауарлардан да алынды.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жасалған тарифтер мен сауда бойынша бас келісімнің (ГАТТ) әрекеттері тарифтердің жағдайын түбегейлі өзгертті. Ең алдымен кеден тарифтерінің орташа деңгейі төмендеді. ГАТТ-қа қол қойған мемлекеттер экспорт тарифын өтпелі экономикалы елдер тәжірибесінде ғана қолданады. Бұл елдің Әлемдік сауда ұйымына (ВТО) енуіне кедергі болады.

Экспорт тарифінің көмегімен дамушы елдер шығарылатын өнім бағасын көтере отырып өздерінің кірістерінің келемдерін көтергілері келеді. Транзитті тариф те қазіргі кезде сирек кездеседі. Тұтасымен алғанда кеден тарифінің мәні төмендеуде, өйткені көптеген елдердін үкіметі халықаралық сауданы шектеуде тарифтік емес тәсілдерді қалайды.

Енді біз импорттық тариф механизмінің әсерлерін қарастырып көрейік.

Кедендік баж салықтарын белгілеудің әртүрлі тәсілдері бар, ең көп тарағаны адвалорлы тариф, ол импортталатын тауар құнынан пайыз есебінде белгіленеді. Қазіргі заманғы сауданың негізгі объектісі өңдеуші өнеркәсіптер өнімі болғандықтан адвалорлы тариф көлемі жоғары.

Бірқатар тауарлар үшін кедендік баж салығы импортталатын тауардың көлемі немесе салмақ бірлігіне қатаң сома ретінде белгіленеді. Бұл тариф ерекше деп аталады. Тарифтің бұл түрі бұрынырақта кеңінен қолданылды және әлемдік сауданың негізгі бөлігі шикізатқа тиесілі болды.

Бірқатар тауарлар үшін кедендік баж салығы адвалорлы және ерекше тарифтердің үйлесімділігі жолымен белгіленеді. Бұндай тарифті аралас деп атайды.

Тарифтерді енгізудің экономикалық салдарлары әртүрлі: ол өндіріске, тұтынуға, елдін сауда айналымы мен әл-ауқатына әсер етеді.

Экономикалық мазмұны бойынша кедендік баж салықтары төмендегіше бөлінеді:

1) Фискалды, мемлекеттік бюджеттің кірісін ұлғайтуға арналған. Фискалды баж салықтары шексіз емес, өйткені мемлекеттің кірісі бұл жағдайда белгілі тауармен сауда көлеміне тарифтік ставка туындысы ретінде анықталады.

2) Протекционистік баж салықтары ұлттық өнеркәсіпті бәсекелестік қабілеті жоғары шетелдік өнімнен қорғау мақсатында белгіленеді. Олар көбінесе жекелеген салаларды индустриализациялау мен дамыту сатыларында қолданылады. Оны ұзақ пайдалану тоқырауға әкелуі мүмкін.

3) Преференциалды жарналы баждар белгілі елдерден әкелінетін бірқатар тауарлар үшін қолданылады.

4) Жеңілдікті баждар, жекелеген елдер үшін қайсыбір тауарлардың импортын ынталандыру мақсатында пайдаланылады.

5) Теңестіруші, яғни импорт тауарларының бағасын ұлттық өндіріс тауарларының бағасымен теңестіру үшін қосымша негізгі енгізу баждары.

6) Компенсациялық, олар импортталатын тауарлар өндірісі кезінде немесе экспорттаушы елдің экспорттау кезінде мемлекеттік субсидиялар берілгенде қолданылады.

7) Демпингке қарсы, өзінің кәіпкерлеріне экспорттық сыйлар берген елдердің импортына қарсы тұру үшін қолданылады.

Ішкі нарықта монопольды бағаны белгілеудегі жоғарғы импортты баж салықтары экспансиондық сипатта болуы мүмкін, өйткені ол капиталдың демпингі мен экспортына ықпал етеді.

Тарифтік емес кедергілер. Тарифтер халықаралық сауда сферасын жургізудің жалғыз тәсілі емес. Сыртқы сауда шектеулерінің басқа да түрлері бар, олар тарифтік емес кедергілер.

Тарифтік емес кедергілер әкімшілік, қаржылық, несие және басқа да шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Тарифтік емес кедергілерді үш топқа бөлуге болады: 1. Ұлттық өндірістің белгілі салаларын қорғау мақсатында импортты тікелей шектеуге бағытталған шаралар: квоталар, лицензиялар, компенсациялық алым, импорт депозиттары, демпингке қарсы және компенсациялық баж салықтары және т.б.

2.Төмендегі нәтижелерге әкелетін сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған әкімшілік сипатындағы шаралар: кедендік формальдылық техникалық және санитарлық стандарттар мен нормалар, қаптау мен маркілеуге қойылатын талаптар және т.б.

3.Сыртқы сауданы шектеуге тікелей бағытталмаған, бірақ әрекеті көбінесе осы нәтижеге әкелетін шаралар.

Тарифтік емес кедергілерді әрекет ету механизмі бойынша жіктеу кеңінен тараған, барлық тарифттік емес кедергілер жеті категорияға бөлінеді:

- тарифті шаралар - шетелдік тауарларды әкелуде алынатын кедендік алымдар, ішкі салықтар, арнайы мақсатты алымдар;

- бағаны бақылау шаралары, ұлттық тауар өндірушілер мүддесін қорғауға бағытталған (компенсациялық және демпингке қарсы шаралар мен баж салықтары);

- қаржылық шаралар сыртқы сауданы реттеу үшін валюта операцияларын жетілдірудің ерекше тәртіптерін қарастырады;

- сандық реттеу, яғни тауарды шығару мен енгізуге сандық шектеулер қою;

- автоматты лицензиялау-тауар ағынының көлемі мен бағыттарын бақылау (мониторинг);

- мемлекеттік монополияны тұтасымен сыртқы саудаға немесе жекелеген тауарларға жүргізу;

- техникалық кедергілер, яғни импортталатын тауарлардың ұлттық стандартқа сәйкестігін бақылау.

Kвота. Импорт квотасы немесе контингент халықаралық сауданы шектеудің тарифтік емес кедергісінің ең көп тараған түрі. Ол елге импотталатын тауардың белгілі уақыт аралығындағы максималды сомасын немесе санын белгілейді.

Квоталауды үкімет органдары лицензияларды беру негізінде жүзеге асырады. Лицензия елге берілген квота шеңберінде енгізуге болатын тауардың белгілі санына рұқсат беретін құжат.

Лицензияны бөлудің ең тиімді тәсілі-ашық аукцион. Импорт квотасын конкурсты негізде сату мемлекетке кіріс әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар парақорлық пен коррупцияға жол бермейді.

Лицензняның келесі негізгі түрлері бар:

а) белгілі уақыт аралығына сәйкес тізімге ілінген тауарларды енгізу мен шығаруға рұқсат беретін автоматты немесе бас лицензия;

б) белгілі тауарды импорттау немесе экспорттау, оның санын, құнын, шығарылған елі немесе бағыты қайсыбір кездерде экспорт немесе импорт жүзеге асатын кеден бекеті көрсетілген автоматты емес немесе бір жолғы лицензия.